Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет13/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

АБАЙ ЖӘНЕ ФАРАБИ (жалғасы)
1. Мәтінді оқып, жоғарыдағы белгілер бойынша жұмыс істеңіз.
Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық қасиеттердің бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес».
Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбаев зор білгірлікпен жалғастыра түскен сияқты. Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», - деп жазады.
Сондай-ақ Әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект рөлі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды.
Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деп тұжырымдайды. Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты» жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде (7, 17, 27, 38, 43-сөздер) қайталануы кездейсоқ құбылыс емес.
Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», -дейді.
2. Мәтінде көтерілген негізгі проблеманы анықтаңыз.
3. Т-кестесін құрастырып, Абай мен Фарабиді салыстырыңыз.

Абай

Фараби









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет