Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5996
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

     Түсіндірмелі  сабақтас  сөйлемнің  өзге  бағыныңқылардан  осындай  айырмашылығы 
бола тұра мұндағы синтаксистік компоненттерлің аралық қарым-қатынасы тұлғалық және 
мағыналық жақтарынан бір-біріне тәуелді болып тұрады. 
     Түсіндірмелі сабақтас сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасы арқылы жасалады. Екі 
жақ компоненттердің баяндауыштары осы шақтық мезгілдік ұғымда тұрады. 
      Салыстырмалы  сабақтас  сөйлемде  бағыныңқы  коипонент  басыңқыда  хабарланған 
қимыл-әрекетті  әр  түрлі  мағыналық  жақтан  айқындап,  толықтап  жатпайды.  Әр 
синтаксистік  компонент  мағыналық  жақтан  жеке  дербестігін  сақтайды,  тек  байланысу 

 
амалы  жағынын  ғана  бағыныңқының  баяндауышы  тиянақсыз  қалыпта  болады. 
Компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы бір-бірімен салыстырыла айтылады.  
      Сөйлем  бойындағы  салыстырмалық  мән  ондағы  жеке  сөздердің  қолданысы  не 
болмаса  оқиғалар  барысының  өзара  үйлесе,  жұптаса  айтылуы  негізінде  жүзеге  асатын 
болады. Салыстырмалық мән бір-бірімен өзара тең түсіп жатса, енді бірде тең түспей әр 
түрлі ыңғайда жұмсалады. 
Бағыныңқы  компонент  басыңқы  компонентте  жүзеге  асып  жатқан  немесе  жүзеге 
асатын  іс-әрекеттің  амалын,  тәсілін  білдіретін  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  түрі  амал 
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  болып  табылады.  Амал  бағыныңқылы  сабақтастың 
алдыңғы предикативтік бөлігі қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап береді.  
      Мұндай бағыныңқылардың жасалу түрлері оншалықты көп емес. Негізінен, оның бір-
екі түрі бар деуге болады.  
      Біірнші  жағдайда  бағыныңқының  баяндауышы  етістіктің  көсемше  түріне  аяқталады. 
Енді  бір  реттерде  бағыныңқының  баяндауышы  дай,  дей,  тай,  тей  жұрнақтарына 
аяқталады.  
      Амал бағыныңқы сөйлемдер синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.  
      Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бұл  түрінде  бағыныңқы  компонент  басыңқы 
компонентте  айтылатын  оқиғаның,  қимыл-әрекеттің  болу  немесе  болмау  мақсатын 
білдіреді.  
      Мақсат  бағыныңқылы  саақтастың  алдыңғы  компонентінің  баяндауышының  жасалу 
жолдары түрлі-түрлі болып келеді. у немесе болмау мақсатын білдіреді.  
      Мақсат  бағыныңқылы  саақтастың  алдыңғы  компонентінің  баяндауышының  жасалу 
жолдары түрлі-түрлі болып келеді.  
      Мақсат  бағыныңқылы  сабақтастың  синтаксистік  компоненттерінде  өзіндік  арнайы 
грамматикалық бастауыштары болуы қажет. Бұлай болмаған күнде ол сабақтас құрмалас 
болып  танылмай  жай  сөйлемнің  күрделенген  түрін  құрайтын  болады.  Мақсат 
бағыныңқының  бір  компоненті  кейде  жақсыз  сөйлем  ретінде  де  келіп  отырады.  Мақсат 
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемдер  негізінен  аналитика-синтетикалық  тәсілдер  арқылы 
жасалады. 
       Сабақтас  құрмалас  сөйлем  тек  екі  предикативтік  бөліктен  ғана,  демек,  бір  ғана 
бағыныңқы  компонент  пен  бір  ғана  басыңқы  компоненттен  құрала  бермейді.  Кей 
жағдайда  сабақтастың  құрамындағы  компоненттердің  саны  үш,  төрт,  одан  да  көп  болуы 
әбден  мүмкін.  Бағыныңқы  компоненттің  саны  қанша  болса  да,  басыңқы  компонент 
әрдайым  біреу  ғана  болып  отырады.  Бір  басыңқыға  қатысты  бірнеше  бағыныңқыдан 
тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас делінеді.  
     Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да құрылымдық жағынан әр түрлі болып 
келеді.  Құрылымына  қарай  көп  бағыныңқылы  сабақта  жарыспалы  бағыныңқылы  және 
сатылы басыңқылы деген екі түрге жіктеледі. 
      Көп  бағыныңқылының  жарыспалы  бағыныңқылы  түрінде  әрбір  бағыныңқы  сөйлемді 
жекелей  бөліп  айтқан  да  басыңқысымен  бірден  тікелей  байланыса  алады.  Бірнеше 
бағыныңқылардың  сөйлемді  аяқтаушы  басыңқы  компонентке    бағынуы  өзара  бірыңғай 
теңдестік  дәрежеде  болады.  Бұл  ретте  бағыныңқы  сөйлем  баяндауыштары  бірыңғай  бір 
тұлғада, не болмаса әр түрлі тұлғада да тұра беруі мүмкін. 
      Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемде әрбір жеке бағыныңқы сөйлем өз бетімен тікелей 
де  тура  басыңқы  компонентпен  байланыса  алмайды.  Басыңқымен  мағыналық 
байланыстың  болуы  үшін  алдыңғы  бағыныңқы  сөйлемдер  бір-бірімен  өзара  сатылай 
жалғасуы қажет. Бұлай болмаған күнде бағыныңқылардың өзара  үйлесе айтылуы жүзеге 
аспай қалады. Бағыныңқы сөйлемнің ең соңғысы өзінен бұрынғыларды мәндік үйлесіммен 
жетектеп,  бір  жерге  шоғырландырадлы  да,  оларды  өзі  арқылы  басыңқымен    тығыз 
мағыналық  қарым-қатынасқа  түсіреді.  Сондықтан  да  осылайша  сатылай  байланысу 
түрінде ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады. 

 
      Сабақтас  құрмаласта  бағыныңқы  сөйлемдердің  өз  басыңқысынан  бұрын  орналасуы  – 
түркі  тілдерінің  табиғатына  тән  құбылыс.  Солай  бола  тұрса  да  айтушы  адамның 
көзқарасы, мақсат, тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты кейде бағыныңқы 
сөйлемдердің  орын  тәртібі  алмасып  отырады.  Осындай  заңдылыққа  сай  олар  сөйлемнің 
бас шенінде ғана жұмсалып қоймай, басыңқы компоненттің аралығына түсіпте, не болмас 
одан кейін де қолданылып қалады. 
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  интеграциялық  оқыту  технологиясын  қолдану  арқылы 
меңгерту жолдары.  
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.  
3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.  
4.Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  теориялық  мәселелері,  оларды  зерттеуге  арналған 
негізгі еңбектер. 
5.Мезгілдес  сабақтас  құрмалас  сөйлем,    жасалу  жолдары.  Қарсы  бағыныңқылы  сабақтас 
құрмаластың ерекшеліктері, жасалу жолдары; Шартты бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас 
сөйлем,    жасалу  жолдары.  Түсіндірмелі  сабақтас  құрмаластың  ерекшеліктері,  жасалу 
жолдары; Салыстырмалы сабақтас құрмалас. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың 
ерекшеліктері, жасалу жолдары;  Амал бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем,  жасалу 
жолдары.  
6.Көп    бағыныңқылы    сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық,  семантикалық    
сипаты.  Көп    бағыныңқылы    сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  белгілері, 
түрлері, қызметі. 
 
15  -Дәріс.  Озық  әдістемелік  оқыту  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып  аралас  құрмалас 
сөйлемді оқыту жолдарын уйрету. Аралас  құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.    
Дәрістің негізгі сұрақтары:    
1.Озық  әдістемелік  оқыту  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып  аралас  құрмалас  сөйлемді 
оқыту жолдарын уйрету.  
2.Аралас  құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.    
Қысқаша мазмұны: 
1.Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем 
түрін  аралас  құрмалас  сөйлем  дейді.  Аралас  құрмалас  сөйлемнің  құрылымынан  біраз 
жайды  байқауға  болады.  Біріншіден,  оның  құрамында  үл  компонент  болса,  бір  ғана 
сабақтаса  және  бір  ғана  салаласа  байланысу  тәсілдері  болады,  ал  компоненттердің  саны 
одан  көбірек  болса,  не  салаласа  байланысу,  не  сабақтаса  байланысу  көбейе  түседі. 
Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу 
болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. 
Салалас  сөйлемде  болатындай,  мұнда  да  салаласқан  компоненттердің  жалғаулықсыз  да, 
жалғаулықты  да  байланысулары,  сондай-ақ  әдеттегі  сабақтас  сөйлемде  болатындай, 
басыңқы  мен  бағыныңқы  компоненттердің  арасында  болатыны  сияқты,  бағыныңқының 
баяндауыш  тұлғалары  да  тиісті  қосымшаларға  аяқталып  отырады.  Үшіншіден,  аралас 
құрмалас  сөйлемнің  құрамындағы  компоненттердің  өзара  байланысу  тәртібінде 
мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ.  
2.Компоненттердің  бірнешеуі  міндетті түрде тек қана  салаласып барып, содан соң 
тек  қана  сабақтасуға  ауысу  немесе  керісінше,  сондай-ақ  міндетті  түрде  салаласа 
байланысу  мен  сабақтаса  байланысудың  алмасып  отыруы  дегендей  қатаң  тәртіп  жоқ. 
Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай 
да, араласа да келе береді.  
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Озық  әдістемелік  оқыту  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып  аралас  құрмалас  сөйлемді 
оқыту жолдарын уйрету.  
2.Аралас  құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.    

 
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 
«СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» 
ПӘНІНIҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 
 
 
           «Синтаксисті оқыту әдістемесі»  пәні.                   
            Әдістемелік нұсқаудың мазмұны: 
Оқу  курсының  құрылымы:                Әдеби  тіліміздің  дамуына  байланысты  қазақ 
тілінің  синтаксистік  жүйесі  де  жетіліп,  өзінің  заңдылықтарын  саралай  бастады.  Тілдің 
грамматикалық құрылысының жетілуі әсіресе оның синтаксис саласынан айқын көрінеді. 
Өйткені синтаксистің қарастыратын басты обьектісі сөйлем болса, сол сөйлемнің түрліше 
қолданыстары тілдің негізін құрайды. Ал мұның өзі, сайып келгенде, тіл заңдылықтарына 
негізгі  арқау  болып,  грамматикалық  категориялардың  жіктелу  барысын  айқындап 
отырады.  Бір  сөйлемнің  бойынан  түрліше  заңдылықтар  шығып  жатады:  жеке  сөздердің 
тіркесу  қабілеті,  синтагмалық  топтар,  сөздердің  өзара  байланысу  жолдары,  сөйлем 
мұшелерінің  бір-бірімен  ара  қатынасы.  Осындай  мәселелерге  орай  тіліміздегі  сөйлемдер 
әр  түрлі  жақтан  тексеріледі.  Мұның  барлығы  тіліміздің  грамматикалық  тұрғыдан 
зерттелуін  тереңдете  түсіп,  тіл  құбылысы  заңдылықтарының  айқындала  түсуіне 
мүмкіндіктер туғызады. 
Оқу  пәнін  меңгертудің  ерекшеліктері:  Тіліміздегі  сөздер  жеке  сөздердің 
жиынтығы емес. Ондағы сөздер мағыналық жақтан өзара үйлесе жұмсалып, синтаксистік 
қарым-қатынасқа түседі. Әдеби тіліміздің дамуымен күрделенген сөйлемге тән нормалық 
құбылыстарды  жіктеп,  екшеп  талдау.  Сөйлемге  тән  заңдылықтарды  жеке  өз  алдына 
саралап  оқыту-  тіліміздің  басқа  да  грамматикалық  категорияларын  дұрыс  тани  білуге 
бағыт сілтеу. 
Курс  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  формалары:  Курстың  бағдарламасы 
дәріс  және  практикалық  сабақтардан  тұрады.    Бұл  пән  негізінен  практикалық  курсқа 
лайық,  өйткені  практикалық  сабақтар  кезінде  шығармалардың  стильдік  ерекшелігі, 
тілдерінің көркемдігі, енгізген жаңа сөз үлгілері, сөздік, лексикалық байлығы талданады.  
Курсты  меңгеруге  студенттің  жеке  жұмысының  ролі:  Курсты  игеру  белсенді 
жүзеге  асырылуы  керек.  Үй  тапсырмасын  орындауға  кемінде  аптасына  2-3  сағат  уақыт 
бөліп, кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұру керек.  Оқулықты тек тапсырма 
орындау  барысында  емес,  курсты  игеру  барысында  үнемі  оқып  отыру  керек.  Әр 
тапсырмаға дайындалу керек. 
Курсты  меңгеру  кезіндегі  студенттің  өздік  және  аудиториялық  жұмысының 
ара  қатынасы:    Курсты  игерудің  табысты  болуы  көбінесе  студенттің  дәрісханалық 
жұмысты орындауға қатысуына байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік 
таныту,  оқытушының  тапсырмаларын  мерзімінде  және  сапалы  орындау  аттестация  мен 
емтиханда  көмектеседі.  Емтихан  теориялық  білімді  тексеруге  ғана  емес,    тәжірибеде 
қолдана  алу  мүмкіндігін  бағалауға  да  бағытталады.  Емтиханда  тест  түріндегі  сұрақтарға 
жауап беріледі,тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді. 
Мамандандырылған  мамандық  түлегінің  біліктілік  мінездемесіне  сәйкес 
курсты  оқу  кезінде  меңгерілетін  білім  мен  білікке  қойылатын  талап:    Курсқа  деген 
қарым-қатынас  ЖОО  студентіне  лайық  болуы  керек.  Сабақ  босатуға,  кешігуге, 
дәрісханада  тәртіпсіздік  жасауға,  оқытушы  мен  студенттерді  сыйламауға  болмайды. 
Материалды  талқылап,  қажетті  сұрақтар  қою  үшін,  тақырыпты  ашуға  сын  көзбен  қарап, 
шешімін  табу  үшін  және  болашақ  мамандықтарына  қажетті  білімнің  бәрін  алу  үшін 
дайындалып келу керек. 
 
 
 
 
 

 
 
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
«СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»  
ПӘНІНIҢ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ  
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей,2015 

 
«Синтаксисті  оқыту  әдістемесі»  пәнінiң  тәжірибелік  сабақтарының  әдістемелік 
нұсқаулығы  5В01700  -«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының    4  курс  студенттеріне 
арналған. 
Құрастырған: ф.ғ.к  Әбікенова Г.Т.   
Филология кафедрасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
1- тақырып:   Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану 
жолдары.   
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың 
амал-тәсілдерін үйрету жолдары.   
Негізгі сұрақтар:  
1.Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану жолдары.  
2.Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту үлгісі. 
3.Оқытудың жаңа технология түрлері. 
Тапсырма:    Қазақ  тілін  оқытудағы  инновациялық  технологияларды  қолдану  жолдарын   
анықтау  және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
2–тақырып.  Синтаксисті оқытудың  әдістемелік жолдары және тіл дамыту  
жұмыстарындағы  әдістемелік  маңызы. 
Сабақтың мақсаты: Синтаксисті оқытудың  әдістемелік жолдары және тіл дамыту  
жұмыстарындағы  әдістемелік  маңызы туралы мәліметтер беру 
Негізгі сұрақтар:  
1.Синтаксисті оқытудың  әдістемелік жолдары 
2.Тіл дамыту  жұмыстарындағы  әдістемелік  маңызы   
3.Синтаксисті  оқытудың    әдістемелік  жолдарын  үйретуге  байланысты  ғалымдар 
көзқарастарын саралау.  
Тапсырма:    Қазақ  тілін  оқытудағы  инновациялық  технологияларды  қолдану  жолдарын   
анықтау  және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
3–тақырып. Есімді және етістікті сөз тіркестерін оқыту.  
Сабақтың мақсаты: Есімді және етістікті сөз тіркестерін жаңа технология элементтерін 
қолдана отырып оқыту. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Есімді және етістікті сөз тіркестерін оқыту.  
2.Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілерді оқыту. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен 
3.Байланысу формалары туралы көзқарастар. 
4.Сөз тіркесінің түрлерін оқыту.   
5.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы пікірлер. 
Тапсырма:  Есімді және етістікті сөз тіркестерін жаңа технология элементтерін қолдана 
отырып оқыту   және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
4–тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін дамыта оқыту.   
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін дамыта оқыту технологиясы 
арқылы оқушыларға түсіндірудің әдіс-тәсілін үйрету. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін дамыта оқыту.  
2.Бастауыш, баяндауыштың мағыналық, тұлғалық белгілерін оқыту.  
3.Бастауыш және баяндауыш болатын сөз таптары. 

 
Тапсырма:  Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін жаңа технология элементтерін қолдана 
отырып оқыту   және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
5–тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін проблемалап оқыту.    
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін проблемалық оқыту әдіс-тәсілін 
пайдалана отырып оқушыларға үйрету жолдарын көрсету. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін дамыта оқыту.  
2.Бастауыш, баяндауыштың мағыналық, тұлғалық белгілерін оқыту.  
3.Бастауыш және баяндауыш болатын сөз таптары.  
4.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін проблемалап оқыту.  
5.Проблемалап оқытудың ерекшелігін түсіндіре отырып, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін 
оқыту.  
6.Проблемалық  сұрақ-тапсырмалар  арқылы  толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауышты 
оқушы ой-өрісін дамытудағы проблемалық ерекшелік арқылы оқыту. 
Тапсырма:  Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін жаңа технология элементтерін қолдана 
отырып оқыту   және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
6–тақырып.  Модульдік  оқыту  технологиясы  арқылы  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін 
оқыту.    
Сабақтың  мақсаты:  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  модульдік  оқыту  технологиясы 
арқылы сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту.    
Негізгі сұрақтары: 
1.Модульдік  оқыту  технологиясы  арқылы  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  оқытуды 
үйрету.   
2.Сабақты  модульге  бөлу  жолдарын  үйрете  отырып,  бірыңғай  мүшелердің  өзіндік 
белгілерін оқыту.  
3.Оларды байланыстыратын жалғаулықтар.  
4.Бірыңғай тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер, үйірлі мүше, айқындауыш мүшелерді оқытуды 
қарастырып, пән бойынша оқу модульдерін құрастыру. 
Тапсырма:  Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жаңа технология элементтерін қолдана 
отырып оқыту   және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
7–тақырып.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  пайдалана  отырып,  жай  сөйлемнің 
айтылу мақсатына қарай түрлерін оқыту.    
Сабақтың мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, жай 
сөйлемнің айтылу масатына қарай түрлерін оқыту.    
Негізгі сұрақтары:  
1.Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  пайдалана  отырып,  жай  сөйлемнің  айтылу 
мақсатына қарай түрлерін оқыту.  
2.Оқыту  процесінде  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолданудың  ғылыми-
теориялық  негізін  басшылыққа  алып,    хабарлы  сөйлемдер,  сұраулы  сөйлемдер  мен 
бұйрықты және лепті сөйлемдерді оқыту жолдарын үйрету. 

 
3.  Хабарлы  сөйлемдер,  сұраулы  сөйлемдер  мен  бұйрықты  және  лепті  сөйлемдерді  оқыту 
жолдарын үйрету. 
Тапсырма:  Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелайтылу мақсатына қарай түрлерін  жаңа 
технология элементтерін қолдана отырып оқыту   және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
8–тақырып. Ұжымдық оқыту технологиясы қолдану арқылы жай сөйлемнің құрылымдық 
типтерін оқыту.     
Сабақтың мақсаты: Ұжымдық оқыту технологиясы қолдану арқылы жай сөйлемнің 
құрылымдық типтерін оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Ұжымдық  оқыту  технологиясы  қолдану  арқылы  жай  сөйлемнің  құрылымдақ  типтерін 
оқытуды үйрету. 
2.Жақты сөйлемнің сипаттамасы  
3.Жақсыз сөйлем туралы түсінік  
4.Жалаң, жайылма сөйлемдерді оқыту.  
5.Толымды, толымсыз сөйлемдерді оқыту.  
6.Жақты-жақсыз, жалаң,  жайылма,   толымды-  толымсыз сөйлемдерді  оқыту жолдарымен 
таныстыру. 
Тапсырма:  Ұжымдық оқыту технологиясы қолдану арқылы жай сөйлемнің құрылымдық 
типтерін оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету  және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
9–тақырып.    Атаулы  сөйлемді    компьютерлік  оқыту  әдістері  арқылы    оқыту  жолдарын 
үйрету. 
Сабақтың мақсаты: Атаулы сөйлемді  компьютерлік оқыту әдістері арқылы  оқыту 
жолдарын үйрету. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Қазақ  тілін  компьютерлік  оқыту  әдістері  арқылы  атаулы  сөйлемді  оқыту  жолдарын 
үйрету, оның тиімділігін түсіндіру.  
2.Атаулы сөйлемге тән ерекшеліктер.  
3.Атаулы сөйлемдердің зерттелуі.  
4.Атаулы сөйлемдердің түрлері.  
5.Атаулы сөйлемдердің түрлерін компьютерлік оқыту әдісі арқылы түсіндіру жолдарымен 
таныстыру 
Тапсырма:    Атаулы  сөйлемді    компьютерлік  оқыту  әдістері  арқылы    оқыту  жолдарын 
және  әдіс-тәсілдерін үйрету  және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
10–тақырып. Бір мүшелі сөйлемді оқыту.    
Сабақтың мақсаты: бір мүшелі сөйлемдерді  жаңа технология элементтерін қолдана 
отырып оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету. 
Негізгі сұрақтары:  
1.Бір мүшелі сөйлемді оқыту.   
 2.Бір мүшелі  сөйлемге тән ерекшеліктерді проблемалық оқыту әдістері арқылы үйрету.   
3.Бір мүшелі  сөйлемдердің түрлерін оқыту жолдарымен таныстыру. 

 
Тапсырма:    Бір  мүшелі  сөйлемді  жаңа  технологияның  оқыту  әдістері  арқылы    оқыту 
жолдарын және  әдіс-тәсілдерін үйрету  және әр сабақта қолдану 
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте  қарастырылған тақырыптарға қоса  оқытудың  
жаңа технологияларын қолдану жолдарын үйрету. 
Есеп беру түрі: жазбаша, ауызша 
 
11–тақырып. Күрделенген жай сөйлемдерді жобалап оқыту технологиясы арқылы оқыту 
жолдары  
Сабақтың мақсаты: Мектеп оқушыларына күрделенген жай сөйлемдерді жобалап оқыту 
технологиясы арқылы оқыту жолдарын үйрету  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет