Философия, саясаттану


III тарау.  Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Өркенің өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басыңа іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба! [5, 150 б.]
Міне,  осы  өсиеттердің  терең  астарларында  қоғамның  жалпы 
дамуы үшін жеке тұлғаның жетілуі, қажеттігі өз заманында айтып 
тұрғандай  Қазыбек  би.  Бұл  даналыққа  толы  қазақтың  далалық 
өркениеттің  негізгі  құндылықтық  бағдарлары  болатын.  Осындай 
рухани  көсемдері  болған  әрбір  жүздің  ру-тайпалары  үнемі  қиын-
қыстау  кезеңнің  өзінде  шынайы  адамдық  келбеттің  мүддесін 
қорғаумен  болған,  далалық  демократияның  ұстанымдарын 
нығайтумен айналысты.
Сөйтіп, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың атақты үш биінен (Төле 
би, Қазыбек би, Әйтеке би) басқа төмендегідей тұлғаларға мәртебелі 
«би»  деген  атақ  қосылып,  халқымыз  әділдігі  мен  адалдығы  үшін 
құрметтеген:  Әжібай  би,  Ескелді  би,  Досай  би,  Есей  би,  Жәнібек 
Тархан, Балпық би, Қарменде би, Сеңкібай би, Боранбай би, Кегенбей 
би, Бекболат би, Кеңгірбай би, Ақтайлақ би, Байдалы би, Құрмысы 
би, Қарадос би, Шабанбай би, Шон би, Шоқай би, Байжігіт би, Бапан 
би, Торайғыр би, Мөңке би, Қазы би, Бөкен би, Айтуар би, Шорман 
би, Саққұлақ би, Құнанбай би, Аңдас би, Қаба би, Бәкі би, Есет би, 
Қожбанбет би, Шөңкі би, Сары би, Мамашәріп би, Бала би, Ноғайбай 
би, Қашаған би, Малтақан би, Сарыбай би, Кебекбай би, Кенжалы 
би,  Көлбай  би,  Жетес  би,  Төлебай  би,  Шілменбет  би,  Досбай  би, 
Шортанбай би, Шәлменде би, Бемалы би, Бекбосын би, Шойынбет 
би, Нақысбек би, Алдаберген би, Жанкісі би, Нияз би, Сыпатай би 
[5, 586 б.].
Билермен қатар қазақ даласының құрметіне бөленген халықтың 
дарынын,  сөзді  құрметтеуге  үлес  қосқан  төмендегідей  шешендер 

208 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болған (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): Тайкелтір шешен, Әлдебек шешен, Сеңкібай 
шешен, Сырым шешен, Зілқара шешен, Біке шешен, Бөлтірік шешен, 
Жанқұтты  шешен,  Байкөкше  шешен,  Асаубай  шешен,  Қозыбай 
шешен,  Шағырай  шешен,  Байсерке  шешен,  Қылышбай  шешен, 
Қанай шешен [5, 587 б.]. Шешендердің философиялық дүниетанымы 
тәуелсіздікке  қол  жеткізген  кезеңнен  бері  жүйелі  қарастырыла 
бастады.
Сонымен  қатар  жырау,  «датқа»  деген  атаққа  ие  болған  қазақ 
шешендері  болған.  «Датқа»  деген  атаққа  Байзақ  Мәмбетұлы  (1789-
1864)  мен  Сапақ  Байшуақұлы  (1833-1913)  іліккен  болатын.  Датқа  – 
халық  тілегін  әділдікпен  шешетін  ел  басшысы  деген  парсы  сөзі  [5, 
454 б.]. Міне, осындай көп түрлі қырлары бар рухани өмірдің келбеті 
тарихи кезеңде айқын көрініс берген еді.
ХVІІІ ғасырдың жалпы қазақ қоғамдық өмірінің сипаттамасын 
«жаугершілік  заманы»,  «тәуелсіздік  үшін  күрес  заманы»  десек 
болады. Ал, енді осы қоғамдық дамудағы бағытқа сәйкес келетін өмір 
философиясы  болды  дегеніміз  шындыққа  біршама  жақын  келеді. 
Олардың  барлығы  қазақ  даласы  ойшылдарының,  яғни  билерінің, 
шешендерінің, жырауларының, ақындарының шығармашылығының 
мағына-мәндік  негізін  құрады.  Дүниетанымының  әмбебаптылығы, 
жан-жақтылығы осы негізгі бағдардан өрістейді. 
«Ақтабан шұбырынды» жұрттың алдына мемлекеттік филосо-
фия мәселесін, сана мен билік арақатынасын, қолданбалы философия 
мәселесін тікелей қойды. Бұл Бұқар жыраудың көсемдік жырларына, 
Ақтамбердінің  эпикасына,  Төле  бидің,  Әйтеке  би  мен  Қаздауысты 
Қазыбектің  шешендік-философиялық  талғамдарына  негіз  болды. 
Бұл  сарындар  Махамбет,  Шернияз,  Сүйінбай,  Шөже,  Жанақ, 
Кемпірбай шығармаларында және «Қармыс батыр», «Балуан-Нияз», 
«Бекет  батыр»,  «Айман-Шолпан»  поэмаларында  көрініс  тапты»,  – 
деген қазақ философиясын зерттеуші философ М.С. Орынбеков [6, 
23  б.].  Шыныменде,  байқалатын  мәселе  өткен  ғасырларда  рухани 
сабақтастықтың  жалғасын  тауып  отырғандығы.  Халық  өзінің 
руханиятын үнемі өзі кемелдендіріп, жіктеулерден өткізіп отырды. 
Ол өзінің менталитетінде әділ бағалаушы, сараптаушы қызметті де 
атқарып отырады. Дегенмен, дәстүрлі қоғамның баяу ырғағы кейбір 
әлемдік  үдерістерге  төтеп  бере  алмайтындығын  сиптта  өрбігенін 
кейінгі тарих көрсетті.
Билер  мен  шешендерден  кейінгі  толқынмен  келген  қазақ 
ағартушылары руханияттың түлеуіне үлкен үлес қосты. Ы. Алтынсарин 
өзінің  ағартушылық  философиясында  жас  ұрпақтың  тағдырына 
халықтың  рухани  қайта  өрлеу  үмітін  артып,  осыған  байланысты 

 
 
 
                      
                                                  209
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
педагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. 
Өз  көрінісін  ақындар  айтысынан,  қисса,  хикая,  жаңа  эпикалық 
поэмалардан тапқан эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай 
дамыды. Музыка (әуез) өнерінің өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, 
Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, 
Құлтума,  Сара,  Сералы,  тағы  басқа  ақын-әншілердің  есімдерімен 
байланысты [6, 24 б.]. Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ философиясының биігі Абай шығармашылығынан 
көрініс тапты. Сонымен ХІХ ғасырдың рухани, әлеуметтік бастаулары 
қазақ халқы үшін біршама өзгерістерге түсті. Бұл әсіресе Кенесары 
Қасымұлы көтерілісінің жеңіліске ұшырағаннан кейінгі кезеңде анық 
байқала бастады [7, 45 б.]. Бұл кезең тарихта «Зар заман» дәуірі деп 
аталған еді (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Асан және т. б.).
ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ даласындағы ақын-жыраулардың 
құндылықтар жүйесіне салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, онда 
байқайтынымыз  ғұламалардың  шығармашылығындағы  саналуан-
дылықтың көрініс беретіндігі. Бұл, әрине, әрбір ойшылдың даралы-
лығымен  қоса  әрбір  тарихи  кезеңде  дүниетанымдық  басымды-
лықтардың,  әлеуметтік-тәжірибелердің  өзгеріп  отырғандығын 
танытады.  Мәселен,  «Бұқар  елді  елдікке  ынтымаққа  үндесе,  Шал 
шаңырақтың  шырын  сақтауға,  перзент  сүюге,  «жақсы  болсаң 
нашардың хақын жемеуге», өзін-өзі зорға санамауға, кәріні ниетпен 
сыйлауға шақырады. Бұқар жырау дипломат, бірде қайраткер, бірде 
айыптаушы, не сыншы, не мақтаушы қызметтеріне түсіп кетіп, сөз 
өнерін сан қырға таратады. Ал, Шал поэзиясының тұрақты объектілері 
бар. Шаруа жайын, жастық қызуын, жақсы әйел, жігерлі жігіт, саясы 
жоқ бәйтеректі, шолақ дүниені тілге тиек етсін – баршасында Шал 
бір адам, сабырлы қалыптан аумай, құлық тұрақтылығын байсалды 
көрсетеді.  Бұқар  поэзиясы  кейде  асқақтап,  аспандап  кетсе,  Шал 
шығармашылығы  жер  салмағын  сақтап  қалады»,  –  деген  орынды 
пікір айтылады [8, 118 б.].
Халықтағы ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастық арқылы беріліп келе 
жатқан рухани-этникалық құндылықтарды зерттеу, оның сан қырлы 
сырын  ашуға  тырысу  тек  сол  ұлттың  өзі  үшін  ғана  емес,  сонымен 
қатар  жалпы  адамзаттың  мәдени  байлығына  қосылған  үлес  болып 
табылады. Өйткені әр халықтың әлемді бейнелеу рәсімдері болады. 
Осы рухани-этникалық жүйелер зерттелмеген «ақ тандақтар» күйінде 
жатуы мүмкін. Сондықтан жан-жақты философиялық талдаулардың 
тарихи қажеттігі мол. Жеке адам өз халқын жақсы танып білуі үшін 
халқының  әрбір  салтында  дәстүрлі  қалыптасып  алған  жағымды, 
жағымсыз қасиеттерді өзге этностардың мәдени құндылықтарымен 

210 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
салыстыра  отырып  қарастыру  керек.  Ал  этноұлттық  құндылықтар 
туралы ой айтар алдында осы құрылымды, жүйені құрайтын кейбір 
этнотарихи ұғымдарға тоқтала кетелік.
Қазақ философиясының қазақ поэзиясымен оның этикалық жә-
не эстетикалық дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығаны белгілі. 
Жалпы дүниетаным көбінесе ауызша поэтикалық формада, көркем 
бейнелер  арқылы  өрбіді.  Қазақ  ділінің,  өмір  салтының  ерекшелігі 
өзінше  бір  дүние.  Ә.  Нысанбаев  ол  туралы  «Екімыңжылдық  дала 
жыры» атты жақында жарық көрген жинақтың алғы сөзінде былай 
деп жазады: «Демек, дала поэзиясы – қазақы дүниетануды түсінуді, 
халықтың өзін-өзі тануының қайнар бұлағы. Мұнда дүниенің қазақи 
ұлттық түсініктегі бейнесі, философиялық және поэтикалық астары 
қабыса, асқан көркемдікпен көрсетілген. Халқымыздың кемел ойы, 
пәк гуманизмі, асыл мұраты, терең сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, 
өкініштері  мен  сүйеніштері  –  бәрі-бәрі  оның  поэзиясында  сайрап 
жатыр. Қазақ поэзиясы қазақ халқының рухани даму эволюциясының 
шежіресі іспетті» [9, 5 б.].
Қазақ  дәстүрлі  мәдениеті  Кеңес  үкіметінің  билік  жүргізген 
заңына дейін өз күшінде болатын. Сол тарихи кезеңнің жарқын бет-
теріне  қазақ  ағартушыларының  атқарған  өнегелі  қызметтерін  атай 
аламыз. Жалпы қазақ даналығы өзінше үлкен тақырып, ол туралы 
Т.Х. Рысқалиев өз еңбектерінде жақсы талдаулар жасайды [10, 159–
160 бб.]. ХІХ ғасырдағы ағартушылық кезеңнің келуіне алғышарттар 
қазақ  даласындағы  ғұламалардың  терең  ойлы  тұжырымдары  мен 
руханилыққа  шақырған  іс-әрекеттерінің  арқасында  жасалынды. 
Қазақтың  билерінің  дәстүрлі  қоғамда  рухани  байлықты  көбейте 
түсуге сіңірген еңбегі зор. Төле бидің замандасы, әріптесі Қазыбек би 
рухани құндылықтардың ең қайнар көзі адамгершілікте, моральдік 
қалыптарда,  жамандықты,  жаман  қасиеттерді  жеңе  білуде  екенін 
Қазыбек би өз шығармашылығында атап көрсетеді [11, 30 б.]. 
Ұлы би жалпыадамзаттық бірліктің негізі сол адам өмір сүретін 
шағын  әлеуметтік  қауымдастықта  қаланатынына  меңзегендей. 
Дүниеде  ол  адамдарды  сұрыптап,  «жақсы-жаман»,  «бөтен-жақын» 
деп  бөлмеу  қажеттігін  үйретеді.  Тіршіліктегі  әрбір  пенденің  өмір 
сүруге, бақытты болуға, қайырымдылықты сезінуге толық құқы бар 
екендігіне рухани бағдар жасайды Қаз дауысты Қазыбек. Бұл рухани 
ағартушылықтың бір көрінісі болатын.
Қазыбек  бидің  өмірдегі  әлеуметтік  қатынастардағы  кейбір 
тұлғалық белгілерін анықтауы өте биік деңгейде болатын. Ол адам-
дардағы руханилықтың, жақсы тәрбиенің, моральдық бағдарлардың 
маңыздылығын көрсете білген. Мәселен, оған қойылған «Кім жақын, 

 
 
 
                      
                                                  211
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа берген жауаптары дәстүрлі 
қоғамдағы рухани өмірдегі құндылықтар жүйесінен мағлұмат береді 
және олар көшпелі мәдениет туралы үстірт пікірлерге қарсы нағыз 
дәлелді қайтарым болады деген ойдамыз:
1
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың,
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын.
Өз ұрпағың – шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын
2
Алтын ұяң Отан қымбат
Құт-берекең – атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың – әкең қымбат
Туып өскен елің қымбат
Ұят пен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат
3
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас, миың [11, 31 б.].
Сөйтіп, дала ағартушылығының қайнар бұлағы – ауыз әдебиеті 
десе  де  болады.  Бұл  ғажайып  рухани  мұрада  қазақтың  діліндегі, 
рухындағы  қасиеттердің  бәрі  бар.  Онда  халықтың  этникалық 

212 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
келбеті,  ғұламаларының  өрге  қарай  сүйреген  ұлағатты  сөздері, 
рухани бағдарлары бар. Сондықтан рухани құндылықтардың інжу-
маржандарын билер шығармашылығынан да, шешендік сөздерден 
де, мақал-мәтелдерден де көптеп таба аламыз [12, 50–52 бб.]. Міне, 
осы  рухани  дүниенің  өзіндік  келбеті  жаһанданудың  табанына 
тапталмауы керек.
Ағартушылық  іс-қимылымен  танымал  болған  Ыбырай 
Алтынсарин  қазақ  жастарының  білімді  болғанын  қалады,  жаңа 
мектептер ашуға ат салысты. Өзі оқулықтар жазып, педагогикалық 
көзқарастарын жүйелеп жеткізе білді. Ол ескі діни мектептердегі 
жаттатып оқыту әдісіне қарсы тұрды, оның орнына ғылымның әр 
саласынан түсінік беретін пәндік оқуды қуаттады. Бұл мұғалім мен 
оқушы арасындағы сұхбатты қатынасты өрбіту жөніндегі жаңаша 
көзқарас болатын. Қазіргі кезеңде педагогикада осы мәселе өзекті 
кейіпте енуде.
Ақындығы  бар  ағартушы  өзі  жазған  не  елден  алып  өңдеген 
өлеңдерінде  олардың  тәрбиелік,  нақыл-насихаттық  мәніне  ерекше 
зер  салады.  Сол  арқылы  жас  буынды  ізгілік  пен  адамгершілікке, 
әділдік  пен  әдептілікке,  зейінділік  пен  еңбекке  баулуды  көздейді. 
Бұл топтағы жырлар көбінесе мағынасы мақал-мәтел сияқты өткір, 
көлемі  шағын  болып  келеді.  Мәселен,  ақын  «ұрлық  түбі  қорлық» 
деген мәтелдің мәнін тереңірек ашып, былай жырлайды: 
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бер кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңлықпенен, – 
деп Ақиқат алдындағы емтиханда тек адалдық, шынайылық, еңбек-
қорлық  қана  адамға  серік  болатынына  меңзейді.  Ал  келесі  бір 
еңбегінде «Тура биде туған жоқ, туған биде иман жоқ» деген мақалды 
былайша жыр жолдарына қосады:
Азған елдің билерінің 
Барар болсаң алдына,
Алым бермей тамағына
Қарар ма ол сенің әліңе.
Қораңдағы малыңа
Төре берсе керек-ті, –
деп  парақорлық  сияқты  келеңсіз  құбылыстың  әлеуметтік  ортада 
іріткі  салатынын,  адамды  рухани  дамудан  алшақтата  түсетіндігін 

 
 
 
                      
                                                  213
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
күйіне  білдіреді  [13,  237–238  бб].  Билердің  Төле  би  деңгейіндегі 
мәртебесін сақтауға шақырғанын байқаймыз. 
Өзінің өміріндегі үлкен шығармашылығында Ы. Алтынсарин тек 
өлеңдер ғана жазбай, мысалдар, әңгімелер, ертегілер, этнографиялық 
очерктер,  халық  ағарту  мәселелер  хақындағы  ой-пікірлер,  оқыту 
жүйесі  негізіндегі  еңбектер  қалдырады  [14,  16  б.].  «…Ыбырайдың 
әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таралып жүруі – 
бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман-бағыты және болашақ тағдыры 
бір  ақын  екендіктерін  танытушы  еді»,  -  деп  жазады  М.  Әуезов 
Ыбырай тұлғасының нақты сипаттамасын бере отырып [15, 246 б.]. 
Бұндай  рухани  жақындық  әр  уақытта  байқалып  отыратын  заңды 
тарихи құбылыс. Ұлы тұлғалардың ісі сонымен де мәнді, әлеуметтік 
дүние үшін құнды. Төли бидің көрнекті тұлғалардың тобын болуына 
көптеген өлшемдер жақын келеді. Ең маңызды мәселе ол ұстанған 
ұстанмыдар рухани жалғасын тапты. 
Қазақ тарихының ерекше тұлғасы, өз ұлтының қамын ойлаған 
ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығы қазақ мәдениеті 
үшін ғана емес жалпы адамзаттық рухани байлық үшін де орасан зор 
құндылығы бар дүние. Данышпанға тән көрегендігі бар ұлы бабамыз 
өзінің  әрбір  ойын,  тұжырымын  өте  нақты,  дәлелді  және  көркем 
түрде  жеткізуге  тырысқан.  Өмірдің  әрбір  күнін  қадірлеп,  оның 
маңыздылығына мән беріп қана дұрыс тіршілік етуге болатындығына 
меңзейді.
Әдебиеттер
1  Қазақ  этикасы  және  эстетикасы.  Жиырма  томдық.  12-том.  Астана: 
Аударма, 2007. – 455 б.
2 Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. Алтын Орда дәуірі мен қазақ 
хандығы тұсындағы әдебиет. 3 том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006. – 536 б.
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 208 б.
4 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б. 
Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан», 
2001. – 592 б. 
6  Орынбеков  М.С.  Қазақ  философиясына  кіріспе  //  Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары. – Алматы, 1993. 
– № 3. – 20–25 бб.
7  Национально-освободительная  борьба  казахского  народа  под 
предводительством Кенесары Касымова. – Алматы: Ғылым, 1996. – 512 с.
8  Шал  ақын.  II  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет.  (Құрастырған  М. 
Мағауин). – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 б. 
9 Екімыңжылдық дала жыры / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 356б.

214 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
10 Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына 
шолу). – Алматы: Ақыл кітабы, 1999. – 240 б. 
11  Билер  сөздері  /құрастырған  Т.  Кәкішев/.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 1992. – 160 б.
12 Казахские пословицы и поговорки: Изреченье – речи украшенье. – 
Алма-Ата: Жазушы, 1987. – 88 с. 
13  Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы.  Шығармалары  (құрастырған  Б.С. 
Сүлейменов). – Алматы, 1955. – 385 б. 
14  Алтынсарин  Ы.  Алғы  сөз.  Таңдамалы  шығармалары.  –  Алматы: 
Ғылым, 1994. – 288 б. 
15 Әуезов М. 20 томдық шығарамалар жинағы. 19 том. – Алматы, 1985. – 305 б. 
3.4  Адамгершілік  мәселесінің  қазақ  хандығы  дәуіріндегі 
ойшылдар дүниетанымында алатын орны
Өнер  алды  қызыл  тілдің  кие  қадірін  білген  халықтың  тіршілік 
тынысы,  жан  ізденісі  мен  имандылық  құндылықтары  көңіл-күй 
тебіренісі, ар-ождан үні мен арман-тілегі осы халықтың сөзін ұстаған 
ердің аузымен айтылады. Ел шерін тербеп, мұңын қозғар, көкейіндегі 
ойын тауып, сөз сарасы өлең жолдарымен өрнектер ер данасы, ол ел 
қамын сөз жүзінде айтып қоймайды, өмірінің мәніне айналдырады. 
Сөзіне  ісі  сай  батыр  ұлдары  ел  мүддесін  ел  басына  күн  туған 
сәттерде найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  қорғай  білген.  Олар 
сөзді кәсіп етпеген, сөз – ер намысы мен елдік мұрат тұтастығының 
нақты көрінісін бейнелеген. Бодандық бұғауындағы ұлт пен ұлысты 
елдің қайғы шері мен мұң-зары, азаттықты аңсаған ұлы арманы ел 
қамқоры ердің көкейінен жыр болып ақтарыла төгілген. 
Рухани  мұраларымызды  зерттеп  игерудің  өзі  мемлекеттің 
тәуелсіз  дамуымен  ұласа  келген  мүмкіндік.  Осы  рухани  бастаула-
рымыздың тағлым-ғибратымен сусындап қана шын мағынасындағы 
егемендікке,  тәуелсіздіктің  баяндылығына  қол  жетерін  айтсақ,  осы 
екі  егіз  құндылықтардың  ажырамас  бірлігі  мен  маңызы  көрінеді. 
Рухани  егемендіктің  үлгісін,  яғни  адамның  рухани  кемелдігінің 
–  инсанияттың  кәмәләттігінің  үлгісін  жеке  тұлғалар,  халқының 
қалаулылары, хақтың сүйген құлдары жүзеге асырған. 
Ахмет  Байтұрсынов  «Елде  жоқ  рух  ақын  сөзінде  болмайды» 
деген  екен.  Демек,  ақын  сөзі  өз  күнінің  өзекті  мәселесін  көтеріп 
қана  қоймай,  өткенді  бүгінмен  жалғастырар  жанды  байланыс 
түзіп,  құнын  жоймайтын  әр  таңда  жаңа  қырынан  көрінгенмен, 
түбегейлі  мәні  арта  түсетін  ер  және  ел  тағдырымен  тамырлас 
мұрат,  мүдделерді,  құндылықтарды  паш  етеді.  Елдің  мемлекеттік 
тәуелсіздігі егемендіктің негізгі мағынасы болса, оның мәні қоғамның 

 
 
 
                      
                                                  215
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
негізгі тұлғасы адамның – ердің ішкі еркіндікті иеленіп кемелдікке 
жетуімен  толығады.  Яғни  мемлекеттік  құрылымның  өзі  дәстүрлі 
мәдениеттің сыртқы қорғаушысы бола отыра, дәстүрлі мәдениеттің 
тұлғасы  –  адамның  –  ердің  рухани  толысатын  қоғамдық  ортасын 
қалыптастырады.  «Болжал  әдебиетінің  негізгі  мазмұны  қазақ 
халқының болашағы баянсыз тағдыр талайы болып табылады: жер 
тозады, жайлау тарылады, ауа райы, табиғат қаталданады, адамдар 
кедейленеді,  мінез-құлық  өзгереді,  жаман  ғадеттер  молаяды,  бір 
сөзбен  айтқанда,  қазақ  елі  мен  жері  өзгеріп,  азып-тозады.  Аталған 
ауыр күндердің хақтығын болжай отырып, халық өз басындағы жаман 
ғадет  қасиеттерден  арылмаса,  бұдан  шығар  жолдың  жоқтығын, 
болашақта құлдық пен құру күтіп тұрғандығын жырлайды», – деп 
Х.  Досмұхамедов  зар  заман  жырларындағы  болжал  сарыны  мен 
тәлім-тәрбие  мәнінің  ұштасатынын  айтады  [1,  65  б.].  Бұл  дәуірдегі 
жыраулардың  мұрасынан  идеялық  мазмұндастық  аңғарылады. 
Олардың  зары  қарабастың  қамы  емес,  ел  болашағы,  халық  басына 
төнген рухани азғындау жайлы толғаныс. 
«ХІХ ғасырдың орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел 
жайылды.  Сол  қазалы  күй  осы  заманның  қайғышыл  ақындарын 
туғызып,  зар  заманшыл  уайымшылдардың  санын  көбейтті»,  –  деп 
жазады М. Әуезов. Зар заман ақындарын алғаш тереңдей зерттеген 
осы ғалымдар мұраларға ерекше мән беріп, негізгі қырларын ашқан. 
«Зар  заман  қазақ  әдебиетіндегі  кезең  асқан  дәуір  болғандықтан, 
қазақтың  жазба  әдебиеті  осылардан  бастап  әлеумет  халін  ұғып,  ел 
қамын  жоқтауға  кіріседі.  Өлең  бұрынғыша  қызық,  сауық  сияқты 
ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен 
тілек, мақсат, мұң-зар сияқты сезімдерінің басын қосып, жаңадан ой-
негізін,  салт-санасын  құрай  бастайды.  Бұл  уақытқа  дейін  болмаған 
әлеуметшілдік сарыны азаматтық нысанасы шығады» [2, 226 б.].
Адам баласы бүкіл жаратылыс дүниесінен өзіне берілген өскелең 
рухымен,  нұрлы  ақылымен,  жақсы-жаманды  ажыратар  жүрек 
таразысымен, таңдау, қалау еркімен ерекшеленетіндіктен, ол – бүкіл 
ғаламның  екі  дүниесінің  жауһары.  Ал  осы  адам  жанының  мәнді 
мәйегі – оның иманы. Елдің егемендігі анықтайтын тәуелсіздік үшін 
күресінің өзекті мәні – сан ғасырлық даму тарихы бар атадан мирас 
дәстүрлі мәдениетті қадірлеп сақтау. Ердің негізгі намысы – иманы, 
от  басы,  Отаны  болғандықтан,  осыған  негізделген  құндылықтар 
жүйесі дәстүрлі мәдениеттің тылсымынан терең тамыр алып, салт-
сана көріністерімен тығыз астасып, күрес дәуіріндегі әрбір шешуші 
кезеңдерде бой көрсетіп, ер намысы мен ел мүддесінің тұтастығымен 
айқындайды. 

216 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет