Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


Адамгершілікті дамыту шеберлігінің 16 ережесі



бет30/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

Адамгершілікті дамыту шеберлігінің 16 ережесі


  1. Барша ізгі қасиеттерді жасөспірімнің бойына дарыту керек.

  2. Ең алдымен, олардың негізгілерін немесе «көкейтестілерін»: даналық, бір қалыптылық, батырлық және әділеттілікті дарыту керек.

  3. Жасөспірім заттарды бір-бірінен айырып, олардың қадір-қасиетін тану арқылы даналықты нақыл сөздерден алу керек.

  4. Оқу барысында бір қалыпты болуды үйренсін, ас пен су ішуде, ұйқы мен ояу қалыпта, жұмыс пен ойындарда, сөйлесу мен үндемеуде бір қалыптылықты сақтасын.

  5. Өзін-өзі жеңу арқылы тиісті уақыттан тыс кездегі артық жүгіріс пен ойындарға деген құштарлықты, шыдамсыздықты,ашу-ызаны басып, батырлыққа қол жеткізуге болады.

  6. Ешкімді қорламай, өтірік айтпай, тындырымдылық пен сыпайылық таныта отырып, әділеттілікке қол жеткізуге болады.

  7. Жасөспірімдерге ең қажетті батырлықтың түрлері мыналар: мейірбан туралық пен еңбектегі төзімділік.

  8. Мейірбан туралыққа әзіз жандармен жиі қарым-қатынас жасау және олардың көз алдында әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізуге болады.

  9. Салмақты және қызықты іспен үнемі айналысқан жасөспірімдер еңбекқорлыққа үйренеді.

  10. Әсіресе балалардың бойына әділеттілікке жақын ізгі қасиет – басқаларға қызмет етуге дайын болуды дарыту керек.

  11. Кемістіктер оның жан дүниесін жаулап алмай тұрғанда ізгі қасиеттерді дамытуды балалық шақтан бастау керек.

  12. Адам адал болу арқылы ізгі қасиеттерге ие бола береді.

  13. Бізге әрдайым ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың және жолдас-жораларымыздың өнегелі өмірі үлгі бола берсін.

  14. Алайда үлгінің өзі еліктеуді түзету, толықтыру және бекіту үшін өсиет сөз бен өмір тәжірибесін қамту керек.

  15. Балаларды бұзылған адамдардың ортасынан, олардың теріс әсер етуінен мұқият қорғау керек.

  16. Балаларды зұлымдықтан сақтап қалу үшін соншалықты қырағы болудың өзі екі талай болғандықтан, жаман қасиеттерге қарсы тұра білу үшін темірдей тәртіп қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет