Философия және психология факультеті Философия және медениет теориясы кафедрасы


Тақырып 2. Ұлттық сана сезім мен оның қалыптасу ерекшеліктері



бет4/17
Дата06.06.2022
өлшемі386,5 Kb.
#36447
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
УМК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - Дауренбекова

Тақырып 2. Ұлттық сана сезім мен оның қалыптасу ерекшеліктері.
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі болып табылады. Жаңару жағдайында бұл үрдіс ғылыми-техникалык революция ықпалымен әрі қарай дами түспек. Кейінгі жылдары саясаттанушылар, социологтар, психологтар, философтар мен тарихшылар ықыласы аталмыш тақырыпқа арта түскенімен, оның көптеген қырлары зерттеуді қажет етеді. Әлбетте, бұл проблеманың барлық тұйткілдерін бір мақалада қамту мүмкін емес. Сондықтан, мен ұлттық сана-сезім өсуінің кейбір қырларын ғана ашып көрсеткім келеді.
Соңғы кезде Қазақстанның этникалық, этносаяси қауымдастығын зерттеуде ұлттық сана-сезім мен оның өсу проблемасы үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Осыған байланысты ғылыми әдебиет пен мерзімді баспасөзде «ұлттық сана-сезім және оның өсуі» деген үғымның өзін айқындауда айтарлықтай алшақтықтар байқалып жүргенін айта кетуіміз керек. Мұндай алшақтықтар, менің пікірімше, біріншідсн, аталмыш құбылысты танып-білудің күрделілігінен; екіншіден, оның ұзақ уақыттар бойы ғалымдар назарынан тыс қалып келгендігінен, үшіншіден, ұлттық санасезім ұлттық санамен тендестіріле қаралғандықтан, ал тертіншіден, оның мәніне дұрыс түсінік берілмей, тіпті жөн-жосықсыз бұрмалануынан туындаса керек.
Қазақстан халықтары ұлттық сана-сезімінің өсуін талдамас бұрын әуелі ұлттық сана дегеніміздің өзін түсініп алғаны жөн. Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, ол ұлттық қауымдастықтағы ұжымдық санада пайда болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:5, 7, 14, 22, 24, 26, 32.


Тақырып 3. Жаһандану әлеміндегі Қазақстанның бірегейлігі.
Бүгінгі күрделенген дүниенің жаһандану үдерісі кезеңінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалу ең негізгі мәселенің бірі болып отыр. Бұл тек қазіргі саясаттанушылардың ғана көтеріп жатқан мәселесі емес, әсіресе, мәдениеттанушылардың, философияның, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің де көкейкесті мәселесіне айналды.
Қоғамдағы өзгерістер адамзаттық құнды¬лықтарды қайта қарастыруды қажет етуімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнгі ашық қоғам мен экономика, мәдениеттер интеграциясы және т.б. идеялар негізгі мәселелер болып отыр. Осы тұста, жаһандану дегеніміз не және оның тигі¬зер пайдасы мен қаупі қаншалықты деген сауал туады. Бұл сауалға ғылымның барлық салалары әртүрлі жауап беруде. Соңғы кездері байқағанымыз, жаһандану үдерісі мәдениетімізге неғұрлым енген сайын, ұлттық бірегейлікті сақтап қалуға деген белсенділік соғұрлым арта түсуде. Бұл жағдайда ұлттық бірегейлікті сақтап қалуды халықтың ішкі өмір сүру компоненттерін қорғаудан басталады: мәдениет, тіл, дін және т.б. Жаһандану мәселе етіліп көтерілген сайын, ұлттық өнерге, мәдениетке, тілге, дінге аса ден қою күшейіп келеді. Мәдениеттің тамырын ұлттық құндылықтармен байланыстырып, олардың шығу тегін зерттеуге деген қызығушылық өсуде. Олай болса, ұлттық бірегейлікті сақтап қалудың ең ұтымды жолы – жас ұрпақтың бойында ұлттық руханилықты дамыту бағытында тәрбие мен білім беру. Осы мәселелермен тәрбие мен білім берудің барлық салалары белсенді жұмыс жүргізуде.
«Әлемге деген постмодернистік көзқарас белгілі бір «центризмдерді» орнату мен бекіту емес, өйткені, еуропалық әлемнің болмыстың стратегиясының мұндай құрылымдарының жарамсыздығына көзі жетті. Постмодерн тұрақсыздық, өзгермелілік, ағымдылық мойындалатын әлем үлгілерінің өміріндегі эклектизмді көбірек насихаттайды. Тұрақсыз процестерді сипаттауға көшу – постмодернизм ғылымына тән қасиет, ал, әлемді хаос ретінде, мәтін ретін¬де философиялық пайымдау – постмодерн жағ¬дайындағы философиялық дүниетанымның жаңа бағдары» – дей келе, Т. Ғабитов, әрқашанда құрылымның түпнегізге бағыныштылығын қамта¬масыз ететін центризмге этноцентризмді де жатқы¬зады».
Жаһандану мәдениеттің моделі бойынша әлемде мәдениеттердің көптүрлілігін жоққа шығармайды, өзінің ұлттық және индивидтік бірегейлігінен қашу¬ды талап етпейді. Ол барлық мәдениетке ортақ, біркелкілікке өтуді өзінің мақсаты санамай, керісінше осы кезге дейін болған немесе қазіргі кездері жасалып жатқан мәдени құндылықтар мен үлгілерді бүкіл әлемге тарқататын ақпараттық технологияларды құру. Демек, мәдениеттің интегративті қызметі, басқа мәдениеттермен байланыс жасайтын құралы. Мәдениетті өзімен және өзгемен байланыстыратын – дәстүр. Дәстүр бір мәдениетке жататын адамдарды қарым-қатынаста байланыстырады. Адам туылғаннан белгілі бір мәдени ортаға тап болады, оны меңгереді, осылай ол ажырамайтын, өзінің табиғатына ұқсас болып кетеді. Бір мәдениеттегі адамдар басқа мәдени дәстүрдің адамдарына қарағанда бірін-бірі жақсы түсінеді. Динамикалы дамып жатқан қоғамда дәстүр сақталады, олай болмағанда ешқандай қоғам дәстүрсіз өмір сүре алмас еді, бірақ, оның мазмұны өзгеріп, кейбір шектеулердің қызметі әлсірей түсуі мүмкін.
Қоғамда бірінші планға шығатын идеал мен құндылықтар және мәдениеттің нормаларының қызметі мен механизмдері әртүрлі. Саналы қабылданатын идеал мен құндылықтардың дәстүрден айырмашылығы – олар шектелмейді, қандай да бір әрекетті қалауымен алуға ерік береді. Демек, олар қоғамның динамикалы да¬муына және адамның еркін дамуына әсер етеді. Бірақ, идеал мен құндылықтар және мәдени нормаларды таңдау мәдени ортада жүреді және олар мәдениеттерді жалғастырушы мен біртұтастықты, бірегейлікті қалыптастырушы. Б. Байжігітов, мәдени болмыстың негізін анықтайтын шығармашылық қарым-қатынас ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени мұраларда сақталып, мәдениеттің бірлігін қалыптастырып, конондық үлгіге айналып, адамның бойында «ішкі естелік» ретінде сақталады» – деп, мәдениеттің ұлттық болмысының өзгешелігі оларды ерекшелендіріп тұратындығын келтірген. Сонымен, «… постмодерн философиясы адамды абсолюттік құндылықтар иллюзиясынан азат етуге ұмтылып, оның назарын процестер мен оқиғалар анық емес жағдайда өтетін рационалды түрде нәтижені анықтау қиын ахуалдағы күнделікті ағымдағы тіршілікке қарай бұрады. Болмыстың өзі екіталай анық емес нәрсеге айналады. Болмыстың жаңа стратегиясын, жаңа мәдениет пен жаңа дүниетанымның параметрлерін қалыптастыру міндетін шешуге ұмтылған постмодернизм тек өз бастауын сол мәдениеттен алатын релятивтік (салыстырмалы) жорамалға ғана ұсынады ». «Бөлектенудің күшеюі, унификация және өзіндік бірегейліктің жойылуы, адам үшін аса маңызды дәстүрлердің барынша құнсыздануы, сұхбаттың мәнін жоғалтуы жалғыздық көңіл-күйді күшейте түсті. Енді, коммуникация емес үндемеу маңыздырақ. Бір нәрсе айту, оны вербалды түрде бейнелеу маңызды емес, үндемеу маңызды жағдай». Әлемдік мәдениеттің басталуында құндылықтардың құнсыздану әлемдегі тұрақсыздыққа әкелді. Тұрақсыздық, белгісіздік, бөлшектену – ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында модернизмнің орнына келген постмодернизмнің көркем өнеріне тән нәрсе. Өнердегі постмодернизм о бастан кереғарлы және бөлшектенген болды. Оның энергиясы деп жазады Р. Краусс, өзінің алдыңғы онжылдықтардағы өнерге қарағанда бір терминмен белгіленген, бір арнаға бағытталмаған – мысалы, «абстрактылы экспрессионизм» немесе «минимализм». Суретшілердің «ұжымдық» ағымына қарамастан, кейде постмодернистік бағытты «постбағыттық» өнер деп те атайды. Бай әртүрлілік бүгінде өнерде бірнеше қарапайым бағыттарды атайды: видео; перформанс; боди-арт; концептуалды өнер; кескіндемедегі фотореализм; мүсіндегі гиперреализм; монументалды абстрактілі мүсін өнері; абстрактілі кескіндеме, бүгінгі күнгі өнердің негізгі ерекшелігі – эклектикалығында. Көркемөнердегі постмодернизмнің бағыты әлі белгісіз. Оның аудиториямен байланысы өте түсініксіз, постмодернистердің не айтқысы келе¬тіні белгісіз, әрі әлсіз. Жалпы, формалардың, көз-қарастардың, бағыттардың көптүрлілігі мен элитарлық және массалық өнердің шекарасын жоғалтып жіберу постмодернистік өнерге тән ерекшелік. Енді, бірегейлік пен ұлттық біре¬гейлік дегенге жауап іздеп көрелік. Бірегейлік (идентичность, латын тіліндегі «Identificо» – ұқ¬сас¬тық, бірдейлік, барабарлық) бір әрекетті, объекттің (субъект) басқамен ұқсас келу әрекетін білдіреді. Жалпы немесе жеке ерекшеліктерін айқындау мен индивид өзін басқаға, топқа, үлгіге, идеалға тең келтіру немесе белгілі бір ұлтқа теңеу. Мәдениеттердің плюрализмі мәдениеттердің арасында «өзімдікі» және оған жат мәдениет «өзге» деген түсініктерді қалыптастырды. Мәдениеттердің әртүрлілігін зерттейтін мәдениеттену мәде¬ниет¬¬тердің әртүрлілігін мәдениеттердің форма¬құрас¬тыруының көптүрлілігінен, яғни мифпен, өнермен, дінмен, философиямен, ғылыммен байланыстырса, басқаша – тарихи көптүрлілігі ұлттар мен халықтардың әртүрлі дәуірлер мен кезеңдерде мәдени қалыптасуы. Біріншіден, бұнда мәдениеттің жүйелік бірлігі, екіншіден типтік әртүрлілік. Мәдениеттің құрылымы жағынан жалпы біртұтастықта болатын болса, оның тари¬хи-географиялық, қоғамдық, психологиялық жағынан әртүрлілікте болады деп қорытындылай аламыз. Демек, ұлт пен оны құратын жеке тұлға мәдени дәстүрде бірегейленеді. Ұлтты құратын жеке тұлғаларда ұлттық, ұлттық қатынастар, сезім мен күйзелістер туады. Ондай болса, әрбір тұлға ұлтты білдіреді. Жеке тұлға мен ұлт арасында «Мен»-«Мен»хабар алмасады. Жеке тұлға ұлтымен бірегейлік қарым-қатынаста болып, ұлттық құнды¬лықтарды тасымалдаушы да болады.
Ұлттық «Менді» қалыптастырушылық мәнінің маңызды тұс екендігін байыптай ала¬мыз. Ал, ұлттық «Мен» феномені өзінің субъек¬тілерінің, яғни, әрбір қазақ азаматының, «МЕН – концепциясының» тұтастығынан құралатын әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Яғни, ұлттық өзіндік сана – ұлттың өзін-өзі қайтадан тануы, өзін-өзі сынау, өзін-өзі жетілдіру сияқты т.б. құрылымдарды кеңінен қамтитын Ұлттық Менге жинақталады да, этноархетиптік үдерістерден тамыр тартады. Ұжымдық бейсаналықтың имманентті императиві де «Ұлттық Менді» сақтауды «жа¬рия¬лайды». Осы үдерісті Қазақстандағы бейнелеу өнеріне қатысты алсақ, мәселен, бодандық пси¬хология сарқыншақтарынан құтылу, ұлттық мақтаныш сезімін орнықтыру, өзінің өткеніне қайта үңіліп, шынайы тарихты жасау тәрізді мазмұнды құрайтын суретшілердің шығармалары өзінтанудың бастапқы принциптерін білдіреді. Мәселен, А. Нақыс¬бековтың «Көш. Менің балалық шағым¬ның әлемі», «Шабандоздар» және т.б. шығар¬маларындағы нақыштар осының айғағы.
Бұдан ұлттық болмысты зерделеуді тереңдету, осыған сәйкес теориялық-практикалық іс-шара¬ларды нығайту қажеттігі туындайды. Ол үшін білім беру саласына ойыссақ, психо-логиядағы өзінтану курсын «ұлттың өзін тану» бағдарламасына дейін кеңейтіп, оған ұлттық бейнелеу өнеріндегі принциптерді енгізу, этнопедагогика курстарын модернизациялау, тарих, әдебиет, тіл білімі, философия, т.б. қоғамдық пәндерді оқытуда оның көркемдік танымдық жақтарына да жете көңіл бөлу қажеттігі айшықталады. Демек, ұлтты – жай ғана кеңістік пен мәдениет арқылы біріккен адамдар тобы ғана емес, табиғи шартталғандық, генетикалық туыстық, пси¬хологиялық ұлттық рух тұтастығы, менталитет пен дүниетанымның өзгеше түрі арқылы ұйысатын органикалық бүтіндік деп қарастыруымыз қажеттігі парадигмасында қазақ суретшілерінің де өзіндік қосар үлесі мол. Бұл – этноидентификацияны қамтамасыз етудің басты шарты болып табылмақ. Біз қарастырып отырған бейнелеу өнеріндегі архетиптерді ашу осы бірегейленуді (идентификация) ұлттық негізде құруға мүмкіндік беруге жәрдемдесетін басты құралдардың (инструмент) бірі екенін де атап өтуіміз қажет. Осы тұста «Сонымен қатар адам өзінің тәуелсіздігін, қоршағандардан өзінің жекелігін өзінің қоршағандармен қатынасы арқылы ұғынады, ол өзіндік санаға келеді, басқа адамдар арқылы өзінің «Менін» таниды» – деген түсінікке баламалық түрде, ұлттың өзіндік санасы – оның тәуелсіздігі, өзге ұлттармен қатынасы, басқа да мемлекеттердің дербестігі арқылы таныла бастайды. Бұған бейнелеу өнеріндегі ұлттық бастапқы образдар түпкілікті субстраттар ретінде қызмет етеді.
А.А. Ангархаев өзінің мақаласында жаһан¬данудың соңғы кезде экономикада да, мәдениетте де, саясатта да ешқандай жетістік пен жақсылық әкеле қоймағанын баса айта келе, былай деген: «жаһандану – табынатын иконада емес, ту да емес, барлығына ерте ме, кешпе санасуға тура келетін, қатаң шындық» [5]. Сондықтан, қазіргі жаһандану кезеңінде көптеген мәдениеттер өзін жоғалтып алудан қорқады. Ал, мәдениетті, өзінің ұлттық, мәдени бірегейлігін сақтап қалудың жолы – мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарын қайта жаңғырту. Қазіргі кез¬дегі көп жағдайда жаңадан ұсынған, жаңа заманғы құндылықтарды алуға қорқудың себебі де осында. Өйткені, кейбір ұлттар өзінің ұлттық бірегейлігін жоғалтып алуы да мүмкін. Мысалы, өзгенің тілінде сөйлеп, өз тілін ұмытудың соңы өз мәдениетін жоғалтуға алып келетін тура жолдың бірі деп білу керек. Тіл – адамның ойының сөз арқылы айқындалуы. Тіл – ілкі бастаулардың бірі. Дүниеге атау беріп, оны танып білуде тілдің ролі зор.
Білім беру мен тәрбие мәселесінде жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлт зиялылары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтар өздерінің еңбектерінде көтерген. Қазақ мектептерінде жүргі¬¬зі¬летін оқу, ана тілі, ұлттық менталитет ар¬қы¬лы баланың ой-санасын ояту, ол халықтың тілі мен мәдениеті арқылы ұлттық бірегейлікті сақтап қалуда, ұрпақтың сабақтастық жалғасын жоғалтпауда маңызы зор болатын.
Қазақ мәдениеті қаншама жылдар осы кезге дейін өзінің негізінен қол үзіп қалды, ал жаһанданудың әсерінің ұлғаюынан қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарының қазіргі заманға трансформациялануының қажеттілігі туды. Осыған орай, ұлттық бірегейлік мәселесі қазіргі заманның негізгі мәніне ие болып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемдік қоғамдастықтың кешенді шешімін қажет етеді. Біз барлық ұлттардың мәдени ерекшеліктеріне түсіністікпен қарап, өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуымыз қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 7, 14, 22, 24, 26, 31.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет