Адам санасының дамуы Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге мүмкіндік алды. Сонымен бірге өзінің ой – санасын, психологиясын қалыптастырды.
Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі мидың ерекше дамуына жағдай жасады. Бұл өз тарапынан сезім мүшелерінің дамуына, дыбысты тілдің пайда болуына ықпал етті. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек етуі мүмкін болмас еді. Осы айтылғандардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық процестердің (ойлау, ерік, қиял т.б.) мазмұны кеңейіп, қалыптаса бастады.
Сөйтіп, еңбек процесінде дамып қалыптасқан адам санасы жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан мидың ерекше қасиеті, яғни, мидың жемісі болып шықты.
Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Жеке адам санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс деп белгілейді. Адам сыртқы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады.
жетістік – достижение
қанағаттандыру – удовлетворить
сана – сознание
қалыптастырады – образует
ерік – воля
өз тарапынан – со своей стороны
Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
а) адам санасы қалай пайда болды?
ә) еңбек ету адам санасын қандай жетістіктерге жеткізеді?
б) адам тіршілігінде мидың алатын орны және мәні?
в) сөйлеу әрекеті қандай психикалық процестерді кеңейтіп қалыптастырады ?
г) Сана дегеніміз не?
д) сана түрлерін және олардың бір-бірімен байланысын түсіндіріңіз?
Мәтіннің мазмұнын айтып шығыңыз.
Төмендегі нақыл сөздердің мәнін түсініңіз, идеясын түсіндіріңіз.
Адам тек адамдар арасында ғана адам бола алады.
И.Бехер
Адамды табиғат жаратқанымен,
Оны өсіріп тәрбиелейтін қоғам.
В.Г. Белинский
Қоғам қажетін ойламай тұрып, жеке адамның қажетін білу мүмкін емес.
А.С.Макаренко
Ақыл – парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
Әл-Фараби
8-сабақ