1. Берілген атауларға қатысты мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Түйсік, авторитаризм, ізгі сезім.
1. Бұл атауларды Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
2. Мәтінді оқыңыз, «сюжеттік кесте» тәсілін пайдалана отырып, мәтіннің қаңқасын жасаңыз. Ол үшін сөйлемнің немесе абзацтың тұсына төмендегі белгілерді қойып отырыңыз. Кім?
Не?
Қашан?
Қайда?
Неге?
Еркін тәрбие беру теориясы. Табиғатпен астасып жататын, зиянды әдеттерден арылтатын еркін тәрбие беру туралы ойын ұсынды. Тәрбие табиғи болуы керек, яғни, ол баланың жасына сай және табиғат аясында табиғи жағдайларда жүзеге асуы тиіс. Авторитаризмге қарсы шықты және балаларды тәрбиешінің тыйымы емес, табиғат заңдары шектеуі керек деп санай отырып, жазалауды терістеді. Адам болмысындағы екі қасиет тәрбие беруде ерекше рөл атқарады: түйсік және өзіне деген махаббат арқылы әлемді қабылдау қабілеті. Тәрбиенің негізгі факторлары. 1. Сезім және қабілет органдарының дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін ол – табиғат. 2. Адамдар – оларға өзінің табиғи қабілеттері мен сезім органдарын дамытып, қолдануды үйрету. 3. Заттар – олармен жұмыс істеу балалардың жеке тәжірибесін байытады. Тәрбиешінің міндеттері. Балаға байқатпай, әдепті түрде оның бүкіл қызметіне бағыт-бағдар беріп отыру, оның қызығушылығы мен көзқарастарын қалыптастыру. Мұндай тәрбиенің нәтижесінде өз еңбегімен өмір сүретін, еркін ойлай алатын тұлға қалыптасады.
Эмиль, немесе тәрбие туралы. Өзінің тәрбие туралы тұжырымдамасын Ж.-Ж. Руссо адамның туа біткен мейірімділігі туралы ойларын топтастырған «Эмиль, немесе тәрбие туралы» шығармасында баяндайды (1762), бұл трактат, оның пікірінше, еңбектерінің ішіндегі ең үздігі және өзінің педагогикалық көзқарастарын көркем бейнелер арқылы жеткізген әлдеқайда маңыздысы болып табылады. Тағы да бір айта кететін жайт, «Эмилге» дейін де, кейін де бала тәрбиесіне арналып жазылған бірде бір шығарма педагогикалық ойдың дамуына мұншалықты күшті әсер етпеген болатын. Отбасындағы тәрбие. 1. Еркін 2. Табиғи 3. Тәрбие табиғатқа, адамдармен, заттармен тәрбиелеуге байланысты. Жасына қарай кезеңге бөлу.
Ерте балалық шақ: 2 жасқа дейін.
Ақыл-ойдың ұйқыдағы кезеңі – 2 жастан 12 жасқа дейін.
12 жастан15 жасқа дейін.
Рухани тәрбие кезеңі – 15 жастан кәмелетке толғанға дейін.
Тәрбиенің міндеттері. Негізі – дене тәрбиесі.
Баланың сыртқы сезімін дамыту керек. Денсаулығын нығайту керек.
Ақыл-ой және дене тәрбиесін жүзеге асыру керек.
Ізгі сезімдерін тәрбиелеу.
Игі ойларын тәрбиелеу.
Ізгі ерік-жігерін тәрбиелеу.
Тәрбие құралдары. Қоғамнан тыс тәрбиелеу (15 жасқа дейін).