Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет16/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

Ұждан, жан қуаты, соңғы өмір.
1) Бұл атауларды сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2) Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3) Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

4. Мәтінді оқыңыз. Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою тәсілін пайдалана отырып, мәтінмен жұмыс істеңіз.


Адам нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны ұнайды» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданның солай қылғанда ұнайды деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть-жанның тілегі. Неге десеңіз жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть – ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атам қылсын, пәленше мені сондай кісі деп халық мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі, ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі, ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын, пәленше жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па, тілек пе? Бұйрық болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен жанның сау тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді.
Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын, электрия қуаттарын жинайтын батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса электрия кеткен сияқты, жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен?
Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:
1. Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны.
2. Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны.
3. Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу-бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін.
Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса, және бір адам жан өлген соң біратола жоғалады деп таныса осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жанынан өледі? Әрине жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, бір жола жоғалмады – ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп,жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нанбай, бай ұждан, совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть ДЕУМЕН ЕШ НӘРСЕДЕН КЕМДІК КӨРМЕЙДІ. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық дегенім осы.
(Құдайбердіұлы Ш. «Үш анық»)

5. «Ойды қорытындылау» тәсілімен мынадай жазу жұмысын орындаңыз.


1) Мәтіннің негізгі идеясын ашатын үзінді келтіру керек. 2-3 сөйлем. Келтірілген сөйлемдер көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі.
2) Дәлел. Үзіндіні 3-4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды.
3) Сұрақ. Мәтін бойынша бір проблемалық сұрақ келтіру керек. (жан-жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған)
4) Жауап. Қойылған сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек.
5) Қорытынды. Мәтін бойынша туындаған ойларды (қорытынды шешім) 3-4 сөйлеммен келтіру керек.

6. Ақынның мына өлеңі бойынша оңай және қиын сұрақтар құрастырыңыз.


Шәкәрім
БАЙ МЕН КЕДЕЙ


Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың,


Ел билеп, топ бастаған көсем болдың,
Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын,
Бір адам қандай болсын десең, болдың.

Немене, қор да болдың, кем де болдың,


Малсыз кедей кімменен тең де болдың?
Екеуінің бірін ал өзің таңдап,
Түбінде мен не болдым, сен не болдың?

Байлық жақсы екені елге мәлім,


Өзің істеп әдет қыл, келсе халің.
Қолың білсе, біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.

Анық байлық – денеге біткен өнер,


Білімдінің бәрі де соған төнер.
Арам жиып мақтанған дәлет емес,
Алдымызда бір күн бар есеп берер.

Берілген үш тақырыптың біріне эссе жазыңыз.

1. Ұлттық құндылықтар
2. Тәрбие психологиясы
3. Абай және Фараби

Эссені бағалауға арналған әмбебап рубрика.


- Мазмұны мен ұстанған көзқарасы
- Көлемі үш парақтан кем емес
- Берілген тақырып ауқымында жазылған, одан алшақтаулар жоқ.
- Нақты проблема айқындалып, эссе соны шешуге бағытталған
- Таңдап алынған позиция немесе көзқарас нақты айқындалған және кең контексте қарастырылады (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық)
- Нақты айқындалған дербес көзқарас ұстанылады: мәтінді қайталамайтын, өзіндік «Мені» анық көрінетін идеялар келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет