Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жайындағы  шығармалар  соның  айғағы.  Қазақтың  дауларының 
ішіндегі намысқа тиетіні (рудың, жүздің) жесір дауы болып табылады. 
Бұл ғұрып күйеуі қайтыс болып бала-шағасымен әйелі қалатын болса, 
ол балаларды қаңғыртпай, жесірін ешкімге бермей ағасы немесе інісі 
алатын болған. Олардың қараусыз қалуы ру, жүз, ел намысы болып 
саналған. Бұл құбылысты әмеңгерлік деп аталған. Алайда, әмеңгерлік 
институтында  күштеу,  зорлық  деген  болмаған.  Әдетте  ол  ағайын 
арасында  келісіліп,  әйелдің  ырқымен  санасу  арқылы  шешілетін. 
Қазақ  жетімін  қаңғытпаған,  қазіргідей  мемлекетте  жетімдір  үйі 
болмаған.  Жесірлерін  жылатпаған,  олар  жан-жақты  қамқорлыққа 
алынған. Әмеңгерлік институттының оңды жақтарына назар салсақ 
қазақ  ішіндегі  ағайынгершілікті  бірегейлендірді.  Демографиялық 
ахуалдың да жақсаруына ықпал етті. 
Үш  бидің  сыншысы  халқы  болған.  Күлтөбенің  басында  хан 
сайлап, жер дауы, жесір дауы, тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді 
талқылап отырған. Үш жүздің ынтымағының қаймағы шайқалмай, 
іргелі ел, тұтас бір мемлекет болуына не қажет дегенде, мынандай 
толғау жолдарын қалдырған екен. Төле бидің айтқаны: 
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
Молдалықтан не пайда?
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса – 
деп, батыр бол, хан бол, молда бол мейлі, тек қана адал бол дегенді 
білдірсе керек. Ал Қазыбек бидің: 
От басында білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес
Ей, біз үш жүз, үш қазақ керіспейік,
Асылы бізге керіскен жөн емес – 
деп, біртұтас қазақ ұлтын ауызбіршілікке үндейді. Жүзге бөлінгеннің 
жүзі күйсін деген сөзді халық бекер айтпаған. Билер философиясы 
жалқыдан жалпыға, жекеден көпке, әрқашан тұтастықты қамтыған 
ой жүйелері болды. Үшінші болып Әйтеке тұжырыпты:
Мен жиырма тоғыз рудан құрылған кіші жүзбін,

 
 
 
                      
                                                  199
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін. Керісер болсақ,
Осы үшеуі маған жайсыз, сендерге жоқ! [12, 130–131 бб.]
Билер  шығармашылығы  үш  жүздің  басын  біріктіріп, 
ынтымақтастырып,  олардың  арасында  болатын  дау-дамай,  айтыс-
тартыстарды  жаңжалсыз  шешіп  отырудың  ұтымды  түрлерін  үлгі 
етуімен маңызды. Қазақтың үш биі үш жүздің ортақ даулы мәселесін 
шешіп, халықты біріктіруші рөл атқарып отырған. Сахарада билік 
құру  өнерін  дамытқан  осы  билердің  ізімен  Абай  да  би  міндетін 
атқарған  кездерінде  оны  жаңғырта  отырып  жетідіруге  атсалысты. 
Алдымен Ұлы ойшыл қазақ қыздарының білімді болғанын қалады. 
Өзінің  қара  сөздерінде:  «...қыздарды  да  ең  болмаса  мұсылман 
ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол 
жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар 
еді» – деп жазады [9, 110 б.]. Халқын алдыңғы қатарлы жұрттармен 
тең терезелі өркениетке жеткізуді көздеген Абай әйел еркіндігін де 
зерттеу  көкжиегінен  тыс  қалдырмады.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамының 
әйел бостандығы мен теңдігі жөніндегі мәселе Кеңес өкіметі орнаған 
соң оңды шешімін тапқандай болды. Дегенмен қазақ әйелдері мен 
қыздарының  мінез-құлықтарының  еліктеушілік  сипат  алғанын 
жасыра  алмаймыз.  Егемен  еліміздегі  ұлтымыздың  өркендеуі 
жолындағы  басты  мәселелердің  бірі  қыздардың  тәрбиесі.  Біздің 
зайырлы  мемлекетімізде  қыздарымыз  сапалы  білім  алуға,  жұмыс 
істеуге,  өзіне  жар  таңдап  отбасын  құруға  құқылы.  Қазіргі  кезде 
белең  алып  отырған  қыз-келіншектерге  тауар  есебінде  қарайтын 
көзқарастардың  қалыптасуына  өзіміз  кінәліміз.  Қазақ  қыздары 
ықлым заманалардан бері намысын қорғай білген. Инабатты, ибалы 
кейпін сақтаған. 
Руханилық,  адамгершілік  мұраттар  қазақ  ділінің  нағыз  өзегі 
болып  табылатын  құндылықтарға  жатады.  Қазіргі  кезеңде  қазақ 
үшін  жаңа  сынақ  келді.  Өрелі,  өркениетті  ел  болу  үшін  ынтымақ, 
бірлік, ағайыншылық, адамгершілік қадіріміз бен қасиетімізді, ата-
бабаларымыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді қазық 
етсек одан ұлтымыздың өркендеуі қарқындайды десек қателеспеген 
болар едік. Жастарымызға бала-бақшадан мектепке дейін, одан әрі 
жоғары мектептерде ақын-жырау, билер институттарының тәлімдік-
тәрбиелік  мағынасы  мол  шығармашылығынан  сусындауына 
мүмкіндіктер ашу кезек күттірмейтін шаралардың бірі болса керек. 
Руханилық  пен  мәдениеттің  үйлесімділігі  іс  жүзіндегі  махаббат. 
Руханилық  әрқашанда  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастардың 
үйлесімділікте болуымен сипатталады.

200 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Біз  бұл  талдауымызда  билердің  тікелей  іс-әрекетімен, 
талантымен еркіндік мәселесін құқықтық деңгейде таразылап, оны 
жауапкершілікпен  толықтырыуын  зерделедік.  Әрбір  адамның 
өз  пікірін  еркін  білдіру  мүмкіндігі  мен  жеке  адам  бостандығын 
бағамдауға  болады.  Қоғамдық  қатынастардың  рухани  дәрежесін 
көтере  отырып,  адамгершілік,  ізгілік,  өнегелілік  т.  б.  этикалық 
категориялар  жүйесімен  толықтырғандығын  аңғардық.  Қазақ 
қоғамындағы  билер  институты  хандар  даралығын  толықтырушы 
бола  отырып,  тек  ел  ішіндегі  ғана  мәселелер  емес,  сыртқы  саяси 
қатынастарға  да  араласты.  Сондықтан  жеке  адам  еркіндігінің 
әлеуметтік азаттық мәселесіне қарай сөзсіз ойысатындығын бағамдай 
аламыз. Немесе, адамның ішкі еркіндігі сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз 
түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Әдебиеттер
1  Қазақтың ата заңдары (Древний мир права казахов), – Алматы, 2003. 
– Т. 2. – 464с Зиманов С. Полное собрание сочинений. 10 томов. – Алматы: 
«Медиа-корпорация «Заң», 2009. – Х том. – 496 с. 
2  Оразалы 
С. 
http://i-news.kz/news/2012/09/06/6600572-abaidyn_
zangerligi.html
3  Левшин  А.И.  Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордасы  мен 
далаларын суреттеу // Ақиқат. – 1993. – № 3. – 54–64 бб.
4  Назарбаев Н. Бірлік – біздің қасиетті туымыз // Егемен Қазақстан. – 
1995, 26 сәуір.
5  Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б.
6  Қасымжанов  А.Х.  Портреты:  Штрихи  к  истории  Степи.  Вып  1.  – 
Алматы, 1995. – 126 с.
7  Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. 
– Алматы, Жеті жарғы. 1998. – 4–5 бб.
8  Раев Д.С. Ел басқарудың шешендік өнердегі көрінісі // Әл-Фараби. – 
2003. – № 1. 12–19 бб. 
9  Төле  би  /  Құрастырған  Дәуітов  С.  –  Алматы:  Мұраттас  ғылыми 
зерттеу орталығы, 1991 – 80 б.
10 Қалдыбаев М. Төле би. – Алматы, 1991. – 125 б.
11 Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 
167–168 бб.
12 Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 
1993.– 400 б.
13 Қапышев А.Б. Шығармашылық – руханилық пен мәдениеттің бірлігі 
ретінде // ҚР БҒМҚ, ҚР ҰҒА хабарлары. – 2001. – № 6.

 
 
 
                      
                                                  201
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
3.3 Қазақтың халық философиясындағы этикалық-
эстетикалық дәстүрлер
Өткен  тарихымызға  құрметпен  қарап,  оны  танып-білуге  деген 
құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, 
ұрпақтар  арасындағы  мәдени-тарихи  сабақтастықты  жаңғыртуға 
деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін болып 
отыр.
Әр  халықтың  орналасу  аймағына,  тіршілік  салтына,  өмір  сүру 
дағдыларына  байланысты  ортақ  мінез-құлық  ережелері,  жүріс-
тұрысы,  тыныс-тіршілігі  қалыптасады.  Қазақ  этикасы  өзінің  көл-
көсір  молдығымен  де,  адамгершілік  қуат-тегеурінімен  де,  тарихи 
айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды.
Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай 
Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы 
мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 2600 
жыл  бұрын  өмір  сүрген  скиф-сақ  ойшылы, 
«
ұлы  жеті  ғұламаның 
бірі»  Анахарсис  (Анарыс)  өзінің  әдеп  және  адамгершілік  туралы 
терең  пікірлерін  айтқан.  Мысалы,  маскүнемдік  туралы  ол  былай 
деген: 
«
Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқа 
бату үшін, үшіншісін – ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан 
алжасу  үшін  ішеді».  Кіндік  Азиядан  табылған  түріктердің  атақты 
Күлтегін,  Тоныкөк  жазуларында  татулық,  бақыт,  дәулет  секілді 
әдеп  ұғымдары  жиі  кездеседі.  Қазақ  этикасының  қалыптасуына 
Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері 
қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. 
Қазақ  топырағында  әдептануды  арнаулы  ілім  ретінде 
қарастырған  ғұлама-философ,  әмбебап  ғалым  –  Әбу  Насыр  әл-
Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкін-
дік  беретін  ғылым  деп  қарастырды.  Оның  түсінігінше,  адам 
жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен 
қарау  керек.  Жақсылық  дегеніміз  білім,  мейірбандық,  сұлулық 
бірлігінде жатыр. 
«
Бақытқа жол сілтеу» трактатында ойшыл баянды 
тіршіліктегі адами бақыт туралы сөз қозғайды. Түрік халықтарының 
этикасын  дамытуға  үлкен  үлес  қосқан  ғұламалар  қатарына  Жүсіп 
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, 
Сүлеймен Бақырғани және т. б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан 
кезден бастап қазақ этикасы негізінен ақын-жыраулардың даналық 
насихат жырларында дамыды. Олардың ауызекі мәдени мұралары 
– ұлттық қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай 
сақтап қалуға үлкен қызмет етті. 

202 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Атақты  қазақ  ақын-жыраулары  Асан  қайғы,  Шалкиіз, 
Ақтамберді,  Бұқар  жырау,  Дулат,  Шортанбай  т.  б.  ұлттық  әдеп 
жүйесін  заман  талаптарына  сәйкес  жоғары  тұғырға  көтере  білді. 
Олардың  әлеуметтік-этикалық  ойлары  қазақ  халқының  әдептік 
сана-сезімінің  қалыптасуына,  кейінгі  ұрпақты  адамгершілік 
және  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеуге  үлкен  әсерін  тигізді  –  деп 
атап  көрсеткен  қазақ  мәденетін  зерттеуші  ғалым  Т.Х.  Ғабитовтың 
ойларымен келісуге болады [1].
Енді  қазақ  эстетикасына  тоқталатын  болсақ,  онда  ол  адам 
мен  әлем  қатынасында  әсемдік  пен  сұлулық  туралы  қазақ 
халқының  ұлттық  көркем  мәдениетін  зерттейтін  философиялық 
пән  екендігін  атап  көрсетуге  болады.  Әрине,  басқа  халықтардың 
өзіндік эстетикалық әлемі бар. Эстетика термині ежелгі грек тілінен 
«
сезінуші,  сезімдік  қабылдау»  деп  аударылады.  Қазақ  халқының 
қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлерінің дамуы бірнеше 
кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен 
фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздары мен мифтерінде, 
батырлық  және  лирикалық  эпоста  көркем  формада  баяндалған. 
Қазақ эстетикасының келесі бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген 
түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өнері болды. 
Көне түрік жазуындағы Жүсіп Баласағұнның 
«
Құтты білігінде», Қожа 
Ахмет  Иасауидің 
«
Даналық  кітабында»,  Ахмет  Иүгінекидің 
«
Ақыл 
сыйында», Сүлеймен Бақырғанидың 
«
Хакім Атасында» эстетикалық 
мәдениет  пен  мұраттың  түбегейлі  мәселелері  көркем  суреттелді. 
Ислам Ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында 
дүниеге келген әл-Фараби ерекше орын алады. Ол өзінің 
«
Музыканың 
үлкен кітабы», 
«
Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», 
«
Поэзия 
туралы  кітап»  атты  еңбектерінде  эстетикалық  болмыс  пен  таным 
туралы терең пайымдаулар айтты. 
Қазақтың  төлтумалық  этикалық  және  эстетикалық  мәдениеті 
хандық  дәуірінде  қалыптасты  және  ақын-жыраулар  мен  би-
шешендер  шығармашылығында  өзінің  шарықтау  шыңына  жетті. 
Мәселен,  Майқы  би,  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би  және  т.  б. 
сол  сияқты  би-шешендердің  шығармашылығында  этикалық-
эстетикалық ізденістер айқын көрініс беріп, көшпелілердің дүниені 
рухани игеру ерекшелігін танытты.
Би-шешендер  эстетикасының  құндылығы  көркем  мазмұнымен 
ғана  емес,  сонымен  бірге  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  қуатты 
әлеуметтік-мәдени орны және қызметімен айқындалады. Сондықтан 
олардың  алдында  тек  бұқара  халық  емес,  ақсүйектер  де  ілтипат 
сақтаған.  Би-шешендер  толғауларында  бүкіл  қазақ  халқының  ой-

 
 
 
                      
                                                  203
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
арманы мен эстетикалық түсініктері шынайы бейнеленген. Олардың 
шығармашылығында  сұлулық  пен  әсемдікті,  ерлік  пен  елдікті 
жырлау басым болып келеді.
ХV  ғасырдың  ортасында  пайда  болған  Қазақ  хандығы  ұлттық 
мәдениет  пен  әдебиеттің  өрістеп-өркендеуіне  орасан  ықпал  етіп, 
ерекше  жағдай  жасады.  Алтын  Орда  заманында  ертеден  бері 
жалғасып,  әрі  дами  түскен  жалпы  түркілік  руханияттың  мұрагері 
ретінде ұазұа халқы мен мемлекеті енді бабалардан қалған мирасты 
сақтап  ғана  емес,  оны  байытып,  жаңғыртуға  міндетті  болып,  соған 
күш салды. Бұл дәуірдегі мәдениет өзінің түр сипаты, мазмұны мен 
тақырыбы жағынан алғанда алуан түрлі болды. 
Жеке отау тігіп, өз мемлекеттігін құрған қазақ елі үшін ХV–ХVІ 
ғасырларда ең басты мәселе – жаңа құрылған мемлекетті күшейту 
мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ой-сана, елдің аңсары – ұлттық 
тұңғыш  мемлекетті  сақтап  қалу  болды,  елді  жұмылдырып,  бір 
жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық румен тайпаларды 
бір  орталыққа  қаратып,  ішкі  алауыздық  тиятын  әрі  сыртқы 
дұшпандарға  тойтарыс  бере  алатын,  яғни  елдің  қамын  ойлап,  ел 
үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін жақсы түсінген халық 
мемлекет күшті болу үшін ақылды да абыройлы хан керек деп, осы 
идеяны  дәріптеді.  Халық  арасындағы,  қоғамдық  санадағы  осындай 
этикалық идеяны, хандық идеологияны барынша жақтап, елді соған 
үгіттеуге  ерекше  күш  салған  қайраткерлердің  ішінде  ақындар  мен 
жыраулар, би-шешендер өздерінң құдіретті сөзімен, үлгілі ісімен өз 
үлестерін қосып, орасан еңбек сіңірді. 
Шешендік  сөздер  қашанда  әрбір  халықтың  күнкөріс  кәсібі 
мен  тұрмыс  салтына,  дүниеге  деген  көзқарас-танымы  мен  тілек-
мұраттарына,  эстетикалық  талғамына  сәйкес  туып  қалыптасады. 
Шешендік  сөздер  заман  дәуір  талабына  сай  ғасырлар  бойы  сан 
түрлі  өзгеріске  ұшырап  отырған.  Олардың  ішінен  жұрт  жүрегіне 
ұялағандары  ғана  сақталып  бізге  жеткен.  Бұл  ұзақ  дәуірлер 
бойындағы өмірлік тәжірибе мен білімнің, ой толғамның жиынтығы, 
қар  ақылды  қақ  жарған  әділдіктің,  шындықтың  жыршысы  болып 
келгени жанр.
Қазақ  еліне  шешендік  өнердің  қалыптасқан,  өзге  халықтарда 
кездесе  бермейтін  дәстүрлі  өз  мектебі  болған.  Қазақ  елінде  дер 
кезінде  тауып  айтылған  тапқырлық  пен  аталы  сөзге  қарсы  уәж 
айтылмаған.  шешендік  сөздің  ел  өміріндегі  орны  мен  мәні  ерекше 
болған. Ру арасындағы кішігірім дау жалдан бастап, ел ішіндегі жер 
дауы, жесір дауы, тіпті барымта, адам өлімі мен құн дауларын білікті 
билар  шешіп  отырған  екі  жақтың  даугер  билері  не  бір  күрделі, 

204 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
шиеленіскен,  шешуі  қиын  істерді,  ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен 
бітістіретінде болғандығы туралы айтылады [2].
Қазақ хандығы ХV-ХVІІ ғасырларда өзінің ішкі саяси-әлеуметтік 
құрылымын  барынша  нығайтуға  тырысқанымен,  бұл  одақтың 
да  біртұтас  мемлекет  болып  тұруына  әр  түрлі  тарихи  үдерістер, 
ықпалдар  әр  қилы  (көп  жағдайда  теріс)  әсер  етумен  болды.  Тәуке 
ханның «Жеті жарғысы» ХVІІ ғасырдың аяғында және ХVІІІ ғасырдың 
басында  қазақ  этносының  мемлекеттілігі  үшін  ең  жоғарғы  құнды 
дүниеге  айналды.  Бұл  кезеңде  халықтың  үш  жүзге  бөлінгеніне 
қарамай  іштей  бірігуге  деген  талпынысы,  әрекеті  осы  тарихи 
құжаттың,  тарихи  тұлғаның  төңірегіне  топтасқан  болатын.  Тәуке 
ханнан  кейін  келген  саяси  биліктің  иелері  ХVІІІ  ғасырдың  басында 
қазақтың іштей ыдырауын тоқтата алмады.
ХVІІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың басында қазақ даласындағы саяси-
әлеуметтік кеңістіктегі ахуалды сипаттай келіп «Әз Тәуке хан алты 
алаштың  тізгінін  алты  биге  ұстатады.  ХVІІІ  ғасырдың  бас  кезіндегі 
дерек бойынша, Ұлы Жүзде Үйсін Төле би, Орта Жүзде Қаз дауысты 
Қазыбек  би,  Кіші  Жүзде  Алшын  Әйтеке  би,  Қырғызда  Қараш  би, 
Қарақалпақта Сасық би, Құрамада Мұхамед би отырады. Сырттай 
қарағанда өте қолайлы әрі ұтымды көрінгенімен, ақыр түбінде бұл 
бөліс Қазақ Ордасының біржола ыдырауына жол ашты. Сөз жүзінде 
ғана  емес,  іс  жүзінде  алты  ұлысқа  бөлінгеннен  соңғы  жерде  үш 
жүздің ара жігі айқындалды, қалған үш алаш өздерін дербес ұлыс, 
федерация құрамындағы жат жұрт деп сезіне бастады», – деп жазады 
М. Мағауин [3, 85 б].
Қазақ Ордасының осынау ыдыраушылыққа бейімделуі, жоңғар 
шапқыншылығынан  кейін  үш  жүздің  басы  бірігіп,  өзінің  ортақ 
ханының,  мемлекетінің  болғанын  қалауы,  сөйтіп,  біртұтастыққа 
қайтадан ұмтылуы бұл тарихи үдерістің көшпенді ел үшін қалыпты 
көрінісі болатын. Ол үдерістер үшін тарихтағы жекелеген кінәлілерді 
іздеудің өзі артықтау болар еді.
ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ  даласында  рухани  атмосфера, 
тарихи  ахуал  қандай  болды?  Қазақ  қоғамында  өркендеу  басым  ба 
еді? Әлде тоқырау көбірек байқалды ма? Біздің пікірімізше, бұл екі 
үдерістің екеуі де көрініс беріп отырады десе де болады. Дәуірдің ең 
негізгі жетістігі – халық өзінің болашағын, мемлекеттілігін тек өзінің 
ұлттық бірлікте болғанында ғана құрай алатындығын зерделеді.
Қазақтың  ХVІІІ  ғасырдағы  көрнекті  жырауларының  бірі 
Ақтамберді  жырау  халықтың  рухани  дүниесінің  іргесін  бекітіп, 
шаңырағын шайқалтпауға себеп болатын күштің оның өз бойында 
екенін ескертіп, жастарға арнап сөз қалдырған екен:

 
 
 
                      
                                                  205
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болса алты ауыз,
Еліңе кірген әреке…
Ел аман болсын ылайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын, құдайым! [4, 57–58 бб.].
Бірлік пен татулық бар жерде адамдарға өмірдің кез-келген қиын 
асуын  алуға  мүмкіндіктер  ашылады,  адамдардың  бір-біріне  деген 
ыстық ықыласы өрбіп, дау-жанжалдардың алдын алынады. Сөйтіп 
шендесу,  бақталасу,  бәсекелесу  сипатындағы  қарым-қатынастың 
орнына жұртшылық арасында іштесе, түсінісе, бір-біріне көмектесе 
өрбитін  байланыстар  белең  алады.  Бұл  адамның  нағыз  адами 
болмысын жетілдіре түсетін іргетастар екені анық. 
Қазақ даласының ғұлама ойшылдары ХV-ХІХ ғасырларда өмір-
дегі,  әлеуметтік  дүниедегі  қиындықтарды  өз  шығармашылығының 
іргетасы ретінде алып оны бейнелесе де, суреттесе де негізгі іргетас 
ретінде  туған  жерге,  туған  елге  махаббаты  бейнелейді.  Міне,  осы 
отансүйгіштің  негізінде,  адамның  Ғалам  құндылығын  бағалаумен 
астаса отырып, нағыз рухани құндылықтар жүйесін қайта жаңғырту 
жатыр. Адамның шынайы мәні, этикалық, эстетикалық түсініктері 
осы рухани құндылықтармен байланысты рауажданып, көрініс беріп 
отырады. 
Адамның  адамгершілікке  толы  дүниетанымы  рухани  компо-
ненттерді қалыптастыру барысында түзелетіні белгілі. Бұл тұрғыдан 
алғанда  қазақтың  кең  даласында  данагөй  ұлы  тұлғалардың  өмір 
сүргені белгілі. Солардың ішінде ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың 
шоқтығы биік үш биін этикалық дәстүрін қалыптастырған тұлғалар 
деп атаймыз: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Олардың қазақ халқын 
топтастыруға  сіңірген  еңбегі  руханилықтың  биік  шыңы  десе  де 
болады.
Халықтың ұлттық дүниетанымын тереңірек танып білуге, мәде-
ниетіміздің інжу-маржандарын рухани игілікке айналдыруға тыры-
су парызымыз. «Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының семантика-
лық діңгегі «құт» ұғымы. Оны «өмірлік күш», «өркендеу басы», «өмір 
нәрі»,  сонымен  қатар  байлықпен  байланысты  «бақыт»,  «игілік», 

206 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«үлес»,  «тағдыр»  деген  ұғымдармен  сәйкестендіруге  болады.  Бұл 
ұғым  этнофилософияның  түп  негізін  анықтап,  өзіндік  онтология-
ны,  антропологияны  және  әлеуметтік  философияны  біртұтас  етіп 
біріктіреді.
Қазіргі  кезеңде  еліміздің  ХХI  ғасырға  аяқ  басқан  жаңа  тарихи 
кезеңінде  өткеніміз  жаңаша  зерделенуде.  Әрине,  бұрынғы  уақытта 
жасалынған  зерттеу  дүниелері  де  біршама  екенін  есте  ұстауымыз 
керек. Әсіресе, осы игілікті іске өткен тарихи кезеңдерде өзінің еңбе-
гін сіңірген мамандар мен ұлтжанды азаматтарды әсте ұмытпағаны-
мыз  жөн.  Мәселен,  қазақтың  би-шешендерін  жан-жақты  зерттеуге 
өзінің  шығармашылық  өмірін  арнаған  Н.  Төреқұл  ХVІІІ  ғасырда 
қазақ  жерінде  қалыптасқан  рухани  бағдарлардың  сипаттамасын 
былай суреттейді: «Қазақтың жауы көп болған ғой. Көбіне қорғанып 
жүрген.  Жауға  қарсы  аттанарда  елдің  басшылары,  билері,  игі 
жақсылары  Төле  биге  барып  бата  алады  екен.  «Төле  биден  бата 
алмаса,  жол  болмайды»  деген  мәтел  содан  шықса  керек.  Төкеңнің 
бір  ауыз  сөзі  оларға  ақ  жол  болған»  [5,  131  б].  Міне,  осындай  ақ 
ниетті,  киелі  сөзді  өзінің  үлкен  істерінің  бастауы,  түрткісі  етуге 
тырысқан  қазақ  халқы  даналықты,  әділдікті,  адалдықты  өздерінің 
этникалық  рухани  әлемінің  негізгі  іргетасына  айналдырып  келген. 
Бұл  рухани  тетіктің  күші  мен  құдіреті  кейбір  саяси-әлеуметтік, 
немесе  мемлекеттік  тұтқалардан  кем  түспей  социумды  барынша 
тұтастандырып,  тұрақтандырып  отырған.  Әйтпесе,  көп  рулы  елде 
ынтымақ болмайды. 
Өзінің сөздің құдіретіне деген құрметін қазақ ертеден аңғартқан. 
Тіл  философиясының  түп  қазығы  осы  дүниетанымдық  іргетасқа 
сүйенетінін  байқаймыз.  Қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің 
тарихында  ауыз  әдебиеті  арқылы  небір  дәл  айтылған  тұлғалық 
сипаттамалар көп кездеседі. Оны қазақ дүниетанымының тұлғалық 
мағынасы деуге болатын келбеті. Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, 
Қазыбек  қазып  айтады,  Төле  тауып  айтады»  деген  ұлағатты  сөз 
бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты, жарып айту батырлық пен 
батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады»[5, 157 б.].
Қоғамдағы  әлеуметтік  және  рухани  тепе-теңдіктің  қалыптасуы 
көбінесе  моральдік  қалыптардың  жетекші  рөл  атқаруымен,  тіптен 
имандылық,  руханилықтың  негізгі  күшке  айналуымен  тікелей 
байланысты екенін Төле бидің замандасы Қазыбек би жете түсінген. 
Әсіресе,  адамның  өзіндегі  табиғи  пендешілік  әлсіздіктерінің 
құрсауында болуы жақсылыққа жетелемейтіндігін мына өлең-өсиет 
жолдары арқылы жеткізеді:

 
 
 
                      
                                                  207

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет