Философия, саясаттану


ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34

ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
«Иман алдымен Алланың барлығын, бірлігін тану. «Иман-шарт» 
деген кішкене кітәпта иман һәм тәубе туралы сөздің бәрін анықтап 
айтқан. Соның ішінде иманның жеті рәкені бар. Бұлардың мағынасы: 
Әуел Алла тағаланың барлығына, бірлігіне нандым. Періштелердің 
барлығына  нандым.  Пайғамбарларына  жіберген  кітаптардың  бар-
шасына  нандым.  Барша  пайғамбарларына  нандым.  Ақырет  күні 
болмақтығына  нандым.  Барша  жақсылық,  барша  жамандық  істер 
Алла тағаланың тағдырынсыз болмайтындығына нандым, һәм өлген 
соң,  тіріліп  сұрау  беретініме  нандым»  –  деп  жазды  мұсылмандық 
шарты жайлы Шәкәрім Құдайбердіұлы. 
Адамның осы дүниеде жинар бақиға ақыретке апарар қазынасы 
– Иман, яғни, әр адамның дүниеге келу мақсатының өзі Алла тану 
–  Иман.  Әзірет  сұлтан  Қожа  Ахмет  Яссауи  «Иманның  қорғаны  – 
шариғат,  мәні  –  тарихат»  деген,  имандылықтың  кепілі  шариғат 
шарттарын орындау деп білген. Қожа Ахмет Иассауидің Шариғаттың 
шапанын кимейінше Тарихаттың пырағына мінбейін-ше ой әлеміне 
беріліп  батпайынша  хақиқаттың  майданына  кіріп  болмас»-деген 
хикмет жолдарының кейбір қырларын пайымда-сақ, мынадай ойға 
жетелейді. Шариғат адамның имандылығын сақтаушы сыртқы киімі. 
Ол, тарихат жолына түсушіні бұл дүниедегі күнәлардан сақтайтын, 
оның ар-ожданын қорғайтын білімдердің жиынтығы. 
Қазақ халқының, қазақ хандығы қарсаңындағы жалпы көшпенді 
түркі халықтарының арасында қожа Ахмет Яссауидің және тариқат 
жолын  ұстаушы  дәруіштердің  ислам  дінін,  діннің  ақиқат  мәні  – 
имандылық идеяларын таратқандығы мәлім. Сопылықты зерттеген 
ғылыми  әдебиеттерде  (такия  әдебиеті)  деген  атпен  белгілі  ауызша 
қара  өлеңмен  түрік  тілінде  жырланатын  бұл  жырлар  халықпен 
біте қайнасып оның рухани жоғын жоқтаушы еді. Кейінгі жыршы-
жыраулық  дәстүрдің  осы  (Баб),  (Ата)  сияқты  лақап  аттары  қосыла 
айтылатын  абыздардың  өнерімен  өзектестілігі  мен  тамырластығын 
көреміз.  Олардың  екеуіне  де  тән  қасиет  елдің  мұң-мұқтажын 
жоқтаған, хан алдында қасқая тұрып сөз айтқан. Ел басына күн туып, 
жау жағадан алғанда хан кеңесшісі болған. Ел есесін әперу үшін, жау 
ордасына  барып,  жанқияр  ерлігімен,  кемеңгер  ақылымен,  өскелең 
рухымен  жаудың  мысын  басып,  ел  аралық  дау-шарды  шешкен 
келісім мен бейбітшілікті орнықтырған.
Қожа  Ахмет  Яссауиді  зерттеген  көрнекті  түрік  ғалымы 
Мехмат  Фуат  Көпірулы  былай  жазды:  (Алайда  Яссауи  сияқты  ел 
билеушілерден мемлекет басшыларынан ешқандай сый күтпейтін, 
тек  Алла  разылығы  үшін  тер  төккен  халыққа  діни  және  сопылық 
ақиқаттары жайында баяндаған, жоғары рухты таза ойлы сопылар, 

136 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
керісінше өлеңнің халықтың талғамы мен түсінігіне сәйкес келуіне аса 
мән беріп отырған. Бұл жағдайды түрік әдебиетінің барлық кезеңінде 
кездестіруге болады. Ел билеушіге өнер көрсету немесе сыйлықтар 
алу үшін емес өздерін толғадырған киелі сезімді басқаларға жеткізіп, 
шөлдеген  рухтарды  ұлылықтың  бұлағынан  суғара  отыра,  ішкі 
толғаныстарын жасыра алмай толқи жырлайтын сопылар).
(Әбіл  Қасым)  Әбділ  Кәрім  Кушейри  (Х465М–1072-73)  мәшһүр 
хаты арқылы сопылық кәсібі (мамандығы) (Әхли сүннет) мәзхабына 
сай  екенін  дәлелдеуге  тырысқандай,  ал  кейін  Ғазали  де  (Х450–
505М1058–1112) бірнеше шығармалары арқылы бұл ерекшеліктерді 
зейінге сіңірді дей келе түркі әлеміндегі мұсылмандықтың қыр-сырын 
жетік  білетін  ғалым  сол  замандарда  мұсылман  ғұламаларының, 
машайықтарының  бектер  мен  әміршілердің  қолдауына  сүйенгені 
және  солардың  осы  ағымға  бой  ұсынуларымен  жер  жерлерде 
дәруіштер қозғалысы үлкен ықпалы бар беделді күшке ие болғанын 
айтады.  Дәруіштердің  таза  пайғамбар  сүннетін,  шариғат  жолын 
ұстанғаны себепті де саяси күштер тарапынан ел басқарушылардан 
ресми  қолдау  тапқанын  ғылыми  дәйектермен  дәлелдейді.  (Түркі 
билеушілері  ислам  наным-сенімін  қатты  ұстанғандықтары  үшін 
ханафилікті соншалықты күшті әсермен қабылдаған болатын… таза 
түрік  сопыларының  көзқарастары  ой-пікірлері  шариғат  заңдарын 
қатаң ұстануға үндейді).
Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы болғандығы, осы 
жердің  қасиеттілігін  ғылым-білімнің  ордасы  болғандығын,  елдің 
рухани қазығы қағылған жер екендігін айғақтай түседі. Абылай хан 
өзінің мұсылман әулиесі Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі жанында хан 
көтерілгенін, өзінің хандық билігін де осы Түркістан қаласында жүзеге 
асыратынын әйгілейді. (Қазақ хандары Қ.А. Яссауи тариқат ілімінің 
теориясы  мен  практикасын  терең  игерді.  Олардың  әрқайсысының 
пірі болды, намаз бен зікірге қатысты, шайқының кітапханасындағы 
бай мұрамен танысты) деп жазды. Айдар Әбуов Қожа Ахмет Яссауи 
дүниетанымы  жайлы  еңбегінде.  Әйгілі  жиһангер  Ақсақ  Темірдің 
құрамында Қ.А. Яссауидің де кесенесі бар арнайы қорларға (вакуф) 
арнап  қолхат  қалдырған.  Осы  қолхаттан  бір  байқайтынымыз 
қай  ғасырда  да  тариқат  жолын  ұстаушылардың  өте  көп  болғаны 
олардың дін уағыздаушы, рухани жетекші, ел мұқтажын жоқтаушы 
бола тұрып, қоғамдық саяси роліне байланысты ел билеушілерінің 
қолдауына ие болғанын көреміз. Аса үлкен такия қызметін атқарған 
кесенеде көптеген дәруіштер, қарилар, жолаушылар, мұқтаж кәріп-
кәсерлер  бас  қосып  отырған.  Зікір  айтып,  намаз  оқыған,  пірлері 
болған. (Әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері екі батман (батман 

 
 
 
                      
                                                  137
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
– ежелгі түркі сөзі – өлшем аты, бір батман, немесе батпан 180 кг. 
– 300 кг аралығын қамтиды. – Ә.Д.). бидай мен екі батман ет және 
соған  лайық  мөлшердегі  тұз  және  қажетті  отын  жұмсалып,  рухын 
ұлы алла жарық еткір әулиелердің айбынды сұлтаны – Әзірет сұлтан 
ғимаратындағы қасиетті қалам шарифті жаттап алған құран оқушы 
қарылар,  зікір  салушылар,  яғни  ұлы  жаратушының  есімін  паш 
етушілер,  сондай-ақ  жергілікті  пақырлар,  кембағалдар,  жетімдер 
мен  мүсәпірлер  үшін  (Халим  аба)  атты  түскі  ас  әзірленсін.  …Нан 
пісіру үшін ұнға айналдырған жүз батмандай шығын етілсін… Ас пен 
нан пісіру үшін жүзге жуық есекке жүк боларлық ағаш пен шөптен 
тұратын бір жылға жететін отын шығындалсын. Бұл ғимарат осы жер 
арқылы  өтетін  жолаушылар  тоқтап,  тыныстайтын,  яғни  айналып 
өтуге  болмайтын  көпір  іспетті  аялдама  қызметін  атқаруы  ләзім). 
Осы үзіндіден байқарымыз бір мезгіл асқа арналған тамақ көлемінің 
молдығынан-ақ  зікір  айтып,  Яссауи  дәстүрін,  тариқат  жолын 
ұстаушылардың  көптігін  байқаймыз.  Тоғыз  жолдың  торабында 
орналасқан  осындай  такиялар  сол  кездегі  идеологияны,  ғылым, 
білімді,  кітаптарды  таратушы  байланыс  қызметін  атқаратын  сауда 
керуендерінің тоқтап тынығуымен қатар, білімге сусындар орталығы 
болғанын көреміз. Осы қолхатта Қ.А. Яссауи мавзолейінен басқа да 
Әзірет Сағди Уаққас пен қажы Мәлік (Яссауи шәкірттері болар) деген 
кісілер атындағы қорларды (вакуф) да бекіткенін көреміз. Осындай 
өздерінің  жеке  қорлары  бар,  ел  билеушілерінің  ресми  қолдауына 
сүйенген,  өкімет  идеологиясын  ислам  негізін  таратушы  және  таза 
мұсылмандық шартын, пайғамбар сүндетін, имам ағзам Әбу Ханифа 
мазхабындағы исламды халық арасында таратқан дәруіштер үйлері 
такиялар  көп  болған.  Кейінгі  ғасырлардағы  отарлау  саясатына 
байланысты  бұл  идеологиялық  орталықтардың  қызметі  едәуір 
әлсірегенімен  сақталғанын  ХХ  ғасырдың  басында  медреселердегі 
оқудың басы иманның шартын, яғни исламның ішкі мәнін оқумен 
басталғанынан және негізделгенінен көреміз.
Қазақ  халқының  хандық  дәуір  қарсаңында  болсын,  одан  кейінгі 
дәуірлерде  де  өмір  сүрген  данагөй  ғұламаларының  білімдері  иман-
ның шарттарымен негізделген. Біздің қолымызға ауыз әдебиеті арқылы 
жеткен ақын-жыраулар мұрасы жазба әдебиет мұрасы, ХХ ғасырдың 
басындағы  қазақ  даналарының  шығармашылығындағы  адамсүйгіш-
тік, әділеттілік, Ынсап, Мейірім, Тәуба, Ақиқатқа ықыласпен, ихсанмен 
ұйып,  нұрлы  ақылмен  жетуге  ұмтылу  осы  иманның  шарттарымен 
бекіп негізделеді. Иманның шарттары ақылды нұрландырып, Ақиқат 
жолына  дұрыс  бағыт  сілтейді.  Ақылды  соқыр  сенім  шырмауынан 
сақтауымен қатар, ақыл еркіндігінің қателіктерінен, адам баласының 

138 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
оқшау ой қуып менмен-дікпен ақиқаттан адасуынан сақтайды. Ақи-
қатқа  өз  жүрек  түбіне  үңіліп,  жанын-ділін  тазалау  арқылы  жететін 
сара жолын белгілейді. Ақыл – алғыр құс болса, Иман – Құсбегі, оны 
баптап әр қиырға қанаттандырушы. 
Мұсылман діні орта ғасырларда және одан кейінгі дәуірде өзінің 
игі  ықпалымен  ерекше  гүлденіп  дамыды.  Ислам  дінінің  Қазақстан 
және Орта Азия аймағында рухани және ғылыми өркениеттің кепілі 
болғандығы,  ислам  ренесансы  деген  атпен  белгілі  қарқынды,  тың 
серпіліске мұрындық болғандығы тарихтан белгілі. Дін, теологияны 
арнайы  зерттемесе  де,  көрнекті  шығыс  тарихының  зерттеушісі 
Бартольд  мұсылман  дінінің  және  түрік  халықтарының  мұсылман-
дығы  жайлы  мынадай  пікір  айтады:  (В  прочном  распространении 
ислама  среди  турок  проявилась  та  сила,  которая,  по  видимому 
обладает ислам даже по сравнению с другими мировыми религиями.
…Что ислам теперь является единственной настоящем смысле, 
слова  мировой  религией  т.е.  религией,  распространеие  которой 
не  ограничивается  народами  одного  происхождение  или  одного 
культурного  мира.  Временно  успехи  других  религий  иногда  были 
более замечательны, чем успехи ислама, но не приводили к прочным 
результатам)  –  дей  келе  манихейлік  діннің  мүлде  жоғалғанын, 
христиан  діні  алғашқыда  кең  таралып,  кейін  европамен  шектеліп 
қалғанын. Буддизмның Шығыс Азия мәдени дүниесімен шектелгенін 
айтады. (История знала много буддиских и христианских народов, 
принявших  ислам,  и  не  знала  ни  одного  мусульманского  народа, 
который бы принял буддизм или хистианство).
Ислам дінінің рухани мәнін түсінген адамдар иман мен соқыр 
сенімнің ара жігін ажырата білген, адамның ішкі иманының күшеюіне, 
оның  соқыр  сенімге  айналмауына  ықлас  еткен.  Ата-бабаның,  ел 
қорғаған  ерлердің  қабіріне  зиярат  ету  сияқты  салт-дәстүрлерінде 
иманның негізгі шарттарына қайшы келмеген. Салт-дәстүрдің озығы 
бар,  тозығы  бар  дегендей,  көптеген  салт-жоралғылық  әрекеттер, 
иманды сақтауға игілікке бастаудың орнына, соқыр сенімге мұрындық 
болуынан  сақтанған.  Олардың  өз  заманының,  қоғамының  әдет-
ғұрпымен ымыраласуына қарап, шариғат шарттарымен қайшылық 
іздеуге қақымыз жоқ. Ал ислам дінінің сыртқы ғибадатын орындай 
тұрып  осыған  тоқмейілсіп,  адамгершіліктен  тайғандар  да  болған. 
Ғибадат тек ішкі иманның күзетшісі екенін ұмытып қазынасы жоқ 
кенішті күзетудің сырт сипаты болмаса ішкі мәні мағынасы жоғын 
білмеушілер.  Онымен  қоймай  сыртқы  түрін  түзеп  алып,  өзгені 
имансыз деп жазғырып діннен бездіруші дүмше молда, ел бұзарлар 
әр заманда болған.

 
 
 
                      
                                                  139
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Олар халықтың бұрынғы тұрмыс салтында қалыптасқан дәстүр-
лерінен  шариғатпен  қайшылық  іздеп,  өздерінің  білімділіктерін, 
көптен  оқшаулықтарын  дәлелдемекші  болған.  Салт  дәстүрлерге 
сай  өмір  сүру,  ырымдарды,  әдет-тиымдарды  ұстану,  обал-сауапты 
білуі. Адам баласы өзінің жақсы ісінің сауабын алса, жамандығының 
азабын тартады, мысқалдай нәрсе таса қалмайды деген дін-имандағы 
ұғыммен  өзектестігін  көреміз.  Қазақ  халқының  салт-дәстүрінде, 
ырым-жоралғыларында  ерекше  бір  жүйе,  терең  сыры  бар  екенін 
білеміз.  Бұл  адам  баласын  белгілі  бір  тәртіпке,  мұқият  болуға, 
әрбір  ісін  ыждахатпен  атқаруға  тәрбиелейтінін  аңғарамыз.  Әрбір 
жаратынды,  жасалынды  айнала  қоршаған  заттарға  құрметпен 
қарау,  олардың  қадір-қасиетін  біліп,  ысырап  қылмай,  қажетіне 
қарай  игілікті  іс  үшін  қолдану  естен  шығармайтын  қағида  ретінде 
белгіленеді. Белгілі бір ырымды тию салуды, мәселен, (бүйір таянба), 
(босаға керме), (суға түкірме), (көкті босқа жұлма) т. б. тиымдарды 
артық  сұрақ  қоймай  орындауға  тәрбиелейді.  (Неге)  деген  сұраққа 
бір  жауап  (жаман  болады)  немесе  (жаман  ырым),  яғни  иманға 
байланысты  сұрақтарға  күмәндануға  болмайтынын  қазақ  бала 
кезінен  тәрбиелейді.  Иман  шарттарын  халықтың  тұрмыс-салтына, 
әдет-ғұрпына  дәстүріне  үйлестіре  отырып,  халықты  дін-иманға 
уағыздаған  көкей  көзі  ашық,  рухани  ұстаздар  әр  заманда  да  қай 
халықтың  арасында  болсын  бар.  Халық  ол  адамдарды  уәли,  әулие 
тұтқан,  олар  аты  аңызға  айналып,  сан  ғасырлар  халық  жадында 
сақталған. Ол адамдар тіршілігінде діні қаттылар тарапынан болсын, 
дінсіздер тарапынан болсын көп қуғын көреді, бұ дүниеден озуымен 
қадірі артып, игі істері жаңғырып, адамгершілік тағылымы, ұстаздық 
ғибраты, уағыз-насихат, асыл сөздері өлмейді. Халық санасын оятып, 
жүрегіне жол табады, тың рухани серпіліс береді. «Аруақ шақыру» 
деген  тіркестер  бақилық  болған  Ата-баба  рухына  іс-қимыл  таңу 
емес, ел қамын жеп, ерлік дәстүрін сақтап, халқы үшін жанын пида 
адамның  рухының  жоғарылығын,  рухани  қуаты  мол,  ержүректігін 
білдіреді.
Дүниеден  өтіп  кеткен  адамның  жамандығын  айтуға  болмайды 
дейді  халық  даналығы.  Яғни,  дүниеден  өтіп  кеткен  адамның  ақ-
қарасына жалғыз төреші Хақ Тағала. Өлген адам өзінің айтқан сөзі, 
істеген ісі жайлы оның қандай түпкі ниетпен айтылғанын түсіндіріп, 
ақ-қарасын ажыратып бере алмайды. Көптеген ізгі ниеттен шыққан 
сөз бен іс бұрмаланып басқа өң-түр алатыны белгілі. Түрік халқының 
діні – (Тәңірі) деген ұғым бар. Түрік тіліндегі (Тәңірі) сөзі парсыларша 
(Құдай),  орысша  (Бог),  арабша  (Иллаһ)  сөзінің  баламасы  ретінде 
түрік-мұсылман  ғұламаларының  еңбектерінде  қолданылып  келді. 

140 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бұл  сөз  түрік  тілінде  Мұхаммет  пайғамбар  заманына  дейін  бар 
және  бір  құдайға  сенудің  атауы  болған.  Сондықтан  тәңірі  дінін 
көптеген  зертеушілер  монотеистік  дін  ретінде  таныған.  Сондықтан 
да түріктердің Тәңірі туралы ұғым түсініктерінің ислам дінінен қуат 
алып  үйлесім  табуы,  белгілі  бір  жүйеге  түсіп,  халықтың  исламды 
жатсынбай қабылдауының имандылық негізі бар.
Әр  нәрсенің  күнгейі  мен  көлеңкесі  болатынындай  Құдайды 
бар  және  бір  деп  танудың  жалпы  негізі  Тәңірінің  транцендентті, 
мекенсіз, жоғары, абсолюттік билік иесі, жаратушы тағы сол сияқты 
сипаттарын  беретін  –  Көк  тәңірі  деген  ұғымда  сақталғанымен, 
ислам діні енгенге дейін түрік халықтарының Тәңірі туралы ұғымы 
бұрмаланбай қалған жоқ. Сондықтан да, (жер тәңірісі), (су тәңірісі), 
(тау тәңірісі) т. б. дейтін натурпантеистік бұрмалаулар болғаны сөзсіз. 
Ал  бұны  түрік  мәдениетінің  ерекше  құбылысы,  елде  жоқ  табысы 
қылып көрсету мақсат па екен? Мұндай бұрмалауға теріс пиғылдарға 
қарсы күресетін Алланың сүйген құлдары сол замандарда-ақ дүниеге 
келіп  адамдарды  дұрыс  жолға  салғаны  сөзсіз.  (Өлі  десе  өлі  емес, 
тірі десе тірі емес Қорқыт Ата әулие) – деген халық ғасырлар бойы 
жадында  Қорқыт  Ата  жайындағы  аңыздарды  сақтады.  (Аңыз  түбі 
ақиқат) – аңыздардың өміршеңдігі Қорқыт бабамыздың әулиелігінің 
бір  белгісі.  Ондай  адамдар  дүниеге  халықтың  күйзеліп  рухани 
мұқтаждыққа  ұшыраған  уақытында  келетін  болған.  Олар  хақиқи 
білім  әкелетін  себепті  де  ел  санасына,  қоғам  өміріне  тың  серпіліс 
қозғалыс  әкелетін,  елді  имандылыққа  үндейтін.  Ал  елдің  иманға 
ұйуы,  игілікті  бақытты  тұрмысқа  ұласатын.  Халықтың  азғындаған 
дәуірлері  пұтқа,  отқа,  жеке  адам  басына,  тауға,  тасқа  т.  б.  көзбен 
көріп  қолмен  ұстайтын  нәрсеге  табынумен  сипаталатын.  Осындай 
соқыр  сенім  ақылды  бұғаулап,  рухты  басып-жаншып  өсірмеуінің 
және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден бір себебі. Соқыр сенім 
– халықты тобырлық тасқын күшке айналдырып арандатар тұстары 
да  белгілі.  Иман  болса  рухтың  серпіліп,  ақылдың  биікке  құлаш 
жаюының кепілі. Адам баласы өскелең рухтың иесі болуымен қатар 
нәпсі шырмауынан азат емес. Адам өскелең рухтың, ұлы аманаттың 
иесі болғандықтан да бүкіл ғалам жаратылысының – мән-маңызы. 
Қазақ хандығы дәуірі қарсаңында бастау алған, халықтың ерлік 
дәстүрінен,  арман  мақсатынан  хабар  беретін  бір  сала  бұл  жыр 
толғаулар.
Ел, жер, халық тағдыры мен болашағы толғандырған жыршы-
лардың  насихат  (дидактикалық),  арнау,  толғау,  мадақ,  мағыналы 
жырлары  ел  аузында  сақталды.  Ғасырлар  бойы  өзінің  отансүйгіш-
тік  өршіл  рухымен,  имандылық  ғибратымен,  таным  тағылымымен 

 
 
 
                      
                                                  141
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
көп  көкейіне  жол  тапты.  Толғауларға  тән  сипат  олар  халықпен 
етене  жақын,  солардың  мұң-мұқтажын  жоқтайды,  елге  танымал 
тарихи  оқиға,  келелі  кеңес  жайлы  әңгімені  баяндайды.  Жыршы 
көпке  белгілі  әңгіме  желісін  ала  отырып  шешен  тілмен,  тереңнен 
толғап,  қисынмен  сомдап  ғасырлар  бойы  қасиетін  жоғалтпайтын 
асыл  мұраға  айналдырады.  Нақыл-өсиет  сөздерден  түзілген  бұл 
жырлардың төгіліп тұрған шешендігінен, суырып салып жырлаған 
жырауларға  тән  ұшқыр  қиял,  алғыр  ой  мен  сыншыл  ақыл,  қара 
қылды қақ жарар әділ көңіліне куә боламыз.
Хан  қысылып,  қара  тоқырағанда,  осы  көкірек  көзі  ашық  дала 
данагөйлері  жырауларға  жүгінген.  (Өнер  алды  –  қызыл  тіл)  деп 
білген халық суырылып шығып сөз бастаған ерлердің уәжіне тоқта-
ған.  Заман  талабына  сай  аса  елеулі  оқиғаларға  байланысты,  хан 
қасынан,  іс  басынан  табылып  отырған  осынау  жыраулар  бірде  хан 
мен батырды жарастырушы, бірде хан қаһарын жұмсартып, бірде ел 
толқуын басып, ел елдігін сақтаушы данышпандығымен көзге түседі.
(Анығында өсиетшіл қария, толғаушыл-жыраудың негізгі міндеті 
өлеңшілік емес, елге басалқы айтып, басшылық жасау болатын. Бұл 
екеуі де ең алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, 
қырағысы  болады.  Сондықтан  әрқайсысы  өз  елі,  өз  табының  не 
биі,  не  батагөйі  болады.  Екеуі  де  жалғыз  ел  ақылшысы  емес,  елді 
меңгерген  хан  мен  бектің  ақылшысы,  уәзірі  есебінде  болған…  Көп 
елге хан жарлығын орнату керек болса, айтқан сөзі ем болатын дуалы 
ауыз да осылар… Бұл адамдар ең алдымен ел меңгеру жолындағы 
саясат адамдары болғандықтан көпке айтқан сөздерінің барлығы ел 
мұңына, ел қамына арналған сөздер болады. Бұлар өз заманындағы 
қазақтың  жоғары  табынан:  билер,  басшылар  ортасынан  шыққан, 
өздері әкім. Сондықтан ел тізгінін ұсаудың бір шарты, көптің қамын 
жеу болғандықтан, артында қалған сөздерінің барлығы әлеуметшілдік 
сарынымен айтылады) – деп жазды Мұхтар Әуезов.
Әр  ханның  тұсында  ел  мен  хан  арасын  жақындастыратын, 
ханның  арынын  басып,  ел  тізгінін  тежейтін  жыраулар  болғаны 
тарихтан  белгілі.  Мәселен,  әрқашан  ханға  кеңес  берер  ақылгөй 
жырау,  абыз  ретінде  Қорқыт  бабаның  Дерсе  хан,  Асанқайғының 
Жәнібек хан, Шалкиіздің Би Темір, Жиембеттің Есім хан, Бұхардың 
Абылай  хан  жанынан  табылуы  осының  дәлелі.  Осы  хандардың 
әрқайсысы  ел  басына  күн  туған,  ханның  біліктілігіне,  ел  бірлігіне, 
ердің  батырлығына  сын  болған  шақтарды  ел  басқарған  тарихи 
тұлғалар. Ал, осы хандардың әрқайсысының тұстасы, адам-гершілік
имандылық,  отансүйгіштік  қағидаларына  берік,  ақылгөй  ұстаз, 
қауымды бірлікке шақырушы рухани көсемдердің болуы, ел басына 

142 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
туған  қиын-қыстау  шақтарда  ел  басшысымен  рухани  көсемнің 
мақсат-мұраттарының бір арнаға тоғысуы ел мүддесіне сай келген.
Осы кезеңдегі өзінің өршіл, асқақ рухымен белгілі, атамекеніне, 
Отанына деген үлкен махаббат иесі Қазтуған жырлары бар. Оның ел 
қорғаны батыр, ру бастаған көсем болуы, әділдікті ту қылып ұстаған 
мақсаты мадақ жырынан көрінеді.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын бұзып өтіп дінді ашқан
Сүйініш ұлы Қазтуған!!!
(Мұсылман) мен (кәпір) деген тұспалды сөздің мағынасы сыртқы 
ғибадат формаларымен ерекшеленулерін басты мақсат тұтып, ішкі 
мәні  иманды  ұмытқандарға  жөн  сілтегенін  көрсетеді.  Діннің  ішкі 
мәні (иман) осы жерде шартты түрде алынған (мұсылман) – (кәпір) 
қайшылығы арасында қалып қоятынын көрсету үшін екеуінің (арасын 
бұзып өтіп дінді ашудағы) іздегені осы (иман) мәселесі – діннің негізгі 
мәні болса керек. Яғни, адамның діни фанатизмі құрсауынан шығып, 
діннің терең мәні – иманды табуын (бұлттан шыққан айды), (мұнар 
болған күнді) ашуымен бейнелейді.
Хандық  дәуірден  бізге  жеткен  жазба  мұралардан  да,  ауыз 
әдебиеті арқылы жеткен жыраулардың толғауларынан да имандылық 
ғибраты,  адамгершілік  мақсат-мұраты  көрініп  тұрады,  ақыл 
насихаттық сипатымен, дидактикалық мазмұнымен айқындалады.
Әдебиеттер
Кшибеков Д. Философия истории и современность. – Алматы: Ғылым, 
2002. – С. 47–48.
2 Қазақтың көне тарихы / Дайындаған М. Қани. – Алматы: Жалын, 1993. – 39 б.
3  Тарақты  А.  Ауызша  тарихнама  //  Қазақ.  Жоғары  оқу  орындары 
студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 1994. – 31 б.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата, 1961–
1972. – Т. 1. – 390 б.
5  Халид  Құрбанғали.  Тауарих  хамса:  (Бес  тарих)  Ауд.  Б.  Төтенаев,  А. 
Жолдасов. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 50–51 бб.
6 Қараңыз: Егемен Қазақстан. – 2001 жыл, 6 наурыз.
Юдин В.П. Переход власти к племенным биям и неизвестной династии 
тукатимуридов в Казахских степях в XIV в. (к проблеме восточных письменных 

 
 
 
                      
                                                  143

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет