Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет12/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

АБАЙ ЖӘНЕ ФАРАБИ
1. Мына сауал төңірегінде ойланып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
а) Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
ә) Әңгіме қандай тақырып маңайында өрбиді?
б) Қандай негізгі мәселелер көтеріледі?
2. Сөйлемдердегі қарамен белгіленген сөздер мен сөз тіркестері нені білдіреді? Дұрыс жауапты пайдалана отырып, пікіріңізді дәлелдеңіз.
1) Абай – аса дарынды сөз зергері.
а) шебер ә) кәсіпші б) өнерпаз
2) Әл-Фараби адам бойындағы қасиеттер туралы бірқатар тұжырымдар жасады.
а) пікір ә) қорытынды б) пайымдау
3) Жақсы және жаман қасиеттер адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
а) көңіл ә) ақыл б) табиғат
4) Адамның жақсы немесе жаман қылыққа жаратылысынан бейім болуы мүмкін.
а) жақсы көру ә) еліктеу б) бас тарту
3. Мәтінді оқыңыз, әр сөйлемнің немесе абзацтың тұсына мынадай белгілер қойып шығыңыз:
V – бұл ақпарат сіз білетін ақпаратқа сай келеді
(+) – бұл оқығаныңыз сіз үшін жаңа ақпарат болып табылады.
(-) – бұл оқығаныңыз сіздің білгеніңізге мүлдем қайшы келеді.
? – бұл оқығаныңыз сіз үшін түсініксіз, ол жөнінде қосымша мәлімет алғыңыз келеді.

Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген.
Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Мәселен, Әл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды.
Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады...
4. Қойып шыққан белгілеріңіз бойынша әңгіме жүргізіңіздер.
5. Мына сауалдар төңірегінде ой қозғаңыз.
1) Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме?
2) Неліктен деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет