Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРА СӨЗІ



бет15/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

АБАЙДЫҢ ОН ЖЕТІНШІ ҚАРА СӨЗІ
Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғвлвмға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен,нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті.
Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын– мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? – депті.
Онан соң жүрек айтыпты:
Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын адаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? - депті.
Сонда ғылым бұ үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты:
-Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының жаманның – екеуінің де сүйгені сен; екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман,- депті.
-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім,-депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.
Осы үшеуіңде бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.
Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, - депті.
(Абай. Қара сөздер. Алматы. 1993ж)

  1. Сөз мағыналарымен жұмыс

Кәмелет, лайықты, абырой, мансап, көрсеқызар, ақырет, залал, ұят, рақым, жирен, тәңірі сөздерінің мағынасын сөздіктен жазып алып, есте сақтаңыз.

  1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Абай туралы не оқыдыңыз?
2. «Абай жолы» романын оқыдыңыз ба?
3. «Абай» операсын тыңдадыңыз ба?
4. Абайдың қай өлеңін білесіз?
5. Алматыдағы Абай көшесі сізге ұнай ма?
6. 14-қара сөзінде Абай не айтпақ болған?
7. Сіз ақыл, қайрат, жүректің қайсысының айтқанымен өмір сүресіз?
8. Ақыл, қайрат, жүрек жолын орынды ұстанатын достарыңыз бар ма?
Бұл сұрақтарға жазбаша әңгіме жазып, соңынан оны ауызша әңгімелеңіз.

  1. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мәтіндегі тиісті сөзді жазыңыз.

  1. Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде ... менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі ... білуге ерінбей ... үйрену керек, ол ... ісім.

  2. Дүниеге ... өнер, .... тауып, абырой ... еңбексіз табуға болмайды.

  3. Болымсыз ... үйір қылмай, ... таза сақтайтын, .... жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?

  4. Не дүниеге, не ақыретке не .... болса, не .... болса, білетін – мен, менсіз ... іздей алмайды екен, ... қаша алмайды екен, ...игере алмайды екен, осы екеуі маған қайтып таласады?

  5. Мен – адам денесінің ... , қан ... тарайды, жан ... мекен қылады, менсіз ... жоқ.

  6. Жұмсақ ... , ... үйде, ... тоқ жатқан ... төсексіз, аш кедейдің ... айтатын – мен.

  7. Үлкеннен ... сақтап, ... рақым қылдыратын – мен, бірақ ... таза сақтай алмайды.

  1. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.

  1. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа тулап кететін – мен, ...

  2. Ол айтқандарыңнан басқа көп өнерлерің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, ....

  3. Тәңіріні де сен танытасың, ....

  4. Бірақ сонымен бірге .....

  5. Қайрат сенің қаруың көп, .....

  6. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі ....

  7. Сенсіз еш нәрсе ....

  8. Үшеуің ала болсаң, ....

  1. Түрлі тілдік жағдаятта сөйлесу

1.Ақылды адам қандай болады? – деп сұрады сізден, жауап беріңіз.
2.Күш, қайрат бар жерде үнемі ақыл да бола ма? – деп сұрады, жауап беріңіз.
3.Ақылды адамдардың бәрінде күш бола ма? – деп сұрады, мысал келтіріп дәлелдеңіз.
4.Әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандылық, қанағат, инабаттылық – қайрат, ақыл, жүректің қайсысына байланысты? – деп сұрады, ойланып жауап беріңіз.

  1. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қосып жазыңыз.

1) Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі ... айтысып, таласып келіп, ... жүгініпті.
2) Осы ... маған қалай таласады?
3) Менсіз ... неге жарайды?
4) Мен ... болсам, ... баласыналаламаймын, .... елжіреп еритін – мен, ... мейірбандылық менен шығады.
5) Бірақ ... қарай қаттылығың да ... , пайдаң да мол, ... да мол, кейде жақсылықты ... ұстап, кейде ... берік ұстап кетесің, ... жаман.

  1. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Орынды іске ... .
2.Осы үшеуің бір кісідей ... .
3.Орынсыз жерге ... .

17-сабақ
ҰЖДАН

1. Шәкәрім атымен байланысты кластер құрастырыңыз.

2. Абай мен Шәкәрімді салыстыра отырып, Т-кестесін құрастырыңыз.



Абай

Шәкәрім





3. Берілген атауларға байланысты төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет