Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
III тарау. ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ 
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1  Қазақ  ақын-жыраулары  дүниетанымының  этикалық 
негіздері 
Дүниетанымдық  кеңмәтіндегі  этикалық  қарым-қатынастар, 
жалпы  қазақ  философиясындағыдай  жыраулар  шығармашылығын-
да адамзат қоғамы үшін ең құнды қатынастар ретінде қарастырыла-
ды.  Қазақ  жырауларының  тәртіпке  этикалық  көзқарас  логикалық 
ойлаудан жоғарырақ деген ойлары бұл орайда өте түсінікті. Дүние-
танымдық контексте этикалық қарым-қатынастар адам мен адамзат 
қоғамы  үшін  ең  зор  құндылыққа  ие  қарым-қатынастар  ретінде 
қарастырылады.  Олар  адам  дамуының  мақсаттарынан  және  оның 
қоғамдағы  мінез-құлықтарының  өлшемдерінен  гөрі  ауқымдырақ 
нәрсені  қамтиды  және  білдіреді,  өйткені  субъект  мінез-құлқы  оның 
дамуы  мен  өлшемдерінің  мақсаттары,  даму  құралдары  мен  сал-
дарлары сияқты рационалды сәттерден де тұрады. Этикалық салада 
субъектінің  өздігінен  қозғалуы  және  өздігінен  дамуы  шынды-ғында 
бастапқы болып табылады. Ол Гегель философиясында классикалық 
түрде ашып көрсетілген, оның философиялық мұрасында субъект пен 
рух көбінесе объективтік дамудың заңдары арқылы көрсетілген.
Ақын-жыраулардың шығармашылығы мен дүниетанымы, бірін-
шіден, этикалық және эстетикалық мәселелерге шоғырланды, елдің 
дәстүрлі  түсінігімен  астасты,  тұстасты;  екіншіден,  ағартушылық 
түсінік пен жұмыстың бағытымен ұштасып, оны тірілте, қарқындата 
түсті; үшіншіден, туған елге, туған жерге, отанға деген сезімді оятты, 
ұлттың  әлеуметтік  толғанысы  мен  қозғалысына  ұйытқы  болды. 
Қазақтың  ақындық  дәстүрін  жаңа  түр  мен  дәрежеге  көтерген 
жыраулар адам мен табиғатты бақылаудың өнегесін қалыптастырды, 
туған  жер  мен  қазақтың  қарым-қатынасын  байыптаудың  өрнегін 
жетілдірді.  Туған  жерге  деген  ақындық  ыстық  ықылас  табиғат 
туралы  сезімталдықты  ұштады,  шынайы  сезімнің  аясын  кеңейтті. 
Елдікті еркіндіктен, бірлікті адамгершіліктен іздеген жыраулықтың 
тәлімгерлігі  басым.  Адамгершіліктің  құндылығын  дәріптеген 

 
 
 
                      
                                                  153
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
ақын-жыраулар  өтпелі  дүниенің  көрікті  бейнесін  жасады.  Бейне 
тұлғасымен  толықты,  нақтыланды,  бейнелі  жанның  қоғамға  деген 
түсінігі  талқыланды,  анықталды.  Сергек  сезім,  көтеріңкі  стиль 
адамның  өзіне  деген  сенімді  күшейітті.  Жыраулар  өміршең  және 
адамгершіл  көзқарасты  құрметтеу,  соның  құндылықтарын  баптау 
арқылы әдеби дәстүрді жаңғыртты. 
Жыраулардың  көркемдік  шығармасындағы  өнеге  халықтың 
даналығынынан,  елдің  қуатынан,  жұрттың  туыстық  қарым-
қатынасынан нәр алды, нұсқау тапты. Кейіпкер өз атынан да, кейде 
ел  атынан  да  сөйлейді,  өткен  мен  барды  салыстырып  сырласады. 
Ел-жұрт арасындағы тоздық пен азғындықты сынай, міней отырып, 
ақырында уақыт төрелігіне сиынады.
Ауызша өрнек халықтың нақыл сөздерінен ғана көрініс тапқан 
жоқ,  ол  сондай-ақ  жыраулардың  жинақы  ойынан,  нәзік  сезімінен 
демеулік  тапты.  Поэзия  тілі  өмір  мен  өнерді  көркемдеудің  әдеби 
дәстүрі  мен  құралын  өрнектеді,  әспеттеді.  Лирикалық  жырау  тілі 
төкпе  жырға,  түрлі  сырға,  адамгершілік  арқауына  толы.  Бәрі  де 
өтпелі  де  өткір  оқиға,  есте  қалар  құбылыс.  Жырау  сергек  сезімге 
қозғау салады, өзіндік сенім орнықтырады. Жырау сөзі – жаңалықтың 
жаршысы,  адасқандардың  арашасысы.  Кемістікке  қарсы  келді, 
ықыласты келбеттеді. Жырау халыққа бөтен, қарсы билікті сынады, 
халық беделін еш байлыққа қимады.
Жырау  –  халық  ойын  жариялаған  ашық,  азулы  ақынжан. 
Ақындар  халыққа  жақын,  кісіге  деген  көңілі  жарқын.  Олар 
кісіліктің  нарқын  көтерді,  азаматтықтың  парызын  өткерді.  Өнерде 
ақындық  дәстүр  жалғастығын,  дарындылар  сабақтастығын  тапты, 
шығармашылық өнеге қалыптасты. Жырау – өзін таныған тұлғаның 
көңіл-күйін білдіретін, қауым қолдайтын қимыл-әрекетті жеткізетін 
өтімді құралы. Жырау – ел-жұртына деген сүйіспеншіліктің, отаны 
туралы отандастардың айқын, ашық үні. Жырау маңызды әңгімеге 
тіл  тартты,  ойды  жеткізудің  шешендік  өнерін  өрбітті,  елін  елеулі 
әрекетке  шақырды.  Жырауда  эмоция  күші  нақты  көрнекілікпен 
ұштасады,  көркем  сөйлеу  ұстанымы  ережеге  айналды,  жағымды 
іс  сенімділікпен  тұстасты,  тыңдаушы  тамыр  тереңдігін  тануға 
құштарланады.  Жырау  елімен  сырласты,  сұхбаттасты.  Көркемдік, 
айқындылық,  қарапайымдылық,  ұғынымдылық  оның  стилін 
құрайды. Жырау – тілдік диалектінің жиынтығы. Онда ұлттың терең 
тамырлы  дәстүрі  дәйектелінді,  халықтың  болмысы,  салт-санасы, 
рухани байлығы ұрпақтан ұрпаққа жетті.
Жыраулық  туған  жердің  тағдырын  сипаттаумен,  ел-жұрттың 
табысын  тамашалаумен  өрісін  ұлғайытты.  Тұтастықты  ту  етіп, 

154 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұлғалықта  тұрған  ақындар  бабалық  бағытты  ұстады.  Олар  бірлік 
идеясы мен көркемдік тұтастықты тең ұстай алды. Халық мұратына 
қауымдасқандар, соған қызмет еткендер халық өмірінен күш алды, 
поэзиядағы таптаурынға көнбеді. Жыраулар халық атынан сөйледі, 
зорлық-зомбылыққа көнбеді. Зорлықтың қас жауы. Содан адамдық 
келбет пен адамдық құмарлық әрдайым тілге тиек болды, шындық 
кеңінен,  түрлі  қырынан  бағаланды.  Өткеннің  өрісін  көрсетер 
көркемдік жарыста жыраулар ниеті мен діттегенін өңдеді. 
Жыраулар  –  заманының  озық  ойшылдары,  белсенді  ұрпақ 
өкілдері.  Өз  ойын  өмірден  іздеді,  өмір  үлгісімен  үмітін  ұштады. 
Өмірге құштарлылар құлақты кейіпкерінің жан дүниесін жеткізуге, 
оның  кеңдігін  немесе  кемшілігін  көрсетуге  айрықша  мән  берді. 
Ортасының  кемшілігіне  көне  бермеді,  жамандығына  ермеді. 
Жақсының жақсылығын айтып, ырысын тасытты, жаманның қылығын 
сынап, құтын қашырды. Тура жолдың құдіретін ашып беруге күш 
салды.  Ақиқаттан  күш  алды.  Жыраулықтың  қуаты  қауымдастық 
дәстүрмен ұласып жатса да, одан біршама озық. Жыраулар қазақтың 
дәстүрлі әдебін жақтады және марапаттады.
Ақын-жыраулар поэзиясының мазмұнын түсіндіру мен ұғыну – 
қазақ халқының ойлау және өзін-өзі тану өрісіне анағұрлым толық 
сәйкес  келеді.  Ақын-жыраулар  шығармашылықтары  тұлғалық 
бастаулардан,  тақырыптық  арқаудан,  қазақ  тілінің  байлығынан 
және  көркемдік  өнердің  ішкі  қуатынан  құралатындығын  арнайы 
атап өткен ләзім. Ақын-жыраулар бас қосып қалғанда көмескіліктің 
астарын пайымдады, жақсылық үшін, халқы үшін өнерлерін асырды, 
мәмілемен іс бітірді.
Қазақ  жырауларының  дүниетанымында  субъектінің  өздігінен 
дамуы  эзотериялық  кеңістікпен  байланыс  арқылы  ашылған. 
Субъектілік дамуда тек объектілік қана емес, әлдеқандай тылсымдық 
та  бар,  ол  -  субъектінің  өзіне  ұқсастар  әлеміндегі  еркі.  Бұл  орайда 
этикалық қарым-қатынастар адамның субьективтік әлемімен тікелей 
байланысатынына  орай,  бұндай  субъективтік,  және  сонымен  бір 
мезгілде  объективтік  этиканың  негізгі  объектісі  моральдық  сана, 
субъектінің  өз  мінез-құлқы  мен  іс-әрекеттері  үлгісін  саналы  түрде 
таңдауы болып табылады.
Жартылай  көшпелі  өркениетте  әлемге  қарым-қатынастар 
жүйесінде  белгілі  бір  рухани  тәртіп  болды,  қазіргі  замандағы 
зерттеулерде оларды сыртқы мінез-құлықтың тар шеңберлері және 
дұрыс  қарапайым  ойлау  дағдылары  және  ұйғарымдар  арқылы 
түсіндіру мен шектеу логикаға тіпті жат болар еді. Тіпті керісінше, 
жеке  тұлғалардың  немесе  әлеуметтік  топтардың  мінез-құлықтары 

 
 
 
                      
                                                  155
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
бұл  жерде  бір-бірімен  өзара  және  қоршаған  әлеммен  қарым-
қатынастың  айрықша  рухани  кеңістігімен,  медитациялардың, 
құдайға  құлшылық  етумен  толғаныстардың  айрықша  кеңістігімен 
толығады. Оған эзотериялық қарым-қатынастарды: субъективтік өзін 
тануды, импровизацияны, мистикалық тәжірибелерді, шамырқанған 
шабытты,  ресми  мораль  мойындаған  және  мойындамаған  әдеттен 
тыс және соған ұқсас құбылыстарды жүзеге асыру үшін қажет бос 
кеңістік ретінде анықтама беруге болар еді.
Бұл кеңістікте субъектінің бостандығы мен тәуелсіздігі тек өзін 
өзі  жетілдіру,  даму  мен  интуицияны  жетілдіру  арқылы  әлемнің 
эзотериялық  бірлігін  түйсіну  қабілеті  арқылы,  сндай-ақ  ойдың 
өзіндік және әлеуметтік жетілу жолдарын жүзеге асыратын тұрақты 
жұмысы нәтижесінде ғана мүмкін болады. 
XVІІІ-XІX ғғ. қазақ халқының көрнекті тұлғалары – жыраулары, 
билері  және  т.с.с.  біршоғыр  ой-өнер  саңлақтары  өздерінің  мәдени, 
әлеуметтік,  құқықтық  және  поэтикалық  шығармашылығы  арқылы 
осы  тектес  аса  мол  мұра  қалдырды.  Осылайша,  «этика»  және 
«этикалық  қарым-қатынастар»  ұғымдарын  қазақ  жырауларының 
шығармашылығына  қатысты  пайдаланар  болсақ,  «жақсылық»  пен 
«жамандық»  категориялары  немесе  «әлеуметтік  заң»  және  «мінез-
құлық ережелері» ұғымдарын мүмкіндік деңгейінен гөрі кеңірек мәнде 
ұғыну қажет. Сөз, біріншіден, бұл қарым-қатынастардың діни астары 
туралы және екіншіден, тұлғаның жеке және әлеуметтік эзотериялық 
мәнде өзін табуы мен өзін іске асыруы туралы болып отыр.
XVІІІ-XІX ғғ. қазақ ойшылдарының бүтін нәрсе ретіндегі әлемнің 
мазмұны мен пішіні қатысты көзқарастары, қатаң сын тұрғысынан 
айтқанда,  терең  дүниетанымдық  және  логикалық  мазмұнға  ие,  ол 
мазмұнның  және  қазіргі  замандағы  философияның  онтологиялық 
мәселелерінің  аясын  кеңейтеді.  Әлем  мен  адамның  эзотериялық 
бірлігі,  сондай-ақ  бұл  бірліктің  қажеттігі  де  төмендегідей  пікірлер 
арқылы дәлелденеді:
-  егер  субъективтік  идеализм  субъект  өзінің  қабілеттері  ар-
қылы  өзі  үшін  объективтік  әлем  қалыптастырады  деп  сендірсе,  ал 
объективтік идеализм Абсолют, Құдай материалдық әлемді жасай-
ды  деген  және  т.с.с.  пікір  ұстанса,  жыраулар  философиясында 
субъект сананың, еріктің, іс-әрекеттің, өмірлік қуаттың, сезімнің және 
т. б. иесі ретінде қарастырылады;
-  субъект екінші және ол тек өзін қоршаған объективтік әлемді 
бейнелей  алады  деген  пікірді  ұстанатын  материализмге  қарама-
қарсы  субъектінің  белсенділігі  дәлелденеді.  Мұндай  ерекшелік 
натурфилософияда орын алады, онда субъект тіпті енжар;

156 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
-  бұл  сияқты  пікірлердің  кез  келгені  субъектіні  дара  бірдеме, 
жақсы жағдайда айрықша бірдеме ретінде түсінуге негізделген. Шын 
мәнінде,  құдай  да  діндегі  жеке  және  енжар  материалдық  табиғат 
түріндегі өзінің «өзгеше бірдемесін» жасаушы ретінде және толығуы 
үшін табиғи даму жетіспейтін Абсолют те осындай;
-  әрбір жеке индивид сонымен бірге өзі арқылы жалпыға ортақ 
заңды және әлдеқандай жалпыға ортақ қарым-қатынасты білдіретін 
бірдеңе;
-  субъектінің  өздігінен  дамуы  мен  өзін-өзі  табуы  да  осынау 
жалпыға ортақ қарым-қатынастың бейнеленуі;
-  сонымен  бір  мезгілде  бұл  –  адамның  иррационалды  баста-
масы,  оның  еркінің,  оның  ой-өрісінің,  сана-сезімінің,  қуаныш-
қайғысының,  трансценденттік  және  субъективтік  бастамаларының 
және қабілеттерінің иррационалдық негізі;
-  барлық  жеке  субъектілер  –  әрқайсысы  өзінің  белгілі  бір 
шамасына  қарай  өз  бойына  иррационалдылықты  да,  сондай-ақ 
жалпыға ортақты да сіңірушілер. Олардың эзотериялық бірлігі мен 
әлемнің эзотериялық бірлігі осында жатыр;
-  эзотериялық  бірліксіз,  яғни  жеке  заттардың,  объектілердің, 
және субъектілердің «бойындағы» жалпыға ортақтықсыз ешқандай 
–  табиғи  да,  рухани  да  бірліктің  болуы  мүмкін  емес.  Сол  арқылы 
жалпыға  ортақтықтың,  ерекшелік  пен  даралықтың  имманенттік 
бірлігі пайда болады.
XVІІІ-XІX ғғ. өмір сүрген жыраулардың дүниетанымы түрі мен 
мазмұны  бойынша  шығыстың  классикалық  менталитетіне  етене 
жақын. Бәрінен бұрын тұтастай қабылдау «архетипін» сақтауы және 
білдіруі арқылы, оның үстіне олар жоғары мәдениетті идеологиялық, 
этикалық және эстетикалық феноменге дейін дамытты.
Архаикалық санада әлемді түйсінудің барлығын білдіретін жап-
пай  бүтіндік  сыртқы  әсердің  ықпалынсыз,  ішкі  себептер  арқылы 
иррационалдық  өзін-өзі  сезінуді  білдіру  және  сонымен  бір  мезгілде 
мәдени,  моральдық,  саяси  және  басқа  (емшілік  культі,  шаманизм, 
көріпкелдік  және  басқа  культтер)  қарым-қатынастарды  бейнелеу 
болды.
Қазақ  ойшылдары,  жыраулары  идеялық-образдық  және  поэти-
калық  шығармашылығына  тән  құндылықтардың  бірі  олардың  өз 
туындыларында дүниетанымның осындай «аса зор» мінсіз түрін сақ-
тай білгендігінде жатыр. Оның үстіне олар бұрынғы дәстүрлер рухын 
дамытып  қана  қоймай,  оны  қазақ  халқының  болашағына  да  бағыш-
талған  мүлдем  жаңа  гуманистік,  авторлық,  жігерлі,  ғибраттық,  эти-
калық, идеологиялық және эстетикалық мазмұнымен толтыра білді.

 
 
 
                      
                                                  157
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Қазақ  ойшылдарының,  жырауларының  қазақ  халқы  дүниета-
нымын  қалыптастырудағы  бұдан  маңыздылығы  кем  соқпайтын 
жетістігі ретінде олардың философиялық және дүниетанымдық ақи-
қат  іздеулерінде  метафизикалық  көзқарастардан  өзге  пансубъек-
тивизм,  метасубъективизм  де  орын  алғандығын  есептеу  қажет. 
Мұндай  философиялық  көзқарас  аясында  ең  бастысы  әлемнің 
аса  субъективтік  бастамасы  идеясы  мен  жалпыға  ортақ  заңдар 
шеңберіндегі  субъективтік  бірлік  идеясы  болды.  Бұл  көзқарас 
субъективтік әлемнің жалпыға ортақтығын, субъективтік заңдардың 
қолданбалылығын  объективтік  әлемге,  заттарға,  құбылыстарға 
телиді.  Философияда  бұған  рухы  жағынан  жақын  эзотериялық 
бірлікті әр жағынан сипаттайтын пантеизм, панлогизм, панпсихизм, 
парапсихология және т. б. мектептер жақсы белгілі.
Қазақ  ойшылдарының  туындыларында  бұл  субъективтік  негіз, 
біріншіден,  айрықша  бірдеме,  жерге  игілік  немесе  көктің  қаһары, 
яғни тәңірілік билік, тәңірілік эманация (жер асты әлеміне аттану) 
жіберілетін кеңістік ретінде көрсетіледі. Адам бұл кеңістікте рухани, 
моральдық (мейірімді немесе қатыгез) тіршілік иесі болып табылады, 
ал заттар әр алуан заңдар мен қарым-қатынастардың негізін бойын-
да сақтайды және өзі арқылы білдіреді. Әлемнің көзге көрінбейтін 
субъективтік  негізін  ең  дерексіз  мағынада  тірі  немесе  эзотериялық 
субстанция ретінде атауға болады.
Ей, айтшы, Алланы айт.
Аты жақсы құдайды айт.
Төрт шадияр, Мұстафа,
Мұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім сөзі бұрқанды айт.
Кәлим Алла – Құранды айт.
Тәңірім салса аузыңа,
Жан жолдасың иманды айт [1].
Бұл  субстанцияны  Аристотель  «энтелехия»,  Платон  «әлемдік 
рух» деп атады. Көптеген көне ілімдерде, біздің пайымдауымызша, 
ол бірыңғай әлемнің субъективтік бастамасы ретінде ұғынылатын Ло-
гос ұғымымен белгілі бір дәрежеде байланысты. Оның объектілерге 
және объективтік әлемнің құбылыстарына шартты түрде қолданы-
луында И.Кант оны «өзіндік зат», яғни, құбылыста берілме-ген және 
түйсік арқылы сезілмейтін деп атады. Гегельде бұл – абсолюттік рух. 
Экзистенциализм оны онтология шеңберіне, болмыс категория-
сының  шекарасына  көшіріп,  экзистенция,  Меннің  субстанциясы 

158 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
немесе ең жоғары тұрған Мен деп атады. Даосизм философиясында 
бұл  субстанция  «бос  кеңістік»  деп  аталған,  ежелгі  материалистік 
ілімдерге бұл «праматерия» деген атауға ие болды. Ал диалектикалық 
материализмде ол екінші дәрежедегі категориялар қатарына қосыл-
ды. Бұл философиялық категориялар, бастапқы логикалық анықта-
малар философия ғылымында ешқандай дамымады.
Жаңа заманнан бергі Батыс Еуропа философиялық мектебі ақыл-
естің, ойлы адамның күшін паш етіп, аясында заттық, тәжірибелік 
сапаларды  және  қарым-қатынастарды  талдау,  рефлексия  мүмкін 
болатын  дәлелденетін  категорияларды  зерттеу  жолымен  жүрді. 
Осылайша  Батыс  Еуропа  философиясы  мен  ғылымында  негізінен 
бірыңғай сезім мен тәжірибенің объективтік мәліметтеріне сүйенетін 
логицизм  шеңберімен  шектелген  зерттелуші  объектіні  қарабайыр-
ландыру жолы таңдап алынды. Еуропаның И.Кант секілді көрнекті 
ойшылдары,  экзистенциализм  мен  иррационализмнің  өкілдері, 
өздерінің рационализмнің тар өрістілігі жөніндегі сындарында бұл 
зерттеушілік бағытта айрықша философиялық көзқарастар ұсынды, 
бірақ олар бытыраңқы, тұтас емес әлемді көрсетті.
Қазақ жырауларының дүниетанымында әлем, ғарыш эзотерия-
лық  субстанцияның  арқасында  толысқан  бүтіндікке,  жоғарғы, 
орта  және  төменгі  әлемдердің  арасындағы  байланысқа  ие  болады. 
Қазақ  ойшылдарының  поэтикалық  мұрасында  этикалық  қарым-
қатынастардың жаңа аспектісі, әлем мен адамның, олардың бірлігін 
және өзгешелігін түсінудің тарихи алғышарттарының бірі зерттелген. 
Сонымен  біргі  әлемнің  мұншалықты  аса  зор,  синтетикалық  үлгісі 
қазіргі заман ғылымынан логикалық танымның құралдарының бірі 
ретінде  рационалдық  ойлаудың  да,  интуицияның  да  басын  қоса 
алатын  айрықша  әдістемелік,  терең  философиялық  көзқарасты 
талап етеді.
Қазақ  ойшылары  «қоғам-адам»  қарым-қатынасының  идеялық, 
әлеуметтік және дүниетанымдық мазмұнына да маңызды үлес қосты. 
Қазақ жырауларының әлемдік суретінде этика мен этикалық көбінесе 
адамның  сәулелендіруші  енжар  санасынан  гөрі  жігерлі,  белсенді 
бастамасы  ретінде  түсіндіріледі.  Олар  өздерінің  замандастарына, 
мемлекет  қайраткерлеріне,  батырларға,  хандарға,  билерге,  жауын-
герлерге және жастарға еш уақытта маңызын жоғалтпайтын мораль-
дық құндылықтарды бағалауға және сақтауға шақырып, сөз арнайды. 
Жауынгер  жыраулардың  туындыларында  өз  ісінің  ақтығын  тек  сөз 
жүзінде  ғана  емес,  егер  оппонент  автордың  адалдығына  және  ізгі 
ниетіне күмәнмен қарап, ұрысуға бел байласы, қолына қару алып та 
дәлелдеуге дайындық аңғарылады. 

 
 
 
                      
                                                  159
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Жыраулардың рухани және мәдени құндылықтары әлеуметтік 
өмір  мен  моральдық  сананың  жалпыға  ортақ  контексіне  көпшілік 
мақұлдаған  дәстүрлер  мен  жаңа  көзқарастардың  жаңашылдық 
бірлігі болып табылады. Олар өздерінің халқын діни және адамгер-
шілік  бастаулар  мен  дәстүрлерді  маңызды,  өмір  сынынан  өткен 
моральдық өлшемдер ретінде сақтауға шақырады. Жалпыға ортақ-
тыққа  қосылудың  дара  рухани  құралы  ретінде  өзін-өзі жетілдіруге 
шақырады.
Көшпелі  ер  адамның  өміріндегі  ең  басты  әлеуметтік  мақсат-
тардың бірі – қадірлі тұлғаға айналу, далалық әлеуметтік иерархияда 
лайықты орын алу. Жас жігіт, жас жауынгер өз алдына ізгі мақсаттар 
қоюға: Отанның сарбазы – қорғаушысы, дәулетті ер-қожайын болуға, 
және содан кейін мемлекеттік, тұрмыстық және отбасылық істерде 
данышпан  басшыға  және  кеңесшіге  айналуға  міндетті.  Жастарға 
үндеулерінде жыраулар осыған сәйкес ғибратты кеңестер айтады.
Қазақ  жырауларының  шығармашылық  мұрасында  қалдырыл-
ған  рухани  құндылықтар  саласында,  поэтикалық  суреттерде 
адамның  ойланып  жасалған  таңдауына  негізгі  акцент  жасалады. 
Мінез-құлық  пен  әлеуметтік  қарым-қатынастардың  олар  теріс 
деп  есептейтін  ерекшеліктері  олардың  туындыларында  сыналады 
және  рухтың  әлсіздік  танытуының  белгісі  ретінде  бейнеленеді.  Бұл 
образдар  мен  суреттер  әсерді  ширата  түсетін  сияқты  көрінетін 
арнайы тәсілдің көмегімен көрсетілген. Әлеуметтік өмірдің әр алуан 
ұнамсыз  құбылыстары  мен  қасиеттері,  ұнамсыз  кейіпкерлер  мен 
образдар,  салыстырмалы  түрде  алғанда  шағын  сюжеттік  көріністе 
бейнеленген. «Тығыздаудың» мұндай метафоралық тәсілін жыраулар 
жағымды қасиеттерді бейнелеуде де өте жиі пайдаланады. Ол оларға 
субъективтік түйсіну энергиясын арттыруға көмектеседі, көпшілікті 
субъективтік  энергияны  бейнелеп  отырған  суреттің  фонындағы 
дербес бірдеме ретінде сезінуге мәжбүр етеді. 
Ойластырылған  адамгершілік  таңдау  жыраулардың  өздері 
салған  әлемнің  поэтикалық  суретіндегі  ұғымдарында  өз  еркін 
субъектінің  рухани  тәуелсіздігін  оның  өзінде,  қоғам  өмірінде  және 
қоршаған  әлемде  бейнеленген  жалпыға  ортақ  қарым-қатынастарға 
жігерлі түрде талпынушылығын  білдіру болып табылады. Мұндай 
пішінде  адамгершілік  таңдау  этикалық  анықтамаға  дәлірек  сәйкес 
келетін  императив  болып  табылады.  Бұл  терминнің  мағынасы 
дәл  осы  жағдайда  кеңейтілді  және  біз  өзіміз  жоғарыда  сүйенген 
эзотериялықты түсіндіруге түзету енгізу арқылы нақтыланды. 
«Этикалық императивте» субъектілердің барлығының эзотерия-
лық та, сондай-ақ ерік пен интуицияның иесі ретінде реалды қарым-

160 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қатынастарындағы  бірлігі  сәулеленген.  Адам  сананың,  рухтың, 
иерархиялық  кеңістіктік  статустың  иесі,  мақсаттар,  іс-әрекеттер, 
мінез-құлықтар және ең бастысы, рух арқылы өзін-өзі табу түрінде 
жүзеге  асырылған  жеке  және  әлеуметтік  қарым-қатынастардың 
субъектісі ретінде ұғынылады.
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де, 
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат.
Этикалық императивті осылайша толық ұғыну ХVІІІ-ХІХ ғғ. мә-
дени  ахуалды  тереңірек  түсінуге  көмектеседі.  Түркі  халықтарының 
көптеген  көне  культтері,  рухани  және  әлеуметтік-тұрмыстық 
культтер, Шыңғыс ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның 
ықпалдары, исламның мистикалық бағыттары және басқа культтер 
далалық өмірдің рухани дүниесін толықтырды. Олар жиынтықталған 
түрде «адамзаттан жоғарғы» бастамалардың, өздерінің түпкі тектері 
көктің  билеушісінен,  аспаннан,  әр  түрлі  тотемдік  және  анимистік 
символ  –  ата-бабалардан  бастау  алады  деп  санайтын  әулеттердің 
әрқилы архетиптерін бейнеледі.
  Асанқайғы  сөздiң  нарқы  мен  парқын  бiлiп,  қадiрiн  түсiнген 
шешен.  Ол  кiмнен  болса  да  қасиеттiң  рухын  күттi.  Өмiр  сүрудiң 
негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, 
жамандардан  бойды  аулақ  салудың  қажеттiлiгiн,  жас  ұрпақтың 
ата-анасын,  үлкендердi  сыйлап  қастерлеуiн,  олардың  ақылын 
тыңдап  үнемi  басшылыққа  алуын,  iзгi  ниеттi  жайсаң  жан  болып 
өсу  қажеттiгiн  еске  салады.  Осыған  орай  жыраудың:  «Арғымаққа 
мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен 
сынаспа» немесе «Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас» 
деген  сөздерiнiң  тәлiм-тәрбиелiк  мәнi  зор.  Оның  толғауларында 
адамға  деген  мейiрiмдiлiк,  қайырымдылық,  сүйiспеншiлiк  қай 
жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен 
тiл  тигiзiп  қырқыспайтын,  бет  жыртысып  көңiл  қалдырмайтын 
татулық сезiмi айқын бiлiнедi.
 Мiнезi жаман адамға, 
 Ендi қайтiп жуыспа. 
 Тәуiр көрер кiсiңмен, 
Жалған айтып суыспа [2] – 

 
 
 
                      
                                                  161

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет