Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші
жатыр. Қадырғали шығармасындағы негізгі ой осы.
Адамзат тарихы, құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын
күйттейтіндер, екіншісі құдайдың құлшылығына бас иіп, күнделікті
оны дәріптейтіндер. Соңғылар құдай атынан сөйлейтін болғаннан
кейін, оларға біріншілер, жердегі барлық пенделер бағынулары
керек.
Қорыта айтқанда, Жалайыр мұрасынан туындайтын тұжырым-
дарды атап өтейік. Өткен оқиғаны жан-жақты, бірімен-бірін сабақ-
тастыра қарайтын мәтіндер жоқтың қасы. Ол оқиғалар куәлердің
көзімен өз заманының құбылыстары ретінде қабылдануы мүмкін.
Келесі ұрпақтар бұл оқиғаларды өткен замандыкі деп ұйғаруы ғажап
емес, бірақта оларды тұспайлап, кейде дұрыс бағалауға мұршалары
келмейді.
Жеке дара тарихи құбылыс шеңберінде тарихи оқиғалардың
сабақтастығы мен өзара байланыстылығы дұрыс реңк арқылы
беріледі. Бір ойландыратыны, тарихи оқиғалардың уақыт ырғағында
кері шегіндірілмеуі қатаң қадағаланады.
Бірақ та хронология толық сақталмайды. Тарихи уақыт шеңбері,
әлеуметтік өзгерістер аумағы көрсетілмейді. Оқиғалардың себептілік
тәуелділіктері айқын көрсетілмеген. Егер себептілік байқалған кезде,
ол жеке бастың аумағынан аспайды.
Өткенді сараптағанда ұлы адамдардың іс-әрекет мысалдарынан,
ізгілік үлгілерінен, даналық шешім деңгейлерінен аса алмайды.
Қ. Жалайыр қоғам және адам мәселесі туралы
Еліміз егемендік алып, еңсесін көтерген кезінде халқымыздың
аяулы азаматтары жарық жұлдыздай жарқ етіп көрінді. Солардың
бірі кеңес кезінде ұмыттырылған, еңбегін тек басқа топырақтың
ғалымдары ғана зерттеуге мүмкіншілік алған, қоғам мен адам
мәселесін өз заманына сай жоғары деңгейде баяндай білген,
әлеуметтік, рухани, мәдени мұраға айтарлықтай үлес қосқан,
адамгершілік идеяны уағыздаушы Қ.Жалайыр еді.
Өзі шыққан тайпасы туралы ол жалпылама түсінік береді:
«Жалай-ыр тайпасы Келуран деген жерді мекендеді, жетпіс күреңнен
(аймақтан) құрылды. Әр күреңде (аймақта) мың үйсін халық тайпа
бар еді. Кейін жалайырлар Қаратауға келді» [2, 38 б.].
Жалайырдың мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық
көріністері, адами қатынастар, ақыл-ой ізденістері кеңінен қамты-
лады. Өзінен бұрынғы тарихты шолу кезінде ол мынадай тұжырым
101
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жасайды. «Ерте заманнан бері дүниенің әр ықылымындағы (тарапын-
дағы) халықтар шаһарларда отыратындары болсын, сахарада отыра-
тындары болсын, олардың белгілі шекаралары жоқ еді» [2, 22 б.].
Шоқанның айтуы бойынша, «қазақтардың арасынан біз Алтын
Орда қыпшақтарын да, Шағатай ұлысының арғындарын да, ұйғырлар
мен жоңғарлардың көршілестері үйсіндерді де кездестіреміз» [4, 110 б.].
Қазақтар заттар мен тіршілік иелерін сапа тұрғысынан қарады.
Мейлінше күшті күтім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді асыл
тұқымды жылқыларды өсіргенді дұрыс көрді. Тайпа көсемін оның
сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері
неғұрлым күштілігімен, айлалы (алысты болжамдылығымен),
көрегендігімен бағаланды. Күштілері айлалы және дәмдіні жейді,
қартайғандары солардың қалдықтарымен тамақтанады. Жастар
мен мықтылары сыйлы, ал кәрілер мен әлсіздер керісінше. Мұндай
теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттігін туғызды.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен сан мың шақырымдық
көш жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты басып
өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталады. Күндік көш жолы
бір көш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш, т. б. қашықтық мөлшері
белгіленеді. Осылар әлемдік діндердің бастау тегінде трған тәңірлік
діннің өзекті қағидаларына да арқау болған. Тәңірлік дін уақыт
пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға
ұмтылған адам баласының алғашқы таным – түсінігі еді. Қадырғали
шығармашылығында бұл мәселе де кең қамтылған.
Қ. Жалайыр өзінің еңбегінде жоғары мұратты қоғамның қажетті
қағидаларын сипаттап, адамның мінез-құлықтарының нормалары
мен ережелерін, әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі жіктердің қоғам
басқарудағы міндеттері мен қызметтерін айқындап берді.
Адамдардың ізгі өмірі үшін ең бастысы – барлық әлеуметтік
жүйе бөліктерінің дәрежелік орны мен өзара қызметтік бірлігінің
қарым қатынасын нығайту. Көптеген айқындамалардың біреуін
алайық:
«Шыңғыс хан бұйырды, адамзат ұлдары атасының билігіне
құлақ асаса және іні-ағаларының сөзіне көңіл қоймаса, ерлері әйел-
деріне сенбесе, қатындары ерінің бұйрығымен жүрмесе, қайын-
дары келіндерін қабыл етпесе, келіндері қайындарына қызмет
етпесе, үлкендері кіші-лерді асырамаса, кішілер үлкендер насихатын
сақтамаса, онда үлкендер көңілі құлардың көңіліне жақын тұрды,
және әркім өз қолынан абыройын шығармаса, және әркімді жақсы
көрсе және тағы уәлаят адамдарын байытпаса, көмек бермесе (әдет)
йосун, жасақ жолында ақыл, бейімділік таппаса, бұл себепті ол арада
102
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
пайда болады. Ол адамдарға өз кезінде жол бермеңдер, яғни талап
(билік) алып кетпегей. Және атын, малын және туар қараларына
(жылқыларына) жағдай таба алмасын. Аттарын семіртіп міне
алмасын, қалжырап ондай аттар, терісі қатып өлгей.
Мұндай қауым тәртіпсіз еді. Оларда еркіндік, тыныштық, достық
жақсы жағдай жоқ еді» [2, 77 б]. Осындай қағидалардан көрінетін
тұжырым – нормалар мен салттар, адамдар құлқының қалыптары
мен қасиеттері сипатталған, қоғамның өзара байланысты жалпылық
мәнге ие болған рухани күйі сараланған. Бұлардан қазақ қоғамының
XVI ғасырдағы игіліктерінен сусындап, оның рухани жүйесін,
ырымдарын, қатынас әдістерін, нышандардың жаңғыру қалыптарын
түсінуге болады.
Шығыс ойшылдарына тән үйлесім Жалайыр ғибратында
суреткершілік және ойшылдық, ғұламалық және дүниетанымдық
қасиеттердің үйлесім табуынан, даналығының біртұтастығынан
хабардар етеді. «Майсара, яғни әскердің сол қолы, моғолша жұңқар
(жонғар) деп атайды. Олардың бастығы жалайыр Мұқалы-Гөйәң еді.
Онан соң қаум бариннан Найа ноян болды. Алпыс екі мың кісі.
Мыңер Мұқалы-Гөйән. Ол жалайыр қауымынан еді. Және ол
ұлы құрметті бек еді. Шыңғыс ханға көп күш берді. Мың, мың етіп
даярлады. Үш мың еді жиынтығы. Шыңғыс хан (оны) кезінде Қараун
Жиунге жіберді (жер аты), (ол), қытаймен шектесетін-ді. (Оның халқы
оны Гөйәң атады, яғни ұлы, құрметті деген сөз. Онан соң Шыңғыс
хан да Гөйәң деп аталатын. Кейбір оғландарын да Гөйәң деп атады.
Хантун ноянды Қайду қамады, кенеттен Нумуғанмен басқа уәлаятқа
кетті. Оның оғландары Жаккар және Амуқ соның нәсілінен» [2, 66 б.].
Бұл келтірілген үзіндіден байқайтынымыз, Жалайырдың ойынша
әр адамның өз пікірін, еркін білдіретін мүмкіндігі болуы керек,
одан жеке адамның бостандығы шығады. Соңғысы тек білімділікке
негізделіп, оны жауыздыққа, бұзықтыққа, рухани кемтарлық пен
зұлымдыққа қарсы күресу үшін қолдану қажет. Білікті, парасатты
адамдарды сол кездегі қоғам өз дәрежесінде бағаламады, бұл дүниеде
ашкөз надандар ұтады, олар пайдакүнемдік пен парасатқа, білімге,
адам тағдырына, адамзаттық мұраттарға көз жұма қарайды. Бұдан
құтылу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы
халықтың көзін ашып, оларды бұл дүниелік күйкі әрекеттерден
серпілту керек.
Осыдан келіп Жалайырдың пайымдауынша бақыт пен қайы-
рымдылық ұғымы адам өмірінің мәні жайлы мәселеге тіреледі.
Адам өмірі мәніне жету үшін дұрыс тәрбиеленуі керек. Табиғаттың
таңғажайып көріністерін сипаттау, адамның албырт сезімдерін дәріп-
103
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
теу, жауға қарсы соғыстағы есте қаларлық ұрыстарды көрсету, өмірдің
мәні туралы, адам туралы ой-толғаныстар, қорқақтық пен ашкөздікті
айып-тау, оңбағандық пен ұждансыздыққа, ерлік пен инабаттылықты
қарсы қою – шығармадағы негізгі ойлар. Қ. Жалайыр айтады:
«Оғыз: Қарахан баласы: Тілегім тек көктегі құдайға кім иман
келтірсе, тек сонымен ғана дос боламын» [2, 28 б.].
Соғысып, оғыз Қарахан әскерлерін жеңді, өз дінін орнатты, үлкен
патшалық құрды. «Осылай ру-руымен болып, бір-біріне қосылды,
әрбірінің оттарын ажыратты» [2, 30 б.]. «Бектер, Ұлықтар (әмірлер)
және сәруерлер (тайпа көсемдері) және мүтәбірлер (ардақты
адамдар), кейбір қауымдар осылардан пайда болды» [2, 33 б.].
Қазақтардың XVI ғасырдағы өміріндегі халық даналығы дүниені
түсіндіріп қана қоймай, адамды сыртқы дүниемен үндес болуға
ұмтылатыны көрсетілген. Сондықтан сол замандағы тарихи-мәдени
дәстүрдегі басты мәселе – адамның тікелей өзіне қатысты. Оның негізгі
қасиеттері деп Жалайыр пайым мен зерденің, ақыл мен әділеттің,
бақыт пен қанағаттың мәселелерін атайды. Бұл қасиеттер ғұламаның
үйлесімділігін белгілейді, сондықтан да әлем мен адам құрылымында
басты рөлді өзара тепе-теңдік, сәйкестілік атқарады. Осыдан кейін Қ.
Жалайыр таным, үйлесім және сұлулық қағидаларының шешуші
рөлі жайлы ой қорытады. Қоғамның түбірінен жаңғыру сәтінде,
мемлекеттің жаңа саяси күйге көшу кезеңінде бұған ұдайы назар
аударып отыру қажеттілігі аталып өтеді. «Оғыздың барлық қауымын
ол уақыттарда түрікмен деп атайтын еді. Оларға қыпшақ, қылыш
(халаж) қаңлы, қарлұқтағы басқалар жатады. Бұл заманда моғол
арасында аты аталып, белгілі болып жүргендерді жалайыр, татар,
ойрат, меркіт және басқа кейбір қауымдар...» [2, 23 б.]. Керейіт,
найман, онгут, қоңырат, курлас, икирас, елжигин, орнаңқыт, келгенут
және басқаларын моғол дарлакин» – деп атайды.
Түріктер Диб-Какуйдің төрт ұлынан тараған еді. Қарахан, Орхан,
Көрхан, Көзхан. Қараханның ұлы Оғыз атанды [2, 23 б.].
Еңбекте сол заманның тұрмысы өзінше сипатталған. Рулық-
тайпалық қатнастардан бастап болмыс шындығына дейін баян-
далған. Тек пен ерекшелік терминдері, этномимдер мен жер-су
аттары тарихи мәнге ие болған. Дәстүрлі халық санасының сипаты,
тарихы және мифологиялық құндылықтар, діни және этникалық
терминология айшықталған. Сондай-ақ өз заманының, қоғамының
әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің тарихи сипаттамасы, оның
өзіндік және сапалық ерекшелігі айқындалған.
Қ. Жалайырдың тарихи шығармалары, негізінен көшпелілер
болмысы, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға,
104
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
батырлық, көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне арналған еді.
«Ру, тайпа аттарының бәрі «Бажулеи хикматтарынан» нақылынан,
яғни ислам тарихында мәлім болды. Сондай-ақ Израйл ұлдарының
«Тәуратынан да» атты еврейлердің бес кітабынан белгілі» [2, 26 б.].
Осы тұрғыдан алғанда Қ.Жалайырдың замандасы десе болар-
лықтай Шалкиіз шығармашылығына тоқталсақ болады. Ол дүниеде
тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді. Өмір қысқа екен, бұл жалған
басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді, демек, осы аз ғұмырда дүние-
дегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп, жырау өмір
мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.
Шалкиіз жырау «көп түкірсе – көл» деп елді ұйымшылдыққа,
бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі
келеді. Ол жауға айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз
жырау: «Жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса
табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқанның
көптігі», «Белуардан саз кешсең тобығыңнан келтірмейтін қамалаған
қалың туғанның арқасы», – деп ағайынның, туғанның көп болғанын
қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп
«көрінгеннің бәрі бірдей емес», «қырға шықпас жаманның барынан
да жоғы жақсы», – деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игшік,
тереңдік іздейді.
Халқымыздың ұлттық қасиеттерін, қонақ жайлылығын, үлкенді
құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, от басының сыйлылығын, берекесін
дәріптейді. Осы мәселеге Мұхаммед Хайдар Дулатида көп мән
берген. Ал, Асан Қайғының халық жадында сақталып, айтылып келе
жатқан «Жерұйықты іздеуі» кейбір ғалымдардың айтқандарындай
«утопиялық шығарма» емес. Қазақ мемлекетінің тұңғыш рет тарих
сахнасында шығуымен тікелей байланысты туған шығарма.
Алғашында қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу
өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алқапты мекендеген
ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ
тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы
аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы оны»
қол астынан шығып, Қазақ хандығына келіп жатты. ХV ғ. елуінші
жылдарынан жетпісінші жылдарға дейін Жетісуға екі жүз мың адам
көшіп барды. Осыншама адамның қысқа мерзімде Жетісу өңіріне
шоғырлануы кең өріс, қоныс керек етті, сондықтан хандықтың алдында
үлкен тарихи міндеттер қойылды. Асан Қайғының «Жерұйықты
іздеу» немесе жер-суларға берген сындарында осы орайдағы негізгі
идеялар көрініс тапқан.
105
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында
Әбілхайыр бұзған, бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру
көшпеңділердің көкейкесті мүддесі еді. Мал шаруашылын ертеден
кеңістікті аса қажет ететін экстенсивтік нысанда жүргізілген.
Қазақстан-ның жер ауқымының кеңдігі сақталуының көп себептері
осында болса керек. Шаруашылықтың экстенсивтік сипаты жерге
қоғамдық меншіктің ерекше үлгісін қалыптастырды. Көшпелі халық
үшін жерге деген меншік – ат тұяғы тиген, мал жайылысы жеткен
жерлер. Жерге қауымдық меншік нысаны қазақ халқының тек төрт
түлікті қана танып біліуімен шектелмей, жер, суды тануға мәжбүр
етті. Сондықтан қазақ өзі көшіп-қонып жүрген ой-қырдың бәрін бес
саусағындай білген.
Жалайыр мұрасынан туындайтын тағы да идея – бұл адамдар
мінезі туралы. Ұстамдылық жақсы құлық. Ал ұстамды болу үшін,
шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай
ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше,
жетіспеушілік болса, молшылық жағына қарай ауытқыған жөн.
Сөйтіп мінез-құлықта ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете
беру керек.
Керісінше, адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық»
«тәңірден» болмай, оларды адамның өзі таңдауға болатын жағдайда
белсенді әрекет факторына айналдыру абзал.
Адам баласы ежелден бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі
тұрмысты аңсаған, армандаған, іздеген. Қайткенде адам бақытты
болады, қай жерде, қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді,
міне, мұндай сұрақтар әр заманның данышпанын да, қарапайым
жұртын да толғандырған. Шығыста Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн,
Батыста Сен-Симон мен Фурье, Кампанелла тәрізді ұлы ойшылдар
адамгершілік, рақымдылықпен берекелік мәселелерін сөз еткен
өздерінің шығармаларында идеал қала мен патшалықты, ондағы
қайғы-мұңсыз адамдарды суреттеп, утопиялық ойдың озық үлгісін
тудырды [11].
Қ. Жалайырдан жүз елу жылдай бұрын өмір сүрген Асан-Қайғы
өз жыр, толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті
нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін атаған.
Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын
ойлауға шақырады. Сол кездегі қоғамның әдет-ғұрып, мінез-
құлық мәселелерін көтереді. Өзінің ғұмырын туыстас руларды бір
орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды.
Жалайыр өмір сүрген кезең белгілі бір өмір талаптарын
қарастыруды талап еткен болатын. Ол адам көзін табиғатқа, өзіне,
106
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
дүние құрылымының негіздерін ашуға тырысты. Жалпы алғанда
философиядағы адам мәселесі көп түрлі мәңгілік мәселе десек,
Жалайыр соны бізге тағы да айқындап берді.
Адам феноменін Жалайыр табиғат пен тарих мүмкіндіктерінің
өзіндік өлшемі, материалды дүниенің көптүрлі формасындағы
дамудың үлгісі ретінде қарастырды. Және жалпы ұлттық дәрежеге
жеткізуге көп күш салды.
Сонымен қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес
із қалдырған тұлға Жалайыр есімін үлкен мақтанышпен еске аламыз.
Өйткені ол қалдырған мұра өзіндік құндылығымен ерекше сипатқа
ие. Тарихшылығы мен ойшылық таным қатар ұштасқан Жалайыр
бабамыздың туындысын алып қарасақ олардан адамгершілік асыл
қасиеттерді, халықтық өр рухты, жаңа сарынды анық байқауға
болады. Өзінің мағыналы өмірінің бүкіл тынысын тап басып жеткізе
білген Жалайыр өз қоғамындағы оқу, білімнің тапшылығына
қарамастан осыншама өнері биіктеп бой көрсете білген ойшыл.
Қадырғали Жалайырдың тарих философиясы туралы ойлары
халқымыздың прогресшіл ой-пікірінің қалыптасу шежіресіндегі ең
бір жемісті арналардың, кәусар бастаулардың бірі екендігінде ешбір
күмән жоқ.
Қазақ ойлау тарихындағы Қ. Жалайыр орны туралы
Кез келген халықтың философия тарихы сол бір халықтың өмір
тіршілігінің айнасы іспетті. Қазақ халқының философиялық ойының
дамуы да еліміздің сан қилы тағдыр кешкен тарихына тікелей
байланысты. Философиялық терең мағыналы, ойлы жырлары
өмір сырының әр қиларын, бақтың, тақтың, дәулеттің, тіршіліктің
өркендеп өсу, өну сияқты заңдылықтар сыры, елдің қайратының
тұтқасы халықта, оның бірлігінде екенін көрсетеді. Яғни ұлағатгы
ойшылдардың дүниеге, табиғатқа, адамға деген көзқарастарының
қай-қайсысын алсаңыз да – бәрі де белгілі тарихи, әлеуметтік жағдайға
байланысты туындайтынын көреміз. Философия тарихы ең алдымен
әрбір ұлттың, халықтың рухани мәдениетімен тікелей байланысты
екенін ұстағанымыз абзал. Өйткені әрбір ойшыл, ғұлама, философ
өз ұлтының, халқының перзенті. Оның шығармалары халқының
ұлттық ойлауымен, тілімен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен, өнерімен,
жалпы мәдени өсу дәрежесімен тығыз байланысты болады.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар,
үйсіндер және қандылар дүниетанымдық түсініктерінің өзара
байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені,
107
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ғұндар «таза» көшпелілер, қандылар «таза» егіншілік, ал үйсіндер-
жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған.
Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.
Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен
қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп
кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі оғыздардың оңтүстік батысқа
қоныс аударуы барысыңда осы тайпалардың құрамына кетіп, осы
қауымда және жаңа қоныстарында ассимиляцияға ұшырады. Қалған
қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың
құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдық
ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан
тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына
жинақтаған халық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл
Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі – жартылай
көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді.
Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер
мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қанша-
лықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн,
былғары, қолөнер бұйымдары саудасы қыза түсті. Қалалық егіншілік
аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі
аймақтарында да бой көтерді. Осының бір мысалы – Сарыарқаға
тереңдей орналасқан Саудакент қаласы. Сондай-ақ мерке, Құлан,
Ақтөбе, Жуантөбе, Аспара, Нұзкент, Суяб, Сарығ қалалары пайда
болды. Ұлы Жібек жолы бойында Тараз, Отырар (Құйрық-төбе және
Баба-ата) және Испиджаб (Сайрам), Іле атырабында Талхиз (Талғар),
Ики-Огуз және Қаялық бой көтереді. Тұрғындардың отырықшы
бөлігін, әсіресе, қала тұрғындарын үйсіндер мен қаңлылар құрады.
Мемлекеттілігі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық
қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және
соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі. Табиғат
әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық
рөлін атқарды. Ол өзіне дербес жаратушы, тіршіліктің иманенттік
себептері мен факторларының белсенділік пен эволюция негіздері-
нің иегері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына
мойынұсынып қалтқысыз бағыну ғана қалды.
Көне және архаистік заман адамдары күн сайын рудың немесе
тайпаның дүниетанымдық пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға
мәжбүр етті. Өйткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың
әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді.
Әйтпесе, оларға рудан аластау, яғни мұның нәтижесі көбінше
өлімге әкелетін жазаға ұшыраушы еді. Әлемді сезіну айқындала
108
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түсті. Әлемді түсіну айқын әрекеттерге итермеледі. Дүниетаным
шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат (жаратылыс) қалтқы-
сыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі
және төл баласы ғана болып қалды. Әйтсе де, адамзаттың даму
эволюциясына байланысты, еңбектің қолданбалық және жаңғырту-
шылық қызметін түсінушілік пайда болды. Осы процесс нәтижесінде
табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу
іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйрету, жабайы жылқыны қолға
үйрету – жалпы малшылық және көшпелі өмір басталады. Бұл өз
заманында үлкен бір құбылыс болды.
Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста
адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының
пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі адамның табиғаттан бөлініп,
дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның
мақсатқа бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны
болып табылады. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықта процесте оның әр
қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде
көрінеді. Енді ол «табиғат бөлшегі» емес, оның әміршісі, өңдеушісі
дәрежесіне ұмтылумен қабаттаса дамиды.
Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұрат-
тық қызметі процесінде адам әлеміне айналды. Оның ішінде ше-
шуші билік қажеттіліктің «темірдей талабына» тәуелді ететін табиғи
заңдылықтарға емес, адамдардың еркін қайраткерлігіне тиеді. Бұл
кезеңде адам табиғат субстанциясынан бөлініп, өзін табиғатқа қарама-
қарсы қояды. Сөйтіп, бірте-бірте жеке адамдар байланысының екі
нысаны қалыптасады; біріншісі – олардың табиғи компоненттерін
игеру және құруға бағытталған ортақ әрекеті, ал екіншісі – этностың
қоғамдық нысандарын тұтастыруға және дамытуға, ұдайы өндіріске,
адамзат өмірін жалғастыруға, оның биологиялық және әлеуметтік
қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс.
Еңбек процесіндегі ортақ қарым-қатынас келісе, бірге өмір сүру
нысандарын туындатуға, жеке меншіктік және мүліктік теңсіздікке
негізделген қоғамдық құрылыстың орнауына жағдай жасайды. Бұл
материалдық өндіріс процесіне танымдық және бағалаушылық
сарынның қосарлануына көз жеткізеді. Осының өзі, жалпы алғанда,
кейіннен тіршіліктің дүниетанымдық бағдарына қарай икемделеді.
Сөйтіп, қоғамдық санада өздері-ақ әлеуметтік мінез-құлықтың салты,
ережесі, дәстүрі ретінде тіркеледі де адамдардың тарихи қауымдас-
тығының, сондай-ақ қазақтың ата тегінің де өмірін реттеп отырады.
Қауымдық сана қоршаған ортаның ерекшеліктеріне, қауымдық
болмыстық тіршілік тынысына байланысты дамып отырды. Таби-
109
Достарыңызбен бөлісу: |