Жауабы: Жазуда <б>, <ғ>, <д>, <й>, <қ>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-малары болып табылады. <қ> мен <к>-нің жуан еріндік және жіңішке еріндік таңбасы бар, б, д графемалары кейде [t’], [n’] дыбыстарын да таңбалайды. Ал <з>, <м>, <ң>, <п>, <ч>, <ш> дыбыстарының бірмәнді таңбамен берілуін ғалымдар олардың кеш пайда болған туынды дыбыс болуымен байланыстырады. Құрамында осы дыбыстар бар сөздердің жуан-жіңішкелігі айы- рылуы мүмкін емес, мысалы, мңа деген [маңа], [меңе] болып оқыла алады. Дыбыстың төл, туынды, кірме екенін оның сөз шенінде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен тіркесе алу қабілеті арқылы анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы
ойландырады. Олай болса, сөз болып отырған дыбыстар неге сингармографемалық жұп құрамаған деген сауалдың басын ашық қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бір айта кететін нәрсе – <с>, <ш>, <н> инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім заңдылығынан уәжсіз ауытқитыны. Мысалы, [с’бығ]
– сәбығ, [c’мды] – сімады, [улус’] – уліс, [тыс’ы] – атысі, [шс’ ыз] – ашсіз, [йорс’ар] – иорысәр, [сбын’] – сабін, [ғын’] – ағін т.б. Бұл <с>, <ш> фонемаларының инварианты тіл алды болып айтылатынынан хабар берсе керек. Қазіргі дыбыстық жүйемізде де <ш>, <ж> фонемаларының орыс тіліндегі <ш>, <ж> фонема-сынан айырмасы – өзінен кейінгі дауыстыны жіңішкертетіні.
Бүгінгі қазақ тілінде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ] ды-быстары көне түркі жазуында таңбаланған. Жалпы, көне түркі жазуы <р>, <в>, , , , <č>, <š>, , , , , , , , , , , 18 фонемасының <č>(ч)- дан басқасы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде бар және бір-бір графемаға сәйкес келеді. [ни] дыбысын беретін жіңішке мұрын жолды әріп қазіргі түркі тілдерінде жоқ. Ал нт, нч, лт дыбыс тіркесін беретін графемалар тілдің көне дәуіріндегі ере-кшелікті, яғни еліктеуіштер соңында жиі кездесетін дыбыс тір-кесін бір таңбамен берген дейміз.