Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет4/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

Постреквизиттер:
- іскерлік қазақ тілі

«КAZ 1003» - « Кәсіби қазақ тілі » (3 кредит)

Пәннің МАЗМҰНЫ:
 Мақсаты: Кәсіби қазақ тілі курсында студенттер ресми-іскери, әдеби, көркем аударма, қоғамдық-саяси салада қолданылатын лексикалық қорды игеруі қажет. Тіл үйренушілердің (кәсіби ортада) тілдік қатысымда қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс қолдана алу машығы мен дағдысын қалыптастыру және дамыту.
Әдебиет, мәдениет, көркем аударма, лингвистикалық, әлеуметтік тақырыптарындағы күрделі мәтіндерді түсініп, әр түрлі аудитория алдында шешен, тартымды сөйлеуге үйрену.

Міндеті: Күнделікті өмірде қарым-қатынасқа, қатысымдық міндеттерді шешуге қажет сөйлеу үлгілерін бере отырып, студенттерді мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасай білуге үйрету, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Құзырет:
● мамандығы бойынша қажетті тақырыптардағы орташа және күрделі мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;
● баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты құрастыра және толтыра білу;
● қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;
● сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;
● қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;
● түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті,шебер жеткізе алу;
негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;
● өтілген тақырыптар негізінде эссе,баяндамалар, хабарлама жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;
● кез-келген стилдегі материалды түсініп, ажырата алу;
● өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;
● іскерлік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
(Педагогика және психология, психология, мәдениеттану, дінтану, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс мамандықтарына арналған)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет