Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


Мына сөздер мен сөз тіркестерін басқа сөздермен беріп көріңіз



бет32/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

3. Мына сөздер мен сөз тіркестерін басқа сөздермен беріп көріңіз.
Рухани тәрбие, ізгі сезімдерін тәрбиелеу, игі ойларын тәрбиелеу, ақыл-ойдың ұйқыдағы кезеңі, тәрбиенің табиғи болуы.

4. Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, әңгіме жүргізіңіздер, автордың ой-пікірімен келісетін немесе келіспейтініңізді білдіріңіз.

5. Ой қозғау.
1) Дене тәрбиесі туралы не айтасыз?
2) Әйел тәрбиесіне көзқарасыңыз қандай?

6. Мәтінді оқыңыз, автор ұсынған тезис тұжырымды құрастырыңыз. Оны дәлелдейтін айғақ келтіріңіз.
Үлгі: Мысалы, Тезис:
Дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
1-дәлел: барша ағзаның жұмысын жақсартады.
2-дәлел: адамның рухани қалыптасуына әсер етеді.
Дене тәрбиесі. Руссо дене тәрбиесіне адамның табиғатпен және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын үйлесімге келтіретін құрал ретінде, зиянды әдеттерді жеңудің, рухани және барша ағзаның қалыптасуының факторы ретінде ерекше мән берді. Дене тәрбиесі туралы айта отырып, Руссо кері тәрбие беру ойынан бас тартады, тәуекелге бел буып, ерте жастан баланың денесін шынықтыру керек деп кеңес береді. Дене тәрбиесі бойынша әдістеме мен ұсыныстар табиғатқа жақын ортадағы өмір жағдайларына және қол еңбегіне сай жасалған. Еңбек тәрбиесі. Дене еңбегі – адамның негізгі міндеті. Тәрбие беру барысында үнемі еңбекке және адам үшін пайдалы істерге қолдарды үйрету керек. Діни тәрбие. Нағыз дін, бұл – жүрек діні. Әлемнің жаратылысы туралы ой толғай отырып, бала оның жаратушысы туралы ойға өзі келеді. Әркім өздігінше сенуге ерікті. Әйел тәрбиесі. Руссоның түсінігіндегі әйелдің өмірдегі орны еркектің орнынан мүлдем бөлек. Ол үй үшін тәрбиелену керек. Басқалардың пікіріне сүйену, өзіндік байымдаудың, тіпті өз дінінің болмауы, өзгенің еркіне бағыну, міне – әйелдің өмірден алар еншісі осы. Руссо әйелдің «табиғи қалпы» — тәуелділік және «бойжеткен қыздар өздерінің бағыну үшін жаралғандарын сезеді», оларға ешқандай да ой еңбегінің қажеті жоқ деп санайды. Руссоның еркек және әйел тәрбиесі тұжырымындағы өткір қайшылықтың болуы түсінікті-ақ, ол үшін үлгілі отбасы кәсіпшінің, ұсақ буржуаның отбасы болып табылады.
Әлемдік педагогиканың дамуына қосқан үлесі. Еркін тәрбие теориясының негізін қалаған. Еркін тәрбие туралы көптеген ойлары И.Г. Песталоцци, Ф. Фребель сияқты XVIII және XIX ғғ. педагогтарының теориялық көзқарастары мен практикалық қызметтерінде көрініс тапты. Ж.-Ж. Руссоның еркіндік бұл – адамның табиғи құқықтарының бірі, ал педагогтың рөлі баланың белсенділігі мен ынтасын арттыруда, қыспақсыз жанама және әдепті түрде басшылық жасауда деген пікірін XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында кеңінен тараған еркін тәрбие тұжырымдамасының өкілдері негізге алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет