Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері қандай?
2. Жақты және жақсыз сөйлем анықтамасы, олардың түрлері мен жасалу жолдары?
3. Толымды және толымсыз сөйлем, олардың айырмасы?
4. Толымсыз сөйлемнің түрлері?
5. Контекстік толымсыз сөйлемдер
6. Ситуациялық толымсыз сөйлемдер.
9 - Дәріс. Қазақ тілін компьютерлік оқыту әдістері арқылы атаулы сөйлемді оқыту
жолдарын үйрету.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Қазақ тілін компьютерлік оқыту әдістері арқылы атаулы сөйлемді оқыту жолдарын
үйрету, оның тиімділігін түсіндіру.
2.Атаулы сөйлемге тән ерекшеліктер. Атаулы сөйлемдердің зерттелуі. Атаулы
сөйлемдердің түрлері.
Қысқаша мазмұны:
1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында еліміздің білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру ісін ақпараттандыру, оқытудың жаңа
технологиясын енгізу болып табылады. 2001 жылы «Білім беру жүйесін ақпарттандыру
тұжырымдамасы» қабылданды. Демек, мемлекеттік білім саясатына әр педагогтан бастап,
білім ұйымдары мен білімді басқару салалары өз үлестерін қосып, білім беру жүйесінде
оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі
болғандықтан, ақпараттық технологиялардың рөлі мен алатын орны ерекше.
Бүгінде компьютерлерді білім беруде кеңінен қолдану барысында «оқытудың
ақпараттық технологиялары» термині жиі қолданыла бастады.
Компьютердің оқу үрдсіне техникалық құралдың жаңаша түрі ретінде қолданыла
бастауы, бүгінде оқу үрдісін заман талабына сай жандандырудың зор мүмкіндіктері пайда
болды. Оқытудың белсенді түрлері, өздеріне қажетті ақпарат көздерін таңдауға,
слайдтардың көмегімен өз ойларын толықтыруға, оқушылардың шығармышылық
жұмыстарын ұйымдастыруға кеңінен жол ашылды.
Электронды оқу басылымдарының мазмұнының берілуіне қарай, электронды
кітапханада әр түрі, оқушылардың әр түрлі иллюстративті материал, мәтіндер жинағы
жүйленеді.
Шетелдік және отандық педагогикалық, әдістемелік тәжірибелер көрсеткендей
оқытуда компьютерді қолдану дидактиканың негізгі қағидаларын кешенді түрде іске
асыру үшін өте қолайлы екені белгілі.
Экрандағы әр түрлі жанды тапсырмалар, сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі түсті
графикалық бейнелер, бейнеқатар, бейне фильм, диктордың дауысы, мұның барлығы
оқушының белсенділігі мен жоғарғы мотивациялық қызығушылығын арттырып, еркін
жұмыс істеуіне сөйтіп оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді.
Компьютерлік оқыту өзінің икемділігімен, варианттылығымен де маңыздылығын
көрсетеді. Мұның бір шеті компьютерлік оқу бағдарламаларының, электронды оқулықтар
мен
мультимедиялық
бағдарламалардың
сапасына
тікелейбайланыстылығында.
Компьютерлік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мен технологияландырудағы
оқытушының жаңаша ролі мен қызметі анықталады. Оқытушының көмегі, кеңесі,
ұйымдасырушылық іскерлік қабілетінің қашанда маңыздылығы айқындала түседі.
Жаңа материалды түсіндіру барысында ақпараттық баяндау, проблемалық баяндау,
дедуктивті баяндау, эвристикалық ізденіс, көрнекілік әдістері арқылы жүзеге асады. Мәтін
мазмұнына сай іріктелген видеоқатардың көмегі арқылы оқушының мәтінді терең
меңгеруге әсерін тигізіп қызығушылығын арттырады.
Зерттеуші
В.М.
Монахов
компьютерлік
оқытуда
оқу
фильмдерін,
видеокөріністерді, анимацияларды қолданудағы көрнекілік принципін «интерактивті
көрнекілік» деп атайды.
Демек, ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану оқытушының
дайындығы мен білім сапасына, ізденісіне айрықша талаптар қояды. Шығармашылықпен
жұмыс істеуіне бағыттайды.
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалануда:
Оқушының сабаққа деген ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
Тапсырмалардың мазмұндылығы, қызықтылығына, жүйелігі мен сабақтастығына
назар аударылады.
Компьютер бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау барысында олардың
жауапкершілігі артып, өздеріне деген сенім, еркіндік туындайды.
Өз беттерімен білім алу зерттеушілік ізденіс біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Тестілік, диагностикалық бақылау әдістері оқушының білім деңгейін бағалауға
көмектеседі. Компьютерлік оқу бағдарламалары арнайы блоктар кешеніне сүйнеді. Олар
төмендегідей қызметтерді қамтиды:
Инструктаж- оқушыларды ақпараттық деректер қорымен таныстыру, оқу
материалын жүйлеп таныту;
Әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқу материалын бекіту;
Түзету- кеңес беру, ақпараттық қорды толықтыру, оқу материалын
түрлендіріп ұғыну, бекіту;
Алғашқы ағымдық, қорытынды бақылаулар, тестілеу.
2. Атаулы сөйлем. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың,
құбылыстын. атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер
атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сейлем болудан қалады. Атаулы
сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол
атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада
адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы
оқырмандарынын, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы
сөйлемді жиі қолданады. Осы айтылғандардың бәрі — атаулы сөйлемнің өзіндік
ерекшелігі. Оны оқушыларға тұжырымдап, қорытып, темендегідей етіп санамалап айтуға
болады.
Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:
1.
Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.
2.
Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.
3.
Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан
табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар
атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мьшадай анықтама лайық:
Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай
сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлемді оқушыларға танытқанда, алдымен оның, өзіндік белгілерін
түсіндіріп алып, оларды тілдік фактілермен дәлелдеуге де болады; керісінше, алдымен
мысалға сөйлемдер келтіріп, (1942 жыл. Қоңыр күз. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы
түн. Брянскінің ит тұмсығы өтпейтін орманы. Аяғын ақырын-ақырын басып келе
жатқан жас барлаушы. Арқасында аузына орамал тығылған фриц т.с.с.) ондағы тілдік
фактілерді талдап алып, солардын, негізінде оның өзіндік белгілерін, анық-тамасын
танытуға да рұқсат етіледі. Мұның қайсысын таңдаса да мұғалімнін, еркі.
Оқушыларға атаулы сейлемнен берік дағды беру үшін, мынадай жұмыстардың
орындатылғаны дұрыс; текстен атаулы сейлемдерді табу; адам портретін жасауда,
табиғат көрінісін суреттеуде қолданылған атаулы сөйлемдерді оқыған шығармадан
теріп жазу; ойдан табиғат керінісін суреттейтін атаулы сейлемдер жазу; атаулы
сөйлемнің құрылысын схемамен көрсету; атаулы сейлемдерді ендіріп шығарма жазу.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Қазақ тілін компьютерлік оқыту әдістері арқылы атаулы сөйлемді оқыту жолдарын
үйрету, оның тиімділігін түсіндіру.
2.Атаулы сөйлемге тән ерекшеліктер.
3.Атаулы сөйлемдердің зерттелуі.
4. Атаулы сөйлемдердің түрлері.
10 - Дәріс. Бір мүшелі сөйлемді оқыту.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Бір мүшелі сөйлемді оқыту. Бір мүшелі сөйлемге тән ерекшеліктерді проблемалық
оқыту әдістері арқылы үйрету.
2.Бір мүшелі сөйлемдердің зерттелуі.
3.Бір мүшелі сөйлемдердің түрлері.
Қысқаша мазмұны:
1. Проблема берілетін білімнің негізінде жатады, сондықтан оны дөп тауып,
шешімін іздеудің өнімді әдіс-тәсілінен ізденгенде ғана оқушылардың зерттеушілік
қабілетін
дамытуға
болады.
Жоғарыдағы
тапсырмалардың
6-7
сыныптағы
тапсырмалардан ерекшелігі оқулықта берілген білімді толықтыру, айтылмаған ұғымдарды
оқушылардың өзіне іздетіп, тапқызуында жатыр. Сондай-ақ олар проблеманы әр түрлі
іздену, зерттеу іс-әрекеттері арқылы шешеді. Проблемалық оқыту арқылы оқушыларды
ғылыми зерттеу ізденісіне баулуда пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
жұмыстардың ұтымдылығын анықтауда, әсіресе, оқушылардың қабілеті, икемділігі,
дарыны осындай жұмыстарда көрінеді. Ол туралы орыс ғалымы М.Р.Львов: «В
творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его
пожизненная позиция», - деуі жоғарыдағы пікірді дәлелдейді. Шығармашылық жұмыстар
оқушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, қорытынды жасау іс-әрекетіне түрткі жасай
отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.
Проблемалық оқытудың оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін
төмендегідей саралауға болады:
-Оқушылар өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.
-Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.
-Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.
-Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады,
шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.
-Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.
-Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.
Оны негізге алған сабаққа төмендегідей талап қойылады:
-Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын
сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.
-Мұғалім тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.
-Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді; Мұғалім проблема қоя отырып
түсіндіреді.
2.Тұлғалық құрылымы жағынан бiр ғана предикативтiк бас мүшелi құрылымда келiп,
екiншi бас мүшемен толықтыруды мағынасы қажет етпейтiн жай сөйлем түрi.
Бір құрамды сөйлемге тiрек болатын бас мүшенi я бастауыш, я баяндауыш деп айырып
қарауға келмейдi. Субъектi мен предикаттың мәндерi бiртұтастықта келетiндiктен, бұл
мүшенi "субъектi — предикаттық" немесе жай ғана "бас мүше" деп атауға болады. Бұл бас
мүше iс-әрекеттi, құбылысты немесе затты бiлдiрiп қана қоймайды, олардың шындық
болмысқа қатынасын көрсететiн предикативтiк мәнге де ие болады. Бір құрамды сөйлем
синтаксисiн зерттеушiлердiң осы сөйлем типi және оның түрлерi жөнiндегi көзқарастары
алуан түрлi. Мыс,жақсыз сөйлем болатындығы және оның бастауышсыз сөйлем екендiгi
жайындағы пiкiрлер бұрыннан болғанымен (М.Ломоносов, И.И. Давыдов, Қ.С.Аксаков,
А.Қазембек), оны логикалық құрылымы жағынан қарап, қос құрамды деп есептеу идеясы
(Е. Ф. Будде т. б.) XX ғасырдың 40-жылдарына дейiн белең алып келдi. Бұл идеяны
жақтаушылар қазiр де бар (Ю.М.Костинский, Г.А.Золотова, Б. Тойшыбекова, т.б.). Ал бір
құрамды сөйлемнің жақты деп аталатын түрi алғашқы кезде бастауышты түсiрiп айтуға
болатын сейлем түрi ретiнде есептелiп (А.А.Потебня, Д.Н.Овсянико-Куликовский,
А.А.Шахматов, Т. П.Ломтев), кейiнгi кезде бiрыңғай толымсыз сөйлем қатарында қаралып
келдi. Тек 50-жылдардан кейiн ғана (А.М.Пешковский) 1, 2-жақтық жiктеу есiмдерiнен
болған бастауышсыз айтылған сөйлемдердi "белгiлi жақты" деп қарауға болатындығы
жөнiнде сөз бола бастады, арнайы зерттелдi (В.В.Бабайцева, В.В.Белошапкова).
[2]
Түркi тiлдерiнде 60-жылдардан кейiн ғана зерттеу объектiсiне айналды (М.3.Закиев, А.
А.Гасанов, У.Б.Алиев, И.X.Ахматов т. б.)
Қазақ тiлiнде бұл сөйлем түрi жайында 90-шы жылдардан кейін сөз бола бастады (Ж.
Сәдуақасұлы).
Кей тiлшiлер олардың өзiндiк айрықша құрылымдық белгiлерi бар деген пiкiрмен
(Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.А.Шахматов т.б.) жалпылама жақты сөйлем мен белгiсiз
жақты сөйлемдi айырып қарамайды. Бұл идея түркi тiлдерiне, соның iшiнде, қазақ тiлiне
де әсерiн тигiздi (Ғ.Мадина). Бiрақ, кейiнгi көптеген әдебиеттерде бұл сөйлемдердi
жекелей қарау басым болып келедi. Атаулы сөйлемдердi де бір құрамды сөйлем типiне
жатқызу және жатқызбау жөнiнде жалпы тiл бiлiмiнде әр түрлi пiкiрлер бар. Осы тұрғыда
атаулы сөйлемдi бір құрамды сөйлемнен бөлек қарау қазақ тiл бiлiмiн зерттеушiлері
арасында да кездеседi. (Ғ.Мадина, Р.Әмiров, О.Төлегенов). Жалпы тiл бiлiмiне
А.А.Шахматов арқылы енген бiр бас мүшелi (Б. қ. с.) сөйлемдерге мына сөйлем түрлерi
жатқызылып жүр:
а) белгiлi жақты сөйлем: -Кетiңiзшi, өтiнемiн (Д.И.);
ә) жалпылама жақты сөйлем:— Топ iшiнен жалғыз сенi жау алар деймiсiң? (Д.И.);
б) белгiсiз жақты сөйлем: — Анамен алыспайды да, атыспайды да (Ғ.М.);
в) жақсыз сейлөм: — Қайта соларға қолы батыл жасты салу керек (М.Ә.).
[Санат: лингвистика] [Санат: синтаксис]
3.Бір құрамды сөйлем ( орыс. односоставное предложение - бір ғана предикативтік бас
мүшелі құрылымда келіп, мағынасы екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін
жай сөйлем. Бір құрамды сөйлемде тірек болатын бас мүшені бастауыш не баяндауыш деп
апырып қарауға келмейді. Субъекті мен предикаттың мәні біртүтас болғандықтан, олар
сөйлемнің субъект-предикаттық сипаты бар бір-ақ мүшесі, яғни бас мүшесі ретінде
танылады. Сол себепті Бір құрамды сөйлемді бір бас мүшелі сөйлем деп те атайды. Бір
құрамды сөйлемнің түрлері жайында әр түрлі көзқарас бар. Қазақ тіл білімінде сөйлемнің
бұл түрі кейінгі кезде ғана зерттеле бастады (Ж. Садуакасүлы. Бір кұрамды сөйлемдер.
Алматы, 1996). Бір құрамды сөйлемге мынадай сөйлем түрлері жатқызылып жүр:
а) бетісіз жақты сөй¬лем;
ә) жалпылама жақты сөйлем;
в) жақты (жағы белгілі, сөйлем;
г) бір кұрамды қаратпа сөйлем. Кейбір ғалымдар субъект те, предикат та бір мүше
арқылы берілетінін ескеріп, атаулы сөйлемді де жатқызады
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Бір мүшелі сөйлемді оқыту. Бір мүшелі сөйлемге тән ерекшеліктерді проблемалық
оқыту әдістері арқылы үйрету.
2.Бір мүшелі сөйлемдердің зерттелуі.
3.Бір мүшелі сөйлемдердің түрлері.
11 - Дәріс. Күрделенген жай сөйлемдерді жобалап оқыту технологиясы арқылы оқыту
жолдары.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Күрделенген жай сөйлемдерді жобалап оқыту технологиясы арқылы оқыту жолдары.
2.Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер.
3.Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі. .Күрделенген жай сөйлемдердің түрлері.
Қысқаша мазмұны:
1. Бұл технологияның тиімділігі, біріншіден, пркатикалық маңызында жатыр. Екіншіден,
ол оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулиды, шығармашылық қабілеттерін
дамытады, әр оқушының дербес ізденісін дамытады. Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге
қол жеткізеді.
Жобалап оқыту түрлері де әр түрлі болып келеді:
-
зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға баулитын;
-
шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарий, т.с.);
-
ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бойынша презентация жасау т.с.;
-
модельдеу, (конструкция жасау) инсценировка; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс -
әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру.
Жобалап оқыту технологиясында пәнаралық, пәнішілік байланыс маңызды орын
алады. Жоба жасау үшін оқушыға бірнеше пәннен алған білімдерінің көмекке келуі,
дүниетанымы, іскерлігі аса қажет.
Жобалап оқыту проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерін басшылыққа алады. Оның
басты себебі, жоба жасауда оқушылар алдына бір проблеманың шешімін табу мақсаты
тұрады. Мысалы, «Қазақ тілі XXI ғасырда», «Болашақ ұлт мектебі», т.с.с. Сондай – ақ
білімді жеке тұлғаға бағыттай оқыту технологиясының да амал – тәсілдерді жобалап
оқытуда тиімді болып келеді. Өйткені жоба жасағанда оқушыларға еркіндік, таңдау
беріледі, өз еріктерімен топқа немесе жұпқа бөлінеді, жобаларын қорғауға, пікірлерін
дәлелдеуге толық құқықты.
Қазір тәжірибеде толық пайдаланып жүрген жобалап оқыту технологиясында сабақ
құрылымы төмендегідей болып келеді:
Жоба жұмысының
кезеңдері
Мазмұны
Оқушы іс -
әрекеті
Мұғалім іс
- әрекеті
Қорытынды,
жүйелеу,
анализ
-
дайындық кезеңі;
-
жоспарлау кезеңі;
-
зерттеу кезеңі;
-
есеп беру кезеңі;
-
қорытынды,
бағалау кезеңі.
Білім беруде интерактивті оқыту технологиясының әдістері де өте тиімді болып
келеді. Ол, әсіресе, тіл дамыту үрдісінде белсенді іс - әрекет атқарады. Оған: диспут,
дискуссия, дебат, конференция, рөлдік ойындар жатады. Көбінде ауызекі сөйлеу түрі
арқылы жүзеге асатын жұмыстарға пайдалы болып келеді.Соның ішінде дискуссия (пікір
таласы) дәстүрлі оқыту үрдісінде де тиімділігімен тәжірибеде қолданылады.
2. «Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болмағанымен де, осы
ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын
алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдердегі басқа
сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты.
Алайда осыған қарамастан біз жай сөйлемнің күрделенген түрін өз алдына жеке топтауды
жөн көрдік. Өйткені кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір
«сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана айтылғанмен,
олардың бойында субъект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар
әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субъектінің түрліше
көзқарастары мен сезімдеріне не болмаса белгілі бір мән-жайын түрліше жақтардан
саралау бағытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін
құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік
мәндегі сөз топтарын (жеке бір «сөйлем» сияқтыларды) алып тастасақ, жалпы ой
мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мына бір сөйлем құрылысына назар аударалық.
... Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей,
илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оңашаланған айқындауышты
мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де
«күнім» деп айтқан сөзінде ... илану бар еді. Сөйлемдегі негізгі ой да – осы. Ал енді
осындай сөйлемге жоғарыдағы тәріздес бөлшекті топтар қосыла айтылса, олар бұрынға
ойды бұзып жібермей, қайта соны әр жақтан әр түрлі сападан толықтырып отырады.
Бұлайша тодықтыру сөйлемнің құрылысын да кеңейтеді, сөйлемді күлделендіреді де, бір
ойдан екінші бір ойдың өрбіп отыруына мүмкіндік туғызады.
3. Күрделенген сөйлемдер тіл білімінде ертеден танылды. Алайда ол көздерде бұл
сөйлемдер біздің түсінігімізден басқаша, басқа синтаксистік категориялардың аясында
қарастырылды. Қазіргі ілімге сәйкестендіре айтса, осы жайындағы алғашқы мәліметтер,
түрліше көзқарастар Н.И. Греч, А.Х. Востоков, Ф.И.Буслаевтардың еңбектерінде сөз бола
бастады. Бұл аталған ғалымдар өз еңбектерінде біз сөз еткелі отырған синтаксистік
категорияны бағыныңқы сөйлемнің қатарынан қарап, соның қысқарған бір түрі деп
түсіндіреді. Мәселен, А.Х.Востоков бағыныңқы сөйлемдердің толық түрі және қысқарған
түрі болатынын айта келіп, қысқарған түр бағыныңқылардың көсемше, есімше арқылы
жасалатындығын көрсетеді. Автордың қысқарған бағыныңқылыр деп отырғаны - әдеттегі
есімше және көсемшелі оборотты жай күрделенген сөйлемдер.
Ф.И.Буслаев та осы тәріздес сөйлемдерді бағыныңқының қысқарған түрі деп
қарайды. Оған мына сияқты сөйлемдерді талдауы әлел: ... пришедши мальчик в лес,
гнездо на дереве увидел и полез.
А.А. Потебня өзінің еңбегінде осындай құрылыста келген сөйлемдердің табиғатына
назар аудара отырып, «қысқартылған бағыныңқы» дейтіннің болмайтындығын, осы
жайындағы өзінің бұрынғылырдың (әсіресе Ф.И.Буслаевтың) ілімін қатты сынға алған.
А.А.Потебняның жоғарыдай конструкциялар жайындағы түсінігі оларды айқындауыш
мүше ретінде тануға жақындайды.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Күрделенген жай сөйлемдерді жобалап оқыту технологиясы арқылы оқыту жолдары.
2.Күрделенген жай сөйлемге тән ерекшеліктер.
3.Күрделенген жай сөйлемдердің зерттелуі.
4.Күрделенген жай сөйлемдердің түрлері.
12 - Дәріс. Құрмалас сөйлем, құрмалас сөйлемге тән белгілерді даралап, саралап оқыту
технологиясы арқылы үйрету.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Құрмалас сөйлем, құрмалас сөйлемге тән белгілерді даралап, саралап оқыту
технологиясы арқылы үйрету. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу,
даму жолдарынан мәлімет.
2.Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты
айырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің түрлерін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуды
үйрету жолдары.
Қысқаша мазмұны:
1. Білім берудегі озық ұстанымдарды негізге ала отырып, әр баланың қабілетін ,
талантын ашу, өзіне деген сенімін арттыру, әдеби білімін сапасын арттырып дамытуда,
ауызша, жазбаша тілін жетілдіруде т.б. жеке пәндердің ғылыми - әдістемелік сапасын
жүйелеуде деңгейлеп оқыту технологиясының орны айрықша.
Бұл технология бойынша деңгейлік жұмыстарды іске асыру мәселесіне қатысты
В.Беспалько, В.Фирсов, В.Монахов, Ж.Қараев, А.Тализин, Л.Заринаның еңбектері жарық
көрді. Осы жұмыстардың нәтижесінде деңгейлік оқыту технологиясы оқу жүйесінде пән
мұғалімдерінің ізденісімен қолданыла бастады. В.Беспалько оқу материалын меңгертудің
төрт деңгейін ұсынады. Бұл республиканың көптеген озат мұғалімдер тәжірибесінде
қолданылып, жақсы нәтижелер көрсетуде.
Мұнда, білімнің жүйелі, анық берілуі, деңгейлік тапсырмалардың пән бағдарламасының
талабына сай болуы, оқу материалының түсініктілігі, деңгейлік тапсырмалардың сабақ
кезеңдерінде оқушының танымдық белсенділігінің артуы, қабылдау деңгейіне т.б. назар
аударылады.
Деңгейлік оқыту бойынша әр деңгейдің әдістемелік мақсаты, міндеті көрінеді, оқу
материалына қатысты тапсырмалар бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделене түседі.
Бір деңгейден екінші деңгейге көшуде, тапсырмаларды орындауда оқушы білімдерін
біртіндеп толықтырып, оқуға деген қабілеттерін арттырады. Оқушылардың барлығы
міндетті деңгейде 1 деңгейлік тапсырмаларды бір уақытта орынлаулан бастап, өздерінің
қабілеті, білім – дәрежесі, таным – түсінігі арқылы алға қарай ұмтылады, өзіне деген
сенімі артады.Бұл Қ Р Білім туралы заңының талаптарына сай барлық оқушыларды терең
біліммен қамтамасыз етуге бағыттайды.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмысы оқушыны өзіндік ізденуге, ойлау дағдыларын
дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайтын мұғалім мен оқушы
арасындағы жұмыстардың бір түрі.
Әдіскр, зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралап, негізгі ала отырып, бүкіл оқу -
әдістемелік жүйеге жаңа талаптардың қойылуы әдеби материалдарды терең меңгерту
барысында әр оқушырың өзіне тән іскерлік – шеберлігін, дарын –қабілетін, белсенділігін
анықтауда деңгейлеп оқыту технологиясының ролі ерекше екенін көреміз.
Деңгейлік тапсырмаларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану мәселесі,
республикамыздың озат мұғалімдерінің іс – тәжірибесінде іске асырылуда.
Қазақ – орыс сыныптарына арналған жаңа буын оқулықтарында ( 2000ж.) деңгейлік сұрақ
– тапсырмсаларға мән беріліп, көрініс тапты. Мұның өзі оқушының оқу әрекетіне игі
ықпалын тигізе отырып, қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуге , білім мазмұнын
сапалы жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушы арасындағы сабақтастық, үндесімге саяды.
Деңгейлік сұрақ тапсырмалар арқылы оқытушы өз шәкіртінің нені меңгергенін, жетістік
жақтары мен кемшіліктерін агықтайды, осыған қатысты қосымша тапсырмалар
дайындайды, сыныптастарынан қалып қоймауды қадағалайды, оқушылардың жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып, тақырыпты меңгеруге , ынталандырады.Ең бастысы, білім
сапасының дамуына көмектеседі, стандарттық деңгейде білім алуға кепілдік береді.
Деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы мұғалімдер әр оқушының шамасы,
мүмкіндігіне қарай, өздігінен жұмыс істеуге ұмтылыс, тудырады, жаңа идеялар
қалыптастырады.
Бірінші деңгейде барлық оқушыларға ортақ, міндетті төменгі деңгей болғандықтан, пән
бағдарламасы бойынша тиянақты білім беріліп, олар орындаушылық қызмет атқарады.
2. Құрмалас сөйлем - синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық
сипаты. Құрмалас сөйлемнің формасы. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтік.
Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдары.
Құрмалас
сөйлемнің
компоненттерін
байланыстырудағы
жалғаулықтардың,
септеуліктердің, анафористік сөздердің, орын тәртібінің, блин, морфологиялық
тұлғалардың т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді бір синтаксистік тұлға ретінде
тұтастыруда, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның атқаратын рөлі.
Құрмаалс сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.
Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принцибі. Бұл принциптің
қалыптасу тарихы.
Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принцибі. Түркологияда,
қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принцибінің айқындалуы.
Бұл принциптің тіл-тілдердіңғ құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінуі.
Құрмалас сөйлем құрлысы мен пікірдің қарым-қатынасы және құрмалас сөйлемнің
тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі.
Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық
қарым-қатынасы.
Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |