Философия, саясаттану


Ортағасырлық түркі философиясында



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
Түркілік  дәстүрлі  мәдениет  пен  дүниетанымдағы  бақыт 
өзінің  терең  әлеуметтік  мәнділігімен  сипатталады.  Түркілік 
дәстүрлі  мәдениет  негізінде  бақыт  категориясын  зерттеу 
түркі  халықтарының  мәдениетіндегі  ерекше,  мәнқұраушы 
құндылықтарды алдыңғы қатарға шығарып қана қоймай, бұл 
құндылықтардың  түркілік  идеологиялық  қондырғылармен 
қатар,  халықтың  дәстүрлі  ашықтығына,  бейбітсүйгіштігіне, 
төзімділігі  мен  үйлесімділігіне  негізделген  жоғары  қоғамдық 
ұстанымын,  азаматтық  қауымдастығын  тәрбиелейтін  құрал 
екендігі  байқалады.  Көпқырлы,  әрі  қарапайым,  әрі  күрделі 
бақыт ұғымын адам дүниетанымының негізі ретінде зерттеу – 
бұл, сонымен қатар, қазіргі өркениет пен адамның өзі тудырған 
дағдарысты болмыс жағдайынан шығатын жолға да жөн сілтей 
алады.  Егер  осыдан  ондаған  жылдар  бұрын  ғана  адамның 
бар  ақыл-ойы  материалды  игілікке  жетуге,  табиғат  күштерін 
игеруге,  жербесіктің  толыққанды  иесіне  айналуға  бағытталса 
(Олжас Сүлейменовтің атақты «Адамға табын Жер енді!» поэ-
масын  еске  түсірсек  те  жеткілікті),  ал  қазіргі  кезеңде  адамзат 
мұндай  мәртебенің  ақылға  сыйымсыз  екендігін  барған  сайын 
айқын  ұғына  бастады  және  тығырықтан  шығудың  жолдарын 
бір кездері үзіліп қалған үйлесімді әлем мен бақытты болмыс 
туралы дәстүрлі көзқарастарға қайта жүгіне бастады. 
Сонымен ортағасырлық түркілік философияның өмірмән-
дік ілімдеріндегі бақыт туралы түсініктер дәстүрлі түркілік мә-
дениет пен дүниетанымнан нәр алып, сусындап отырады екен. 
Сонымен бір мезгілде түркілік философия ислам ренессансы-
ның да күшті әсерін сезінді. Бұрыңғы түркілік дәстүрлі мәде-
ниеттің  басты  элементтері  ислами  құндылықтармен  жымда-
сып бірігіп кетті. Ғылым мен білімге кеңінен жол ашатын ислам 
дінінің өмірге келуі
 шығыс мұсылман философиясының әртүрлі 
бағытта дамып, еуропалық ғылым мен философияға қарағанда 
едәуір  алдыға  кетіп,  әлемдік  философия  деңгейіне  көтеріле 
алуына  негіз  болды.  Бұл  тарихи  кезең  туралы,  мұсылмандық 
Шығыс  пен  христиандық  Батысты  салыстырып,  Е.А.  Фролова
өзінің  «Араб-мұсылман  философиясының  рационализмі» 
деген мақаласында былай деп жазады: «...Еуропа рухани дағда-
рысты  басынан  кешіріп  жатқанда,  Таяу  және  Орта  Шығыс 
халықтарында ғылымының шарықтау кезеңі, қоғамдық ойды, 

84 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
қоғамдық  сананы  рационализациялау  қозғалысының  қуаты 
фальсафамен  қатар  теологияны,  әдебиетті  қамтып  мәдениет-
тің гүлденуіне себепші болды» 
[98, 20–21 бб.]

Еуразиялық  дала  мен  Орталық  Азияға  ислам  VIII  ғасыр-
дан  бастап  ене  бастады.  751  жылғы  Тараз  маңындағы  Атлах 
шайқасы,  шын  мәнінде  екі  өркениеттің  –  ислам  өркениеті 
мен  буддистік-конфуциандық  қытай  өркениетінің  тайталасы 
болды.  Орхон-Енисей  ескерткіштерінде  жазылғандай,  өз  ру-
хани  құндылықтарын  қытайлықтардан  қызғыштай  қорыған 
түркілер  бір  ұлтқа  немесе  ұлысқа  емес,  бүкіл  адамзатқа 
арналған  мұсылмандық  құндылықтарының  енуіне  қарсылық 
көрсеткен  жоқ.  Керісінше,  X–XIII  ғасырлар  аралығында 
Қазақстан  аса  дамыған  ортағасырлық  араб-парсы-түркі  өрке-
ниетінің  ажырамас  бөлігіне  айналды.  Тарихтан  960  жылы 
Жетісуда  200  000  түтін  түркілер  (қарлұқтар)  ислам  дінін  сал-
танатты түрде қабылдағаны белгілі. Бұл оқиға Орталық Азия-
дағы  алғашқы  түркі  мұсылман  мемлекеті  болған  Қарахан 
мемлекетінің  тарихымен,  мемлекеттік  дін  ретіндегі  исламға 
жол  ашқан  Сатұқ  Боғра  ханның,  оның  ұлы  Мұсаның  есім-
дерімен байланысты. «Мұсылман ренессансы» тұсында рухани 
мәдениет саласында түркілердің қандай жетістіктерге жеткені 
баршаңызға мәлім. Ал кейінірек түркілердің исламды тарату-
да  оғыздардың,  салжұқтардың,  ғазнауилердің,  сондай-ақ  Ха-
лифатты мұраланып, ислам аманаттарын бүгінге дейін сақтап 
жеткізуде османлылардың орны орасан болды. 
Ортағасырлық  түркі  ойшылдарының  бақыт  туралы 
ілімдеріне  ислам  діні  мен  мұсылман  философиясының  зор 
ықпалы болды. Ислам философиясының көркейіп гүлденуіне 
түркілік ойшылдар да өздерінің зор үлестерін қосты. Оларды 
қарастырмас бұрын, алдымен «ислам философиясы» түсінігіне 
тоқтала  кетсек.  Бұл  туралы  академик  Ә.  Нысанбаев  пен 
профессор  Д.  Кенжетай  былай  дейді:  «
Ислам  философиясы 
–  жалқы  және  жалпы  алғанда  мұсылман  ойшылдарының 
философиялық  мұраларына  берілген  атау.  Ислам  филосо-
фиясы  философиялық  ойлау  жүйесі  тұрғысынан  басқа 
философиялармен ортақ. Басқа философиялардан тақырыбы 
мен  әдістемелік  жағынан  да  айтарлықтай  айырмашылығы 
жоқ. Дегенмен, әрбір философия, кеңістік пен уақыттың саяси, 

 
 
 
                      
                                                  85
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
географиялық, діни, әлеуметтік ой-өрісінің ерекшеліктерін өз 
ішіне  қамтитындықтан  басқа  философиялардан  оқшауланып 
тұратын  өзіне  тән  табиғаты  болады.  Сол  сияқты  ислам 
философиясы  ислам  діні,  мәдениеті  шеңберінде,  ислам 
жеріндегі, мұсылман ойшылдарының жасаған философиясын 
білдіреді.  Бұл  тіркесті  бұрыс  түсіндірушілер  «ислам»  сөзін 
дін, яғни, ислам дінімен тең деп ойлайды. Бұдан олар Құран 
мен  Сүннетті  философия  деп  қабылдайды.  Бұл  түбірімен 
қате  пікір.  Ислам  философиясы  тіркесінен  «ислам  дінінің» 
философия екендігі  мақсат  етілмеуі  тиіс.  Әлбетте,  ислам,  дін 
ретінде  философия  емес,  өйткені,  дін  адам  ойының  жемісі 
емес. Сондықтан ислам философиясы тіркесіндегі «ислам» сөзі 
«философия» сөзінің анықтамасы, яғни, бұл жерде ислам сөзі 
дінге  емес,  сол  діннің  қалыптастырған  өркениет,  мәдениетіне 
қатысты айтылып тұр» [65, 5 б.]. 
Мұсылман философиясы әлем мен адамның пайда болуы 
мен болмысындағы метафизикалық және онтологиялық мәсе-
лелерді  Жаратушымен  байланыстыра  отырып,  өз  бойына 
хикмет,  калам,  сопылық,  фикх,  мантық,  риторика,  мораль, 
этика,  саясат,  экономика,  тарих  және  т.  б.  салаларды  енгізе 
келе теориялық, логикалық және жүйелі ойлау туралы ғылым-
дармен  қатар,  практикалық  ғылымдарға  да  үлкен  көңіл 
бөледі.  Бақыт  категориясы  да,  басқа  жақсылық  пен  жаман-
дық,  ізгілік  пен  қайырымдылық,  ар  мен  абырой,  еркіндік 
пен  жауапкершілік  және  т.  б.  ұғымдармен  бірге  мораль  мен 
этика сынды осы практикалық ғылымдардың негізгі нысанына 
айналады. 
Мұсылман  философиясы  антикалық  дәуірдің  филосо-
фиялық  ойында  көтерілген  мәселелерді  қайта  жаңғыртып, 
философияның дамуын жаңа арнада дамытты. Дәстүрдің жал-
ғастығы  болғандығын  теріске  шығаруға  болмайды.  Дегенмен, 
ислам философиясының пайда болуы мен қалыптасуының ең 
басты қайнар көзі – Құран мен Сүннет. Құран Кәрім негізінен 
діни  мәтін  болып  табылады.  Бірақ  діннің  философияның 
барлық мәселелеріне қатысы бар. Дін де философия да Алла, 
әлем, адамның рухы мен осылардың өзара қарым-қатынасын, 
жақсылық  пен  жамандық,  таңдау  еркіндігі  мен  ерік,  өлімнен 
кейінгі өмірге байланысты мәселелерді қарастырады.
 

86 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
«Бақыттың  мәні  –  парасаттылықта,  әркімнің  өз  алдына 
игілікті  мақсат  қоя  білуінде...  адамның  өз  мінез-құлқын,  іс-
әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында», – 
деген Отырар қаласынан шыққан даңқты бабамыз Әбу Насыр 
әл  –  Фараби  осы  ислам  философиясының  әлем  мойындаған 
ең  көрнекті  өкілдерінің  біріне  жатады.  Өз  заманында-ақ 
«Муаллим-и сани» (Екінші Ұстаз), «Мантикий» (Ақылды, Логик) 
деген атақтарымен даңқы шыққан отырарлық данышпан ойшыл, 
энциклопедист  ғұлама  ғалым  әл-Фараби  ортағасырлық  ислам 
философиясының негізін қалаушылардың бірі болды. 
Философия  және  саясаттану  институтының  фарабитану 
және  әлемдік  философия  бөлімі  ұзақ  уақыт  бойы  әл-Фараби 
мұрасын тануда жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізді. Олардың 
нәтижелері  профессор  М.С.  Бурабаевтың  жетекшілігімен 
авторлар  ұжымы  жазған  төмендегідей  еңбектерде  көрініс 
тапты:  «Әл-Фарабидің  логикалық  ілімі  туралы»  (Алматы: 
«Ғылым»,  1982),  «Әл-Фарабидің  әлеуметтік,  этикалық  және 
эстетикалық көзқарасы» (Алматы: «Ғылым», 1984), «Әл-Фараби 
философиясындағы болмыс және таным мәселелері» (Алматы: 
«Ғылым», 1988), «Әбу Насыр әл-Фараби философиясы» (Алматы: 
«Ақыл кітабы» 1998), «Әл-Фарабидің рухани мұрасы: тарих жә-
не қазіргі заман» (Алматы: КазГосИНТИ, 2001), және т. б. Бұл еңбек-
тер  әл-Фараби  философиясының  логикалық-гносеологиялық 
негіздерін,  болмыс  мәселелерін  ашуға,  әл-Фараби  көзқарасы-
ның  антикалық  философиялық  негіздемелері,  ойшылдың 
әлеуметтік-этикалық, әл-Фараби философиясы мен исламдық 
дүниетаным мәселелеріне және т. б. арналды. Қазіргі уақытта 
фарабитану дамуы жаңа зерттеулік сатыға көтерілді, оны іске 
асыруға әл-Фараби мұрасын зерттеудегі ғылыми әдебиеттердің 
молшылығы  және  ұлғайған  деректемелік  қорлар  мүмкіндік 
берді.  Қазақстан  философтары  фарабилік  ойлардың  мәндік 
қабаттарына  терең  бойлау  оларда  жасырынған  көп  қырлы, 
көп деңгейлі, сарқылмайтын мәдениет әлемін ашуға мүмкіндік 
береді деп санайды. 
Өтпелі  дәуірдегі  рухани  ахуалдың  өзгеруі  әл-Фарабидің 
мұрасы  сияқты  мәдени  құбылыстың  сарқылмас  кенін  ұғы-
нуға және мүлдем жаңа түсініктер мен парадигмаларды ашу 
мүмкіндігіне  көмек  береді.  Дүниетанымдық  бағдарлар  мен 

 
 
 
                      
                                                  87
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
қондырғылардың  өзгеруі,  маркстік  догмалар  мен  стереотип-
термен  қоштасу  араб  тілді  мұсылман  мәдениеті  феноменінің 
өзін қайта бағалауға, араб тілді мәдениеттің жаны мен жүрегі 
–  ислам  екендігін  бекітетін  айғақты  түсінуге  итермелейді. 
Кеңес  дәуірінде  біз  қыңырлықпен  материалист  немесе  тіпті, 
атеист  ретінде  көрсетуге  тырысқан  әл-Фарабидің  өзі  дәл  осы 
ислам  мәдениеті  мен  руханилығы  идеяларын  жақтады,  ақыл 
мен  ғылым  адам  үшін  Бастапқы  Мәнді  ұғынуға  жол  ашады 
деп есептеді. Қазіргі құбылмалы әлемде ислам мәдениеті мен 
философиясының негіздерін терең теориялық зерттеу, әлемдік 
діндердің  бірінен  саналатын  исламның  рухани-адамгершілік 
қуаты  мен  гуманистік  бағытын  айқындау  ерекше  маңызды 
мәселе  екендігі  анық.  Тек  осы  арқылы  ғана  рухани  жаңғыру, 
халықтардың  өзара  түсіністігі  мен  өзара  келісімділігі  басты 
нәрсе  болып  саналатын  исламның  ұстындарына  зорлықтың 
қайшы келетінін дәлелдеуге болады. Бүгінгі күні қазақстандық 
ғалымдарға бұрынғы идеологиялық таңбалардан арылып, әл-
Фарабидің  шығармаларына  және  оның  әлемдік  мәдениетке 
қосқан үлесіне жаңаша көзқараспен қараудың мүмкіндігі туды.
Ислам  дүниетанымының  нәрінен  сусындаған  әл-Фарабиді 
материалистік  сана  басымдылық  танытқан  кеңестік  әдебиет 
зайырлы гуманист, ислам негіздерін бұзушы еретик етіп көрсе-
туге  тырысты.  Ал  шындығында,  ұлы  философ,  түркі  әлемі-
нің  мақтанышы,  Шығыстың  Аристотелі  әл-Фараби  шынайы 
мұсылман, терең иманды, нағыз теософ (ойшыл-хакім) болды. 
Оның  Аристотель  логикасына  жүгінуі  дінге  төзімділік  жағ-
дайында  билеушілердің  сарайында  әртүрлі  дін  өкілдерінің 
арасында көпшілік сөзсайыстар өткізіліп тұрған тұсында ислам-
ды қорғау ниетінен туындаған еді. Жаратушының Барлығы мен 
Бірлігін  интеллектуалдық  жолмен  дәлелдеуге  ұмтылғанына, 
оның  көзқарасының  исламдық  монотеизммен  («тәухидпен») 
толық  сәйкес  келетініне  біздің  де  еш  күмәніміз  жоқ.  Өзінің 
терең  метафизикалық,  әлеуметтік-философиялық,  этикалық 
әрі сан-салалы энциклопедиялық шығармашылығымен де, таза 
тақуалық  өмірімен  де  әл-Фараби  адамзатты  бақытқа  жетелеу-
дің үлгі-өнегесін көрсетіп кетті. 
Әл-Фарабидің  пікірінше,  философия  ақиқатқа  жетуге 
ұмтылғандықтан  адамзаттың  бақытқа  жетуіне  қызмет  етеді. 

88 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Әл-Фараби  бақыт  мәселесіне  «Бақытқа  жету  туралы»  деп 
аталатын  трактатын  арнады.  Ондағы  тақырып  әл-Фарабидің 
«Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактат, 
«Азаматтық  саясат»,  «Бақытқа  қарай  жол  сілтеу»  сияқты 
еңбектерінде көтерілген этикалық және әлеуметтік-саяси мәсе-
лелермен  тығыз  байланысты.  Әл-Фараби  әлеуметтік-саяси 
және  этикалық  проблематиканы  көтеруге  көп  еңбек  сіңірді 
және сондықтан да әлемдік әлеуметтік-саяси ғылымның төрі-
нен  лайықты  орын  алатын  аса  ірі  ойшылдардың  бірінен 
саналады. 
Академик Ә. Нысанбаев пен доцент Ғ. Құрмангалиевалар-
дың пікірінше, «әл-Фараби философиясын біртұтас әлеуметтік 
философия  деп  атауға  болады.  Оның  мәні  мен  мақсаты, 
біріншіден,  Жер  бетінде  әділетті  мемлекет  құруға  бола  ма, 
екіншіден, адам бақытты бола ала ма, оның бақыты неде деген 
сұраққа  жауап  беруде.  Міне,  сондықтан,  әл-Фараби  филосо-
фиясының  барлық  мазмұнын  өз  бойына  жинақтаған  өзек  – 
әлеуметтік-саяси мұрат болып табылады» [6, 57 б.]. 
Егер  антикалық  заманның  алыбы  Аристотель  адамды 
«қоғамдық  жануар»  деп  анықтаса,  әл-Фараби  де  адамдардың 
қалада қауымдасып өмір сүруінің маңыздылығын алға тартып, 
оны  «хайуани  мадани»  деп  айқындайды.  Адамдардың  саяси 
бірігуі бірлесіп өмір сүру мен тіршілік ету қажеттіліктерінен 
туындады. «Міне сондықтан да, – дейді әл-Фараби, – бір-біріне 
көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті 
нәрселердің  бір  бөлігін  тауып  беріп  отыратын  көптеген 
адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына 
сай  жетілген  дәрежесіне  жете  алады…  Міне  сондықтан  да, 
адамзат индивидтері көбейе түсіп, жердің мекендеуге болатын 
бөліктеріне  қоныстанды,  осының  нәтижесінде  адами  қоғам 
пайда болды…» [99, 303 б.]. 
Осылайша,  әл-Фараби,  адам  өзінің  табиғаты  жағынан 
басқа  адамдардан  оқшауланып  өмір  сүре  алмай,  ол  оларды 
қажет  етеді,  өйткені  бірлесіп  өмір  сүру  барысында  адамдар 
тіршілікке қажетті заттарды табады. 
Мемлекет,  әл-Фараби  бойынша,  адамдардың  өзі  тәрізді-
лермен  қарым-қатынасқа  түсу  қажеттілігінен  туындайды. 
«Бақытқа  жету  туралы»  еңбегінде  әл-Фараби:  «…  Әрбір  адам 

 
 
 
                      
                                                  89
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
қол жеткізе алатын жетілгендікке жету үшін басқа адамдардың 
қауымын, олармен бірігуді қажет етеді… оларға табиғатынан 
өзі тектестердің арасынан пана іздеп, солармен бірге өмір сүру 
тән.  Сондықтан  да  ол  адами  немесе  азаматтық  жануар  деп 
аталады,» – дейді [99, 296 б.].
Адамның  осындай  анықтамасынан  мемлекеттің  мәні  мен 
шығу-тегі  туындайды.  Әл-Фараби  өзінің  «Қайырымды  қала 
тұрғындарының  көзқарастары»  атты  трактатында  мемлекетті 
осы  қала  ұғымымен  байланыстырады.  Мемлекет  –  бақытқа 
жету жолындағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының 
неғұрлым жетілген формасы. «Қайырымды қала, осыған сәй-
кес ақырғы жетілгендікке, яғни жоғарғы бақытқа жету жолын-
да тұрғындары бір-біріне көмектесіп отыратын қала»[100, 196–
197 бб. ].
Кемел  қаланы  әл-Фараби  «қайырымды  қала»  (әл-мәдина, 
әл-фәдила)  терминімен  белгілейді.  Бұл,  Н.С.  Қирабаевтың 
пікірінше,  қоғамдық  өмір  мұратын  сипаттайтын  негізгі  ұғым 
[101,  119  б.].  «Қайырымды»  қалаға  қарама-қарсы  қалаларды 
сипатау үшін ол орныққан фыкh және басқа да діни пәндердің 
терминдерін қолданады. Олармен ол надан (жахилийа), пасық 
(әл-фасика),  құбылмалы  (әл-мубаддила),  адасқан  (ад-далла) 
қалаларды  белгілейді.  Мысалы,  бірінші  термин  (жахилийа) 
арабтардың  пұтқа  табынушылықпен  байланысты  исламға 
дейінгі  даму  сатысын  білдіреді.  Әл-Фарабиде  бұл  «қала» 
қайырымдылықтың жоқтығымен, зұлымдықтың үстемдігімен 
сипатталады. Екіншісі (әл-фасика) діни құқыққа қайшы келетін 
әрекетті  білдіреді.  Үшіншісі  (әл-мубаддила)  жалған  «киелі 
кітаптарды» басшылыққа алатын «қала бірлестіктері» туралы 
баяндайды.  Төртінші  (ад-далла)  сенімі  бұрмаланған  немесе 
адамдардың жалған қауымдастығын білдіреді. 
Мемлекет,  әл-Фарабидің  айтуынша,  бақытқа  ұмтылуды 
жүзеге  асыру  ретінде  пайда  болатын  адамдар  қарым-
қатынасының жоғарғы формасы, яғни олар – қатарына адамдар 
арасындағы  байланыстың  көптеген  формалары  кіретін  қоғам-
дық  қатынас  түрі,  бірақ,  ол  бұл  қатынастардың  ешқайсысына 
кірмейді.  Бұл  адамдар  арасындағы  қандық  жақындастыққа 
негізделген  туыстық  пен  достық  аясынан  шыққан  қоғамдық 
қарым-қатынас деңгейінің жиынтығы.

90 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Адами  кемелдік  тек  басқа  адамдармен  бірлескенде  ғана, 
яғни бірінші кезекте қалада жүзеге асады, ол жетілген немесе 
жетілмеген болуы мүмкін. Қала бар болғаны жетілгендік пен 
игілікке жетудің қажетті алғышарты, аясы ғана.
Жетілген мемлекет – «Қайырымды қала» қандай болады? 
Бұл мемлекеттің бастапқы анықтамасында, біздің ойымызша, 
әл-Фарабидің қоғамдық мұратты түсінудегі өзіндік ерекшелігі 
жасырын  жатқан  сияқты,  оның  мәні  адамдардың  аталған 
қауымдастығын  сипаттауда,  негізгі  белгі  адамгершілік  анық-
тама  болып  табылады.  «Адамдар  бірлестігі  шынайы  бақытқа 
жеткізетін  істерде  өзара  көмектесу  мақсатын  қойған  қала 
қайырымды қала болып табылады, ал адамдары бақытқа жету 
мақсатымен  бір-біріне  көмектесіп  отыратын  қоғам  –  қайы-
рымды  қоғам,  барлық  қалалары  бақытқа  жету  мақсатымен 
бір-біріне  көмектесіп  отыратын  халық  –  қайырымды  халық. 
Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп 
отыратын  болса,  бүкіл  жер  жүзі  осылайша  қайырымды 
болмақ» [99, 305 б.].
Кемел немесе жетілген қала – қайырымды қала. Бұл адам 
болмысы адамгершілік құбылысы ретінде, яғни өз табиғатына 
сай  саяси  жан  болып  табылатын  және  қоғамда,  адамдар  бір-
лестігінде  өмір  сүріп,  бақытқа  жету  жолындағы  әрекетін 
жүзеге  асырып  жатқан  адам,  ең  алдымен,  –  адамгершілікті 
жан.  Адамгершілік,  адамның  игі  әркеті,  оның,  ең  алдымен, 
адамгершілік саласында, яғни нағыз адамдық салада орнығуы 
–  әу  бастан  жетілген  қала  негізіне,  міне  осылар  алынған. 
Мемлекеттің  әр  түрлі  саяси  ұйымдасу  формаларының, 
оның  шаруашылық,  экономикалық,  әлеуметтік  өмір  форма-
ларының  маңыздылығына  қарамастан,  ең  мәндісі,  бастысы, 
айқындаушысы  адамның  адамгершілік  болмысы  болып 
табылады.
Әл-Фарабидің  «Мемлекет  қайраткерінің  нақыл  сөздері» 
трактатында  да  бақыт  мәселесінің  әрқилы  қырлары  сөз 
болады.  Бұл  нақыл  сөздер  Екінші  ұстаздың  әлеуметтік-
саяси  және  этикалық  көзқарастарының  кейбір  қырларының 
неғұрлым  маңызды  және  негізгі  қағидаларының  қысқаша 
мазмұндамасын білдіреді. Олар сол замандағы философиялық 
ойды  толғандырған  неғұрлым  маңызды  мәселелерді  бөліп 

 
 
 
                      
                                                  91
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
қарастыру  аясында  өзекті,  өйткені  ол  өз  құрамына  қоғам 
туралы  белгілі  бір  ғылымның  бүкіл  пәндік  аймағын  емес, 
бұл  ғылымдардың  белгілі  бір  мәселеге  қатысты  жекелеген 
қырларын ғана енгізеді. Әл-Фараби қолданған жанр оған дейін 
де  белгілі  еді  және  онан  кейін  де  пайдаланылған.  Мысалы, 
нақыл  сөздер  (афоризмдер)  формасында  жазылған  Закарийа 
ар-Разидің «Медицина бойынша нақыл сөздер» деген ірі еңбегі 
белгілі. Мұндай жанрдың дәстүрі Ханайн ибн Исхақ аударған 
Гиппократтың нақыл сөздеріне де қатысы болуы мүмкін.
Әл-Фарабидің  «Мемлекет  қайраткерлерінің  нақыл  сөз-
дері»  философия  тарихында  елеусіз  қалған  жоқ,  өз  шығар-
маларында Ибн Рушд пен Маймонид оларға сілтеме жасайды. 
Зерттеушілердің пікірінше, олар әл-Фарабидің соңғы жұмыс-
тарына  қатысты  және  бұл  әлеуметтік-саяси  саладағы  оның 
көзқарастарына платондық «Саясат» пен аристотельдік «Нико-
мах  этикасының»  едәуір  ықпалы  бар.  Трактат  әрқайсысы 
өз  кезегінде  бөлімшелерге  бөлінетін  екі  бөлімге  бөлінген. 
Ойшылдың  өзі  атап  өткендей,  бұл  трактатта  мемелекетті 
гүлдендіруге әкелетін, оның азаматтарының өмірін жақсартуға 
және  бақытқа  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  мемлекетті  басқа-
рудың көптеген тәсілдері көрсетілген. 
Бастапқы бөлімдерде метафизика мәселелеріне көп көңіл 
бөлінген, өйткені әл-Фараби бүкіл өзінің шығармашылығында 
осы бағытты ұстанады, ал онсыз, яғни осы терең онтологиялық 
проблематиканың  шешімінсіз  алдымен,  адам  болмысының 
мәселелерін, демек сонан соң адамзаттың қоғамдық мәселеле-
рін шешу мүмкін емес деп есептейді. 
Бұл  бөлімдерде  адамның  этикалық  дамуына  да  үлкен 
көңіл  бөлінеді.  Олардың  бірі  ізгілікті  қала  азаматы  ретінде 
жанның  жоғары  адамгершілікті  қасиеттерімен  сипатталатын 
азаматтарды тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Сондықтан 
бұл  трактатта  әл-Фараби  ізгілік  және  ізгілікті  өмір  деген  не, 
ізгіліктің  қандай  түрлері  бар  және  олар  жанмен,  сондай-ақ 
ақылмен  қандай  байланыста,  адамның  жанын  тәрбиелеудегі 
басқарушының  рөлі  қандай  деген  сұрақтарға  тоқталады.  Ол 
сонымен бірге, әділ және ағартушы басқарушы қандай болуы 
керек,  мемлекеттік  құрылым  қандай  болуы  қажет,  «зұлым» 
деп аталған қалалардың әділдік, қайырымдылық пен ақыл-ой 

92 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
үстемдік ететін қалалардан қандай айырмашылығы бар деген 
сұрақтарды да назардан тыс қалдырмайды .
Әл-Фараби  мемлекеттің  құрылымы  туралы,  оның  ішкі 
сатылығы туралы, ағзаны ауру-сырқаудан емдейтін емші тәрізді 
мемлекет  басқарушысының  іс-әрекеті  туралы  сөз  қозғайды. 
Ол  басқарушы  материалдық  игіліктерді  бөлуге  қатысты  да, 
әлеуметтік тәртіпті сақтауға қатысты да, қоғамның адамгершілік 
дәстүрлеріне қатысты да әділ болуы керек деп есептейді.
«Мемлекет  қайраткерінің  нақыл  сөздері»  трактаты  үлгілі 
(идеалды) қоғамдық құрылыс және үлгілі басқарушы туралы 
әл-Фараби заманындағы қоғамдық көзқарастарды білдіріп қа-
на қоймай, «өз өмірінің пісіп-жетілген шағындағы әл-Фарабидің 
көптеген өзге де шығармаларында баяндалған әділеттілік пен 
адамгершілік  кемелдену  туралы,  адамдар  арасындағы  өзара 
көмек пен мемлекеттік басқару туралы, ағартушылық, жақсы-
лық  пен  ақыл  ойдың  жеңімпаздығы  туралы  прогрессивті 
көзқарастардың қорытылған мазмұнын білдіреді» [102, 35 б.]. 
Сондықтан  бұл  еңбек  тек  әл-Фарабидің  ғана  емес,  Таяу  және 
Орта  Шығыстың  өзге  де  ойшылдарының  философиясы  мен 
әлеуметтік-саяси көзқарастарын зерттеуде құнды дерек болып 
табылады. 
Жалпы Әл-Фараби мұрасының тарихи маңыздылығы оның 
шығармаларының көпқырлылығы мен санының көптігімен ға-
на өлшенбейді, сонымен қатар оның философия, логика, этика, 
эстетика  мен  жаратылыстану  салаларындағы  қағидалары 
Шығыстың  ғана  емес,  Батыс  халықтарының  да  келешектегі 
даму  ойларына  үлкен  ықпалын  тигізген  әлі  де  тигізе  береді 
деп  есептейміз.  Әл-Фараби  философиясы  оның  ізбасарлары 
мен дүниетанымын қолдаушылар – Ибн Сина (Авиценна), Ал-
Бируни, Ибн Рушд (Аверроэс) еңбектерінде жалғасын тапты. 
Ол өз дәуірінің рухани мазмұнын көрсетіп, өз уақытының 
рухани ізденістері мен сұраныстарының мәселелерін шешті. Бұл 
адамзаттық мазмұндағы ізденістер адам тұрмысының әлемдегі 
дүниетанымдық  проблемасын  көтерді.  Өйткені  әл-Фараби 
мұрасының Шығыс пен Батыстың өзара сәтті сұхбатын іске асы-
руда, адамзат, әлемдік философия мен ғылымдағы маңызы зор. 
Әл-Фарабиден  кейінгі  бүкіл  түркілердің  рухани  көсемі 
саналатын  Құл  Қожа  Ахмет  Иасауи  дүниеге  келген  кезеңде 

 
 
 
                      
                                                  93

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет