Философия, саясаттану


ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ғатты  игеру  барысында  адамдардың  практикалық  іс-әрекеттерін 
бейнелейтін  алуан  түрлі  әдет-ғұрыптар,  әпсаналар,  қарапайым 
түсініктер пайда бола бастады.
Олардың бәрі қауымдық өмірдің күнделікгі тәжірибесін жинақ-
таудың,  танымның,  көбінесе,  сезімдік  сатысына  тән  нәтижелерін 
қорытудың негізінде дүниеге келді.
Қауымдық болмыстың бейнесі – қауымдық сананың негізгі өзекті 
мазмұнын  құрайтын,  жеке  адамдардың,  яғни  қауым  мүшелерінің 
мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, олардың нақтылы іс-
әрекеті үшін жетекшілік, жолбасшылық, реттеушілік рөл атқаратын 
әпсаналық  ой  кешу  үрдістерінің  жиынтығы  танымдық  тәжірибесі 
мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында 
болды.  Оларды  қазақта  «жазып  қойған  хатпен  тең»  деп  бекер 
айтпаған.  Жазу-сызудың,  жоқ  кезінде  ру  көсемдерінің  ұрпақтан-
ұрпаққа ұласқан тәжірибені зердесіне сақтаған әрі күнделікті өмір 
сүру  процесінің  қарапайым  қағидаларын  тұжырымдап  отыру  сол 
заманға  тән  заңдылық  болатын.  Ол  қағидалар  қауымның,  рудың 
мүддесін  жоғары  қоятын.  Қазақтың  «у  ішсең  –  руыңмен»  деген 
мәтелі осының айғағы болса керек. Жеке адамдардың санасында ру 
ақсақалы  мен  рудың  өзі  тұтас  күйінде  қабылданатын.  Өмірдің  сан 
алуан  салаларындағы  соғысқа,  шаруашылыққа,  тұрмысқа  қатысты 
мәселелерді  шешу  ақсақалдар  кеңесінің  үлесінде  еді.  Олардың 
шешімдері  барлық  қауымдастар  үшін  жазылмаған  заң,  ал  оларды 
орындамаған адамға қолданылатын ең ауыр жаза қауымнан аластау 
болатын. Қауымнан тыс қалу жеке адам үшін өлім жазасына кесумен 
бірдей еді. Себебі ол заманның жағдайында жалпы адам өз алдына 
дербес тіршілік ете алмайтын.
Қауымдастықтың  өзі  саналылықтың  нәтижесінде  емес,  ғұмыр 
кешудің  жандалбаса  стихиялық  ұмтылысы,  жан  сақтаудың  табиғи 
түйсікке  негізделген  мүдделеріне  сәйкес  қалыптасқан.  Осы  рулық-
тайпалық  қауымдастыққа  тән  ұжымдық  сипаттағы  ой  кешудің 
әпсаналық үрдістері жеке адамдардың санасы мен мінез-құлқының, 
іс-әрекеттерінің  құдіретіне  табынатын  қасиет  сайын  даланың  төл 
перзенттері – қазақтарға тән еді.
Тілдің  дамуы  алғашында  экстенсивтік  жолмен,  яғни  сөздердің 
сан жағынан барынша көбейе түсу бағыты арқылы, ал кейіннен тіл 
иесінің (субъектің) даму дәрежесіне сәйкес интенсивті жолмен, яғни 
тұжырымдау,  заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерін  бейнелейтін 
көп  сөздерді  бірыңғай  ұғымдарға  жиынтықтау  арқылы  дамиды. 
Мыңдаған  жылдарға  созылған  жартылай  көшпелі  малшылық, 
оның  батыр,  ат,  киіз  үй,  алыс  елдер,  замана,  көш-қоныс  кеңістігі, 

110 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жылы  оңгүстік  аймағы,  «сарғая  күткен  қалыңдық»,  тағы  да  басқа 
көптеген ұғым атаулары тек қана тікелей өндірістік қатынастардың 
ықпалымен ғана емес, қоғамдық мәдениеттің болуымен, яғни белгілі 
бір тіршілік салтының әсерімен туындады.
Қазақтың  болмыс  шындығына,  бақыланушы  және  қабылдану-
шы әлемге жақындығы, бұл болмысқа етенелігі уақытты, кеңістікті 
адамның  ішкі  әлемін,  тіршіліктің  басқа  әлемін,  болмыс  мәнін,  ар-
ұждан  бастауларын  түсінулерінен  көрініс  тапты.  Мұның  барлығы 
дүниенің негізі шындық – түптамырға ие, осыдан келіп басқа ешбір 
әлем  түсінігіне  ұқсамайтын  әлемнің  ұлттық  образы,  дүниетанымы 
туындайды деген қағидаға келіп саяды.
Ұғымдар  жүйесінің  қалыптасып  дамуы  ой  кешудің  сезімдік-
деректік нұсқасынан арылу барысында жүзеге асады. Себебі, заттар 
мен құбылыстардың өзара қатынастарын, байланыстары мен жалпы 
қасиеттерін көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтындықтан тек ақыл 
қуатымен  тұшыну,  пайымдау  арқылы  ғана  танып  білуге  болады. 
Жалпы  ұғымдар  жүйесінің  қатары  неғұрлым  көбейіп,  олардың 
таным  ауқымдылығының  барынша  кеңеюі  табиғат  сырларынан 
адамды алшақтата беретін сияқты пікір туғызады. Ал шын мәнісінде, 
ұғымдар  байлығы  адамдарды  әлемнің  тылсым  сырын  танып  біліп, 
табиғат  күштерін  игеруге  жақындата  түседі.  Сондықтан  да  тіл 
байлығы оның лексикалық қалыптасу барысы арқылы бағаланады.
Қауымдық  құрылыстың  адамдары  айнала  қоршаған  ортаны 
жалпылама пайымдайтын. Заттар мен құбылыстардың физикалық, 
химиялық қасиеттерін зерттейтін шамасы болса да жоқ еді. Сондық-
тан да олар табиғатты балауса көңілмен риясыз қабылдайтын, әлемге 
шаттана  қарайтын,  жер-ананың  аңғал  да  сезімтал  төл  перзенттері 
болатын. Өйткені ол заманда адамзат бейкүнә, сәби тақілеттес еді. 
Бұл  аталмыш  қасиеттерден  сайын  далада  мыңғырған  мал  өсірген, 
жаз жайлауын, қыс қыстауын жайлап, рулық-тайпалық құрылымға 
негізделген  қауымдастық  өмірге  сәйкес  өзіндік  әпсаналық  ой  кешу 
үрдістері қалыптасқан қазақтар да кенде болмаған.
Солардың  біреуі  және  бірегейі  Мұхаммед  Хайдар  Дулати 
бабамыздан  отыз  жылдай  уақыт  кейін  дүниеге  келген  Қадырғали 
Жалайыр  еді.  Оның  «Шежірелер  жинағы»  Орталық  Азияның  ХVІ 
ғасырдағы ересен тарихи ескерткіші ретінде бағалануы заңды. Жан-
жақты деректерге бай, шын мағнада өз заманының энциклопедиялық 
шығармасына айналған.
Ал, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» шығармасына 
негізінен ХІV–ХVІ ғасырлар аралығындағы Шағатай ұлысының шығыс 
бөлігін немесе Моғолстанды, ол сол кезде Сырдария, Сарысу, Балқаш, 

 
 
 
                      
                                                  111
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Ертіс  және  орталық  Тянь-Шань  тауларының  оңтүстік  беткейлері 
аралығындағы аумақты, яғни қазіргі Қырғызстан мен оңтүстік-шығыс 
Қазақстан  территорияларын  қамтыған  өлкені  сипаттай  келе,  оны 
мекендеген  халықтардың  саяси  өмірі  және  шаруашылығы  туралы 
өте  мол  мағлұматтар  береді,  осы  аймақты  мекендеген  қазақтар, 
өзбектер,  қырғыздар,  қалмақтар  (ойраттар)  және  басқалар  сияқты 
көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың тарихын талқылаған.
Осы аталған екі ойшыл – тарихшылардың еңбектерінде кездесетін 
кеңістік  құрылымын  былайша  жіктейді:  жоғары-төмен;  көк  аспан 
– қара жер; аспан – әке – жер-ана; жер – жер асты дүниесі; шығыс 
(ілгері – батыс) (кері, арт жақ); солтүстік (сол жақ) – оңтүстік (оң жақ) 
әлемнің  төрт  бұрышы,  вертикальді  үштік  құрылымы:  аспан  (көк, 
жоғары,  құдірет),  жер  (тіршілік),  жер  асты  дүниесі  (бабалар  рухы, 
патшалығы), жер кіндігі (ошақ, туған жер, отан). Уақыт құрылымы 
жағынан  –  күн-түн;  жарық-қараңғы;  жаз-жадыра  –  қыс-қысыл;  күз 
(қоңыркүз,  сары  ала  күз,  қара  күз);  көктем  (көк  майса,  тіршілік), 
суық-жылы болып таратылады.
Қ.  Жалайырдың  өмірге,  адамдардың  қарым  қатынасына, 
моральдік пинциптерге мол маңыз бергендігі байқалады. Олардың 
бір  мысалы  ретінде  Шыңғыс  ханның  сөзімен  зерделеген  ойларын 
келтіруге болады: «Шыңғыс ханда бұл әскер ұлықтары бәрімен бірге 
келген еді. Сол қауым құралас және олқунут. Бұл үш мың адамды 
анасы Ауалун енеге берді, олардың аттары белгілі емес.
Шыңғыс  ханда  бұл ұлықтар  мәлім  еді,  әскерімен  бүкіл шығыс 
білді,  ұлдарына  берген  қоғамдары  мәлім  болды,  оларға  жарлық 
бұйырды.  Шыңғыс  хан:  «Бұл  ұлықтарды  сіздерге  бердім  ұлдарым. 
Сіздер әлі жассыз, уақты келіп күнә етсе, сіз оларды өз көңіліңізбен 
өлтірмеңіз, менімен ақылдаспай. Менен соң бір-біріңмен кеңесіңіз, 
көп  тексеріп,  төрелігіңізге  лайық  жақсылап  сұрап,  істің  түбіне 
жеткізіңіз». Ол тағы да бұл насихатты бұйырды, ол кезде барша ұлы 
әмірлер  қарап  отырғанды,  олар  оларға  шын  көңілмен  сенді.  Егер 
күнә қылса, бірігіп кеңес етсеңіз, олардың күнәсі анық болады, яғни 
көңілдерінде қарсылық болмайды және оған разы болады. Өйткені 
олар істеріне өкініп, кінәлі санайды, содан артық азап пен қорлық 
бар ма» [2, 73 б.].
Сонымен, Қ. Жалайырдың қазақ ойлау тарихындағы алатын орны 
қандай? Біріншіден ол қазіргі ұлттық ойлау жүйесінің, тарих филосо-
фиясының  бастамасын  қалаған.  Қазіргі  дегенде  хронологиялық 
жағдай емес, мағналы мәнді айтамыз. Екіншіден, Қадырғали тарих 
философиясын тек қазақ рухани дүниесінде ғана емес, басқа да түркі 
тілдес  ұлттардың  дүние  танымдарында  да  орнықтыруға  септігін 

112 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тигізген  ойшыл  тұлға.  Үшіншіден,  әлеуметтік-адами  тұрғысынан 
алғанда  Қосын-ұлы  кейінгі  ұрпақтарға  өнеге  боларлық  өшпес 
рухани, ғылыми-біліми өлшемдер қалдырды. Оларды басшылыққа 
алып, халқымыздың өзіндік ойлау жүйесін толық және жан-жақты 
пайымдап, зерделеп, одан әрі дамытуға тигізген әсері мол.
ХV–ХVІІІ  ғасырлар  қазақ  хандығы  құрылып,  тайпалар  бірлес-
тігінің  феодалдық  мемлекетінің  нығая  бастаған  дәуірі:  Қоғамдық 
құрлыста  әлеуметтік  қайшылықтар  айқындала  берді.  Әр  топ 
көзқарасын тарату мақсатында идеологиялық құрал іздеді. Моңғол 
басқыншылығы  солардың  нәтижесінде  мәдениетіміз  төмендеп, 
қоғамдық өмірде жікшілдік пайда бола бастады.
Осы  бір  замана  тұсында  ноғайлы  қазақ  көшпелі  ұлысынан 
кемеңгер  ойшылы,  замана  сыншысы  Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Бұхар 
жырау  т.  б.  сынды  ірі  тұлғалар  қазақ  даласында  әдебиетіміз  бен 
мәдениетіміздегі  жыраулық  дәстүрді  тудырып,  қоғамдық  төл  ой-
санамызды қалыптастырудағы еңбектерінің рөлі орасан зор болды.
Қазақ ақын жыраулары халық өмірінің алмағайып-аласапыран, 
тарихта  қалу-қалмауы  екіталай  кезеңінде  тұрмыс  кешіп,  өз 
толғауларында  сол  тарихи  кезеңдегі  көкейкесті  күрделі  де  қиын 
мәселелерге  жауап  іздеп,  соның  бірден-бір  жоқшысы  бола  білді. 
Біле-білсек,  қазақ  халқы  –  бүкіл  түркі  халықтарының  ата  қонысын 
«найзаның  ұшы,  білектің  күшімен»  сақтап  қалған  жауынгер  де 
жомарт халық. Ауыз-бірлікті білімдар халық.
Өз табиғи болмысынан табиғатқа, өмір құбылыстарына таңдана 
да танын біле қарап, терең философиялық ой толғай білген халық. 
Сөзден күмбез соққан шешендері мен «қара қылды қақ жарған» тура 
билері, елді асқан ақылдылықпен билей білген хандары, болашақты 
болжай білген дана қарттары, ойшыл философтары болған. Мұны 
ғасырдан  ғасырға  атадан  балаға  мұра  болып  қалған  көне  жазба 
мәдени ескерткіштеріміз, рухани мұраларымыз растайды.
Жалайыр  ұстаған  тарих  философиясы  бағытында  жемісті 
қызмет атқарған, аты шыққан ақын-жыраулар атадан қалған мұраны 
көздің қарашығындай сақтап, рухани дәстүр сабақтастығын әрі қарай 
жалғастырады. Көшпенділер үшін философия пән болған емес, ол 
олар үшін өмір салты, болмысы. Қазақ философиясының өмір сүруі, 
ол белгілі бір жоғары философиялық деңгейге көтеріліп барып өмір 
сүрді.
Қазақ  философиясының  өзіне  тән  ерекшелігі  –  адам,  бақыт, 
көркемдік, сұлулық, өмір мен өлім, дүние, әлем, болмыс пен батыр-
лық, адам мен табиғат үйлесімі мәселелері қазақтың фольклорында 
өзінің молдығымен, көркемдік сұлулығымен, тарихи деректілігімен, 

 
 
 
                      
                                                  113
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
сыршылдығымен  орын  алды.  Егер  де  біз  қазақ  философиясын 
дамыту барысында тағы да батыстық үлгілерімен кетсек қателесетін 
сияқтымыз.  Біз  түркілік  төл  дәстүрімізді  сақтай  отырып,  ұлттық 
ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, 
қазақ  философиясын  Шығыс  философиясының  үлкен  бір  саласы 
ретінде қалыптастыру, сол да гейге көтеру болмақ [12].
Қазақ жырау-ақындарының шығармалары халық ауыз әдебиеті-
мен, көшпенділердің әдет-ғұрпы, салт-санасымен тығыз байланысты 
болып,  бар  болмысында  ойлы  философиялық  тарихи  сабақтастық 
принциптері қатар жүріп отырады.
Жыраулар  поэзиясының  өріс  алған  кезеңі  ХІV–ХVІІ  ғасырлар 
болды.  Сан  ғасыр  сынынан  өтіп,  халық  көкірегінде  жатталып, 
жыраудан  жырауға  ұласып,  біздің  дәуірімізге  жеткен  сұңғыла  сөз 
зергерлері ХV–ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген Асан Қайғы, Қазтуған, 
Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа,  Ақтамберді,  Тәттіқара, 
Бұқар, Шал, Қаблиса сияқты ақын-жыраулар.
Заманның ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін 
сарапқа  салып,  гуманистік  тұрғыда  философиялық  дидактикалық 
түйін-тұжырымдар жасап, жер суды, ата-мекенді қорғау, ел бірлігін 
сақтау  мәселелерін  зерттеген,  сонау  Әл-Фарабиден,  Бабыр  мен 
Дулати, Қ. Жалайырдан бастау алған ойлау жүйесі ұлтымыздың ең 
басты байлығы деуге болады.
Қорыта  айтқанда,  ХV–ХVІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген  ғұлама 
тарихшылар, ақын-жыраулардың кейінгі ұрпаққа қалдырған еңбек-
тері сан алуан. Біздің тарих философиясында болсын, тарихымызда 
болсын,  олардың  алатын  орны  ерекше.  Себебі,  бұл  ойшылдардың 
шығармашы-лығындағы дүниетанымдық ойлар, нақыл-өсиеттерінің 
философиялық  мәндері  бүгінгі  таңда  маңызын  жойған  жоқ. 
Сондықтан  да  бұл  ғұламалардың  шығармашылығын  ден  қойып 
зерттеу – қазіргі кезеңде өте өзекті мәселе болып отыр.
Сонымен,  Қ.  Жалайыр  дүниетанымынан  қандай  ұлағатты 
қорытындылар  жасап,  оларды  рухани  игілігімізге  айналдыра 
аламыз?  Негізінен  көшпелілік  өркениетке  арқа  сүйеген  қазақ 
тарихы  философиясының  бітімдерін  топшылауға  келешекте  үлкен 
әсерін  тигізеді  деп  ойлаймыз.  Біздің  ұлтымыздың  дүниетанымдық 
құндылықтарында  осы  кезге  дейін  еліміздің  тарихын,  оның  қыр-
сырын  жете  және  жан-жақты  философиялық  тұрғыдан  зерттеген 
тәжірибе  жоқтың  қасы  болып,  зәрулік  танытуда.  Деректемелік 
негіздері толық анықталмаған «Шежірелер жинағы» әлі де тарихи, 
әдеби,  діни,  мәдени  жағынан  сараланып,  адамдардың  аттарын, 
географиялық,  биографиялық  ұғымдарға  түсініктеме  жазылып, 

114 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
теориялық деңгейі жоғары болғаны абзал. Тілдік жағынан алғанда, 
көне  түркі,  шағатай  және  қазіргі  қазақ  тілдерінің  ерекшеліктерін 
көрсететін тілтану жүйелері жасалынғаны дұрыс деп білеміз.
Біздің жүргізген талдауларымыз осыған ұқсас тарихи шығарма-
ларды тарих философиясы тұрғысынан зерттеуде, мысалы Мұхаммед 
Хайдар  Дулати  мұрасын,  өз  септігін  тигізеді  деп  есептейміз  және 
басқа  да  методологиялық  принциптерді  айқындауда  өз  нәтижесін 
береді деген үміттеміз.
Соңғы  жылдары  халықтың  санасы  мен  мәдениетінде  жаңаша 
тарихи  дүниетаным  қалыптасып  келеді.  Осы  кезеңге  сәйкес 
келетін  адамдық  философиялық  ойлау  жүйесін  жасау  және  оны 
әлемдік  философия  тарихы  аясында  өрбітіп,  шыңдап,  жоғары 
деңгейде  дамытып,  халықтың  өзін-өзі  түсінетін  жағдайга  келтірсе 
үлкен  ғанибет  болады.  Жалпы-мәндік  идеялардың  тууы  және 
басты  –  философияның  негізгі  функциясы  болып  табылады.  Бұл 
идеяларды нақты тарихи негізінде реконструкциялау үлкен мақсат. 
Адам  болмысының  өркениетті  аспекті-лерін  айғақтау  және  оны 
философия  тарихы  тұрғысынан  әспеттеу  үшін  көлеңкеде  қалып 
қойған  ойшылдардың  еңбектерін  зерделеп,  ғылыми  өріске  жету 
міндеті зор. Осы жолда ұлы да мәңгілік дүниетанымдық идеяларды 
жан-жақты  зерттеу  қажет.  Ол  мына  идеялар:  ғалам,  космос  және 
адам бірлігі, тұтастығы; тұлғаның құқығы мен еркіндігі, еркіндік пен 
жауапкершілік  бірлігі;  жеке  адам  мен  адамзаттың,  жеке  адам  мен 
халықтың, халық, ұлт және басқа ұлттар, халықтар бірлігі; Басқа сөзбен 
айтқанда Ақиқат, Әсемдік, Байлық, Жетістік бірлігін философиялық 
және өмірлік құндылықтар ретіндегі көрінісін ажырата, тоғыстыра 
және келешегін айқындай қарастыру методологиялық мәнде үлкен 
орын алады. Бұл ретте атап өтетін жағдай, біздің Отанымызда әлемдік 
өркениеттен  бөле  жара  қарастыратын  ғылыми  бағыттарға  үлкен 
тосқауыл қойылар еді. Негізгі философиялық идея – бұл өркениет 
адамының  ұлы  ойшылдар  идеяларының  шеңберіндегі  қиын  да 
ұзақ қалыптасуын анықтау, гуманитарлық құндылықтар аясындағы 
философиялық ойлау жүйелерінің адами келбетін ешқашанда естен 
шығармау керек.
Біздің  еліміздің  ғылыми-техникалық  мүмкіндіктері  мол.  Бірақ 
адам өмірін жеңілдетуге, жақсартуға келгенде бұл мүмкіндіктердің 
атқаратын  рөлі  өте  аз.  Қазіргі  өркениет  талаптарына  біздердің 
үйлеріміз,  жолдар,  қалалардың  сыртқы  түрлері,  олардағы  сақта-
лып келе жатқан ілгері адамзат үлгі алатын мұражайлардың орна-
ластырулары және т. б. көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Осының 
негізінде рухани азғындық жатқан болу керек: адамгершілік, ізгілік, 

 
 
 
                      
                                                  115
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
имандылық дәрежелері төмендеген қоғамда сыбайлас жемқорлық, 
араққұмарлық, жезөкшелік т. б. – келесі ұрпақтарға тигізетін жаман 
әсері  көбейіп  келеді.  Нашар  тауар  мен  қызмет  көрсету,  нашар 
жолдар,  бұзылған  табиғи  орта  мен  жабайылану,  тұрпайылану, 
дұрыс еңбектен, жақсы істен, мәдениет нәрлерінен жирену, жаттану 
– бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Тоталитарлық жүйе кезіндегі 
дүкендердегі бос тұрған сөрелер, сапасы төмен өнімдер, антисауда, 
антиқызмет  көрсету  және  т.  б.  сол  аталған  реалды  болмыстан  кеп 
туындайды. Өркениетке жететін жол біздің қоғамнан тысқары, бөтен 
елдің ішінде емес, өзіміздің дінімізді, ділімізді, тілімізді нығайтсақ, 
өткен  тарихымызға  үңіліп,  ата-баба  рухын  қайта  жандандырсақ, 
өскелең ұрпаққа тарихи сабақтастық үлгілерін кескіндеп көрсетіп, XXI 
ғасырдағы еліміз үшін қасқа жол – гуманистік ашық қоғам орнатып, 
азаматтық  құқықтары  сақталған,  қорғалған  отандастарымыздың 
ұлттық мемлекетін нығайтып, дамытып, жалпы адамзаттық үрдістің 
тең ортасында орын алу үшін аямай қызмет етуді айтамыз.
Әдебиеттер
Копеев М.-Ж. Таңдамалы. Екі томдық. – Алматы, 1992. – 2-т.; Құрбанғали 
Халид.  Тауарих  хамса.  –  Алматы,  1992;  Материалы  ио  истории  казахских 
ханств в ХV–ХVІІІ вв. – Алма-Ата, 1969; Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и 
Рашиди.  –  Алматы,  1999;  Рашид  ад-Дин.  Джами  ат-таварих:  Сборник 
летописей. Кн.  1;  Утемиш  хаджи. Чингиз  наме.  –  Алматы, 1992;  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Орынбор, 1910; 
Бокейханов А. Н. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1996.
Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы, 1997.
Рысқалиев Т.X. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына 
шолу). – Алматы: Ақыл кітабы, 1999. – 9 б.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы, А., 1985. – 118–123 бб.
Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын Әулие-Ата. – А., 1998. – 70, 80 бб.
Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – А., 1994. – 240–241 бб.
7 Қазақ совет энциклопедиясы. – 8 том. – 664 б.
Кронер Р. Самоосуществление духа. Культурология XX век. – М., 1995. 
– С. 275.
Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М., 1991. – С. 46.
10 Гуревич А.Я. Категории средневековой культуры. – М., 1972. – 51–52 б.
11 Қазақ даласының ойшылдары. ІХ–ХІІ ғ.ғ. – А, 1995. – 254 б.
12 Сүйіншәлиев X. ХV–ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989.

116 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
2.3 Әбілғазының «Түрік шежіресі» шығармасы және қазақ 
тарихының философиясы
Тарих  –  философиядағы  негізгі  категориялардың  бірінен  сана-
латын  «уақыт»  ұғымымен  байланысты  феномен.  Ал  бұл  ұғымның 
сонау  Аристотельден  бастап  Эйнштейнге  дейінгі  жаратылыс-
танымдық  және  философиялық  ой  тарихында  бірнеше  тұжырым-
дамаларының  болғанын  және  оның  бүгінге  дейін  нақты  дәлел-
денген  теориясы  жоқ  екенін  айта  кету  керек.  Дегенмен,  осы  шақ 
тұрғысынан  алғандағы  өткеннің  бәрінің  тарих  екендігі  белгілі. 
Адамға, ол саналы мақұлық болғандықтан, өзінің осы шағын дұрыс 
өткізіп,  болашағын  бағдарлау  мақсатында  өткен  шағын  пайымдау 
үшін жады, ес берілген. Адам белгілі бір әлеуметтік, мәдени ортада 
өмір сүретіндіктен оның тарихи санасы қандай да бір құндылықтық 
бағдармен  ерекшеленеді.  Немесе,  диалектикалық  материализмнің 
тілімен айтқанда, өз заңдылықтарымен ағатын объективті тарихпен 
қатар,  осы  объективті  нақтылықтың  идеалды  үлгісі  ретінде  адам 
санасында өмір сүретін субъективті тарих та бар. Сондықтан адамзат 
дамуының  әрбір  қоғамдық  дәуірінде,  әрбір  өркениет  типтерінде 
тарихқа  деген  философиялық  көзқарас  әрқилы  болып  келеді. 
Бірнеше ғасыр отаршылдық пен тоталитаризмді бастан өткізгеннен 
соң, саяси тәуелсіздігіне енді ғана қол жеткізген қазақстандық қоғам 
үшін  ұлттық  тарихи  өзіндік  сананы  түлету  бүгінгі  күннің  өзекті 
мәселелерінің біріне айналғаны соның дәлелі іспетті. 
Мәңгүрттік  жағдайдан  арылып,  тарихи  әділеттілікті  қалпына 
келтірумен сипатталатын бұл көкейтестілік отандық тарих ғылымына 
ғана  емес,  философияға  да  зор  міндеттер  жүктейді.  Кез-келген 
қоғамдық ғылымдардың өзінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы 
болатындықтан, олардың іргетасын құрайтын тарих ғылымы, басым 
көпшілігінде,  бұрмалаушылықтан, үрдісшілдіктен, апологетикадан 
тазарып,  объективті  айғақтар  мен  хронологияға  сүйенсе,  оған 
дүниетанымдық нәр беретін философия ғылымы болып табылады. 
Нақты тарихи айғақтар мен ғылыми мәліметтерге негізделе отырып, 
тарихи  үдерістердің  даму  қисыны  мен  заңдылықтарын  тарих 
философиясы  зерттейді.  Зерттеу  тақырыбы  мейлінше  күрделі  осы 
мәселемен айналысатын бұл ғылым саласының батыстық ғылыммен 
салыстырғанда, кешегі кеңестік жүйенің де, біздің республикамыздың 
да қоғамдық ғылымдары кенжелеп қалғаны рас.
Тарих  философиясы  тақырыбына  қалам  тартқан  отандық 
некен-саяқ  ғалымдардың  бірі,  профессор  Досмұхаммед  Кішібеков 
аталмыш  мәселенің  күрделілігін  былайша  сипаттайды:  «...Мәселе 

 
 
 
                      
                                                  117
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
философияның  пайымдаумен  байланыстылығында  болып  отыр. 
Философия аналитикалық ойлаудың негізіне құрылған. Егер тарих 
білім болса, философия – пайымдаумен сипатталатын қиял. Тарих 
философиясы  айғақтарға,  оқиғаларға,  тұлғаларға,  халықтардың 
тағдырына деген жай ғана қатынас емес, сонымен қатар, осы айғақтар 
туралы  пікір,  оларды  талдау.  Бұл  өте  қиын  әрі  жауапты  міндет. 
Бізде  қоғамның  тарихын  зерттеуге  қатысты  жұмыс  жаман  емес, 
халықтардың  көптомдық  тарихы,  тарихтың  жекелеген  кезеңдері 
бойынша  монографиялар,  оқулықтар  жарық  көріп  жатыр.  Бірақ 
зерттеудің артта қалған кесіндісі тарих философиясы болып отыр... 
Бұл кездейсоқ емес... Әрине тарихтың философиялық мәселелерімен 
тек  философтар  ғана  емес,  тарихшылар  да  айналысады.  Тарихты 
тұтастай  қарастыру  дүниетанымдық  ғылымдар  өкілдерінің 
ғана  қолдарынан  келеді.  Тарихтың  философиялық  мәселелерін 
қарастырудың  қиындықтары  оның  жекелеген  тұлғалардың,  тұтас-
тай  халықтардың,  мемлекеттік  саясаттың  және  т.  б.  мүдделерін 
қозғайтынымен  байланысты.  Тарих  философиясы  идеологиямен 
шектесіп  жатады,  ал  идеологиясыз  ешқандай  мемлекеттің  де  өмір 
сүре алмайтыны белгілі» [1]. 
Қазіргі  отандық  тарих  ғылымы  мен  тарих  философиясындағы 
өзекті  мәселелердің  бірі  дербес  жалпытарихи  ғылым  ретіндегі 
қазақстандық  тарихнама  саласының  жеке  бөлініп  шығуы  екендігі 
сөзсіз.  Бұрын  «орталықтың»  ықпалымен  көшіріліп  жазылатын 
жалпыодақтық ғылымның бір бөлігі ғана болып келген бұл тарихнама 
ғылымы біздің еліміздің тәуелсіздік алуымен ертеректегі отаршылдық 
жағдайында  үстемдік  етіп  келген  идеологиялық  қондырғылардың 
шеңберінде  ғана  зерттелген  және  аз  немесе  мүлдем  зерттелмеген 
мәселелерді алдыңғы орынға шығарады. Бұл көкейтестілік бірнеше 
алғышарттармен сипатталады: егемендікке қол жеткізуге байланысты 
елдің  қоғамдық-саяси,  мәдени-рухани  жағдайының  өзгеруіне 
байланысты мұқтаждықтар, жаңаша пайымдауды талап ететін жаңа 
тарихнамалық  айғақтардың  пайда  болуы;  ескі  маркстік-лениндік 
дүниетанымның  дағдарысы  және  отандық  тарих  философиясының 
әдістемелік  негізін  және  оның  жаңа  тұжырымдамалық  тәсілдерін 
қалыптастыру қажеттілігі; тарихнамалық теория мен практиканың 
даму логикасы және т. б.
Ғылыми  айналымға  ең  алғаш  XVIII  ғасырдағы  француз 
ағартушысы  Вольтердің  енгізген  «тарих  философиясы»  термині 
тарихты  философиялық  тұрғыда  түсіндіру  мен  бағалауды,  басым 
көпшілігінде,  тарихты  баяндау  мен  тарихи  зерттеулердің  нәтиже-
лерін  бағалауды  білдірді.  Осы  тарихи  зерттеулердің  нәтижелерін 

118 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет