Философия, саясаттану


III тарау.  Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет19/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34

III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
деген  өсиеттi  ұстайды.  Жырау  бiрде:  «Ғылымым  жұрттан  асты 
деп, кеңессiз сөз бастама» дейдi. Сөз астарында өзiм болдымдыққа 
салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме деген уағыз сарыны 
аңғарылады.
«Есенiңде,  тiрiңде,  бiр  болыңыз  бәрiңiз»  деп  халықты  бiрлiкке 
шақырады. Онсыз «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан 
шалар» деп ертеңгi күнге бұлыңғырлық төнiп қалар деген болжамын 
еске  салады.  Адамдық  ұстаным  –  борышты  мiндеттердiң  жауапты 
саласы.  Оны  бұзушылық  –  ойшыл  үшiн  жат  құбылыс.  Жырау 
әдептiлiк сұранысын былай түйiндейдi:
Естi көрсең кем деме,
Бәрi тұйғын табылмас; 
Болатын  адам,  өсетiн  ел  тәуiр  көретiнмен  жалған  айтып 
суыспайды,  болмайтын  нәрсеге  кiжiнесiп,  желке  құрыстырып 
ұрыспайды.  Әдептiлiктiң  әр  қыры  мен  сыры  –  бақыт  көрiнiсiне 
лайық. Дегенмен бақыт – адамға деген ерекше сыйласу мен махаббат 
сезiмнiң  үйлесiмi  мен  иiрiмi.  Бақытты  жандар  ғана  өзара  түсiнiсе 
де, жақындаса да, бiрiге де алады. Бақытқа кедергi – ағайын мен ел 
арасындары бiтiмсiздiк, ондағы мүдде алшақтығы, қасиет кенжелiгi, 
сөйлесу  қағидасының  бұзылуы.  Сөйлесуде  өзара  түсiнiк  жетiспесе, 
онда үйлесiмдiлiктiң, ынтымақтың болмауы. 
Бұл заманда не ғарiп? 
Ақ қалалы боз ғарiп, 
Жақсыларға айтпаған 
Асыл, шығын сөз ғарiп...
 
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп [2, 27 б.]
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi 
де, зардабы да көбеймек. Ғарiптiк – заман ағысы адамзат тiршiлiгiне 
ыңғайсыз  жағдайда  дерт  болып  асқындамақ.  Бiрақ  ақын  заманды 
құрастырушы  мен  билеушiлердiң  мiнез-құлқын,  iс-әрекетiн  сынап, 
мiнедi. Адамын тану арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын 
пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды 
өз талаптарына сай дұрыстауға ықылас-ынта бiлдiредi..

162 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Асан Қайғы дүниетанымы мен этикалық-философиялық көзқа-
растарының өзегiн адам мәселесi құрайды. Адамның адамгершiлiгi, 
оның  сезiм  әлемi,  мұраттары,  жалпы  үйлесiмдiлiкке  жетелейтiн 
жолдары,  жамандықтан  аулақ  болуға  деген  талпыныстары  көркем 
образдардың  мәнiн  құрайды.  Асан  Қайғының  пiкiрiнше,  тек 
жақсылықтар  мен  қуаныштардың  салтанатынан  құралмаған,  яғни 
тарихтың кейбiр кезеңдерiнде жамандықтардан құрылған үрдiстер 
басымдық танытады. 
Қазақстандағы бiрлiк пен тiрлiк осы айтылған кемеңгер бабалар 
сөздерiмен  байланысып  жатқан  жоқ  па?!  Жоғарыда  айтқандай 
әсiресе, Асанның Ой мен Сөз қадiрiн дөп басып, дәл айта бiлгендiгiне 
мына бiр жолдары куә болады:
Таза мiнсiз асыл тас
Су түбiнде жатады,
Таза мiнсiз асыл сөз
Ой түбiнде жатады.
Су түбiнде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбiнде жатқан сөз
Шер толқытса шығады [2, 12 б.] 
Өмiрдiң  сан  қырлы  сырын  түсiнуде,  тiршiлiктегi  жақсы  мен 
жаманның  айырмасын  бiлуде  ойшылдың  этикалық  ойлары  өте 
маңызды.  Олар  адамзат  үшiн  жол  көрсеткiші  белгiсiндей.  Осыдан 
этикалық түсінік пен мінез-құлықты жетілдіру – қазақ халқы үшiн 
нағыз  бiрiктiрушi  феномен,  дамытушы  рухани  күш.  Адамның 
кез-келген  iс-әрекетi  тек  қана  әдiлдiк  идеясына  бағынуға  тиiс.  Бұл 
тұжырым – басты талап. Әдiлеттiлiк принципi негiзгi бағдар болған 
қоғам ғана адамның бақытты болуына iргетас қалайды. Қандай қоғам 
адамға  қолайлы,  қандай  әлеуметтiк  ортада  ол  –  Тұлға  деңгейiне 
көтерiледi? Кез келген қоғамның күн тәртiбiнде тұрған осы сұраққа 
ол былай жауап береді:
Әдiлдiктiң белгiсi,
Бiле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгiсi,
Өткен iстi қумаса.
Жамандардың белгiсi,
Жауға қарсы тұрмаса.
Залымдардың белгiсi, 
Бейбiттiң малын ұрласа [2, 12 б.] 

 
 
 
                      
                                                  163
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Елді  аузына  қаратқан  жан  не  сөйлесе  де  жөн  іспетті.  Сөздің 
асылдығына  сен  дегенді  жырау  өсиет  ретінде  қалдырды.  Осы  өлең 
жолдарында  қаншама  терең  сезімдік  иірім  және  ақыл-парасатқа 
толы  ойлар  жатыр!  Әрбiр  сөз  жәй  ғана  айтыла  салмай,  ол  белгiлi 
бiр ойды тұжырымдайтын керемет құрал және адамның парасатын 
танытатын ғажап күш екенiне Дана бабаларымыз назар аударады.
Ақын-жыраулардың пікірінше адамгершілігі өте күшті, жомарт, 
ақкөңіл, парасатты, қарапайым, адал адам ғана бақытты бола алады, 
ал  пасық,  өркөкірек,  сараң  адамның  бақытты  болуы  мүмкін  емес. 
Ақын-жыраулар табиғат пен қоғамдағы жақсы-жаман құбылыстарға 
тоқталып, терең философиялық ой туғызады. Мысалы, Шал ақынның: 
Жамандар өзін-өзі зорға балар, 
Бір өзінен басқаны төмен санар
Жақсылар ағын судай, асқар таудай
Жаймалап қайда жақсы орын алар [2, 12 б.] – 
деген жырында жақсылықты мақтап, дәріптейді, жамандықты сөгіп, 
елге жиіркенішті етіп көрсетеді. Адамның аласы да, құласы да бар, 
жаманы да, жақсысы да бар, адалы да, арамы да бар. Жақсы өзін кең 
ұстайды. «Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай болады. Жақсы 
адам кетсе дүние кеміп қалғандай болады. Қандай ауыр сөз! Сонымен 
бірге қандай әділ сөз!» – дейді Т. Рысқалиев [3, 197 б.]. Бірақ мұндай 
сөзді  айтпау  мүмкін  емес,  халқымыз  осындай  сөзбен  жақсылықты 
сезіндіріп, жамандықтан безіндіріп отырған. «Жақсылықтың ешбір 
айнымайтын өлшемі – адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара 
қатынастарында  да, олардың  ешқашан  өшпес құндылықтар  екенін 
мойындап,  олардың  жалпы  дүние  болуының  негіздерін  сақтау, 
қастерлеу және оны бұзатын, былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де 
жамандық деп қарау», – дейді Қ. Әбішев [4, 259 б.]. 
Жақсылық – өте кең этикалық категория. Қоғамдық өмiрдiң шын 
дерегi адамгершiлiк негiзiнде жақсылық пен жамандық категориясы 
жатыр.  Жақсы  адам  мен  жаман  адам  жайлы  ақын-жыраулар  көп 
жырлаған. Мысалы, Шалкиiз жырау «Шағырмақ бұлт жай тастар» 
деп басталатын толғауында жұртты әдiлдiк пен жақсылыққа үндеп, 
жамандықтан аулақ болуды нақыл сөздермен жырлайды:
Бiр жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлк етер.
Бiр жаманмен дос болсаң,
Күндердiң күнi болғанда
Жұмыла ғаламға күлкi етер [2, 50 б.]. 

164 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Шал  ақын  жақсы  жомарт,  iзгi  адам  мен  қайырымсыз,  жаман 
адамды салыстырып сипаттайды:
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жiгiт баймен тең.
Шешен жiгiт дүрмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Iс бiтiрмес жамандар 
Жүз болса да бiрмен тең [2, 56 б.]. 
Жорықтың  алдыңғы  шебiнде,  айтыс-тартыстың  басы-қасында, 
елдiң  бел  ортасында  жүрген  Шалкиiз  елдiк  пен  ерлiк,  жақсылық 
пен  жамандық,  шеберлiк  пен  шикiлiк  мәселелерiне  баса  көңiл 
аударған,  кiсiлiк  қасиеттерге  қайта-қайта  оралған.  Шалкиiздiң  өзi 
көп оқыған, көп нәрсенi тоқыған сынды да, сындарлы қайраткерлiк 
деңгейге  жеткен.  Жорықта,  соғыста,  айтыс  жанжалда  ел  мен  ердiң 
құны  қатар  сынға  түстi.  Ел  ерлерсiз,  ер  өз  елiнсiз  бабына  келмедi. 
Қысылтаяң  кезде  тума  туыстан  сүйенiш  iздедi,  жұрттан  суырылып 
шығар дарадан тiрегiн көздедi. Ерлер кiмдер едi, нендей қасиетiмен 
үлгi  едi?  Ерлердiң  «алдаспаннан  игi  қолы»,  «жеңсiзден  игi  тоны», 
«арғымақтан игi малы болар ма» – дейдi Шалкиiз жырау. Шалкиiз 
дүрлiккен, демiккен елге бас-көз болатын ханның бейнесiн iздестiредi. 
Байсалды,  батыл,  ұстамды  хан,  сұлтан  ол  үшiн  алдаспан.  Пиғылы 
терiс хан iс етсе, ол «жиған малыңды тәрiк етер, ат-тоныңды бұлды 
етер,  өз  басыңды  олжа  етер».  Хан  Темiрдiң  осындай  қиқарлығын 
көрген  Шалкиiз  одан  алшақтайды.  Шалкиiз  жырау  жау  жағадан 
алғанда, ел бiрлiгiнен артық қорған жоқтығын былай ескерттi: 
Жоғары қарап оқ атпа, 
Жуық түсер қасыңа. 
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, 
Күндердiң күнi болғанда 
Сол жаман айғақ болар басыңа [2, 44 б.]
Жемсаудан  арылып,  дұспан  жауға  қарсы  бiрлесу,  сөйтiп 
сәттiлiкке үлес қосу – қажеттi үндер және керектi күндер едi. Сондай 
сындарлы кезеңде, тар жерде кiмнiң кiм екенi бiлiне бастады. 
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;

 
 
 
                      
                                                  165
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Жаманның жамандығы сол болар.
Сөйлесе дәйiм бетін қара етер;
Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.
Жақсының  тiлегi  бiр,  Тәңiрiмен  ниеттестер  дегендi  айтады. 
Өзiне  тегеурiндi  жандарды  iздеген  жерден  табады,  жат  жерде  өзiн 
танытады. Жаманның жауы – тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. 
Ерiккеннен қызыл тiлiн тыймайды, жалғандықты жамылған сусыма 
сөзi  аузына  сыймайды.  Қисынсыз  қылығымен  көрiнгендi  қинайды. 
Iске ебi жоқ, бос сөзi көп есiктен күле кiрiп, күңiрене шығады. Терiс 
пиғылды  iштегi  дұшпан.  Жамандар  қоңқалап,  бiр  жақсыны  көре 
алмайды. Жаман ұшқан жапалақтай аяқ астынан табылады, жағасы 
оның тайғақ, әркiмге ұрынады. Өз пиғылына тоқ, жақсылыққа жоқ. 
Сөз  ұқпай,  ұлағат  тұтпай,  сырт  айналып  кетедi.  Iштей  менмен  ел 
арасынан  табылмайды,  кiсiден  тартып  алғанымен  жарымайды. 
Туырлығы жоқтың, туғаны жоқ, тыраңдап түзге де кетедi. Ниетi арам, 
өзiне жүк тиетпейдi. Жаманның  жұғымсыздығынан  елдiң, әйелдiң, 
сәбидiң  қанша  көз  жасы  төгiлдi.  Жыраудың  тоқтамы:  «Күндердiң 
күнi болғанда, сол жаман айғақ болар басыңа». 
Шал  ақын  шығармашылығын  қарастырсақ,  ол  барлық  нәрсе 
адамға байланысты дейдi:
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң бiреудiң хақын жеме… 
Яғни,  зұлымдыққа  жол  бермеу,  жамандықты  бетке  қағу 
әр  жанның  парызы  дейдi.  Жақсылықтың  отын  маздататын  да, 
жамандықтың  түйiнiн  бықсытатын  да  адам  деген  ой  айтылады. 
Сондықтан  ол  жақсылық  қайдан  шығады,  жақсы  адам  дегенiмiз 
кiмдер,  жамандық  неден  туады,  жаман  адамдар  қандай  деген 
мәселенi сөз қылады. 
Бақыт  дегенiмiз  өз  болмысыңа,  жеткен  табыстарың  мен  өз 
мақсаттарыңның iске асуы жолындағы күресiңе қанағаттану, ал өмiр 
мәнi  адамның  өз  ұмтылысын  ұғынуы,  алға  қойған  мақсаттарына 
деген сенiмi. Бақыт пен мұрат ұғымдары адамның iс-әрекеттерiмен 
тығыз  байланыста  айтылып,  көркемдiк  бейнелермен  көмкерiлiп, 
көшпелi  қоғамның  далалық  болмысымен  шынайы  ыңғайласып, 
бiрлiкте  тұрады.  Бақыт  ұғымының  өзi  адамдардың  достығына, 
сүйiспеншiлiгiне, қайырымдылығына негiзделедi. Асан Қайғы:

166 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бақыты оянған ерлердiң,
Әрбiр iсi оң болар.
Дәулетi күнде артылып, 
Не қылса да мол болар, –
деп  бақ-дәулеттiң  келуi  мен  кетуi  құбылмалы  екенiн  ескертедi. 
Асан  бақытты  дегенде  оның  жиған  байлығын  айтпайды,  адамның 
бақыттылығы  оның  ақылдылығында,  елге  қайырлылығында,  сол 
қасиеттерiмен  жұртқа  танылғанда  ғана  бақытқа  жету  мүмкiндiгi 
болатынын айтады. 
Ақын-жыраулар өмiрдi қадiрлеп, оны мәндi өткiзуге шақырды. 
Адамның өмiрлiк мұраты не, соған ұмтылуы керек. Дәулет, байлық 
адамға  жолдас  болмайды,  олардың  соңына  түскен  адам  өкiнумен 
өтедi.  Ондай  адамда  дос  болмайды.  Өздерiнiң  адамға,  олардың 
тағдырына  қатынасын  өз  жырларымен  ақыл-кеңес,  өсиет  айта 
отырып бiлдiредi. Өмiр қысқа, сондықтан алға ұмтылып, елге жақсы 
iстерiңмен  көрiнуiң  керек.  Тiптi  қандай  қиын  жағдайда  болсаң  да 
мойыма, жаман iске ұрынба дейдi. Бұхар жырау «Сәлем бiр сөздiң 
анасы» деген толғауында:
Сәлем бiр сөздiң анасы,
Ғалек болған данасы...
Өтiрiктi шын қылған 
Ол Алланың қызыл көздi пәлесi, – 
деп  өз  кезiндегi  алаяқ,  қызыл  көз  сұмдардың  тұлғасын  жасауға 
тырысқан. Мұндай адам бейнесiн Ақтамбердi жыраудың толғауынан 
да көремiз:
 
Мал-басы өскен адамның,
Алды-арты бұрқан бу болар,
Көтере алмай дәулетiн,
Көрiнгенге қыр қылар…
Жетiм менен жесiрге
Қазары ылғи ор болар –
деп [2,75 б.], кейбiр дәулеттi адамдардың тұмсығын аспанға көтерiп, 
кеудесiне  нан  пiсiп,  құр  кеуде  тәкаппарлыққа  салынуын  ашып 
көрсетедi және ондайлардың сазайын тартатынынан да үмiттенедi. 
Өзiң  үшiн,  ұрпағыңның  қамы  үшiн  еңбектену  керек  екенiн 
Ақтамбердi жырау жақсы айтқан. Тiрi жан-жануардың бәрi тiршiлiк 

 
 
 
                      
                                                  167
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
үшiн еңбектенбекшi. Тең құрбыңнан кем қалмай, дәулетке ие болу 
әр адамның мақсаты. Бiрақ оны қол жайып, сұрап ала алмайсың, өз 
күшiңе, өз талабыңа сенiм артуың қажет, сол жолда ерiнбей еңбек 
етсең,  сол  еңбегiңнiң  жемiсiн  жейсiң  деген  ойды  мына  жырында 
әдемi бейнелеген:
Көк көгершiн, көгершiн,
Көкқұтан ұшар жем үшiн.
Тем, тем үшiн, тем үшiн.
Тең құрбыдан кем үшiн.
Көк шекпенiн бөктерiп,
Ерлер жортар мал үшiн
Қатын-бала қамы үшiн
Әркiм өзi талпынбақ,
Басына бiтер бағы үшiн [2,67 б.].
Бақ-дәулет,  өмiрдiң  бар  қызығы  еңбекте,  ел-жұрт  тыныштығы 
бiрлiкте екенiн «Балаларыма өсиет» деп басталатын өлеңiнде нақыл 
сөздермен берген:
Бiрлiгiңнен айрылма,
Бiрлiкте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке…
Ақтамбердi  туған  жер,  Отан  тiлегiн  бiрiншi  орынға  қояды. 
Татулықты,  мейiрiмдiлiктi,  батырлықты  көксейдi.  Адамның 
артықшылығы  жомарт,  жайдары  мiнезiнде,  ақылы  мен  бiлiмiнде 
деп көрсетедi. Ер-азамат, сұлтандар, байлар мен жарлылар бәрi бiр 
мақсатта  болса  деп  армандайды.  Халық  арасындағы  қайшылықты 
ағайыншылықпен  шешуге  үндейдi.  Асан  Қайғының  «Жерұйықты» 
iздеуi де осы әдiлеттiлiктi, халықты бақытқа апаратын жолды iздеу 
едi.  Ол  әдiлеттi  болу  адамның  өзiне  байланысты  екендiгiн  әсерлi 
жеткiзе бiлдi. Әдiлеттiлiк орнатудың негiзi әлеуметтiк келелi тiршiлiк 
мүдделерiне қарай иландыру, икемдеу, оның өрiсiн кеңейту, кеңiстiктi 
пайдалану, уақытты бос өткiзбеу болып саналады. Асан Қайғы хан 
мен халықты бiрiгiп қимылдауға, бiрiгiп әрекеттенуге шақырды. Ол 
халық  тiлегiн  ханға  жеткiзушi  ғана  емес,  оның  орындалуына  жол 
ашқан саяси тұлға едi. Ал Канттың «Мәңгi бейбiт өмiрге» трактатын 
қарастырсақ,  ол  үшiн  ең  қымбат  нәрсе  –  адам  өмiрi.  Адам  өмiрiн 
сақтау үшiн бейбiтшiлiк орнату керек, адамдар бiр-бiрiмен тату-тәттi 

168 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
өмiр  сүруi  керек  дейдi.  Бұл  саяси  мәселенiң  негiзi  –  жер  бетiндегi 
тiршiлiктi, адам өмiрiн сақтау. Сондықтан адам мәндi өмiр сүру үшiн 
күресуi, еңбектенуi, тығырықтан шығатын жолды iздеуi керек. «Өмір, 
дүние туралы толғанысқа түскен адамның тиянақты тұжырымға келуі 
екіталай іс. Дүние болмысы туралы мінсіз ой қалдырған данышпан 
жоқ. Олардың бәрі терең сөздер айтқан, бірақ ешқайсысы өмір мәнін 
ашып  бере  алмаған»  [5,  477  б.].  Жыраулар  адамның  өмір  туралы, 
өмірдегі  оның  орны  туралы  ойлануға,  рухани  жетілуге  шақырады, 
өз  өмірін  анықтау,  мәнді  өмірге  жету  әр  адамның  өз  қолында  деп 
түсіндіреді.  Өмірге  адам  болып  келдің  бе,  адам  болып  өмір  сүр, 
адамгершілік қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің 
деп бізді үйретеді. 
Ақын-жыраулардың аталып өткен, сонымен қатар басқа барлық 
моральдық  және  этикалық  құндылықтарды  өзінің  ғайыптан  хабар 
беріп  отыратын  абыз,  көшпелі  халық  өмірінде  үлкен  беделге  ие 
болған, сол арқылы этикалық мазмұнды құндылықтарды ізгілендіріп 
қана қоймай, оның үстіне интуициялық, гуманистік, елеулі бостан-
дықтың  өзегі ретінде оның  жанды  рухын көрсететін адам ретіндегі 
биік позициясына лайықтап ұсына білу фактісі де маңызды. Оның 
шығармаларының  көбінде  Отанын,  әлсіз  және  бақытсыздыққа 
ұшыраған туысқандарын қорғаушының өршіл рухы жаңғыртылған! 
Ақтамбердi  жырау  өмiр  ережесiн  жақсыларды  марапаттау 
арқылы ғана емес, жамандықтың бастауын iреп, салдарын саралайды. 
Жамандық адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады. 
Қорлау  да,  зорлау  да  –  жендеттiк,  пенденiң  бағын  аштырмайтын 
жексұрындық. «Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең», 
«Жаман  туған  жiгiтке,  рақатты  күн  бар  ма».  Жамандық  –  жауың. 
Екеуiнiң  де  түрi  көп.  Сонда  кiм  жаман?  Дәулетiн  көтере  алмай 
желiккен,  өз  мiнiн  бiлмеген,  ата  мен  ананы  сыйламаған,  ертең  не 
болатынын бiлгiсi келмеген, күнде жанжалдың делебесiн қоздырған, 
жетiм мен жесiрге қол ұшiн бермеген, жалаулы найзаны қолға алып, 
Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл, 
асқанда дегбiр қалдырмайды.
Елдікті  еркіндіктен,  бірлікті  адамгершіліктен  іздеген  жырау-
лықтың  тәлімгерлігі  басым.  Адамгершіліктің  құндылығын  дәріпте-
ген ақын-жыраулар өтпелі дүниенің көрікті бейнесін жасады. Бейне 
тұлғасымен  толықты,  нақтыланды,  бейнелі  жанның  қоғамға  деген 
түсінігі талқыланды, анықталды. Сергек сезім, көтеріңкі стиль адамның 
өзіне деген сенімді күшейітті. Жыраулар өміршең және адамгершіл 
көзқарасты құрметтеу, соның құндылықтарын баптау арқылы әдеби 
дәстүрді жаңғыртты. Жыраулардың әр сөзі және әр образы өнерімізде 

 
 
 
                      
                                                  169
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
жеңіп алған көркемдік ықпал мен моральдық бедел ғана емес, соны-
мен  қоса,  бірінші  кезекте,  авторлардың  өзіне  бағындыратын  күш 
қуаты, сол шабытты қуаттың атқарған қызметінің жемісі.
Рух  пен  қоғамдық  сана  қызметінің  бұл  жағы  әлі  күнге  дейін 
толық  зерттеле  қойған  жоқ,  субъектілердің  өздерін  табуы  – 
түсіндірілуі  қиын  рухани  қызмет.  Қазақ  және  басқа  халықтардың 
тарихында  олар  өзін  тану,  өздігінен  даму  арқылы  білінеді. 
Танымның бұл түрінің жолында ең бастысы олардың өміріндегі өз 
орнын  танып-білуі,  сананы  әлемнің  абсолюттік  бірлігі  жүйесінің, 
«әлем-адам», «қоғам-адам» және т. б. және т.с.с. қарым-қатынастар 
жүйесінің  ішіне  «орнату»  процесі  болып  табылады.  Сол  сияқты 
адам қоғамының танымы жетілуі және практикасы процестеріндегі 
эзотериялық  және  реалды  бастамалардың  бірлігі  мен  дамуы  да 
осында  жатыр.  Жыраулардың  көзқарастары  бойынша  адам  мен 
қоғам  дамуының  бұл  жолында  іс-әрекетке  негізгі  басшылықты 
этикалық  императив  пен  тиісінше  ыңғайластырылған  интуиция 
атқаруы  тиіс.  ХVІІІ-ХІХ  ғғ.  қазақ  ойшылдарының  ауызша  және 
сонымен  бірге  музыкалық  мұрасы  бірінші  кезекте  идеялық  және 
образдық мазмұнға негізделетіні баршаға аян. Бұл туындылар олар 
Еуропа философтарының еңбектерінде логикалық дәлелдемелерге, 
логикалық  пікірлерге,  категориялар  мен  ұғымдарға  құрылмаған. 
Көптеген  зерттеушілер  бұдан  қазақ  жырауларының  ойлау  сипаты 
мен тәсіліне синкретизмнің жасаған ықпалын аңғаруы әділеттілікке 
жатады.  Мұндай  түсіндірумен  сөз  поэзияның  олар  пайдаланған 
дәстүрлі түрлері туралы болған жағдайда ғана келісуге болады.
Қазақ жыраулары туындыларындағы әлем құрылымдары, олар-
ды  негіздеу  Шығыс  және  Батыс  Еуропа  философиясындағы  осын-
дай  көзқарастардан  өзгеше.  Бұл  айырмашылықтың  мәні  мынада 
жатыр. Еуропаның рационалды философиясы Аристотель заманы-
нан бері танымның ойлаудың таза логикалық түрлері арқылы жүзеге 
асатын  жолын  таңдады.  Оның  көмегімен  философтар  негізінде 
ақыл-парасаттың,  сол  сияқты  заттық,  табиғи  әлемнің  түрлері  мен 
мазмұнын  анықтайды,  олардың  бірлігі  мен  заңдарын,  өркениеттің 
дамуындағы  техногендік  бағыттарды  айқындайды.  Логикалық 
ойлау адамның рухани және танымдық қабілеттері иерархиясында 
алғашқы орынды иеленеді. Образдардың рөлі бұл тұста ұғымдардың 
мазмұндық  шеңбері  енгізілген  бағынышты,  енжар  фигуралар 
дәрежесіне  дейін  құлдыратылған.  Образ  мұндай  түсіндіруде  тек 
сәулелендіруші, енжар бірдеңе болып табылады.
Қазақ  жырауларының  дүнияуи  көзқарастары  бұл  сыртқы 
тарихи және ішкі рухани жағдайларға тірелмей тұра алмады. Таным 

170 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен ойлау процесіндегі басты тұлға ақиқатқа ұмтылған субъектінің 
өзі екені мойындалады. Адамның ойлау процесі барысында аксиома 
түрінде  жаңа  артықшылықтар  мен  басымдықтарды  анықтауға 
рухани  қабілеттілігінің  маңыздылығы  олардың  түпкілікті  білімге 
қол  жеткізуінде  емес,  оның  жетілуге  және  өздігінен  жетілуге 
қабілеттілігінде жатыр. 
Жыраулардың дүниетанымында адамгершілік – бұл әлеуметтік 
өмір  аясында  субъект  іс-әрекеттерінің  тек  жеке  бір  түрін  ғана 
бейнелейтін  категория  болып  табылады.  Олардың  айтқан  пікір-
леріне,  образдары  мен  идеяларына  қарағанда,  субъект  жанының 
интуицияның нұрлану сәтінде қызмет етуіне мүмкіндік туғызатын, 
адамның  оның  барлық  әлеуметтік  байқалуларында,  өз  өмірінде 
қадір-құрметке  лайықтылығын  анықтайтын  ең  басты,  белсенді 
жағдайларының  бірі  болып  табылады.  Олар  үшін  ең  бастысы  – 
адамгершілігі  мол  адамның  есейе  келе  жеке  тұлға,  эзотериялық 
бірліктің субъектісі ретінде бұрынғыдан да гөрі қадір-құрмет көруге 
лайық  бола  түсетіндігі.  Бұндай  жағдайда  ол  әлеуметтік  өмірде  де 
үйлесімге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Адамның теріс пиғылдары бұған кедергі жасайды. Олар субъект 
бойында  жалпыға  ортақтықтың  бұрмаланған,  жалған  бейнесі 
көрінуіне  себепші  болады.  Бұл  ондағы  жалпыға  ортақ  қарым-
қатынастар  әлемнің  эзотериялық  бірлігінің  үйлесімі  принципіне 
қарама-қайшы  келетін  ішінара  өзімшілдікпен  алмастырылуына 
байланысты болады.
Біздің теориялық талдауымыз барысында оңай аңғарылатындай, 
қазақ  ойшылдарының  ойлау  тәсілі  жан-жақты  еріктік  бастамаға 
негізделген. Олардың түсінігі бойынша ерік – әлдеқандай жалпыға 
ортақтық, өйткені ерік субъективтік, сонымен бірге объективтік. Тәңір 
– аспан ретінде аспанның ерік немесе құдай, сондай-ақ қоғамдық: хан 
әулетінің, халықтың, әлеуметтік топтардың және т.с.с. еркі, сипаты 
болады. Олардың туындыларында ерік образдар мен кейіпкерлердің 
сипаты,  қуаты  және  бірлігі,  идеялық-көркемдік,  танымдық  және 
дүниетанымдық  мазмұн  мен  кеңістіктің  бүтіндігі,  этикалық  және 
рухани контекстер оған тәуелді болып тұратын басым фон ретінде 
көрсетілген. 
Бұл  тұста  жыраулардың  ойлауы  ұғымдардың,  образдардың, 
символдардың  және  жеке  түсініктердің  синкретизміне  сүйенеді. 
Олардың барлығы жиынтықталған күйде айрықша бірлікті немесе 
бүтіндік түрлерінің жүйесін құрайды. Сондықтан олар интуициямен 
және  ойлаумен  байланысты  және  мұнда  бүтіндіктің  дүниетаным 
аясындағы парадигмасы болып табылады.

 
 
 
                      
                                                  171

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет