Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5996
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Қысқаша мазмұны:  
1.Модульдік  оқыту  технологиясы  оқу  үрдісін  жаңаша  құруға  және 
оптимизациялауға  байланысты  қазақстандық  жәле  әлемдік  оқыту  жүйесінің  барлық 
саласында  кеңінен  қолданыла  бастады.  Модуль  (латын)  –  «өлшем»,  «шама»,  «мөшер» 
деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу 
материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы оқыту ұтымды екенін 
Ю.У. Байсалов, Г.С. Күдебаева,   Н.  Оралбаева,  К.  Жақсылықова,  Р.  Жанпейісова,  З. 
Бейсембаева, Н.Г. Нуртаева т.б. өз зерттеулерінде атап көрсетті. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  бойынша  білім  алушы  өз  мүмкіншілігіне  қарай 
жұмыс істейді. Зерттеуші ғалымдар: Г.Қ. Нұрғалиева, А. Құсайынов, Қ. Мусин: «Модуль – 
іріленген  мазмұнды  дидактикалық  бірлік.  Ол  зерттеліп  отырған  педагогикалық 
құбылыстың  мәнін  сипаттайтын  ғылыми  білім  жүйесін  өзара  функционалдық 
байланыстармен қоса ашып көрсетеді», - деп анықтама береді. 
Модуль  –  оқу  үрдісінің  өзгеруіне  байланысты  толықтырылып,  өзгертіліп, 
түрлендіріліп отырады.  
Модульдік  оқытуда  оның  бағдарламасы  пән  бағдарламасына  сәйкес  жасалады. 
Мұнда материалды оқытудың мақсаты айқын беріледі, оқушы алдағы күтілетін нәтижені 
түсіне отырып, оған жетудің жолын ойластырады. 

 
Мұғалімнің  ұсынысымен  әр  түрлі  тапсырмалар  орындап,  оны  игеруде  қосымша 
әдебиеттермен  танысып,  өздігінен  ізденеді,  басқалардың  пікірін  сарадайды,  шешеді, 
жинақтайды,  өз  ой  –  тұжырымын  дәлелдейді,  шығармашылық  жұмыс  істеуге 
дағдыланады,  ішкі  мүмкіншілігі  жүзеге  асады.  Әсіресе,  мұғалім  мен  оқушының  өзара 
бірлігін қамтып, оқу мен оқытуда бір  – біріне үнемі ықпал етіп отырады. Бұл модульдік 
оқытудың басты ерекшеліктерінің бірі екенін байқатады. 
Әр  пәннің  құрылысы  мен  құрамына  байланысты  3  –  4  модульге  бөлу  озат 
мұғалімдер  тәжібибесінде  жиі  кездеседі.  Модуль  санының  көп  болуы  оқушының  білімін 
тексеруге,  ізденісін  арттыруға,  т.б.  оң  ықпалын  тигізгенімен,  оқытушының  жұмысын  да 
көбейтетінін көреміз. Тәжірибеде модуль саны 3 – 4 – тен аспайтынын байқатады.  
Модульдік  оқыту  технологиясы  оқытушының  өз  жұмысын  нақты  жоспарлауына, 
жан – жақты айындалуына жол ашады, онсыз мақсатқа жете алмайтынын толық түсінеді. 
 Оқу модулі – ол оқу жылының құрылымдылық бөлігі. 
Модульде  оқу  уақытының  басым  бөлігі  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне 
жұмсалады,  алайда  олардың  білімдері  күнделікті  бақылау,  тексеру  (ағымдық  бақылау) 
әдістері  арқылы  анықталып  тұрады.  Күнделікті  бақылау  нәтижесінде,  пән  бойынша 
рейтинг және аралық бақылау (рубеждік бақылау) жүргізіледі. 
Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар әр тақырып бойынша: 
актуалдану  модулі;  теориялық  модуль;  практикалық  модуль;  қателер  модулі;  тексеру 
модулі; технологиялық карта модульдердің болуы қажет. 
Актуалдану модульде: өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест және жаңа білімді 
талап ететін бір тапсырмаларды орындау көзделеді. 
Теориялық модульде тақырып бойынша: 
- теориялық материалдың блок-схемасымен жұмыс істеу; 
- топпен (жұппен жұмысы; 
- модуль мазмұнын талқылап, бір-біріне мазмұнын айтуы; 
- модуль мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, дәптерлеріне жазып алуы; 
- теориялық материалға өздерінің мысалдарын келтіруі және оларды жазып алуы; 
2.Сөйлемдегі  оқшау  сөздер,  олардың  түрлері.  Оқшау  сөздердің  сөйлемдегі  орны,  оқшау 
сөздерді сөйлемнен алып тастау немесе керісінше пікірлер, түрлері. 
      Қаратпа сөз, сөз тіркесі, сөйлем, олардың әрқайсысының жасалу жолдары. 
      Қыстырма сөз, сөз тіркестері. 
      Одағай сөздер. 
      Оқшау сөздерге байланысты тыныс белгілері. 
3.Сөйлем  синтаксистің  ең  негізгі  единицасы.  Сөйлемнің  танымдық,  коммуникативтік 
қызметі.  Сөйлемнің  коммуникативті  қызметінің  сөз,  сөз  тіркесінен  айырмашылығы.  Сөз 
тіркесі  мен  сөйлем,  олардың  бір-біріне  ауысуы.  Сөйлемнің  анықтамасы,  ол  туралы  әр 
түрлі  пікірлер.  Сөйлемнің  зерттелу  аспектіліеі:  конструктивті  аспект,  коммуникативті 
аспект, семантикалық аспект. 
  Сөйлемнің  эволюциясы.  Сөйлемнің  қалыптасуында  сөз  таптарының  орны.  Есімді 
сөйлемдер, олардың тіл-тілдегі орны.Етістікті сөйлемдер.Ерте дәуірге байланысты есімді, 
келе-келе  етістікті  сөйлемдердің  қалыптасуы.  Аналитикалық,  синтетикалық  тәсілді 
сөйлемдер,  олардың  қалыптасуы.  Сөйлемдегі  предикативтік,  тіл-тілдердегі  анықтамасы, 
ол туралы көзқарастар. Предикативтілік: субъекті мен предикат, тема, рема, бастауыш пен 
баяндауыштардың қатынасы. Сөйлемнің тілдің басқа салаларымен байланысы. 
      Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері,    түрлері,  ондағы  жалпылауыш  мүшелер,  оларға 
қатысты жалғаулықтар және олардың тыныс белгілері. 
      Қазақ  тілінің  бір  сөйлемнің  ішінде  бір  мүшенің  бірыңғай  бір  сұраққа  жауап  беретін, 
бірдей тұлғада тұратын сөздердің келуі көне жазба ескерткіштерінен бастап, күні бүгінге 
дейін жалғасып келе жатқан құбылыс. 
      Бірыңғай  мүшелердің  жазылуында  не  қос  нүктемен,  не  сызықшамен  жазылатын  екі 
түрлі жол бар. 

 
      Бірыңғай мүшелердің арасы жалғаулыұтармен де, жалғаулықсыз да байланыса береді. 
Ондай  жалғаулықтардың  қатарына  ыңғайлас  жалғаулықтар,  талғаулы  жалғаулықтар, 
кезектес жалғаулықтар жатады. 
      Бірыңғай мүшелердің құрамы бір сөзден де немесе тұтас тіркестерден де бола береді 
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Модульдік оқыту технологиясы арқылы сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту. 
2.Сабақты  модульге  бөлу  жолдарын  үйрете  отырып,  бірыңғай  мүшелердің  өзіндік 
белгілерін оқыту. Оларды байланыстыратын жалғаулықтар.  
3.Бірыңғай тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер. 
4.Үйірлі  мүше,  айқындауыш  мүшелерді  оқытуды  қарастырып,  пән  бойынша  оқу 
модульдерін құрастыру. 
 
7- Дәріс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, жай сөйлемнің 
айтылу мақсатына қарай түрлерін оқыту.   
Дәрістің негізгі сұрақтары:    
1.Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  пайдалана  отырып,  жай  сөйлемнің  айтылу 
мақсатына қарай түрлерін оқыту.  
2.Оқыту  процесінде  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолданудың  ғылыми-
теориялық  негізін  басшылыққа  алып,    хабарлы  сөйлемдер,  сұраулы  сөйлемдер  мен 
бұйрықты және лепті сөйлемдерді оқыту жолдарын үйрету.   
Қысқаша мазмұны: 
1.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған 
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, 
Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын 
басшылыққа алады.  
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі 
ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің 
елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты,  “Сорос-Қазақстан”  қоры  арқылы 
келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.  
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге 
қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, 
сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен  қарау 
деп түсіндіреді авторлар. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Бұл  деңгейдегі  ойлау  тек 
ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас 
балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес 
ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз. Оған  осы  жобамен  жұмыс  жасау 
барысында көз жеткізілді. 
Аталмыш  бағдарламаның  ішкі  құрылымында  ерекшелік  бар.  Бұл  құрылым  3 
деңгейден  тұратын  оқыту  мен  үйретудің  моделі.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы, 
қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп  ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен 
қажеттісін алуға үйретеді. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой 
толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 
2.Синтаксистің    басты    зерттеу    обьектісінің      бірі  –  сөйлем.  Сөйлем  -    пікір    алысуды,  
қарым -  қатынас   жасауды  қамтамасыз   ететін  тілдік  материалдың  бір  тұтас  бөлшегі.  
Біздің    басқаға      айтатын      ойымыз      мақсатты    болады:    кейде,    мысалы,    есіткен  – 
білгенімізді  біреуге  хабарлауды  мақсат  етсек,  кейде  біреуден   бірдеңені  сұрап  білуді  
мақсат    ете    сөйлейміз.    Сондай      мақсатты    ойларымызды    сөздерден      сөйлем    құрау  
арқылы  хабарлаймыз.  Ал  сөздер   сөйлем   құрамына  ену  үшін  өз  ара  мағыналық,  
синтаксистік  байланысқа   түсіп,  өз  ара  тіркесіп  айтылады.  Сөздердің  тіркесуінен   сөз   
тіркесі  жасалады.  

 
Сөйтіп ,  сөздерден  сөз  тіркесі,  сөз  тіркестерінен   сөйлем   құралады.  Сөз  де,   сөз  
тіркесі  де -  сөйлем  құраудың  материалдары.  Сөйлем  кейде  көп  сөзден,   кейде  жеке  
сөзден    не  сөз    тіркесінен      жасалады.    Соңғы    жағдайда    сөздер    мен    сөз    тіркестері   
өздерінің    лексикалық    және    синтаксистік      қасиетін    жоймайды.    Түн  .    Аспанда  
алақандай    бұлт    жоқ.      Не    болмаса:    Желсіз    түн.    Екі    кісі    жүріп    келеміз.    Бұл  
сөйлемдерде  түн-  әрі  сөз,  әрі  сөйлем;  желсіз  түн -  әрі  сөз  тіркесі,  әрі  сөйлем. 
Сөздер  сөз  тіркестерінің  құрамына  ену  арқылы   сөйлем   құраудың  материалы  
болады    да,    бастауыш-    баяндауыштық      /тұрлаулы/,      толықтауыш,    анықтауыш,  
пысықтауыштық    /  тұрлаусыз/    қатынаста      жұмсалады.    Тұрлаулы      мүшелер      сөйлем  
құраудың  бас   арқауы,  негізі  болса,  тұрлаусыз  мүшелер   олардың   маңына  ұйысып  
бастауыш,    баяндауыш      арқылы      ойды    толықтырып,    айқындай      түседі.  Сөйлемдер  
айтылу   мақсатына   қарай  х а б а р л ы ,с ұ р а у лы,  б ұ й р ы қ т ы    және  ле п т і   
болып    бөлінеді.  Хабарлы      сөйлем.  Бірдеңенің      не    бір    істің    жайын      баяндау  
мақсатымен  айтылған  сөйлем  х а б а р л ы  болады. [29:33] 
Терек    долданып,  буырқанып,  тауды  бұзып,  жол  салған,  тасты жарып. / Абай./    
Күн   қызыл  арай   шатырынан   жаңа  ғана  шыққан.  Аспан    шайдай  ашық.  Ғылым  
ауыл    шаруашылығын    өркендете    беруге    үлкен    көмек    көрсетіп    келеді.    Халық    өз   
бақыты  үшін  күресетінін  білсе,  оған  ешбір  жау   төтеп  бере  алмайды.   
 Хабарлы   сөйлемдердің   мазмұны  әр  түрлі  болады.   Олардың  мазмұны  сөйлемге  
қатысқан      сөздердің  ,    сөйлем    мүшелерінің,    әсіресе    баяндауыштардың      мағыналық,  
тұлғалық    ерекшеліктерімен      байланысты.      Баяндауыштарының    тұлғалық  
ерекшеліктеріне  қарай  хабарлы   сөйлемдер,  мысалы, б о л ы м ды  / Жаңбыр   жауды/,  
б  о  л  ы  м  с  ы  з  /  Жаңбыр    жаумайды/,    ал      баяндауыштарының    қай    сөз    табынан  
жасалуына  қарай  е т і с т і к т і / үйдің  іші  жылынды/, е с і м д і   / Күн  жылы.  Аспан  
ашық.  Айнала  жым-жырт/   болып бөлінеді. [30:28] 
Хабарлы    сөйлемдер,      жалпы    алғанда,    бірсыдырғы    баяу    әуенмен    айтылады;  
жалаң      сөйлемдер    тақ-  тұқ    қайырылса,    жайылма      сөйлемдерді    айтқанда,    дауыс  
сөйлемнің  соңында  бәсеңдей  түсіп  тынады.Мысалы: 
 Түн  жым-жырт.  Жел  де  жоқ.  Бірақ   сәл  ғана  білінген  салқын  бар.  Асанмен   
сөйлесіп  отырған  Қажымұқан  бұлардың   әңгімесін  бөліп  жіберді.    
Бір  сөйлемнен   екінші   сөйлемнің   межелі  жігі  пауза  арқылы  айрылып  тұрады.  
Бірақ  хабарлы   сөйлемдегі  жеке  сөздердің   айтылу  әуені  әр  уақытта  бірқалыпты  бола  
бермейді.  Көп    құрамды    хабарлы      сөйлемнің      ішіндегі    бастауыштың    не  
толықтауыштың    маңына    топтанған    сөздердің    саны    неғұрлым    көп    болса,    сол    топ  
солғұрлым    оқшаулана    түсіп,    көтеріңкі    дауыспен    айтылады    да,    одан    кейін    дауыс  
бәсеңдей  береді. [31:62] 
Таудан   төмен  қарай  сырғанап   келе  жатқан   шаңғышылар  колхоз  клубының  
алдына  келіп  тоқтады.    
Жазғы  жайылымнан  қайтқан  сиырларды  Айша  қораға  кіргізді.   
Баяндауышы  зат  есім  мен   есімдіктен  болатын   сөйлемдер  интонация  жағынан  
екі  бөлініп  айтылады. 
 Басқа    біреуден,      негізінде,      жауап    күту    мақсатымен      кейде      сөйлеушінің,  
жазушының    өзі    жауап    беру    үшін    де/    айтылған    сөйлемдер    с  ұ  р  а  у  л  ы    болады.   
Сұраулы   сөйламдар  сұраулық  интонациямен   айтылады  да,   дауыс  сөйлемнің   соңына  
қарай  күшейе  түсіп  тынады: 

 
Қайдағы  жау ? 

 
 Бар  жылқыны  әкетті  ме? -  деп  жан-жақтан  жапырлай 
сұрасты.  
     Әй,    тілің        бар    ма    өзіңнің  ?    Неге      бұғасың?..    Неге    жөніңді    айтпайсың?  -  
деді    Қадірбек.   
        Сұраулы    сөйлемдер        интонация      арқылы      және    сұрау    есімдіктері  ,  сұраулық   
шылаулар,      кейбір      көмекші      етістіктер    мен      қосымшалардың          қатысуы      арқылы   

 
жасалады.  Олардың   бастылары  мыналар: 
         1.   Сұраулы   сөйлемдер  -ма/-ме,   -па/пе,   -ба/бе   сұраулық   шылаулары  арқылы    
жасалады:    Жиналыс   басталды  ма ?   Баяндамашыға   сұрақ   бар   ма?   Анау  келе   
жатқан   Жақып  па,  Әсет  пе? -  Өзі   атпен   баратын   жер  ме,   машинамен  баратын  
жер  ме? 
 Сұраулық      шылау      қысқарып      жіктік    жалғаулардан      бұрын    келу    арқылы    да  
сұраулы  сөйлем  жасайды:   
2.   Сөйлемде  кім,  не,  қашан,   қайдан,  қандай, кімді..  сияқты  сұрау   есімдіктері  
айтылу  арқылы  сұраулы  сөйлем  жасалады: 
      - Мұнда   қайдан  жүрсіз? 
      - Ой,  Бәтес,  мұның  не?   
      - Сені  кім  шақырды? -   Жиналыста   қандай   мәселе   
қаралды?  
   3.    Шығар,      болар,    қайтеді      деген    көмекші    етістіктер  күрделі    баяндауыштың   
құрамына   еніп,   сұраулық   интонациямен  айтылғанда,  сөйлем  сұраулы  болады: Сен   
осы  ауылдың  баласы   шығарсың?  Борашты   көріп  жүретін  шығарсың?  Оның  өзін  
тыңдап  көрсек  қайтеді?  
   4.  Баяндауыштың        құрамында  -    ау,    ғой    шылаулары    мен    ?  одағайы    айтылып    та  
сұраулы    сөйлем    жасалады:  Сен    кіп-    кішкентай      қуыршақтай      еді  -ау,  ә?    Егістің  
дайындық  жұмысына  қызу  кірісіп  жатырсыңдар ғой,  ә ?  
5.  Ше    демеулігі    баяндауыштардың    құрамына    ену    арқылы    да    сұраулы    сөйлем   
жасалады: 

 
Ал,  Жамал  ше? Өзің  ше ? 

 
Атым  Қайырғали,  Өзіңнің  атың  ше ?  
       Сұраулы  сөйлем  әдетте  түгелімен  көтеріңкі  дауыспен  айтылады.  Сонымен  қатар,  
көп    құрамды    сұраулы    сөйлемдерде    жауап    күтуді  білдіретін    сөздер  /  әсіресе  сұрау  
есімдіктері/  басқа сөздерден  гөрі  басым  әуенмен  айтылады / Сені  кім  шақырды?  өзге  
жолдастар   қайда ?/.   Кейде,  ондай,  ой  екпіні түсіп,  басым  әуенмен  айтылатын  сөз  
тікелей  баяндауыштың  қасында  тұрады.  
Кісінің   көңіл  күйін,  әр  түрлі  эмоциялық  сезімін  білдіру  үшін  жұмсалатын  
сөйлемдер  л е п т і  болады.  Лепті   сөйлемдердің    мағыналары    жай  хабар   болумен    
қатар,   кісінің  қуанышы,  қорқынышы,   таңырқауы,  ызасы,  аянышы,  жалынышы,   
күмәні,   жиреніші    сияқты   ішкі   сезімдерін   білдіреді. 
 Лепті   сөйлемдер    мұндай   мағыналарда   айтылу   үшін   олардың   құрамында   
көбінесе  одағайлар   болады.   Кейде   одағайлардың  өзі   лепті   болады.   Оның  үстіне   
сөйлем  асқақтаған  көтеріңкі  дауыспен -  лептілік  интонациямен -  айтылады: 
-
 
Қап! -  деді  Ахмет  өте  шығып. 
-
 
Пай –пай-пай,   бұл  неткен  жан!  -  Пай-пай,  Ысқақ-ай, 
осындай  адамдарды  көре  білмейсің!        
          Лепті   сөйлемдердің   эмоциялық    мағыналары  олардың  құрамындағы  одағай,  
модаль   сөздермен,  сөйлемдердің  лептілік  әуеімен  байланысты: 
          1. Қ о р қ у ,  с е с к е н у ,  а я у,  ө к і н у , т а ң ы р қ а у   сияқты  кісінің  көңіл   
күйін  білдіретін  сөйлемдердің  баяндауыштарының  құрамында  ау,  ай  демеуліктері   
айтылады. 
          2. Баяндауыштары  етістіктің  шартты  рай  тұлғасында  айтылып,   бірдеңені  к ө к с 
е у ,  а р м а н   е т у   мағынасында   лепті   сөйлем  жасалады.  Ондай   сөйлемдер  шартты  
бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  болып  айтылмай,  жай  сөйлем  ретінде  жұмсалады. 
         Күрделі  баяндауыштың   негізгі  сөзі  келер  шақтық есімше болып, одан  кейін 
сұраулық – ма  / ме шылауы  мен  еді көмекші  етістігі  тіркесіп те  а р м а н  м ә н д і  лепті  
сөйлем жасалады.   

 
          3. Өткенде  істелуге тиісті  бірақ  істелмеген, болмаған іске  ө к і н у  ретінде 
айтылатын да  лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі  
түрлі болып келеді. 
   а/ болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен  есімше тұлғасындағы көмекші етістік 
/екен/, одан кейін демеулік де тұрады. 
   ә/ бірінші жақтық шартты рай  тұлғасындағы етістікке – шы  / ші қосымшасы 
жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі  әуенмен айтылады.  
           4. Бірдеңені  а с ы р а  м а қ т а н   е т у, м а с а т т а н у мағынасында  да  лепті 
сөйлемдер болады.Ондай сөйлемдердің ішінде  қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, 
пай-пай, ай деген  сөздер болады.  
Дәрісті бекіту сұрақтары:   
1.Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  пайдалана  отырып,  жай  сөйлемнің  айтылу 
мақсатына қарай түрлерін оқыту.  
2.Оқыту  процесінде  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолданудың  ғылыми-
теориялық  негізін  басшылыққа  алып,    хабарлы  сөйлемдер,  сұраулы  сөйлемдер  мен 
бұйрықты және лепті сөйлемдерді оқыту жолдарын үйрету.   
 
8- Дәріс. Ұжымдық оқыту технологиясы қолдану арқылы жай сөйлемнің құрылымдақ 
типтерін оқыту.    
Дәрістің негізгі сұрақтары:    
1.Ұжымдық  оқыту  технологиясы  қолдану  арқылы  жай  сөйлемнің  құрылымдақ  типтерін 
оқытуды үйрету.  
2.Жақты сөйлемнің сипаттамасы  
3.Жақсыз сөйлем туралы түсінік  
4.Жалаң, жайылма сөйлемдерді оқыту.  
5.Толымды, толымсыз сөйлемдерді оқыту. 
Қысқаша мазмұны:  
1.Әр  мемлекеттің  болашағы  мектебінде  шыңдалады.  ХХІ  ғасырда  ғылым  алға  дамып 
барады.  Мұғалім  үнемі  ізденіс  үстінде  жаңалықтан  қалыспауы  керек.  Технология 
дегеніміз-  өндірістік  процесті  жүргізудің  әдістері  мен  тәсілдері  жайлы  білім  жиынтығы. 
Ал  педагогикалық  технология-  педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін  пайдаланылатын 
барлық  дара,  иниструменталдық  және  әдістемелік  құралдардың  қолдану  реті  мен 
жиынтығының жүйесін білдіреді.  
     Әр  мұғалім  өз  жұмысында  озат  мұғалімдердің  тәжірибесінен  үлгі  алып,  зерттеп, 
педагогикалық  жаңалықтарды  тиімді  пайдалануда.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар 
қазіргі білім  беру заңының  талаптарына сай  оқыту үрдісінің  негізгі міндеттерін шешуге, 
жеке адамды шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға тартады. 
Солардың  бірі,  әрі  бірегейі  ұжымдық  оқыту  технологиясы  болып  табылады. 
Ұжымдық  оқыту  технологиясының  негізін  салған  практик-  мұғалім  А.Г.  Ривиннің 
ізденісінен туған. Енді осыған кеңінен тоқталсақ. 
Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты: 
Әр  оқушының  қабілетін  дамыту,  еңбек  етуге  баулу.  Ұйымшылдық  қабілеттерін 
ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҰОТ 
Жұптық 
оқыту 
Топтық 
оқыту 
Жекелей 
оқыту 
Ұжымдық 
оқыту 

 
 Ұжымдық оқыту технологиясының ерекшелігі
Оқушы- оқушы; 
Оқушы- оқытушы; 
Оқушы- үйретуші- үйренуші міндеттерін атқарады
Талаптары: 

 
әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек. 

 
өзінің ғана емес  басқаның да еңбңгңне жауапкершілікпен қарау. 

 
өзі оқи отырып, өзгені оқыту. 

 
Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту
Технологияның жүргізілу кезеңдері: 
1.Тапсырмаларды даярлау кезеңі: 

 
Берілген тапсырмамен  танысу; 

 
Шағын бөлімдерге бөлу; 

 
Әр бөлімге ат қою; 

 
Жоспар құру; 

 
Жоспарға сүйене отырып,  мәтін мазмұнын меңгерту; 

 
Тексеру сұрақтарын даяралау. 
2.Тапсырманы түсіндіру кезеңі

 
Тақырыптың мақсаты не? 

 
Жоспармен таныстыру; 

 
Мазмұнын түсіндіру; 

 
Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу. 
3.  Өз  бетінше  жаттығу  жазу,  тәжірибе  жасау,  есеп  шығару,  шығарма  жазу, 
түсінгені бойынша баяндау кезеңі. 
  1.    Бір  ғана  жақты  сөйлемдер  тобына  жататын  сөйлемдер  өз  ішінде  бір-бірінен 
ерекшелігі бар топтарға бөлінеді. 
1.
 
Арнаулы жақты сөйлем. Бастауышы мен баяндауышы белгілі бір жақта қиысқан 
сөйлем. Мен студентпін. 
2.  Ауыспалы жақты сөйлем. Арнаулы жақты сөйлемде жақтық мағына сол жақтың 
өзіне  қаратылса,  ауыспалы  тұрғанымен,  мағынасы  сол  жақтың  өзіне  қаратылмай,  басқа 
жақтың мағынасында айтылады. 
 3.  Белгісіз жақты сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет бір 
белгісіз  субъектіге  тән  болады.  Бұл  сөйлемнің  ерекшелігі  –  а)  бастауышы  айтылмайды, 
бірақ қажет жағдайда оны қойып айтуға болады, 2) баяндауышы ІІІ жақта тұрады. 
Бастауышы жоқ және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болмайтын бір 
құрамды сөйлемнің түрі жақсыз сөйлем деп аталады. 
Оның  жақты  сөйлеммен  айырмашылығы,  біріншіден,  грамматикалық  бастауышқа 
байланысты,  2-ден,  баяндауыштың  жасалу  жолы  мен  формасына  байланысты.  Ескеретін 
жайт:  жақты  сөйлем  баяндауышы  дара,  күрделі  болып,  өз  бастауышымен  қиыса 
байланысса,  жақсыз  сөйлем  баяндауышы  тек  қана  ІІІ  жақ  жіктік  жалғауы  формасында 
тұрып құрамы жағынан үнемі күрделі болып келеді.   
2.  Қазақ  тілінде  толымды,  толымсыз  сөйлемдерді  ажыратуға  түрліше  критерийлер 
қойылып келді. 
Дербес  айтылғанда,  мағыналық  мазмұны  толық  берілген  сөйлем  толымды  деп 
аталады.  Ал  дербес  айтылғанда  мағыналық  мазмұны  толық  берілмеген,  ой  олқылығы 
сезілетін  сөйлемді  толымсыз  сөйлем  дейміз.  Толымсыз  сөйлемнің  екі  түрі  бар:  1. 
Контекстік толымсыз сөйлемдер; 2. ситуациялық толымсыз сөйлемдер. 
Қазақ  тілінде  толымды,  толымсыз  сөйлемдерді  ажыратуға  түрліше  критерийлер 
қойылып келді. 
Дербес  айтылғанда,  мағыналық  мазмұны  толық  берілген  сөйлем  толымды  деп 
аталады.  Ал  дербес  айтылғанда  мағыналық  мазмұны  толық  берілмеген,  ой  олқылығы 

 
сезілетін  сөйлемді  толымсыз  сөйлем  дейміз.  Толымсыз  сөйлемнің  екі  түрі  бар:  1. 
Контекстік толымсыз сөйлемдер; 2. ситуациялық толымсыз сөйлемдер. 
Мысалы: Биік лауазымға жетер жол кейде тым жақын көрінгенімен, аса жауапты әрі 
қатерлі.  Жауаптысы  –  соңында  халық.  Олардың  бары  мен  жоғы,  бағы  мен  соры  сенің 
қолыңда. Осындағы соңғы сөйлемді контекстен тыс алсақ, мағынасы, әңгіменің не туралы 
екендігі  түсініксіз.  Алайда  тіліміздегі  толымды,  толымсыздық  дегенді  шартты  түрде 
түсінуіміз  керек,  өйткені  бір  оқиға  не  кейіпкер  жайлы  толық  ұғым  алу  үшін  кейде  бір 
кітап та жеткіліксіз болуы мүмкін. 
Тіл  білімінде  толымды,  толымсыз  және  ықшамдалған  (кейде  эллипсис  сөйлемдер 
деп  те  атайды)  сөйлемдерді  ажырату  мәселесінде  қиындықтар  туындап  отырғаны  рас. 
Өйткені бұл сөйлемдер  (толымсыз және ықшамдалған ) бір тілдік заңдылықтың – тілдік 
үнемдеу  заңдылығының  –  нәтижесінде  туындаған.  Бірақ  сөйлемнің  толымды-
толымсыздығын ажыратуда мағыналық ұстаным, ықшамдалу-ықшамдалмауын ажыратуда 
құрылымдық  ұстаным  межеге  алынуы  тиіс.  Сонда  тіліміздегі  сөйлемдер  мағынасы 
жағынан  да  толымды,  құрылымы  жағынан  ықшамдалмаған  –  нақ  толымды  сөйлемдер; 
мағынасы  жағынан  толымды,  бірақ  құрылымы  жағынан  ықшамдалған  сөйлемдер; 
мағынасы  жағынан  толымсыз,  әрі  құрылымы  жағынан  ықшамдалған  сөйлемдер  болуы 
мүмкін. 
Мысалы:  - Қиын... (1)  Өте қиын ...(2) Бірақ сен мені  тыңда,  балам,  - деді қария (3) 
Адамды ойша өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқыр ұрыны да. (4) Осындағы 1,2 сөйлемдер – 
мағынасы  жағынан  толымсыз,  әрі  құрылымы  жағынан  ықшамдалған  сөйлемдер;  ал  3 
сөйлем  –  мағынасы  жағынан  да  толымды,  құрылымы  жағынан  ықшамдалған  –  нақ 
толымды  сөйлем;  4  сөйлем  –  мағынасы  жағынан  толымды,  бірақ  құрылымы  жағынан 
ықшамдалған сөйлем болады. 
Сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелер  бірнешеу  болғандықтан  олардың  көптігін  білдіретін 
көптік  жалғау  ең  соңғы  мүшеге  жалғанады.  Бұл  тәріздес  бірыңғай  мүшелерге  ортақ 
формаларды,  жалпылауыш  сөздерді  жинақтауыш  тұлға  немесе  жинақтауыш  сөз  деп 
тайды. Бұлар мынадай жағдайларда қолданылады:  
1.  Бірыңғай  бастауыш  кісі  атттары  болғанда  олардың  ең  соңғысына  көптік  жалғау 
жалғанады.  Ондайда  көптік  жалғауы  жинақтаушы  қызмет  атқарады.  Үйде  Қажекеңнен 
басқа Сәбит Мариямен, ағайынды Риза, Шафық Шокиндер, Қалижан Жамалымен, Тайыр 
Мунирасымен, Қажым, Жұмағали, тағы басқа достар болатын (Күш атасы). 
2.  Біркелкі  бірыңғай  бастауыштарды  (кей  басқа  да  мүшелерді)  жинаушы  сөз 
жинақтау  сан  есімдері  болады:  Жұрт  тарай  бастағанда  Михайл,  Айдынғали,  Жақсылық 
үшеуі оңаша қалған еді (Ғ.Сланов). 
3. Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бәрі, барлығы да, осының бәрі, көптік 
жалғаулы деген есімшесі тәрізді сөздер жиі қолданылады: Оның өз әкесі Құнанбай, оның 
әкесі  Өскенбай,  үшінші  атасы  Ырғызбай  –  бұлардың  барлығы  да  ірі  феодал  болған,  ру 
ішінде  үлкен  үстемдік  жүргізген  адамдар  (Кенжебаев).  Шегір  көзді,  сары  шаш,  Бәрі 
тырдай жалаңаш, Жан-жағымды жын басты (Жұмабаев). Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, 
бәйшешек дегендер... құлырып жайнайды (М.Әуезов). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет