Философия, саясаттану


І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
көтерiледi? Кез келген қоғамның күн тәртiбiнде тұрған осы сұраққа 
ол былай жауап береді:
Әдiлдiктiң белгiсi,
Бiле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгiсi,
Өткен iстi қумаса.
Жамандардың белгiсi,
Жауға қарсы тұрмаса.
Залымдардың белгiсi, 
Бейбiттiң малын ұрласа.
Надандардың белгiсi,
Бiлгеннiң тiлiн алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қәбiрге әзiр қоймаса,
Артында қалар атақ жоқ,
Тiрiде даңқың болмасаң [10, 58–59 бб.].
Асан  Қайғы  шығармаларында  әлеуметтiк  қайшылықтар  мен 
күрделi саяси мәселелер жөнiнде көзқарастар онша көп кездеспейдi. 
Тiптен саналы түрде саясат мәселесiне тоқталмауға тырысатындай түр 
көрсетедi. Әйтседе, саясат бар жерде әдiлдiктiң де аздау болатынын 
ескертеді. Халықтан алшақтап кеткенде хандардың мүлт кетері жиi 
байқалынды. Хандардың зиялылығын ұқпаған жұрт қарайып кетті. 
Оны мына жыр жолдарынан байқаймыз.
Халқың түгел ашықса, 
Ақыл кетер басыңнан.
Халқың түгел күйзелсе, 
Бақытың кетер басыңнан.
Бұл  жерде  Асан  Қайғы  ханға  әлеуметтiк  немесе  саяси  баға 
беруге талпынбайды. Екі жақты негiзiнде адамгершiлiк ұстанымына 
шақырумен  болады.  Дегенменде,  Асан  Қайғы  әлеуметтiк  өмiрдiң 
ащы шындығын өзiнiң өткiр тiлiмен айшықтап, қоғамдық өмiрдегi 
шешiмiн табуға тиiстi мәселелердi назарынан тыс қалдырмаған. Сол 
үшiн де оны халық ұнатқан және көпшiлiк алдында ол үлкен беделге 
ие болды.
Асан  Қайғының  өмiр  бойы  iздегенi  –  адамдардың  өмiрiне  ең 
қолайлы мекен екенi белгiлi. Адамдар ата қоныста ғана тең құқықты 
және  бәрi  де  бақытты  болады  деген  үмітті  Асан  Қайғы  өмір  бойы 

30 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
үзбеген.  Осындай  әлеуметтiк-утопиялық  идеяны  көтеру  арқылы 
өзiнен  кейiнгi  қазақтың  қоғамдық  ой-пiкiрiнiң,  жаңа  мұраттардың 
қалыптасуына үлкен ықпал еттi. 
Асанның пайымдауынша, халық үшiн туған жердiң әрбiр бұта-
сының, төбесiнiң өзiндiк орны бар Желмаясын мiнiп алып, қазақтың 
кең даласын оңтүстiктен солтүстiкке дейiн, шығыстан батысқа дейiн 
шарлап  шыққандағы  мақсаты  жәй  ғана  қыдыру,  көру  емес.  Асан 
Қайғы  мақсаты  әлде  қайда  тереңде  жатыр  –  ол  халқы  алдындағы 
борышын орындауда.
Асан  Қайғы  iздеген  «Жер  ұйық»  –  адам  үшiн  (оның  iшiнде 
қазақ  үшiн)  өмiр  сүруге  ең  қолайлы  болатын  жер  жәннаты.  Қазақ 
негiзiнен  көшпендiлiк  өмiр  салтына  бейiмделген  ел  болғандықтан, 
оған абсолюттi мағынада сай келетiн қоныс жер жоқтың қасы болып 
шықты. Сонау Ұлытаудың да, Жетiсудың да, Сарыарқаның да, Сыр 
бойының да, Атырау алқабы мен Шу өңiрiн де, Ертiс жағалауы мен 
Алатау  бөктерiнiң  өзiндiк  керемет  қасиеттерiмен  қатар  кемшiлiк-
терi табылып отырған. Ол өзiнiң туған өлкесi Едiл мен Жайық жаға-
лауын былай суреттеген:
«Едiл мен Жайықтың
Бiрiн жазға жайласаң,
Бiрiн қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күмiске!» [3, 7 б.]
Бiрақ Асан Қайғы ол қоныстарды да «Жер ұйыққа» жатқызбаған. 
Сонда  «Асан  Қайғыны  қанағаттындыратын  әлем  қайда?»  –  деген 
сұрақ  туындайды.  Туған  өлкесiнiң  мерейiн  көтерiп  тастағанмен, 
ол ақиқат одан да күштiрек деген сыңай танытады. «Жер ұйықты» 
iздеген Асан қайғы қазақтың бiраз жерлерiне «табиғат ана сараңдық 
жасаған екен-ау» деген көңiл кiрбiңiн сездiредi. 
Қазақ даласында да Еуропаны дүр сiлкiндiрген Томас Мордың 
«Утопиясы»,  Кампанелланың  «Күн  қаласы»  iспеттi  «Жер  ұйық» 
идеясы  шарлаған  кезең  болды.  (Бұл  идеяның  iздерi  Қазтуғанда  да 
бар).  Халық  Асанмен  бiрге  армандады,  аңыздарды  толықтырды, 
жаңа жерлердi iздеумен болды. Халық – «Жер ұйық» жоқ деген сөзге 
сенгiсi келмейдi. Сондықтан да болар көшпендiлер философы – Асан 
Қайғының негiзгi тұжырымы былай өрнектелген деуге болады: «Жер 
ұйық» – бақыт пен дәулет, тыныштық пен бейбiтшiлiк әлемi, және 
оған жету үшiн халық сабырлылыққа, шыдамдылыққа үйренiп, өзiн 
iскерлiгiмен таныта бiлу керек – сонда ғана аңсаған арманыңыздағы 

 
 
 
                      
                                                  31
І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
жер  жәннатына  жетесiз,  басқаша  айтқанда,  өзiңiздiң  жеке  «Жер 
ұйығыңызбен табысасыз».
Асан Қайғы iс-әрекетiнiң түпкi мәнi – халықтың бiрлiгiн нығайту, 
аумақтың  тұтастығын  насихат  ету,  даласы  мен  таулы  аймақтың 
халқын бiр-бiрiне жақындату, табиғаттың қыры мен сырын қауымға 
паш  етiп,  өзiн-өзi  танып  бiлуге  шақыру.  Халықтың  iштей  бiрлiгi 
болғанда ғана мықты, бiртұтас болғанда ғана өзiн-өзi сақтай алады, 
дамыта алады.
Өз  дәуiрiнiң  шоқтығы  биiк  жұлдызы  болған  Асан  Қайғы  үшiн 
Адамға табиғаттың тұмса ортасынан орын табу шешiлмеген мәселе 
болып келсе, ал қазiргi экологиялық апат пен дағдарыс заманында 
тек қана географиялық орта ғана емес, сонымен қатар ниет пен пейiл, 
ар мен ұят нарық салмағын көтере алмай, өкiнiшке орай, сыр беруде.
Мiне,  зерделi  азамат  үшiн  Қайғының  үлкенi  сол  болып  тұр. 
Кең байтақ қазақ даласы өркениеттіліктің биік белесін қажет етеді 
(Арал  өңiрi,  түтiнге  толы  қалалар,  әлеуметтік  және  экономикалық 
мәселелер).  Қазiргi  өмiрдiң  ащы  ақиқатын  қанша  айта  бергеннен 
өзгере қоймасы анық. Сондықтан олардан шығудың жолын тапқан 
жөн.
Экологиялық  сананың  қалыптасуы  кешеуiлдегенi  белгiлi. 
Өткен  социалистiк  дәуiрде,  қазiргi  өтпелi  кезеңде  де  (өркениеттi 
қоғамға) жеткілікті деңгейде экологиялық бiлiмдер таратылған емес, 
ешкiмнен  еш  нәрсе  талап  етілген  емес.  Бұрын  жоспар  қуу  болса, 
қазiр пайда табу көзiн iздеген пысықтардың құрбандығына айналуда 
даламыз да, қаламыз да, жануар да, адам да. Шетелдiк инвесторлар 
iшiнен қатаң талаптарды сақтап отыратын, шарттарды орындайтын 
фирмалармен ғана жұмыс iстеген жөндi. Себебi, келесi ұрпаққа да 
табиғат керек.
Табиғаттың  өзiн-өзi  реттеуi,  жаралы  болған  жерiнiң  жазылуы 
ондаған  жылдарға  созылатын  ғалымдар  ескерту  үстiнде.  Ал  кез 
келген  адамның  өмiрi  бұл  дүниедегi  қайталанбас  керемет  екенiн 
қайталап айтудың да қажеттiлiгi жоқтай. Дегенмен де өз заманның 
әдiлетсiздiгi мен қиындығына күйзелген, тiптен кейбiр iстерге жан-
тәнiмен қынжылған Асан Қайғының айтқан мынандай сөздерi қалған 
екен:
«Ай, хан мен айтпасам бiлмейсiң,
Айтқаныма көнбейсiң,
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсiң.
Мастанып, қызып терлейсiң,

32 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Өзiңнен басқа хан жоқтай.
Елеуреп неге сөйлейсiң?!» [3, 7 б.]
Хан  болмаса  да,  ханға  биiктен  сөйлейдi,  хан  iсiнiң  терiстiгiн 
қауым алдында әшкерелейдi. Бұдан Асан Қайғының тұлғалық iрiлi-
гiн байқау қиын емес. Өзiнiң еркiн сөйлей алатын дiлi арқылы Асан 
қайғы  өз  заманының  ақиқат  пен  әдiлдiк  жаршысы,  өз  жұртының 
патриоты,  батыл  сыншысы,  күрескер  қайраткерi,  халқының  адал 
перзентi болғаны даусыз. 
Кейінгі  ұрпақ  үшін  құны  зор  толғауларының  қатарына  ар-
ұят, шындық, халық, туған жерге деген махаббат, Отан қадірі, адам 
арасындағы сыйластық жатады. Әсіресе, қазіргі кезеңде қоғамымызда 
белең  алып  отырған  кейбір  жағымсыз  әлеуметтік,  саяси  үрдістер 
уақытында  Асан  Қайғының  бірлікке  шақырған,  қазақтарды  теке-
тірестіктен аулақ болуға үгіттеген сөздерінің орны ерекше. Қоғаммен 
қоса  экологиялық  дағдарыс,  апат  одан  әрі  тереңдеуде,  жатсыну 
процестері жалғасуда... 
Қазіргі  заманда  адамдар  арасындағы  түсінбестіктер  көбейіп, 
өздерінің  бойындағы  біріккенде  жиналатын  күшінен  айрылуда. 
Міне,  осындай  мәселелердің  кең  қанат  жаю  қаупінен  Асан  Қайғы-
ның еңбектері, жырлары жұртшылықты сақтандырады. Лев Озеров 
өзінің  бір  мақаласында  француз  сыншысы  Пиконның:  «Заманның 
қиындығы  күшейген  сайын  поэзияға  жүгіну  қажеттігі  де  арта 
түседі», деген сөзін келтіреді: Әрі қарай ол поэзия адамға «тарихтың 
жетпей  жатқан  жерлерін»  толықтырып  беретінін,  тіптен  адамның 
жеке болмысының кемшіліктерін барынша жауып отыратын дүние 
екенін, ерекше құбылыс екенін айтады. 
Асан Атаның мұрасы біздің рухани өмірімізді байытып, тірші-
лігіміздің  мән-мағынасын  айқындауда  зор  үлесін  қосуда.  Мәңгілік 
елдің Тұлғалары да мәңгілік болып қала береді. 
Әдебиеттер
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – 235 б.
Халид Құрбанғали. Тауарих Хамса. – Алматы, 1985. – 245 б.
3 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы, 1993. – 254 б.
Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в пяти томах. Т. 1. – Алма-Ата, 1984. – 358 с.
Мағауин М. Ғасырлар бедері: әдебиет зерттеулері. – Алматы: Жазушы, 
1991. – 275 б. 
6  Толысбайұлы  К.  Асан  Атаның  дүниетанымы  //  Егемен  Қазақстан. 
21.08.1996.

 
 
 
                      
                                                  33
І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
7 Қараңыз: Иванов В.П. Человеческая деятельность – познания искусства. 
– Киев. 1977. – 286 с. 
Нурланова К.Ш. Человек и мир. – Алматы, 1994. – 145 с.
9 Поэты пяти веков. – Алматы, 1993. - 236 с.
10 Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені. – Алматы, 1995. – 421 б. 
1.3 «Бабырнама» және этнофилософияның түркілік үрдістері
Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр – Орта ғасырдағы түркі әдебие-
тінің  көрнекті  өкілі,  Орта  Азия,  Ауғаныстан,  Үнді  елдерінде  кең 
ой-өрісімен,  ақылымен  ерекше  із  қалдырған  көрнекті  мемлекет 
қайраткері, даңқты қолбасшы, лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама 
ғалым, атақты тарихшы. Бабыр түркі тілдерімен қатар араб, парсы 
тілдерін жетік меңгерген, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін 
сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары, сәулетшілік 
және соғыс өнері бойынша білім алған. Әкесі әйгілі Әмір Темірдің 
туысы Омар Шейх қайтыс болғаннан кейін он екі жасында Ферғана 
уәлаятының әмірі етіп тағайындалады. Әмір Темірдің тарихта «Ақсақ 
Темір» деген қаһарлы атпен қалған әйгілі билеуші болғаны белгілі. 
Омар Шейх кенеттен қайтыс болғанда Бабыр 12 жасқа да толмаған 
еді. Мұрагерлік заңымен бір мүшелге толмай жатып, Ферғана тағына 
отыруға  мәжбүр  болған  Бабыр  әке  орнын  иеленген  тұста  Ферғана 
қазіргі  үш  ел:  өзбек,  тәжік,  қырғыз  жерін  қамтитын.  Бабырдың 
мақсаты – Амудария мен Сырдария аралығанда, яғни Мауреннахрда 
бір орталыққа бағынатын мемлекет құру болған, бірақ ол мақсатына 
жете  алмайды.  1525  жылы  Бабыр  Үндістан  билеушісі  болады.  Үш 
жүз жыл бойы, яғни ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін өмір сүрген Ұлы 
Моғол  империясының  (1526-1858  жж.)  негізін  қалаған  мемлекет 
қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихта қалды. 
Захир  ад-дин  Мұхаммед  Бабыр  әйгілі  шығыс  шайырларының 
ішіндегі  түркілік  поэзияны  ілгері  дамытқан  классик  ақын  ғана 
емес,  «Бабырнама»  сынды  мемуарлық  туындыны  дүниеге  әкелген 
шебер прозашы. Ғылымның сан саласын бойына дарытқан Бабыр – 
таңғажайып поэзиялық туындылары және «Бабырнамамен» қатар, 
«Муфассал» (аруз жөнінде), «Рисола-и харбия» (әскери іс жөнінде), 
«Рисола-и  мусиқа»  (музыка  туралы),  «Мүбайын»  (шариғатқа 
байланысты  «Өсиетнама»)  сынды  трактаттарды  және  «Хатта 
Бабуриді»  (Бабыр  әліппесін)  жазған  жан-жақты  ғұлама  ғалым. 
Ескі  парсы,  түркі-шағатай,  хинд,  тәжік  тілдерінде  өте  таза  сөйлей 

34 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
білген Бабыр, аталған туындылармен қатар, парсы тілінде жазылған 
«Волидия»  атты  еңбекті  түркі  тіліне  сапалы  аудара  отырып, 
аудармашылық  қырынан  да  таныла  білді.  Бабыр  жүйрік  қаламгер 
ретінде  ғана  емес,  Үндістанда  үш  ғасырға  жуық  билік  құрған 
«Бабырлар  империясының»  (моғолдар)  негізін  қалаған  мемлекет 
қайраткері,  полемология  саласын  жетік  білген  ержүрек  қолбасшы 
ретінде де әйгілі. 
Джавахарлал  Неру  «Индияны  ашу»  деген  кітабында  Бабырды 
«жылы  жүзді,  батыл,  іскер  жан,  өнер  мен  әдебиетті  бағалай 
білген  қайраткер»  ретінде  бағалап:  «бұл  кезде  Индияда  үлкен 
игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер, 
архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып 
жіберген еді» – деп жазады [1]. 
Ең алдымен Бабыр лирикалық өлең-жырлардың авторы. Әлішер 
Науаи  оны  өзінің  ең  дарынды  шәкірттерінің  бірі  санаған.  Ұстазы 
екеуі  бір-біріне  өлеңмен  хат  жазысқан,  бірақ  екі  ақын  кездеспей, 
армандап өткен. Бабырдың лирикасы сол кезеңде кең тараған шығыс 
классикалық  поэзиясының  жанрларында  –  ғазал,  рубаят,  туйық, 
маснави т. б. өлеңдер түрінде жазылған. 
Ол өз жырларында шын мәніндегі махаббатты, табиғи сезімді, 
адам  бойындағы  асыл  қасиеттерді  жырлады.  Туған  жерден  алысқа 
кетуге мәжбүр болып, елін, Отанын сағынып жазған өлеңдері, өмір 
мәні жайлы, халықты өнер-білімге шақырған еңбектері бар. 
Бабырдың Отанына деген махаббаты шексіз, елге қайтып оралам 
деген арманмен өмір сүрген. 
Бөтен елде, жат жерде қаңғып жүрміз,
Жемтік іздеп, жат жерде қаңғып жүрміз.
Төбемізден сары алтын құйса дағы,
Туған жерді сағынып, мәңгі жүрміз [2].
Джавахарлал  Неру  Бабырдың  Үнді  елінде  өмір  сүре  жүріп, 
солтүстіктің қары мен мұзын, еттен жасалған тағамдарын, Ферғана-
ның  гүлдері  мен  жеміс-жидектерін  сағынғанын,  бірақ  бәрібір 
Үндістан керемет әдемі ел деп айтатынын жақсы атап көрсеткен. 
Аллаға жүз мәрте «тәубе» дегін,
Құдай саған сыйлады Үнді жерін.
Ыстыққа шыдай алмай қиналғанда,
Күтемін туған жердің салқын желін

 
 
 
                      
                                                  35
І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Бабырдың поэтикалық мұрасы сан қырлы. Лирикалық шығар-
малары  «Кабулдық  диван»  (1519),  кейіннен  «Үнді  диваны»  (1529–
30)  жинағына  енген.  Ол  шығыс  лирикасының  оннан  аса  жанрында 
өлең  жазған.  Өлеңдерінде  адам  өмірі,  өзі  өмір  сүрген  ғасырдың 
тарихи  жағдайлары,  қоршаған  орта,  адами  қатынас,  дін,  салт-
дәстүр, уақыт пен кеңістік мәселелері талданады. Бабыр өлеңдерін 
поэзия  тілінде  жазылған  өзінің  өмірбаяны  деуге  болады,  өмірдегі 
түрлі  қайшылықтар  нәтижесінен  туған  қуанышы  мен  күйінішін, 
терең  сезімдерін  философия  тілімен  әсерлі  жеткізе  білген.  Ақын 
сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын ашып береді, 
өлеңдерінде  ақынның  ішкі  дүниесі,  оның  эстетикалық  қабылдау 
жүйесі  анық  көрініс  береді.  Оның  поэзиясы  әсемдікті,  әдемілікті, 
трагедиялық  жағдайларды  суреттеуге  арналған,  өз  шығармалары 
арқылы  өзі  өмір  сүріп  отырған  заманының  эстетикалық  идеалын 
көрсетуі  және  оған  ұмтылуы  Бабыр  поэзиясының  эстетикалық 
құндылығын толықтырады. Бабыр сүйгенімен кездесу үшін қандай 
қиыншылыққа  болса  да  төзу  керек  дейді,  онсыз  өмірдің  мәні  жоқ. 
Махаббат үшін өзін, өз болмысын құрбан етуге бар. 
Ай жүзді сүйіктімсіз Күн де жарық емес,
Қанша жырласам да сенсіз қант та дәмді емес, 
Ол болмаса кипарис те кеудемді жебесімен түйреп өтеді,
Раушан жүзді ғашығымсыз – розаның түрі де, иісі де сезілмейді [3]. 
Бабыр үшін махаббат – сенім, адалдық, адамгершілік пен мәрт-
тік,  осы  қасиеттерді  байлықтан,  қоғамдағы  және  жердегі  барлық 
игіліктерден  жоғары  қояды.  Өзінің  ғазелдерінде  сүйіктісінің  таңға-
жайып сұлу көркін, теңдесі жоқ жан сұлулығын, ішкі сезімінің бай-
лығын, рухани жетілген бейнесін жасайды. 
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар, білемін. 
Зорлық қылсаң өзгелерге – өзің жәбір көрерсің
Қиянаттың құрбаны боп қорлықпенен өлерсің, – [2] 
деген  жыр  жолдарында  ар-ождан  тазалығына,  әділдікке шақырып, 
зорлық-зомбылыққа қарсы шығады. 
Бабыр  адамгершілік,  руханилық  мәселелеріне  көңіл  бөлген. 
Керісінше өтірікші, қызғаншақтық, өзімшілдік адамдарды құртады 
деген  өсиетін  айта  отырып,  адам  өзін  адамгершілік  қасиеттерге, 
жақсылыққа тәрбиелей білуі керек екендігіне жол сілтейді, жастарды 
зұлымдық атаулыдан бойын аулақ салуға үндейді:

36 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бір зұлымдық жасасаң, тартасың бір азабын,
Өзгерте алмас ешкім де табиғаттың заңдарын [3].
Адамның ең жақсы сипаты достықта, досты сыйлай білу керек 
дейді,  ақынның  ең  жақын  дос-жарандарынан  айрылып,  қайғырып, 
кейде  шарапқа  салынып  жүрген  сәттерін  көңіл-күйі  арқылы 
тұжырымдайды:
Сенімді дос таба алмадым,
Боларлықтай тірегім. 
Жалғыз досым өмірдегі – 
Кеудемдегі жүрегім.
Кінәлі жанды тағдыр жазалайды, 
«Жазығым не» деген ой мазалайды.
Жиналған қайғы-запыран, кір-қоқысты, 
Пенделер шараппенен «тазалайды» [2].
Өмір  тауқыметін  көп  көрген  Бабыр  ақын  шығармаларында 
өмір, өмір мәні, өлім мәселесі философиялық тұжырымдар арқылы 
сипатталады. Мауреннахр жеріне жақындап келе жатқан Шайбани 
ханның  әскеріне  қарсы  шығу  керек  деген  Бабырдың  ұсынысын 
көптеген әмірлер тыңдамай қойғанда өлеңмен мынадай пікір айтады:
Өшір өртті, лауламай тұрғанында, 
Кеш болады жалын бетін бұрғанында. 
Жебесін сұр садақтың тезірек тарт,
Кеш болады халқыңды қырғанында.
Бабырды әсіресе Әмір Темір ұрпақтарының арасындағы тақ пен 
тәж  үшін  болған  қырғын  соғыстар,  бейбіт  халықтың  қанын  босқа 
төккен қан майдан шайқастар қатты толғандырады:
Он дәруіш бір кілемге сыйып кетер,
Екі патша жер-жиһанға сыймай өтер.
Жарты нанды белісіп жесе кедей, 
Ал патша бұл өмірден тоймай кетер [2, 306 б.]. 
Түркі ойшылдарына тән өлім мәселесі «Бабырнамада» да кездеседі: 
Жүз жыл, мейлі бір күн өмір сүре біл,
Тоқтар бір күн шаттық сүйген жүрегің. 

 
 
 
                      
                                                  37
І тарау.  Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Өзінің өзекті жанға тән алуан түрлі күйзеліс-қуаныш үстіндегі 
нәзік  көңіл-күйін  қаныпезер  қатал  заманның  озбырлығына  төтеп 
берер орасан зор рухани күші арқылы бере алады. 
Бабыр өмір сүрген дәуірде Мауераннахр мен Дешті Қыпшақта 
араб  жазуы  кең  өріс  алып,  көне  түркі  сына  жазуына  қатал  тыйым 
салынған.  Көне  түркі  жазуын  қолданған  ғұламалар  мен  медресе 
ұстаздары  өлім  жазасына  кесілетін  болған.  Соның  өзінде,  Бабыр 
өзінің  дос-жарандарына,  балаларына  хат  жазғанда  көне  түркі 
жазуын  қолданып  отырған.  Сол  үшін  бұл  жазуды  кезінде  «Бабыр 
жазуы» немесе «Бабыр хаты» деп атап кеткен. Бұл туралы Бабырдың 
мынадай өлең жолдары бар:
Түріктерге бұйырмады-ау, 
Өз әрпі де киелі.
Бабыр хаты бөтен емес
Сығанақтың сыйы еді [2, 307 б.]. 
Бабыр  шығармашылығының  шыңы,  оның  атын  тарих  бетіне 
мәңгі өшпестей етіп жазып қалдырған еңбегі – «Бабырнама». Кітап 
өмірбаяндық сипатта жазылған, ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасыр-
дың басындағы Орта Азия, Ауғаныстан, Үнді халықтарының тарихын 
бейнелейді. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ХV ғасыр-
дың  соңы  мен  ХVI  ғасырдың  бас  кезіндегі  Орта  Азиядағы  негізгі 
саяси оқиғалар баяндалады. «Кабул-уәлаяты» деп аталатын, қазіргі 
Ауғаныстан өңірінде орын алған тарихи оқиғалар екінші бөлімінде 
айтылса, үшінші бөлімде Солтүстік Индиядағы саяси оқиғалар, осы 
елдің  географиясы,  халқы,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы  сипатталады. 
Сол  кезеңдегі  түркі  тектес  ру-тайпалардың  бәріне  бірдей  түсінікті 
шағатай  тілінде  жазылған.  Бабыр  билеуші  тап  өкілдерінің  тақ 
пен  тәжге  таласып,  үздіксіз  жүргізген  соғыстарын,  мағынасыз  қан 
төгілген  шайқастардың  салдарынан  қаңырап  қалған  қалалар  мен 
бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан 
тыс  көбейіп  кеткенін,  жұт  жайлаған  ауылдарды  бүкпесіз,  ашық 
сипаттайды:  «Мұнда  жазылғанның  бәрі  –  ақиқат.  Мен  өзіме-өзім 
мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болған – дәл солай етіп 
жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан өзімнің 
туған-туысқандарымның  жақсы  жақтарын  да,  жаман  жақтарын  да 
жасырмай  айттым.  Өзіме  жақын  жандардың  да,  жат  кісілердің  де 
кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім» [4]. 
Кезінде  күллі  түркі  тектес  ру-тайпалардың  бәріне  бірдей 
түсінікті  болған  шағатай  тілінде  жазылған  «Бабырнама»  қазіргі 

38 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қай халықтың мұрасы саналады, «Бабырнаманың» қазақ халқының 
тарихына,  әдебиетіне,  тіліне,  рухани  өмірінің  басқада  салаларына 
қатысы  қандай  дәрежеде  болды  деген  мәселенің  де  басын  ашып 
алуымыз керек. Қазақ зиялылары «Бабырнаманы» қазақ халқының 
өз  тарихы  туралы  жазылған  шығарма  деп  таныған,  себебі 
Бабырнамада қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани 
мұраларына  қатысты  құнды  деректер  бар.  Ежелгі  қазақ  жеріндегі 
кенттер,  өзендер,  көлдер,  таулар,  сондай-ақ  өсімдіктер  мен  жан-
жануарлар т. б. қарастырылады. Мысалы, «Бабырнамада» қазақтың 
Түркістан,  Сайрам,  Отырар  секілді  шаһарлары  туралы,  Сырдария 
(Сейхун), Арыс, т. б. өзендері мен көлдері жөнінде қызықты деректер 
жазылған. Бабыр өзінің әкесі Омар Шейхтың Арыс өзені бойындағы 
бір шайқасы жайында айта келіп: «Арыс өзенінен мұз үстімен өтіп, 
Омар  Шейх  мырза  өзбектердің  быт-шытын  шығарып,  қолындағы 
тұтқыңдарды  босатып,  шауып  алған  малдарын  шып-шырғасын 
шығармай өз иелеріне қайтартқан», - деп жазады [4, 27 б.].
«Бабырнаманы» мемуарлық-ғұмырнама жанрының талаптарына 
жауап  бере  алатын  көркем  туынды  ретінде  қарастыруға  негіз  бар. 
Өйткені, «Бабырнамадағы» басты кейіпкер – автор, яғни Бабырдың 
өзі.  Ол  өз  образын  өзінің  қимыл-әрекеті  үстінде  ашып,  бейнелеп 
отырады. Ғұлама-ғалым нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, бала-
малы  сөздер  мен  даналық  ұғымдарды  қолдану  арқылы  өзіне  тән 
көркемдеу тәсілдерін шеберлікпен қолданған. Ол көбінесе өмірдегі 
сан-алуан  жайттарды  таза  философиялық  тұрғыда  саралайды. 
Сондықтан оның стилі ең алдымен тарихи-философиялық сипатқа 
ие.
Бабыр  стилін  даралайтын  ерекшеліктің  бірі  өзінің  ішкі  жан 
дүниесін эмоциялық тұрғыда көрсете білгендігі. Оқиғаларды жүйелі 
баяндау  барысында  авторлық  «менін»  үнемі  аңғартып  отырады. 
Мұның өзі Бабырдың өз болмысы мен табиғатынан туған даралығын 
айқындайды.  Бабыр  стиліндегі  тарихилықпен  қатар  айқын 
аңғарылатын  философиялық,  психологиялық  және  лирикалық 
белгілер сол дәуір әдебиеті үшін новаторлық құбылыстың бірі болып 
табылады. Себебі Бабыр өз ойын шебер жеткізе алуымен қатар автор 
мен  оқырманды  өзара  байланыстыратын  сырласу  тәсілін  қолдана 
білген.  Оқырманмен  сырласу  тәсілі  де  ортағасыр  жазбаларында 
әлі қалыптаса қоймаған соны құбылыс болатын. Ол қиыншылыққа 
тап болған сүреңсіз кездері жайында оқырманымен ашық сырласа: 
«Бұл жағдай жаныма қатты батты, көзімнің жасын тыя алмай, көп 
жыладым» десе, енді бірде, «менің өлгім келді» деп жан дүниесіндегі 
шарасыздықты оқырманның алдына жайып салады. 

 
 
 
                      
                                                  39

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет