Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Көптік жалғауы арқылы жансыз затты жандыға айналдыру қай стильдерге тән?



бет35/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
6. Көптік жалғауы арқылы жансыз затты жандыға айналдыру қай стильдерге тән?
А) Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне;
В) Публицистикалық стиль мен сөйлеу тілі стиліне;
С) Публицистикалық стиль мен ресми стильге;
Д) Публицистикалық стиль мен ғылыми стильге;
Е) Барлық стильдерге.
7. Морфологиялық синонимдерді табыңыз?
А) Айту, сөйлеу, міңгірлеу, күмілжу, мыңқылдау, мылжыңдау, көпіру, көку, оттау, бөсу т.б.;
B) Халық, ел, жұрт, әлеумет, қалайық т.б.;
C) Сойылын соғу, жыртысын жырту, шашбауын көтеру т.б.;
Д) Сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөзқұмар т.б.;
E) Қу бастан қуырдақтық ет алған, жұмыртқадан жүн қырыққан т.б.
8. Сөйлеу тілінің қарапайым түрінің лексикасының құрамына көбінесе қандай сөздер кіреді?
А) Омонимдер, синонимдер, антонимдер; В) Тұлғалас сөздер, мәндес сөздер, қарсы мәндес сөздер; С) Вариант сөздер, дублеттер;
Д) Қарапайым сөздер, пейілдік сөздер, сезімдік сөздер, түрпеттес сөздер, қосақтар; Е) Қарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби сөздер.
9. Ресми стильге нелер жатады?
A) Әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері;
B) Іс-қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
C) Ауызекі сөйлеу стилі, ресми-іс-қағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
Д) Өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, хаттама, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б.;
E) Заң, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары.
10. Бейтарап немесе стильаралық лексика дегеніміз?
А) Адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән лексика;
В) Белгілі мемлекеттегі заң, сот және оқу мен ресми кеңсе қызметінде қолданылатын лексика;
С) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын лексика;
Д) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың лексикасы;
Е) Тілдердің барлық функциональдық стильдерінде қолданыла беретін, экспрессиялық реңкі жоқ лексика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет