16-тарау. Оқыту мен оқуға қойылатын жалпы талаптар. 1-ереже
Адам білім алуды балалық шағынан бастау керек.
Сабақ оқуға таңертеңгі кез өте ыңғайлы.
Оқытылатын нәрсенің бәрі адамның жасына сәйкес болу керек.
2-ереже
Материалдарды: кітаптар мен басқа да оқу құралдарын алдын-ала дайындау.
Ақыл-ойын тілден бұрын дамыту.
4-ереже
Мектепте оқушылар белгілі бір уақытта бір ғана пәнді оқитындай тәртіп орнауы керек.
6-ереже
Басынан бастап жасөспірімдерге жалпы білім негіздерін беру керек (оқу материалын кейінгі сабақтардың жаңа нәрсе енгізбей, тек алған білімді одан әрі дамыта түсуге бағытталуын қамтамасыз ететіндей етіп бөлу керек).
Кез келген тіл, кез келген ғылымды оқушылар бүтін нәрсе ретінде қабылдап, түсінуі керек және олар қарапайым элементтер түрінде оқытылуы тиіс.
7-ереже
Оқу сабақтарының барлық жиынтығы сыныптарға мұқият, яғни, алдыңғы сабақ кейінгі сабақтарға жол ашып беретіндей етіп бөлінуі керек.
Уақыт асқан дәлдікпен бөлінуге тиіс, әр жылға, айға, күнге және сағатқа сәйкестелген жұмыс болуы керек.
17-тарау. Оңай оқыту мен оқудың негіздері.
1-ереже
Жасөспірімдердің білім алуы ерте басталуы керек.
Бір оқушыда белгілі бір пән бойынша бір ғана мұғалім болуы керек.
Тәрбиешінің қалауымен, ең алдымен, мінез-құлық үйлесімге келуі керек.
2-ереже
Барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, балалардың білімге деген ыстық ықыласын ояту керек.
Оқытудың әдістері оқушыларда қанағатсыздық сезімін тудырып, кейінгі сабақтарға жеркенішпен қарауына жол бермейтіндей етіп оқудың қиындықтарын азайту керек.
3-ереже
Кез келген ғылым қысқа, бірақ нақты ережемен бекітілуі тиіс.
Әр ереже аз, бірақ анық, түсінікті сөздермен жеткізілуі тиіс.
Әр ереженің қолдану аясының кеңдігін көрсету үшін, олар көптеген мысалдармен қоса ұсынылуы керек.