Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
саңлақтардың шығармашылығымен, iс-қимылдарымен тығыз байла-
нысты және солардан нәр алып сусындайды. Әрбiр iрi Тұлғаның
тарих сахнасында кездейсоқ пайда болмайтынын (кезiнде Ф. Энгельс
айтып кеткендей), әрбiр дәуiр ерекше Тұлғаны қажет ететiнiн,
сондықтан олардың (Тұлғалардың) дүниеге келетiнiне меңзейдi. «Өз
заманының ой-санасына әсер еткен биiкте, асқарда тұрған жандар
жайындағы жартылай шын, жартылай лақапқа құрылған әңгiме-
лер өз кейiпкерлерiнiң тiрi кезiнде-ақ бой көрсете бастады, дейді
М. Мағауин. Мұндай әңгiмелер уақыт өткен сайын түрленiп, бара-
бара аңызға айналып кетпек. Тиянағы – тарихи адам неғұрлым
соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым көп, әрi мазмұнды болуға
тиiс» [5, 22 б.]. Тарихи шындықты шымырлататын, тұлғалайтын
көзқарас.
Кең пейілге таласқан, кеңессіз сөз бастаған, өтірікті қостағанның
қадірі жоқ. Ондайлар өз қадірін ғана емес, жер қадірін, ел қадірін,
жұрт қадірін білмей, аяқ асты етті. Одан елдің бітімі мен берекесі
кете берді. Аталық мұрадан айрылып жатқан кезде қалың жұрт «ел
ұстайтын ұлды» іздеді. Ел ұстайтын ұл қоныс аударып жаудан құтылу
үшін немесе өз хандығын құру үшін керек болды. Асан Қайғының
желмаяға мініп жайлы қоныс, мекенжай іздеуінің арқауы, осы екі
бірдей мәселеге қатысты деуге тұрарлық.
Ауыр жағдайларда: «Бұл заманда не ғаріп?» деп аталы жұртқа
ойындағы мазалы сұрағын қояды. Сөз тыңдайтын, жөн білетін орта
болмаған кезде:
«Бұл заманда не ғарып?
Ақ қалалы боз ғарып,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғарып;
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғарып;
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғарып;
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғарып,
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын-шалқар көл ғарып;
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғарып;
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
21
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
Қанша жақын болса да,
Қайратты туған ер ғарып» [3, 8 б.]
– деп толғайды. Ғаріптің көзі – қилы-қилы заманның жоқшылы-
ғында, кемшілігінде, тапшылығында, ниеті терістердің алдаушы-
лығында екенін еске салады. Әрбір күннің дәулеті молайса, онда
көптің қуаты бапталмақ. Дәулеттінің құрметі артса, ол бақытты. Ал
«бақыты оянған ерлердің, әрбір ісі оң болар».
Оның негiзгi арманы – адамның өмiрiн жақсарту, табиғаттың
бiр мүшесi ретінде оның басқалардан айырмашылығы – өмiрдi
ақыл-парасат қасиеттері арқылы ұйымдастыру қажет екенiн ескеру.
Көненің көзі – халық мәдениетiнiң iнжу-маржандарының қатарын-
да, мәңгi ұмытылмайтын мұралық жолда. Мұралық жеке адам мен
жалпы әлеуметтiк дүниенiң рухани жаңғыруымен, тазаруымен тiке-
лей байланысты. Оның шығармашылығы адамгершiлiк пен гума-
нистiктiң алтын қорымен әрленген. Әз-Жәнiбектiң Асан Қайғыны өте
құрметтеп, көкке көтеруi, оны өзiнiң рухани атасы ретiнде санауы
кездейсоқ жағдай емес.
Жыраудың қайталанбас шығармашылық келбетiн сомдағанда
екi түрлi бастау бар екенiн және оларды бiр-бiрiне қайшы келетiн
құбылыстар ретiнде түсiнушiлiктің кездесетiнін ескермеуге болмас.
Ол жеке дарындылық пен әлеуметтiк жағдайдың арасынан жiк
iздеу, дәстүрлі құбылыстың ықпалын бірізділікпен, бiреумен байла-
ныстырып қана тұжырым жасау. Мұндай сыңаржақ түсінік дүние-
танымның екi жолмен, бiрін-бiрi толықтыра отырып қалыптасатын
қасиеттен екенiн түсiнбеушiлiктен туындайды. Адам бiр жағынан
объективтi дүниенiң жалпы бейнесiн жасауға ұмтылса, екiншi жағы-
нан, әрбiр Тұлға өзiнiң iшкi дүниесiнiң жетiлуi, дамуы арқылы
қалыптасады, сонымен шектеледі.
Асан Қайғы және басқа да жыраудың шығармашылық келбетте-
ріне талдау жасай отырып, бір ескере кететін мәселеміз – олар фило-
софиялық ойларын поэтикалық рухта ғана бейнелеуге тырысқан.
Сондықтан бұл ойшылдардың дәстүрлі (Батыс мақамындағы)
философтардан өзгешелігі бар, олардың философиялық-этикалық
көзқарастары өнердің бір шырағындай.
Өмір даналығынан сусындаған бұл ғұламаларды философия-
лық мәселелерді жүйелей алмады деуге бола ма екен? Шын тереңдеп
түсінген адамға әрбір сөздің астарында тұнып жатқан ойлар бар,
адамды жаңа белестерге жетелейтін логикалық қисындар жатыр.
Әрбір ұғымға логико-философиялық анықтамалар берілмегенімен,
оларды көркемдеп образ түрінде жеткізе білуге, әрбір құбылыстың
22
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәнін шынайылықпен аша білуге деген талпыныс – далалық ойлау-
дың жаңа көкжиегімен таныстырып отырған жоқ па?!
Жырау шығармасының басы мен аяғы тұжырылған, жүйелен-
ген, логикалық сатылардан тұратын ғылыми жұмыс ретінде баға
берілетін дүние болмаса да, халықтың ішкі дүниесін аша түсетін,
ойшылдың (өз заманына сай) Әлемге, Адамға, Өмірге, Халық
тағдырына және Өзіне деген толғаныстары болып табылады. Міне,
олардың еңбектерінің құндылығы да осында. Өйткені ХХ ғасыр
тұғыршамасына берілетін баға бір басқа да, әр дәуірге сай өз
замандасының көзқарасы бір басқа.
Сонымен, жоғарыдағы ойшылдардың философиялық көзқарас-
тары жүйеленбеуінің негізі бар, өйткені олар ақын-философтар.
Ал кез келген халықтың өмірді бейнелеу ерекшелігі мен пайымдау
формалары бар. Қазақтың бұл тұрғыдағы өзіндік пішіні поэзия
арқылы сараланған. Поэзияның қазақ үшін артықшылығы әрбір
құбылысты нақты да, көркем образдарды өрнектеумен байланысты
болды. Ал, әлемді танудың басқа іргелі формалары (философия,
ғылым) қазақ даласында кең қанат жайып кете алмағандығы да бір
жағынан себеп болуы мүмкін. Ал қарапайым тіршіліктің қарапайым
болмысы поэтикалық өрнектің көркем тілімен бейнеленіп оты-
рылды. Гегель айтқандай, үкі болса «қараңғы түсіп, іңір үйірілгенде
ғана ұша бастайды» – дегендей, философия тарих сахнасындағы
құбылыстарға бірнеше уақыттық кезең өткен соң ғана нақты тұжы-
рымдарын бере алады, тиісті тұрғыда саралай алады. Ал далалық
өмірдің болмысы ондай жайбарақаттылықты көтермейді, ылғи қоз-
ғалыста болатын көшпелі өмірге сай қоғамдық таным қажет бола-
тын. Міне, сол форма – ақын-жыраулар іс-әрекеті болып табылады.
Француздың ұлы философы Рене Декарттың ойынша, «философ-
тарға қарағанда ақындардың еңбектерінде небір ұлы ойлар жиі
кездесетініне таңқалмасқа шара жоқ. Мұның өзі ақындардың
шын шабыттанған шақта, қыран қанатты қиялынан уытты ойлар
туатынынан болар. Оттың шақпақ тастан шығатыны сияқты, ойдың
түп негізі де білімде жатыр емес пе? Философтар ақылға арқа сүйесе,
ақындар ой-қиялдарымен жүректі жалынға орайды, сондықтан да
ақын жырлары жаныңды «баурап, тез жалындап жана бастайды
ғой...».
Даланың ақыны жәй ғана ақын емес. Поэзия жәй ғана Поэзия
емес. Олар домбыраның күмбірлеген үніне сүйене отырып, Батыста-
ғы философтардан бірде-бір кем емес философиялық ой-кестелерін
өлең-жыр жолдарымен өрнектей білді. Ал олардың тілі жалпы
бұқара халық үшін түсініктірек еді. Сондықтан аты өз заманында
23
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
әйгілірек болған жыр сүлейлерін халық шеберлік деңгейлеріне сай
құрметтей білген. Дипломатия, тарих, философия, мораль, теология
– міне, жырау мен ақындардың өз мойындарына алған тізімі толық
емес міндеттері мен мақсаттары.
«Адам зердесiнiң ұлылығы» деген тұжырыммен Асан қайғы
адамзатқа деген ықыласын, әлемге деген көзқарасын бiлдiрiп отыр-
ған. Ол «Адам» деген деген ұғымды, оның «Ақылымен», «Зердесiмен»,
«Парасаттылығымен» байланыстырып, зердені адамдық Мәнге айнал-
дырған. Өйткені адам ақылын жер бетiндегi әдiлдiк пен адалдық,
бақыт пен қуаныштың орнауына негiз болатын құбылыс деп атаған;
адамның ақыл-парасат күшiн тәрбие мәселесiне, рухани тазалыққа
бағыттайды және көпшiлiктi әдепке, тәртiпке, осындай адамгершілік
қажетін өтеуге шақырған. Асан Қайғының пайымдауынша, адам
өзiнiң әрбiр iсiне есеп берiп отырғаны абзал. Ал күйкi тiрлiктiң
жалған құндылықтарын қуған пендеге тәккәппарлық, ғайбатшылық,
қызғаншақтық, мақтанқорлық қасиеттер үйiр болады. Олар адамның
өз басына ғана зиян әкелiп қоймай, сонымен қатар өзiн қоршаған
жақын адамдардың тағдырын бұзады, бақытсыздық қайтарымын
күшейтуі әбден мүмкiн. Бақ пен қыдыр әлемге тарау үшiн Адам өзiн
күнде тәубеге шақырып, рухани тазаруға ұмтылуы шарт.
Арғымаққа мiндiм деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнiңде өзiм болдым деп,
Кең пейiлге таласпа.
Артық үшiн айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессiз сөз бастама.
Жеңемiн деп бiреудi
Өтiрiк сөзбен қостама [3, 10 б.].
Табиғатты қабылдау, оның барлық сұлулығын жан-тәнімен
түсіну, терең мәніне бойлау, оны өмір игілігіне жарату кез келген
адамның қолынан келе бермейтініне тоқталады. Әрқайсымыз
үшін, қоршаған ортамыздағы керемет әсемдік әлемін қадірлей
білу адамдық парыз. Өйтпесе «табиғат жетімсіреп – өз әсемдігін
жоғалтпай ма?» – деген сауал қояды халайыққа.
Қолда жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін.
24
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ел қадірін не білсін!
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін! [3, 6 б.].
Адамдар арасындағы этикалық қажеттiлiктiң, қатынас-
дағдылардың өзара сыйластық тұрғысынан алғанда күйзелiстерге,
қиыншылықтарға ұшырауы өмірде жақсылық пен жамандықтың,
ізгілік пен эұлымдықтың өзінше бағыт-бағдар болып таралуына
ұйытқы болады. Әлеуметтiк дүниеде тиiмдi шешiмiн таба алмаған
мәселелердi Асан Қайғы адамның жетiлуiмен байланыстыру
қажеттiлiгiне меңзейді. Әрине, адамның әлеуметтiк ортадағы орны
және оның табиғатпен арадағы қарым-қатынасын үйлесiмдендiру
мәселесi қоғамдық сананың жаңа бiр деңгейге көтерiлуiне ықпал
еттi, ежелгi дiлдiк астарларды сөз арқылы жеткiзе бiлген.
Асан Қайғы моралiнiң iргетасы «жан ашу», «махаббат»
***
деген
ұғымдардан қаланған. Ұлы ойшыл бұл екi құбылысты бiр-бiрiне тең
келетiн пара-пар мағынасы бар ұғымдар деп қарастырады. Бұл екi
нәрсе бiр-бiрiне жақын сезiмдер. Олар адамдар үшiн ғана құндылығы
бар объектiлер емес, сонымен қатар жер бетiндегi тiршiлiк иелерiнiң
бәрi үшiн құндылығын жоғалтпайтын күй. Адамдық құндылықтың
бірі – өмiрдiң әр түрлi, әр қырлы көрiнiстерiн қолдай түсу, енді бірі –
оларды ең жоғары дамыған үйлесiмдiлiкке дейiн көтеру. Сонда ғана
жақсылық атаулы одан сайын молая түспек, ал әлеуметтiк дүние одан
сайын жаңғырары хақ. Керісінше, тамырын жая бастаған тiршiлiк
салаларын шектеп отырсақ, еркiндiктi тұсаулап, адамды қыспақта
ұстасақ, жамандық атаулыға жол ашылады. Ал өмiрдің заңдылығын
толық аша түсу үшiн сол тiршiлiктi жасаушы, өзгертушi, дамытушы
субъектiлердiң мүмкiндiгiн кеңейте түсу керек.
Асан Қайғы тiршiлiк атаулының бәрiне «жан ашу – сүйiс-
пеншiлiкпен қарау» принципi арқылы ең биiк игiлiктер жүйесiне
көтерiлу мүмкiндiгiн ашты. Бiздiң ойымызша, Асан Қайғының түпкi
мақсаты – өнердiң iшкi Мәнiне жақындай түсу, халқымен сұхбаттаса
(өз жырларымен) отырып, Дүниенi танып бiлуге тырысу.
*** Тіршілік иелерінің бәріне жан ашу, аяушылық және махаббат идеясы өте ежелгі
идея болғанымен, оны қазіргі заманның идеясы деуге болады. Заман оны қажет етеді.
Гуманизмнің қайнар көзі де осында. Өмірдің әрбір көрінісіне деген сүйіспеншілік,
әрбір тіршілік иесінің жан қиналысын, азабын түсіне білу, әрқашанда оған көмекке
келуге дайын тұру адам мәнінің, адам жанының негізгі қыры және сол арқылы
адамның табиғатқа деген, қоғамға деген қатынасы қалыптасады.
25
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?!
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!? [3, 6 б.].
Асан Қайғы әрбiр адамның жанына жақсылықты, махаббатты
ұялатып қана бұл әлемдi кемелдендiруге, дамытуға болатындығына
бар ынтасымен сенедi. Сүйтiп өзiндiк жетiлудi – моральдық
құндылықтың нағыз қайнар көзi екенiн, адамның барлық iс-
қимылының қозғаушы күшi екенiн ескертiп отырады. Өзінше
адамгершiлiкпен жетiлу кемелділікке жатады. Оның барысында
игiлiктерге жетуге болады, адамдар арасында келiсiм орнығады.
Адамның әрбiр iсi жоғары игiлiкке сай болуы үшiн адамдарға
деген жан ашу мен махаббаттан басқа мынандай моральдық қасиет-
тер қажет-ақ: «Әдiлеттiлiк, парасаттылық, ұстамдылық, ар-ұят,
өзiн-өзi тежеушiлiк, ымырашылдық, сабырлылық т. б. Жағымсыз
ұғымдардан ыза, ашу, кек, одан келiп шығатын ұрыс, керiс, жалған,
өтiрiк, жанжалдардың шығу себебi адамның әлеуметтiк әл-ауқатының
бұзылуынан», – деп Асан Қайғы қорытынды жасаған.
Мiнезi жаман адамға
Ендi қайтiп жуыспа,
Тәуiр көрер кiсiңмен
Жалған айтып, суыспа.
Өлетұғын тай үшiн,
Көшетұғын сай үшiн
Желке терiң құрысып,
Әркiмменен ұрыспа.
Ашу – дұшпан артынан
Түсiп кетсең қайтесiң
Түбi терең қуысқа [6].
Адам дамуы қандай жағдайда болмасын басқа бiреудiң есесiнен
жүзеге аспауы керек, тек адамгершiлiк бағдарларына, игiлiк, iзгiлiк
принциптерiне сүйене отырып, шындыққа айналуы тиiс. Осы
адамгершiлiк пен iзгiлiк бағдарлары адамдар үшiн бақытқа жетер,
бейбiтшiлiктi нығайтар мақсаттағы негiзгi принциптерге айналған
жағдайда ғана қоғам нағыз өркениеттi жолға бет бұра бастағанына
сенуге болады. Ойшылды өмiр бойы қинаған негiзгi мәселе – халықты
топтастырып бiрлiгiн нығайту болды.
Асан Қайғы дүниетанымы мен этикалық-философиялық көзқа-
растарының өзегiн адам мәселесi құрайды. Адамның адамгершiлiгi,
26
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
оның сезiм әлемi, мұраттары, жалпы үйлесiмдiлiкке жетелейтiн
жолдары, жамандықтан аулақ болуға деген талпыныстары көркем
образдардың мәнiн құрайды. Асан Қайғының пiкiрiнше, тек жақсы-
лықтар мен қуаныштардың салтанатынан құралмаған, яғни тарих-
тың кейбiр кезеңдерiнде жамандықтардан құрылған үрдiстер басым-
дық танытады.
Қазақстандағы бiрлiк пен тiрлiк осы айтылған кемеңгер бабалар
сөздерiмен байланысып жатқан жоқ па?! Жоғарыда айтқандай
әсiресе, Асанның Ой мен Сөз қадiрiн дөп басып, дәл айта бiлгендiгiне
мына бiр жолдары куә болады:
«Таза мiнсiз асыл тас
Су түбiнде жатады,
Таза мiнсiз асыл сөз
Ой түбiнде жатады.
Су түбiнде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбiнде жатқан сөз
Шер толқытса шығады» [3, 6 б.].
Елді аузына қаратқан жан не сөйлесе де жөн іспетті. Сөздің
асылдығына сен, дегенді жырау өсиет ретінде қалдырды.
Осы өлең жолдарында қаншама терең сезімдік иірім және ақыл-
парасатқа толы ойлар жатыр! Әрбiр сөз жәй ғана айтыла салмай,
ол белгiлi бiр ойды тұжырымдайтын керемет құрал және адамның
парасатын танытатын ғажап күш екенiне Дана бабаларымыз назар
аударады
****
.
Асан Қайғы шығармашылығының тағы бiр ерекше астары адам
болмысының күрделi құрылымын аша бiлу, оны адамгершiлiк прин-
циптерiмен байланыстыра бiлуiнде. Тән және рухани дүние түбiнде
адамгершiлiк табиғатымен бiрiгiп, тұтастанған әлемге айналады.
Қоршаған орта болса, адам үшiн ол баста өмiр тәсiлi, өмiр құрылымы
ретiнде берiлген iспеттi. Сондықтан Асан Қайғы пiкiрiнше, дүниеде
себепсiз, ретсiз орналасқан және дамитын ешнәрсе жоқ, барлық iс-
әрекет пен өзгерiстердiң негiзi Ғаламдық Мәнмен тығыз байланыста.
**** Философ Қ. Бейсенов бұл өлең жолдарын танымдық теориямен байланыстырып
өз ойын былай деп түйіндейді: «Асан Қайғының танымдық теориясы мынандай
дәйектілікте көрінуге тиіс: Сезімдік таным (шер) – рационалдық таным (ақыл-ой)
– сөз. (Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. –
Алматы, 1994. – 119 б.). Біздің ойымызша, бұл жолдардың танымдық негізі этикалық
жағдайларда, яғни адаммен байланысты қарастырылады.
27
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
Асан Қайғының дүниетанымы өз заманына сай айшықтардан
құрылғанымен (әркiм өзi өмiр сүрген әлеуметтiк ортаның түлегi жә-
не тірегi) ұлыларға тән қасиетпен өз халқының болашағын пайым-
дап болжаумен болған. Ол күнделiктi күйкi тiрлiктiң ұсақ-түйек
мәселелерiнен биiгiрек тұрған сом Тұлға.
Реалистiк, нақты тұрғыдан қарастыру тәсiлi – Асан Қайғы
дүниетанымының өзегi, сондықтан заттар мен құбылыстардың мiн-
деттi түрде бейнесi мен кейпi болуы, халықтың дүниенi қабылдау
дәстүрлерiне сай сипатталуы – бұл ерекшелiк далалық философия-
ның бiр қыры. Әрине, әрбiр сөздiң көп қатпарлы астары бар екенiн
де есiмiзден шығармайық. Мiне, сондықтан сезiмдiк қатынастарды
жүйеге келтiру өнерi, рационалдық деңгейге көтеру талпынысы
Асан Қайғы дәуiрiндегi iрi жетiстiктер қатарына жатады. Қазақтың
қоғамдық ой-пiкiрiнде әлемдi тану, ой тұжырымдау саласының
ерекше бiр бағыты өркендей түстi. Сөйтiп, қазiргi мағынадағы
ғылыми танымға жатқызбағанмен әлеуметтiк таным практикасының
байыптау табалдырығы қалана бастады, iргесi көтерiлдi.
В.П. Иванов атап өткендей, бұл әлемді байыптау біртұтас қам-
тудың, игерудің сол дәстүрге сәйкес бірден-бір тәсілі еді [7, 57 б.].
Осы жағдайда үйлесімдік, тұтастық және кемелденгендік идеясы
негізгі өзекті идеяға айналып, дүниетанымдық айшықтардың нағыз
қайнар көзіне айналды. Байыптау ұғымын жан-жақты зерттеуші
Қ.Ш. Нұрланова оны Ғаламды танып-білудің өзіндік тәсілі, өмірге,
болмысқа философиялық қатынастың негізгі ретінде қарастырады.
«Байыптау – өте бай әлемдік қатынастың мәдениет ретінде дамыған
қиял (воображение) қасиеттерімен тікелей байланысты. Тұтас ғалам-
ға деген шынайы қатынастың мағынасы әсемдік пен мәңгілікке деген
тиісті бағамен анықталады. Бай қиялдың арқасында, интуицияның
көмегімен Ғаламдық шартараптың көмескі тұстарын «қамтып» оты-
руға мүмкіндік ашылады. Әлемнің шексіздігі, кеңдігі, ұлылығы оның
бірте-бірте ғана сырын адам баласына байқататындығында [8, 57 б.].
Міне, осындай қарым-қатынастар белең алған әлеуметтік
дүниеде тәкелей қабылдау, сезімталдық, байыптау арқылы әлемнің
болмыстық мәнін ашу дәстүрі терең тамыр жайғандығын білдіреді.
«Адамның ұлылығы, оның белсенділігі тек қана іс-қимылынан ғана
байқалып отырмайды, сонымен қатар ол Ғаламды, Әлемді, Болмысты
дұрыс түсіне білу, оны байыптау тұрғысынан байқалады.
Сөйтіп, адамның ішкі мағынасы оның әлемге деген сан қырлы
қаты-насын қамтиды (танымдық, эстетикалық, байыптау және т. б.
өмір мен өлімге деген адамның шынайы көзқарастары) және ол адам-
ның тұтастығын танытады.
28
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бұл мәселелерді көтеру себебіміз – Асан Қайғының және басқа
жыраулардың Әлемге деген қатынасы тұтастығымен ерекшеленеді.
Сондықтан зерттеу объектісіне айналған жыраулар – нағыз дала
философтары.
Асан Қайғы жырларында дүниеде, өмiрде кез келген кездейсоқ
жағдайдың болу мүмкiндiгi жоққа шығарылмайды, сонымен қатар
түрлi құбылыстар, бәрiбiр, түбiнде дәстүрлi заңдылықтарға ұмтыла-
тындығына меңзейдi. Мәселен, түнде ұшқан қаздар мен тырналардың
мәжбүрліктен қонатын кезi болады. Сонда олар өздерiне жат, бөтен
жерлерге қонуы мүмкiн. Бiрақ, құстар бiр түнеп алған соң, таң ата
мiндеттi түрде ұшып кететiнiн, ол жердi жерсiнбейтiнiн, мәңгiлiкке
қалып қоймайтындығына назар аударады. Осыдан адам да өзi өмiр
сүретiн жерiн терең жүрек сезiмiмен таңдау керек екендiгi жайлы
ой-пікір туындайды. Қазақтың көшпендiлi дәстүрі өте күрделi, бiрақ
оның практикалық жүйесі мен логикалық қисыны нақты сипатқа ие
болған, жалпы заңдылыққа бағындырылған.
Әр нәрсенiң өз Уақыты, өз Кезеңi бар екенiн, қанша айтқанмен
«күн шықсын» деп, өз Уақыты келмесе күн шықпайтынын, шындыққа
айналатын сәт келмесе мүмкiндiк жүзеге аспайтынын жырау өз
тұрғысынан баяндайды. Адам, Дала, Ғалам Асан Қайғы үшiн –
бiртұтас дүние [9, 33 б.]. Бақыт пен махаббатты сезінген адам ғана
керемет күшке бейімделеді.
Асан Қайғымен қоса сол заманның Шығыстық ғұламаларына тән
ортақ идеялардың сабақтастығын сараптай отырып мынандай толғам-
түйіндер жасауға болады: а) Табиғат пен әлеуметтiк қатынастарға
сай келетін көркемдiк образдар ойдағы байланыстарды, жалпы
өзгерiстер мен қайшылықтар әлемiн, олардың себеп-салдарларын
құрайды; б) Түсініктегі көп салалық, көп бағдарлылық – әлемнiң
тұтастығына, бiрлiгiне iргетас боларлық тұрғы; в) Әлем ешқашанда
бiр ғана бағыт, бiр ғана тәсiлмен шектелмейдi, ол өзiнiң дамуында сан
түрлi әрекет, қимыл, талпыныстарды мойындайды және сол арқылы
Ғалам Мәнi байи түседi.
Өмiрдiң сан қырлы сырын түсiнуде, тiршiлiктегi жақсы мен
жаманның айырмасын бiлуде ойшылдың этикалық ойлары өте
маңызды. Олар адамзат үшiн жол көрсеткiші белгiсiндей. Осыдан
этикалық түсінік пен мінез-құлықты жетілдіру – қазақ халқы үшiн
нағыз бiрiктiрушi феномен, дамытушы рухани күш. Адамның
кез-келген iс-әрекетi тек қана әдiлдiк идеясына бағынуға тиiс. Бұл
тұжырым – басты талап. Әдiлеттiлiк принципi негiзгi бағдар болған
қоғам ғана адамның бақытты болуына iргетас қалайды. Қандай қоғам
адамға қолайлы, қандай әлеуметтiк ортада ол – Тұлға деңгейiне
|