Жауабы: Бүгінгі күн тұрғысынан жазу белгілі бір тілде жазылатын- оқылатын әріптік таңбалардың жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың, ақпарат алмасудың жүйесі болып табылады. Жазу
– ауызша тілден кейін пайда болған адамзат ойлауының сана- лы жемісі болса да, бүгінде ауызша тілге қарағанда басымдық сипат алған мемлекеттік құрылыстың күшеюімен байланысты қоғамдық функциясы артқан, коммуникация, ақпарат алмасу, ойжасам, эмоцияналдық, индикаторлық қызметтерінен бөтен дәлел, аргумент болатын “бекітушілік”, “растаушылық” сипа- ты маңызданған, ойды жарыққа шығарудың жүйесі. Сондықтан тілдің санаға, ойлауға қатынасын көрсеткендей, жазу мен ойлау, жазу мен сана қатынасын көрсетудің мәні бар.
Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп жатса да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне (тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші тілдің коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында. Екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың “қағазға түсіп” реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем әдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз (ғылым) түрлері арқылы әсіресе монологтік, сосын диалогтік сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіле берді. Бірақ жазу пайда болғалы тілдің ойды жасау қызметін жазу атқаратын болды.
А.Р.Лурияның “Жазу ауызша тілге қарағанда ойлаудың жаңа, жетілген, күшті құралына айналды” дегеніндей, жазу дербес- тігі күшейгенде ой-тіл-жазу қатынасы ой-жазу қатынасына көшеді.
Ой мен сөйлеу. Санадағы ойдың сөзге айналу процесі ең алғаш Л.С.Выготский зерттеулерінен басталып, Ф.де Соссюр, Б.де Куртенэ, Блумфилд еңбектерінде жалғасып, Н.Хомский, А.А.Леонтьев зерттеулерінде толықтырылды.
ХХғ. алғашқы онжылдығында Л.С.Выготскийдің ой сөйлеу арқылы аяқталады деген сөзі ой мен тіл процесінің әмбебап формуласына айналды. Ғалым ойды ықшамдалған, тұйықталған әрекет деп таныды. Ойдың тіл арқылы сыртқа шығарылуы “мо-тив ↔ой↔ішкі сөйлеу↔іштен шыққан мазмұнның сыртқы аршылған, айқындалған (развернутое) мағыналар жүйесіне ай-налуы ↔ сыртқы сөйлеу” сатылары арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық мағынаға анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔ мотив пен мәнін түсіну сатылары арқылы жүреді деді. Бұл тео- рияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р.Лурия ойда адамның айтайын деген тақырыбы белгіленеді, сол тақырып ту-ралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн – ішкі сөйлеуде жүзеге асырылады, ол қысқа, фрагментарлы, аморф-ты сипатта болады. Бұл тұрғыда ішкі сөйлеу ішкі субъективтік мәнді сыртқы аршылған мағыналар жүйесіне айналдыратын ме-ханизм болып табылады деді.
Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болатыны сыртқы сөйлеу мен ішкі сөйлеудің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу – инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант болады деп көрсетті. Астыңғы грамматикалық құрылым мен ішкі сөйлеу, үстіңгі грамматикалық құрылым мен сыртқы сөйлеу сәйкеседі, астыңғы грамматикалық құрылым адам санасына жақын болғандықтан оны құрастырудың ережесі аз, сондықтан кішкентай бала бұны тез меңгереді деді.