Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


Көне түркі әліпбиінде дауыстылардың таңбалануы



бет4/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
қазақ жазуының тарихы 1-10билет

Көне түркі әліпбиінде дауыстылардың таңбалануы

Жауабы:
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фо- неманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариан- тымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонема-ны (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.
а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), кче (кече).
Көне түркі жазуындағы дауыстылардың графемасына (инвариантына) телінген фонема- лар өзара (негізінен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э). Ал қазіргі фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і жұптары жуан-жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, еріндікке (ө-ү) бір графема, жуан еріндік, қысаңға (о-у) бір графема берілген жүйеде немесе керісінше мына жүйеде – жуан-жіңішке езулік, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулік қысаң (ы-і) – ауытқу бар.
Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесінің сақтала берме-гені жергілікті фонетиканы білдіре ме, әлде емле тұрақсыздығын бере ме деп, дl/il, jati//jiti параллельдерін көрсеткен. Сонда, біздің ойымызша, ы-и (і) сына дауыстысының ашық езуліктен (а-ә, е, э) толық ажырай қоймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын көреміз. Оған қазіргі түркі тілдері тұрғысынан алсақ, түбірдегі жуан, жіңішке, ашық езулікке қосымша жалғағанда қысаң езулік- тер сәйкесетіні дәлел. М.Томанов ұйғыр тіліндегі ә дыбысы бар.
сөзге аффикс жалғанғанда ә-е, көпбуынды сөздердің соңғы буы-нында и-ге айналатынын (бәл-белким, кәлимиң), е дауыстысы көне түркілік а дауыстысының көрінісі екенін, а фонемасы ә, е, и-ға сәйкескенін айтады.
Енді көне түркі жазуындағы еріндік графемалардың (о-у, ө- ү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы.
oo Ескерткіштерде < y > гиперфонемасы бір таңбамен, < Y > бір
таңбамен бірелген. Еріндік дауыстылардың графемасы жуан- жіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч (үш), күн сөздерін [ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл гра- фема қандай белгіге сүйеніп <ө> не <ү> болып оқылатыны ай- тылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө> фонемасының ор- нына жұмсалған да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал <у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясын-
да кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү (ілгерү), йағру.
Сонда І буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейінгі буын-ды еріндікке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемалары-нан кейінгі буында да <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне түркі жазуында <о> кейінгі буын-да <а> <у>-ға сәйкессе, <ө> – <ү> – ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының күштілігі ө→ү→о→ұ қатынасында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет