Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ыдырап, бөлшектеніп кетуге бейім болатын. Міне, осындай жағдайда 
елді  біріктіруші,  топтастырушы  фактор  ретінде  хандық  жүйенің 
саяси-әлеуметтік институт ретінде үлкен қызмет атқарғаны белгілі. 
Қадырғали  Жалайыр  түркі  тайпаларын  «алаш  мыңы»  деген  ұғым 
арқылы  біріктіре  қарастырады.  Сонымен  қатар  Борис  Годунов 
патшаның ықпалында болғандықтан бұл одақтың да тиімді тұстарын 
алаш хандығы үшін пайдаланғанды жөн деп санайды. Осыдан ұлы 
ойшылдың жәй ғана хан сарайындағы уәзір емес, саяси парасаттылығы 
жетілген  мәмілегер,  даналығы  мол  ғұлама  екендігін  байқаймыз. 
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Алаш жеріндегі негізгі осал тұс – 
хандықтар мен сұлтандықтарға бөліну, ыдырампаздыққа бейімділік 
екендігін көрсеткендей. Шынымен де, мықты тәртіп, рухани келісім 
мен  бірлік  болмаған  жерде  елде  де,  жерде  де  береке  болмайтыны 
белгілі.  Ал,  дала  даналары,  ғұламалары  осы  жағдайды  терең
түсініп, әр кезде адамдар арасындағы біріктіруші тетіктерді дамыту-
дың,  халықты,  мемлекетті  бөлшектейтін,  адамдарды  бір-бірінен 
алшақтайтын нәрселермен күресудің қажеттігін айтумен болған.
Қадырғали Жалайыр дүниетанымы
Егемен  мемлекет  регінде  әлемдік  қоғамдастыққа  еніп,  өрке-
ниетті елдер қатарына қосылуға ұмтылыс жасап жатқан Қазақстанға 
толысқанды  да  жан-жақты  дамыған  ұлттық  ойлау  жүйесін  қалып-
тастыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін көптеген факторлармен 
қоса әлемдік рухани тәжірибені, халқымыздың дәстүрлі мәдениетін, 
шығыс елдерінің үлгілерін тиімді пайдаланғанымыз жөн.
Шығыстағы  қайта  өрлеу  дәстүрлерінің  мәдени-әлеуметтік 
байланыстарын  өз  тарихымыздың  әртүрлі  кезеңдеріңдегі  қарым-
қатынастарымен  зерделеп,  оларды  қайта  қарап,  мүмкіндігінше 
синтездеу керек.
Еліміздің тарихында ерекше орын алатын кезең ХV ғасыр – Қазақ 
хандығының құрылып, нығая бастаған шағы. ХVІ ғасырдың ортасы, 
ХVІІ ғасырдың басында өмір сүрген атақты тарихшы, дарынды ойшыл, 
мемлекет  қайраткері,  қазақ  халқының  біртума  ұлы  Қадырғали  би 
Қосымұлы  Жалайыр  туралы,  оның  өмірі  мен  шығармашылығы 
жайлы  біраз  тарихшылар  жұмыстар  атқарды.  Бірақ  ғалымның 
дүниетанымы, толыққанды салауатты көзқарасы, әлеуметтік ойлары 
туралы әлі сөз қозғалған жоқ. Ал оның «Шежірелер жинағы» атты 
еңбегі ұлтымыздың мәдени және рухани тарихында алатын орны мол. 
Шоқан Уәлиханов Жалайырдың кітабын «Жылнамалар жинағы» деп 
атап, одан бірнеше тарихи үзінділер келтіреді [4].

 
 
 
                      
                                                  83
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Орыс  ғалымы  И.Н.  Березин  1854  жылы  Қазан  қаласында 
бастырып  шығарған  осы  аталған  еңбек  Қазақстанда  түпнұсқа 
күйінде  Р.  Сыздықованың  дайындауымен  1989  жылы  –  Алматыда 
жарық көрді. 1991 жылы осы автор және М. Қойгелдиев екінші рет 
осы  күнгі  қазақ  тілімен  берілген  аударманы  жариялады.  Ал  1997 
жылы «Қазақстан» баспасы еңбектің толық аудармасын, мазмұнды 
алғысөзбен  жұртшылық  назарына  ұсынды.  Кітаптың  кіріспесінде 
айтылып  көрсетілгендей,  бұл  тарихи  еңбек  өз  заманындағы 
ортаазиялық жазба дәстүрінде жазылған.
Қадырғали Жалайырдың өзі туралы, шыққан тегі мен өмірбаяны 
жөніңдегі деректі осы кітаптан алуға болады. Шыкқан тегі – Жалайыр 
тайпасы,  ол  тарихта  көптеген  уақыттан  белгілі.  Автор  Шыңғысхан 
заманынан бері қарай ата-бабалардың шежірелерін таратып береді. 
Ж.Дәдебаевтың пайымдауына сүйенсек, Қадырғали бек, өзінің шығу 
тегін былайша баяндайды:
Қадырғали бек – Темшік баһадұр – Анжы баһадұр – Адымшейх 
мырза ағасы Қарашбек – Құбай Қамбар мырза – Айдаулы бек – Шейх 
Софы бек – Тебре бек – Саба баһадұр – Сартақ нойан.
Бектің арғы аталары Сартақ нойан, Саба баһадұр Шейх, Софы бек 
– Шыңғыс хан тұсында алаштың ұлық кісілері ретінде хан ордасында 
үлкен мәртебеге ие болған ірі қайраткерлер. Ал Қадырғали бектің өзі 
Көшім ханның уәзірі, бас кеңесшісі болған, Сібір хандығын сырттан 
келген басқыншылардан қаны мен терін төгіп қорғаған ірі мемлекет 
қайраткері [5].
Еңбектің  жазылу  себебін  Қ.  Жалайыр  былай  түсіндіреді: 
«бұл  тарихтың  жазылуына  (жазылуына  себепші  болған)  жоғарғы 
мәртебелі  Ораз-Мұхаммед  ханның  ата-анасынан  бері  құлдық  қыла 
келген  жалайыр  тарақ  тамғалы  еді.  Парсы  дініндегі  Шыңғыснама 
кітабынан түрік тіліне аударады, ал кейінгі замандары болғандарды 
өзі  естіп  білгені  бойынша  алла  тағала  жәрдем  беріп,  теріп  жазды. 
Патша  Борис  Федоровичтың  мәңгі  әділдігін,  ақтығын  және  тағы 
мәртебелі  Ораз-Мұхаммед  ханды  жоғары  мәртебелі  патшаның 
құрметпен хандыққа отырғызғандығын баяндау үшін жазылды» [2, 
126 б.].
Ал  Ораз-Мұхаммед  кім?  Ол  Тәуекел  ханның  (1586–1598)  інісі 
Ондан  сұлтанның  баласы  еді.  Ал  оның  аталары  Ұрыс  хан,  Барақ 
хан,  Жәнібек  хан,  Менғой  хан  Алтын  Орда.  Ақ  Орда  және  қазақ 
хандығындағы белгілі тарихи тұлғалар. Оны 1588 жылы 16 жасында 
орыс  воеводасы  Данил  Чулков  алдап  қолға  түсіріп,  тұтқындап 
Мәскеуге  жібереді.  Орыс  патшасы  Қазақ  ханының  туысын  қолда 
ұстап,  келешекте  күн  туа  қалса,  оны  алдыға  тартып,  қазақтарды 

84 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
айтқанына  көндіруге  тырысты.  Кейінде  Ораз-Мұхаммед  «Қасым 
патшалығын» басқарды. Кітаптың соңғы бөлігінде бұл оқиғаларды 
Қ. Жалайыр толығымен жазады: «Ораз-Мұхаммед хан сегіз жасында 
өзінің атасы Шығатай ханнан айрылды. Оның үстіне он үш жасында 
өз әкесі Ондан сұлтан шаһит болды. Одан соң және бірқанша уақыт 
таршылық көріп Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Он алты 
жасында  Бүкіл  христиан  падишаһы  Борис  Федоровичке  қызмет 
істеуге дайын болды.
Сол  күннен  бұл  күнге  дейін  патша  Борис  Федорович  ханның, 
қызметін атқарып келеді. Патша ағзам өз қызметшісін жарылқағаны 
тарихтағы  мыңыншы  (1000)  доңыз  жылының  (біздің  жыл 
санауымызша 1610 жыл) ақырында еді. Хамал (арабша қой мағынасын 
береді)  бұрчқа  келгенде  тышқан  жылы  еді.  Рамазан  Әнмағам 
атында он бесінші күні, Бұкіл орыс патшасы Борис Федорович үкім 
жарлығымен оңды солында қарашылар (уәзірлер) құрметті бектерді 
отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық аңдаздармен маңғаздап 
және саясатпен қол қусырып, бас иіп игі жақсылар тұрды. Осындай 
салтанатпен Ораз-Мұхаммед хан Ондан сұлтан ұлын аса құрметтеп, 
ханға мүбәрәк қылды, құтты болсын айтты» [2, 124 б.].
«Шежірелер  жинағы»  бұрынғы  тарих  пен  қазақ  хандығының 
ХVІ ғасырдың аяғына дейінгі оқиғалар шежіресі еді.
Қ.  Жалайыр  өте  білімді  адам  болған.  «Дүниеде  көп  елдерде 
болдым, көп оқыдым» дейді ол. Көне түркі, араб, парсы тарихын, сол 
елдердің тілдерін молынан меңгерген ұлы тұлға. Неше қилы тарихи 
деректерді, адамдар аттарын, мемлекет, жер-су атаулары келтірілген 
бұл  кітап  әлі  өзін  толық,  жүйелі  зерттеулер  күтіп  тұрған  сияқты. 
Оған тарихшылар, тіл мамандары, саясаттанушы, мәдениеттанушы, 
дінтанушылар тезірек атсалысса өте үлкен іс тындырылған болар еді. 
Ал біздің алға қойған мақсатымыз, қолда бар мағлұматтарға сүйене 
отырып,  Қ.  Жалайыр  дүниетанымының  кейбір  қырларына  үңіліп, 
оқырмандарға оларды сипаттап берсек дейміз.
Қ. Жалайыр заманы туралы
Қадырғали  ғұмыр  кешкен  кезең  Қазақ  хандығының  құрылуы 
мен нығаюына тұспа-тұс келген еді. Нығмет Мыңжанның айтуынша, 
бұл  кезде  ел  ішінде  бейбіт  береке  орнаған  болатын.  Мұның  өзі 
көшпелі  шаруалардың  бұрыннан  қалыптасқан  дағдылы  дәстүрге 
бай  мал  жайылыстарынан  мерзім  бойынша  тиімді  пайдалануын, 
дер  кезінде  өріс-қоныс,  жайлау-қыстауларына  көшіп-қонуын, 
бейбіт  өмір  өткізіп,  өндіріспен  шұғылдануын  қамтамасыз  етті. 

 
 
 
                      
                                                  85
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Бұл жағдайлар қазақ 
хандығының белін бекемдеп, беделі мен күш қуатын арттырды. Қазақ 
хандығында өмірдің оңала бастағанын көрген қазақ тайпалары басқа 
хандықтардың  (ноғай  одағының,  Моңғолстанның,  Сібір  хандығы-
ның) телімінен құтылып, қазақ хандығына қосылуға талпынды. Бұл 
қазақ тайпалары мен олардың этникалық территориясын біріктіруге 
тиімді болды [6, 240 б.].
«ХV ғасырдың ақыры мен ХVІ ғасырдың алғашқы он жылдық-
тарында  қазақ  халқын  құрайтын  негізгі  этникалық  топтардың 
мемлекеттік  бірлестігі  халықтың  бірігу  барысын  жеделдете  түсті. 
Әбілхайыр  мен  Ақ  Орда  хандарына  қарағанда  Қазақ  хандығының 
ерекшелігі – анағұрлым кең де берік этникалық негізі қалыптасқан 
қазақ халқы болды» [7, 664 б.].
Моңғол  шапқыншылығынан  кейін  барлық  қазақ  рулары  мен 
тайпалары  Жетісуда  алғаш  рет  бір  мемлекетке  біріктірілді.  Қазақ 
хандығы нығайып, халқының бірігу барысы жеделдеу мен бірге, оның 
«қазақтар» деген атауы да бекіді [7, 385 б.]. «Қазақ хандығының саяси 
және экономикалық жағдайы Қасым ханның тұсыңда (1511–1523) одан 
әрі нығайды. Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, 
әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. 
«Тарихи-и-Рашиди»,  «Шайбанинама»,  тағы  басқа  деректемелердегі 
мәліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының 
негізгі аудандары Қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» 
[7,  385  б.].  «ХVІ  ғасырдың  екінші  онжылдығында  Қасым  хан  ұлан 
байтақ  қазақ  территориясын  өз  қол  астына  қаратты.  Бұл  кезде 
Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, 
Түркістан  аймағындағы  (Сырдария  бойындағы)  қалаларды  басып 
алды.  ІПығыс  оңтүстікте  оған  Жетісу  жерінің  дені  (Шу,  Талас, 
Қаратал,  Іле  өзендерінің  алабы)  қарады.  Солтүстік  және  шығыс 
солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау 
тарамдарына дейін жетті, батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын 
қамтыды (Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласы Бұрындық 
хан  тұсында  –  1518  жылы  қарады  делінсе,  кейбір  деректерде  1523 
жылы Қасым ханның 70 жасында қарады делінеді [7, 385 б.].
Осының  арқасында  мемлекеттің  беделі  артып,  сыртқы  саясат 
пен  дипломатиялық  қарым-қатынас  аясында  белгілі  табыстарға 
қол  жеткізді.  Қазақ  хандығы  өз  Кезінде  өмір  сүрген  Орта  Азия 
хандарымен,  Еділ  бойындағы  елдермен,  батыс  Сібір  хандығымен 
және орыс мемлекетімен сауда-саттық және дипломатиялық қарым-
қатынас  орнатты.  Тәуекел  хан  тұсында  Ресей  мемлекеті  мен  Қазақ 
хандығы  арасындағы  байланыс  күшейе  түсті.  Ресейдің  мұндағы 

86 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мақсаты  Қазақ  хандығымен  одақтасып,  Сібір  ханы  Көшімге  қарсы 
күресу,  осы  одақтастықты  пайдаланып,  Орта  Азия  хандарымен 
келіссөз  жүргізу,  Тәуекел  хан  мен  Иран  шахы  Аббас  I  арасында 
Бұхара  хандығына  қарсы  одақ  құрғызу  еді.  1554  жылы  қаңтарда 
орыс патша үкіметі Тәуекел ханға әскери көмек көрсетпекші болды. 
Тәуекел  ханның  інісі  Ондан  сұлтанның  баласы  Ораз-Мұхаммед 
пен  Қадырғали  Жалайыр  1588  жылы  Ертіс  бойында  тұйғын  салып 
жүргенде орыс әскерлері ұстап әкетіп, Мәскеуге апарып, «барымта» 
ұстап тұрған еді. Тәуекел хан өз ұлы Құсайынды Мәскеуге аманатқа 
беріп,  ондағы  Ораз-Мұхаммед  сұлтанды  қайтарып  алмақ  болды. 
Тәуекел  хан  1595  жылы  көкек-маусым  айларында  В.  Степанов 
бастаған  орыс  елшілігін  қабылдады.  Сөйтіп  орыс  мемлекеті  мен 
Қазақ  хандығы  арасында  Сібір  ханы  Көшімге  және  Бұхара  ханы 
Абдоллаға қарсы одақ қалыптасты.
Осы  кезде  болған  ірі  тарихи  оқиға  –  Көшім  хан  билеген  Сібір 
хандығының  жойылуы  еді.  Ресейден  Сібірге  жорыққа  аттанған 
Ермак-тың  жасағы  1582  жылы  Қазанда  Қуаш  тауында  Сібір  ханы 
Көшімнің  әскерлеріне  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  оны  жеңіліске 
ұшыратты.  Көшім  өз  әскерлерімен  оңтүстікке шегініп,  1598  жылға 
дейін  орыс  әскерлеріне  табанды  қарсылық  көрсетті.  Бірақ  Көшім 
көмексіз  қалған  еді.  Бұл  кезде  Көшімнің  Орта  Азиядағы  одақтасы 
Шайбани  әулеті  құлап  (1598),  оның  орнын  Аштархан  әулеті  (1599–
1735) басқан еді. Ақырында біржолата жеңілген Көшім Орта Азияға 
қашып  кетті  де,  1598  жылы  Сібір  хандығы  жойылды.  Бұрын  Сібір 
хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары қазақ хандығына 
бірікті. 
Қазақ хандығына Әбілхайыр хандығына, Моғолыстан хандығына, 
Ноғай одағына және Сібір хандығына қараған қазақ тайпалары енді. 
Қазақтардың  этникалық  территориясы  Қазақ  хандығына  бірікті, 
ол  қазіргі  Қазақстан  территориясын  түгелге  жуық  қамтыды.  Бұл 
Бұрыннан  басталған  қазақтың  халық  болып  қалыптасу  барысын 
біржола аяқтатты [6, 256–257 бб.].
Қазақ  тарихының  дені  біздерге  шежірелер  жиынтығы  ретінде 
келіп  жетті.  Қазақ  ру-тайпаларының  шежірелері  ерте  заманда 
ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпакқа жалғасып отырды. «Қазақ халқы 
200-ден аса рудан құралса, әр рудың өз шежіресі болған» [7, 232 б.]. 
«Зерттеушілердің  айтуынша,  жалпы  алғанда  қазақ  шежірелері  7 
ғасырдан бастап 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтыды» [7, 232 б.]. Бұл 
шежірелерде  белгілі  жүз,  тайпа,  бұдан  тараған  аталар  таратылып 
айтылуымен  қабат,  осы  аталардың  заманымыздағы  халықтың 
тұрмыс-тіршілігі,  ірі-ірі  тарихи  оқиғалар,  елдің  бір  жерден  екінші 

 
 
 
                      
                                                  87
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жерге  қоныс  аударуы,  бір  ел  мен  екінші  елдің  арасындағы  қарым-
қатынастар, сол замандағы тарихи адамдар, хандар, батырлар, билер, 
шешендер, ақын-жыраулар және олардың ел есінде қаларлық істері 
мен сөздері жайында құнды да құнарлы деректер сақталып отырды.
Қазақ  ру-тайпаларының  шежірелік  деректері  орта  ғасырда 
қағаз бетіне жазылып, ру басы билердің, сұлтаңдардың, хандардың 
ордала-рында  сақталатын  болды.  Өйткені  ру-тайпалар  бойынша 
басқарылып  келген  Қазақ  хандығы  сияқты  елде  бұл  шежірелерді 
білудің және жинаудың маңызды мәні болды. Көшпелі тайпаларды 
билеу, олардан алым-салық жинау, олардың арасынан әскери жасақ 
ұйымдастыру,  ру-тайпалардың  өріс-қонысын  белгілеу,  олардың 
арасында туылған дау-жанжалдарды шешу үшін хан, сұлтандар мен 
билердің шежіреге қанық болуы қажет еді [6, 368 б.].
Осындай шежірелер дүниесінің бір түріне Қадырғали Жалайыр 
шығармашылығы  жатады.  Осыған  тек  мысал  ретінде  төмендегі 
дастанды, көптеген дастандардың біреуі ретінде оқып көрелік.
«Мөңке  хан  Төле  хан  ұлы  Шыңғыс  хан  немересі  дастаны»: 
Мөңке хан Төле ханның үлкен ұлы еді. Сүйіркұқты бетінен туып еді, 
Жәкембуканың қызы, Мөңке ханның хатундары өте көп еді. Баршадан 
ұлы хатуны Құтықты хатун еді. Қауымы икирас, Буту гүргеннің ұлы 
Олдайдың қызы еді. Және бұл хатуннан екі ұл туды. Үлкенінің аты 
Балту, екіншісінің аты Орынташ еді. Бұл Орынташтың екі ұлы бар еді. 
Үлкені Сарман, кішісі Нұмаған. Және бұл үлкен хатуннан бір қызы бар 
еді Баялун атты. Бұл Баялунды Жауқоржынның ұлына берді. (Мөңке 
ханның) екінші үлкен хатуны бар еді, аты Окул Тұтмыш атты, қауымы 
Ойрат еді. Және бұл хатуннан ұл жоқ еді, екі қызы бар еді, үлкенінің 
аты Шырын, кішісінің аты Пижқа (Бичиқа). Және Шырынды Тайжу 
гүргеннің ұлына берді. Шырын өлген соң Пижқаны берді. Және тағы 
екі жақсы күңі бар еді. Бірінің аты Бабаужин атты, қауымы баяуыт 
еді. Онан бір ұл туды Ширки (Ширеки) атты. Және Бұл Ширкенің екі 
ұлы бар еді. Олар: Туратемір, Тоқантемір. Тоқгантемірдің ұлы бар еді. 
Ұлысбұқа атты. Екінші күңінің есімі Укуйти атты, елчигин сұңғақты 
еді. Бұл күңнен бір ұл бар еді Асутай атты. Бұл Асутайдың төрт ұлы 
бар еді, аттары мынадай: Олжай, Хулажу, Хинтум, Олжабұқа. Мөңке 
ханның ұрығы осымен тамам болды» [2, 101 б.].
Қазіргі  кезде  тарихи-философиялық  ғалымның  көптеген  әлем 
халықтарының  дүниетанымдық  мұраларын  зерттеген  тәжіри-
бесі  ұлттық  философиямыздың  қалыптасуы,  дамуы  және  негізгі 
бағыттары  туралы,  оларды  зерттеудің  теориялық  және  методоло-
гиялық  мәселелері  жөнінде  жиынтықталған,  жалпы  ойларды 
тұжырымдауға кең мүмкіңдіктер ашты.

88 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қазақ  философиясы  халқымыздың  тарихын  жан-жақты  түсіну 
үшін  үлкен  негіз  және  методологиялық  құрал.  Ол  қоғамдық  сана-
ның  басқа  да  түрлерімен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  оны 
зерттеп,  кең  түрде  насихаттамайынша  отандық  ғылым  тарихын, 
саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, 
діндарлығын  және  тағыда  басқа  пайымдау  қиыншылыққа  түседі. 
Халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан 
қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азамат-
тық қасиетімен, әлеуметтік әділеттікке жету жолдарын тікелей іздеу-
ге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жегістіктерімен ерекшеленеді.
Дүниежүзілік  қоғамдастыққа  ұлтымыздың  терең  де  тұңғиық 
философиялық  ойларын,  өзінің  шынайы  болмысын  және  бай 
мәдениетін  көрсете  білуіміз  керек.  Бұл  мақсатты  іске  асыру 
жолында  бұрыннан  қалыптасқан,  сіресіп  қалған  көптеген  ұғымдар 
мен  қағидаларды  сын  көзбен  қарап,  жаңаша  методологиялық 
шешімдер  жолын  ұсынғанымыз  абзал.  Осы  мәселе  арнайы  және 
комплексті  түрде  қарастырылуы,  қазақ  дүниетанымының  күрделі 
де  ажырамас  бөліктері  ретінде  бірқатар  құнды  зерттеулер  жасалу 
қажет.  Өз  кезегінде  зерттелінген  мәселелерді  қазақ  философиясы 
тарапынан байыта түсіп халқымыздың ішкі рухани дүниесінің өзекті 
проблемасы ретінде көрсете білгеніміз дұрыс.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуы-
ның көп сатыларында алдыңғы орынға экономикалық мүдделер мен 
саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы 
да басқа айшықтар шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни 
сенім және ақыл ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық 
пен  еріксіздік  және  тағыда  басқа  проблемалар.  Қазіргі  кезде 
қалыптасып келе жатқан отандық орта және элиталық кәсіпкерлерге 
тән  ұлттық  мәселе,  олардың  ой-өрісін  көрсете  отырып,  халықтың 
сана-сезімін  орнықтырып,  рухани  азаттыққа  жетелеуі  қажет-ақ. 
Дамудың қуатты қозғаушы күші болып табылатын халықтың басым 
көпшілігінің  экономикалық  өзгерістерге  белсене  араласпауы, 
жаңа  құндылықтар  жүйесіне  тезірек  бейімдей  алмауынан  шығу 
жолдарына  тікелей  ықпал  жасау  керек.  Сондықтан  өркениетке 
ұмтылған  ел  орнықты  дамуын  қамтамасыз  еткісі  келсе  қоғамдағы 
адамдардың рухани-адамгершілік дамуына бірінші кезектегі міндет 
деп қарауы заңдылық.
Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі 
заманда  әлеуметтік  қақтығыстар  мен  мемлекетаралық  қайшылық-
тар  бүкіл  адамзатты  қамтып  отырған  кезде  ең  маңызды  мәнге 
ие  болып  отыр.  Оның  әлеуметтік  және  мәдени-психологиялық 

 
 
 
                      
                                                  89
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға болады. 
Қоғамдастық  –  өзінше  бір  тарихи  институт,  оның  пайда  болуы 
арқылы қоғам өз мәніне ие болуының қабілеті деп қарау керек. Осы 
ұғым қоғамды құрушы күштердің әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі 
көрсете  білудің  бейнелерін  көрсетеді.Қазіргі  әдебиетте  философия 
мен қоғамдық ойдың арасын ажыратып зерттемеу белең алып кетті. 
Әсіресе  қазақ  философиясы  тарихына  және  саясаттану  мәселесіне 
арналған  соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  осы  көрініс  орын  алды. 
Философия  тарихы  өзінің  сапалық  өзгешелігінен  айрылып,  саяси 
идеялар  тарихы  және  сол  сияқтылар  төңірегінде  қалып  қойды. 
Бұған себеп тағыда философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеуде 
дер  едік.  Осы  орайда  жеке  ойшылдар  көзқарасы,  жекелеген 
философия  мәселелері,  тұжырымдалған  ой  жүйелері  біршама 
осы  проблемаларды  айшықтай  түсуге  көмегі  бар.  Дегенмен  оның 
түп-тамыры,  логикалық  шеңбері,  гнесеологиялық  негіздері  мен 
онтологиялық  статусын  анықтап,  терең  зерттеу  алда  тұрған  үлкен 
мақсатқа айналуы тиіс деп бағалауымыз абзал. Қазіргі кезде ойлау 
жүйесінің  шеңбері  ұлғайып,  ауқымджалып,  ғылымды,  қоғамды 
және  адамның  өзін  дұрыс  бейнелеу  белесіне  жетугеьмүмкіншілік 
бар. Оның басты бағыты – зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, 
өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой өрісінен, елегінен 
өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін 
таразылау,  сақтау  және  жаңарту.  Осы  мақсатта  мына  мәселелер 
зәрулік  танытады:  қоғамдық  келісім  және  демократиялық  даму, 
адам және қоғам, нарық және ғылым байланыстары. Ерекше бөліп 
қарайтын мәселе азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының 
орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген 
қоғамдық ой негізі орын алуда. Дегенмен бұл идея өткен қоғамдағы 
лозунгтардың  біреулеріне  ұқсас,  негізінен  саяси  мәнге  ие  болып 
тұрған сияқты. Ұлттық идея – адамдар-дың ішкі рухани дүниесімен 
астасып жатуы ғанибет. Сондықтан біздің ойымызша қазақ идеясы 
мынадай формулаға айналса ұлтымыздың өресінен шығама дейміз: 
«Еркіндік түбі бірлікте!».
Ойшылдардың  дүниеге  көзқарастары  олардың  өздерінің  ерек-
шеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей 
бөлініп  жатады.  Негізгі  көксеген  мақсаттары  әрқилы  әлеуметтік 
топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою. Осындай 
әртүрлі  идеялардың  түп  тамырын,  концепцияларын  тап  басып, 
оларды жиынтықтау өте күрделі мәселе.
XX ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философия-
сының  негізгі  принциптері,  даму  жолдары,  жеткен  биігі  мен 

90 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық 
және концептуальды қателері бар. Зерттеуге жататын мәселелердің 
бастылары  –  қазақ  қоғамының  экономикасы,  саяси  және  рухани 
өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан 
қалыптасып келе жатқан ғылым – қазақ философиясының тарихын 
қай  тұрғыдан,  қай  теориялық  деңгейден  зерттеуіміз  керек  деген 
проблема  қазір  өте  зәру  мәселе.  Адамзаттың  даму  процесіндегі 
даңғыл  жолдан  тайған  тоталитарлық  жүйе  философиялық  ойды 
да  тұғырыққа  тіреді.  Ал  осыдан  қазіргі  кезде  қалай  және  қай 
бағытта  шығуға  болады және  қандай  методологиялық құралдарды 
басшылыққа  алуымыз  керек?  Осындай  және  басқа  мәселелерді 
көрсетуге арналған еңбектер қазір баршылық.
Қазақ мәдениеті тарихтың әрқилы кезеңдерінде басты дамыған 
елдердің  мәдениеттері  мен  біршама  байланыста  болып,  олардан 
тікелей  немесе  жанамалай  импульстер  алып  отырды.  Сыртқы 
әсерлер негізінен қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи 
қажеттілігіне,  қандай  мәселелерге  зәру  болуына  байланысты,  өз 
пайдасын  тигізіп  отырды.  Осындай  ерекшеліктер  қазақ  филосо-
фиясының  ойлау  жағдайларын  қалыптастырып,  ұлттық  дәстүрлер 
мен бағыт-бағдарларын құрды.
Халықтардың  қоғамдық  санасының  даму  процесінде  филосо-
фиялық дәстүрлер қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік 
дамуының  ерекшеліктері,  рухани  өзгешеліктеріне  қарамастан 
қазақ  философия  тарихында  оның  әр  кезеңдегі  сатысында  өзінше 
дамып  отырған  филосо-фиялық  ойлардың  ішкі  байланысы  бар 
екенін  және  олар  бірін-бірі  заңды  түрде  алмастырып  отырғанын 
анықтауға болады. Ұлы Абай айтқандай «Адам бол» идеясы бұрынға 
фольклордан  бастап  осы  заманғы  қазақ  философиясына  тән  ортақ 
және  ұдайы  дамып  келе  жатқан  идея.  Оның  басты  ерекшелігі 
руханилықты  тәрбиелеу  –  адамгершілік,  жауапкершілік,  ойлау 
мәдениетін, тұтас дүниетанымды тәрбиелеу.
Әл-Фараби философиясында, оның атап көрсетілгеніндей, қазақ 
рухани жүйесі әрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа» теңдікке 
жету жолдарын қарастыруға бет бұрған. Қазіргі кезде қалыптасқан 
зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді жан-жақты 
және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасайды. Солардың ішіндегі 
кейбір өзекті мәселелерді атасақ, олар мыналар: жеке адамдар мен 
жекеменшік қатынастар үйлесімділігін айқындауға мүмкіндік бере-
тін  ашық  қоғам  орнату,  елдің  бүкіл  экономикасын  тұраұтандыру, 
ілгері жылжу кезеңіндегі нарық заңдарына көшу, адамдарға толық 
құқық  беретін,  әділ  бәсекеге  түсуге  жағдай  туғызатын,  саяси-

 
 
 
                      
                                                  91

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет