Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Фразеологиялық синонимдер дегеніміз?



бет36/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
11. Фразеологиялық синонимдер дегеніміз?
А) Мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер;
В) Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер;
С) Мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер;
Д) Мән-мағынасы жағынан үйлеспейтін, бірінің орнына бірі балама бола алмайтын тұрақты тіркестер;
Е) Мағыналарында ешқандай айырмашылық жоқ, ал құрылым-құрылысында азды-көпті өзгерістері бар фразеологизмдер.
12. Табыс септік жалғауы кейде қай септіктің жалғауымен синонимдес болады?
А) Көмектес септік; В) Ілік септік; С) Барыс септік; Д) Жатыс септік; Е) Шығыс септік.
13. Сөйлеу тілінің фразеологизмдері қолданылу ыңғайына қарай қалай жіктеледі?
А) Омонимдес фразеологизмдер, синонимдес фразеологизмдер, антонимдес фразеологизмдер;
В) Қарапайым фразеологизмдер, тұрпайы фразеологизмдер, жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер, кәсіптік сипаттағы фразеологизмдер;
С) Тұлғалас фразеологизмдер, мәндес фразеологизмдер, қарсы мәндес фразеологизмдер;
Д) Қарапайым фразеологизмдер, пейілдік фразеологизмдер, сезімдік фразеологизмдер, түрпеттес фразеологизмдер;
Е) Тұрақты тіркестер, түйдектер.
14. Ғылыми стиль дегеніміз?
A) Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі;
B) Ресми қатынастар аясында қызмет ететін функциональдық стильдердің бірі;
C) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі;
Д) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі;
E) Ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің бір түрі.
15. Қарапайым сөздер қай стильдерде кездеседі?
А) Ресми стиль, көркем әдебиет стилі; В) Публицистикалық стиль, ғылыми стиль; С) Ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі; Д) Барлық стильдерде; Е) Сөйлеу тілі стилі, көркем әдебиет стилі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет