Философия, саясаттану


Ортағасырлық түркі философиясында



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
жолы  –  бiлiм»  деген  айқындамасын  еске  алсақ,  олардың  ара-
сында  екi-үш  ғасырлық  өмiр  жатса  да  өзара  үндестiк  көзге 
түспей қоймайды. Мұның өзi жоғарыда айтылған Қайта өрлеу 
дәуiрiнен  кейiн  еуропалық  елдерде  Ағартушылықтың  кең 
өрiс алғанын еске салып, мұсылман елдерiндегi әл-Фарабидiң 
өзi  қостаған  Қайта  өрлеуден  (Мұсылмандық  ренессанс  деп 
аталған)  кейiн  сол  елдерде  ерекше  мұсылмандық  сипаттағы 
«жергiлiктi» ағартушылық дәуiрi өрiс алған жоқ па екен деген 
ой қайта оралады [107, 472 б.]. Егер сондай кезең болған бол-
са,  оның  көрнектi  өкiлдерiнiң  бiрi  Әдиб  Ахмед  ибн  Махмуд 
Иүгінеки болары айқын. Бұл әлi де жiтi зерттеудi кұтiп тұрған 
маңызды мәселелердiң бiрi.
Ал  «Рабғузи  қиссаларының»  қыжыра  бойынша  710  жы-
лы,  жаңаша  жыл  санаумен  1310  жылы  жазылғанын  Алма 
Қыраубаева  «Ежелгі  дәуір  әдебиетінде»  атап  көрсетеді 
[108].
 
«Рабғузи кітабы – ежелгі араб, парсы елдерінде туып, бірден-
бірге ауысып келе жатқан шығыстық сюжеттердің жиынтығы. 
Кітапта  табиғат,  дүние  құбылыстары,  жаратылыстың  пайда 
болуы  жайындағы  мифологиялық  әңгімелер,  халифтар,  пай-
ғамбарлар  туралы  аңыз-қиссалар,  ертегілер,  өлеңдер  бар» 
деп көрсетеді автор шығарманың мазмұнына сипаттама бере 
отырып 
[108, 185 б.].
 Әрине, қазақтың кең даласына мұсылман 
дініндегі  даналық  қалыптары,  оның  ішінде  бақыт  туралы 
этикалық принциптер де тек осындай көркемдік жолмен ғана 
тезірек тарала алатын еді. Өйткені, қазақ халқы ежелден ауыз 
әдебиетіне,  аңыз  әңгімелерге,  өлең  сөзге,  дастандарға,  нақыл-
дар  мен  мақал-мәтелдерге  құмарлығы  мол  екенін  білдіріп 
отырғаны белгілі. Сондықтан Рабғузидің қиссаларындағы дана-
лық  тағылымдары  түркілер  дүниетанымына  сәйкес  келе  қал-
ғанына таң қалуға болмайды. Бұл біздің шығыстық діліміздің 
ерекшелігіне жатады. Ал этикалық бағыттағы философиялық 
түсініктеріміз халқымыздың рухани белгісі іспетті. 
Бұл ойшылдардың адам бақыты мен өмірінің мәні туралы 
көзқарастары кейінірек Құтып, Хорезми, Сәйф Сарайи, Құсам 
Кәтиб  сынды  түркі  ойшылдарының  еңбектерінде  тарихи-
мәдени сабақтастыққа сай жалғасын тапты. XIV ғасырда өмір 
сүрген  түркілік  дана  ойшыл  Құтып  «Хұсрау-Шырын»  жазба 
ескерткішін  әзірбайжан  халқының  ұлы  ақыны  Низамидің 

104 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
«Хусрау уа Ширин» атты поэмасын парсы тілінен еркін аудар-
ма жасайды. Бұндай стильді назира әдісі деп аталғаны белгілі. 
Құтыптың  бұл  дастаны  Низамиден  түркі  тіліне  жолма-жол, 
сөзбе-сөз  аударылмағанын  мамандар  кезінде  атап  көрсеткен 
болатын  [69,  212  б.].  Яғни  шығармашылық  еркіндікті  көрсету 
арқылы ойшыл өзінің бақыт туралы философиялық ойларын 
тұжырымдап отырған. 
XIV ғасырда өмір сүрген, Сыр бойын мекендеген Хорезми 
есімді автордың «Махаббатнамасы» Шығыстың даналыққа деген 
құштарлығымен қатар әсемдікті де жоғары бағалағанындығын 
әлемге  танытты.  Хорезми  өзінің  шығармасын  асқақ  сезімнің 
биігіне көтеріліп, түркілік сипаттағы сезімнің нәзіктігін, табиғи 
кіршіксіздігін,  жалпы  алғанда  эстетикалық  бейне  ретінде 
көрсете  білген.  Ақын  мұрасын  біршама  зерттеушілер  ақын 
шығармашылығындағы негізгі ұстанымдарды дөп басып айта 
алған десе де болады 
[108, 225 б.].
 Расында да өз шығармасында 
Хорезми ұлы махаббатты, адалдық пен іңкәрлікті, адамгерші-
лік  пен  кішіпейілділікті  бақыт  пен  шаттықты  жырлай  келіп, 
қанағат,  сабыр,  ар-ұят  мәселесін  көтереді,  бұрынғы  салт-
дәстүрлерімізді барынша қадірлеуімізге шақырады.
Шығыстың XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындары-
ның  қатарына  Хұсам  Кәтибті  жатқызамыз.  Жеке  өмірбаяны 
туралы  мәліметтер  аз  болғанымен  біздің  ғасырымызға  дейін 
рухани мұра болып жеткен «Жұмжұма сұлтан», «Жәһаннам» 
жырларының маңызы зор деген ойдамыз. Өйткені, бұл еңбектер 
нағыз этикалық принциптер негізде жазылған.
Бұл  шығармалардың  терең  ойлары  өмірдегі  философия-
лық  іргетастарды,  мәндік  негіздерді  іздеуден  тұрады.  Хұсам 
Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбаттаса отырып «Дүниеде мәң-
гіге жаралған нәрсе бар ма?» деген сауал қояды. Кезінде ұлы 
пайғамбарлар болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде 
жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар мен байлар қайда? 
дей  келіп,  әлемнің  жартысын  билеген  Шыңғыс  хан  да  өткен 
жоқ па бұл дүниеден деген тұжырымды келтіреді.
Міне,  осы  жағдайдың  өзі  өмірлік  қағида  екенін  жақсы 
түсінген Хұсам Кәтиб өмірден түңіліп, бұл дүниені жалған екен 
демейді,  керісінше,  болашаққа  жасампаздықпен  қарайтын 
ойды ұсынады:

 
 
 
                      
                                                  105
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
Келдің дүниеге – кетпек керек,
Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек.
«Әрбір адам бұл дүниеде өзінің барлық қабілетіне қарай 
жақсылық жасауды мақсат тұтса, онда әлеуметтік болмыс жетіле 
түсеріне  ақын  сенімді.  Ал,  енді  жамандық  жасаудың  ақыры 
адам үшін тозақ азабына түсу екендігін өз замандастарына да, 
кейінгі келген жас ұрпаққа да ескертеді ортағасырлық ойшыл» 
[109, 225 б.].
XIV  ғасырда  өмір  сүрген  Сәйф  Сарайидің  шығарма-
шылығында  поэзия  мен  проза  қатар  болғаны  белгілі.  Ол 
Сағдидің «Гүлстанын» парсы тілінен түркі тілінен аударып қана 
қоймай, әр түрлі хикаяттар арқылы тағылымдық мысалдарды 
рухани  мұра  етіп  қалдырады.  Онымен  қоса  «Жәдігернама», 
«Сүһаил  мен  күлдірсін»  атты  шығармасы  да  қазіргі  заманға 
дейін  жетіп  отырғанын  айта  аламыз.  Бұл  шығармалардың 
әрқайсысында  шығыстық  нақыш,  терең  ділдік  ерекшелік 
айқын байқалады. Әсіресе, әрбір ойшылдың хикаятты адамды 
руханилыққа қарай бағыттайтын бағдаршам іспетті. Қасиетке 
ие болған десе де болады. Мәселен, «бейнет көрмеген адамның 
рахаттың  қадірін  білмес»  деген  тұжырым  адамды  күнделікті 
өмірдің ауыртпалығын мойымай көтеруге шақырады, өмірдің 
қиындығы бекер кетпейтіндігіне меңзейді. 
Ортағасырлық 
түркілік 
сипаттағы 
философиялық 
ойдың  барысына,  яғни  философия  тарихына  қазіргі  заман 
тұрғысынан  көз  жібере  отырып,  оның  тарихи  сабақтастық 
пен  мұралау  принциптеріне  сүйенетін  негізгі  бағдарын 
айқындай  аламыз.  Өйткені  дәстүрді  барынша  қастерлеген 
өткен  тарихымызда  әрбір  рухани  мәнділігі  бар  құбылысты, 
оның  ішінде  адамның  өмірінің  мәні  мен  бақытын  қадірлеу, 
оны  барынша  объективті  түрде  пайымдау,  халықтың 
болашағына  сәйкес  келетін  парықта  зерделеу  белең  алып 
келгеніне  тәнтіміз.  Осы  тұрғыдан  алғанда  тарихта  көрнекті 
орны  бар  өркениетімізге,  тарихи  тұлғаларымызға  объективті 
қатынасамызды  тереңнен  орнатудың  уақыты  жеткен  сияқты 
деген  ойдамыз.  Өз  тарихымызды  биік  деңгейде  құрметтеуді 
қазірден  бастап  дұрыстап  үйренбесек,  өткен  тарихи 
процестердегі  қордаланған  рухани  байлық  тиісті  бағасын 

106 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
алудан  алыстап  кетуі  де  мүмкін.  Міне,  осы  қауіпті  сейілту 
үшін  қазіргі  кезеңде  мәдени  мұраларымызды  жинақтауға, 
оларды  философиялық  зерделеуден  өткізуімізге  мүмкіндік 
алғанымызға қуаныштымыз.
Қорқыт ата кітабындағы, Орхон жазбаларының мәтінімен 
қатар,  «Оғызнама»,  «Махаббатнама»,  «Кодекс  куманикус» 
сияқты  туындылардағы  экзистенциалдық  сарынмен,  сондай-
ақ  әл-Фараби,  Иасауи,  Махмұд  Қашқари,  Жүсіп  Баласағұн, 
Рабғузи, Құтып, Хұсам Кәтиб, Сәйф Сарайи, Ахмет Иүгінеки 
еңбектеріндегі  этикалық  бағдармен,  оның  ішінде  бақыт 
туралы  түсініктермен,  олардың  ерекшеліктерімен  тереңірек 
таныса  отырып,  түркілік  ортағасырлық  дүниетанымның 
аясында  туындаған  даналық  үлгілердің  қазіргі  ұрпақ  үшін 
де  маңыздылығы  зор  екенініне  көзіміз  жетті.  Ал  осы  рухани 
мұраны игерудің жас ұрпақ үшін орны жылдар өткен сайын 
ұлғая  түспек.  Бұл  іс-әрекеттердің  оң  нәтижесі  еліміздің 
келешегінде байқала түсері анық. Өркениеттер қаншама дүние 
өзгерсе де, әр түрлі саяси режимдер орнын ауыстырса да нағыз 
рухани тереңдігі бар дүниелер өз күшін әлеумет үшін сақтай 
алады. Себебі әрбір халықтың тарихын тұтастандырып тұратын 
рухани  күштер  болады.  Міне,  сол  күштердің  біршамасы 
адамзат  тарихында  түркі  даласында  қалыптасқанын  атап  өте 
аламыз.  Осы  рухани  байлықты  шашпай-төкпей  теріп  алу 
қазіргі ұрпақтың көкейтесті міндеті деп ойлаймыз. 

 
 
 
                      
                                                  107
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
2 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ 
БАҚЫТ МЕТАФИЗИКАСЫ 
 
Әдетте  философиялық  білімді  мынадай  бөліктерге 
жіктейді:  метафизика  (грек  тілінен  аударғанда  метафизика  – 
«физиканың  арғы  жағында»)  –  нәрселердің,  құбылыстардың, 
үдерістердің  және  т.  б.  астарында  не  жасырынғанын  зерттеп, 
түпнегізді  анықтаумен  айналысатын  білім  саласы;  онтология 
(грек  тілінен  аударғанда  онтос  –  «болмыс»,  «мәнділік»)  – 
кез  келген  заттың,  үрдістің,  жағдайдың  және  т.  б.  ең  басты 
сипаттамасы  –  болу  қабілетін  білдіретін  философияның 
ең  негізгі,  түпкі  және  анағұрлым  жалпы  категориясымен 
айқындалатын  метафизикамен  тығыз  байланыстағы  филосо-
фиялық  білім;  гносеология  (грек  тілінен  аударғанда  гнозис 
–  «білім»,  «таным»)  –  дүниенің  танылу  мүмкіндігі,  сана  мен 
танымның, білім мен ғылымның шектері, ақиқаттың өлшемде-
рі туралы философиялық білімнің саласы, ол сондай-ақ адам 
әрекетінің  алуан  түрімен  байланыстағы  кең  мәдени-тарихи 
тұғырда  да  қарастырылады;  философиялық  антропология 
(грек тілінен аударғанда антропос – адам) – нақты болмыстың 
ерекше бір тегі, түрі ретіндегі адамның шығу-тегі, эволюциясы, 
ерекшеліктері мен өмірі туралы философиялық көзқарастарды 
бейнелейтін білім; аксиология (грек тілінен аударғанда аксиос 
–  «құндылықтар»)  –  адам  үшін  жағымды  мәнге  ие  болатын 
игіліктерді,  құндылықтарды  зерттейтін  философиялық  білім 
саласы; әлеуметтік философия – ғылымға белгілі жүйелердің 
ішіндегі  ең  күрделісі  –  қоғам  туралы,  әлеуметтік  бірлік 
жөніндегі ілім. 
Бұл  тарауда  ортағасырлық  түркі  философиясындағы 
бақыт  мәселесі  философиялық  білімдердің  осы  жіктемесіне 
сәйкес  талданып  зерделенеді:  әлемге  деген  діни  қатынас  пен 
руханилықты  қалыптастыру  жолындағы  негізгі  тұжырым 
ретіндегі бақыт, немесе бақыт онтологиясы мен бақыт гносео-

108 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
логиясы; адамға рухани күш беруші құбылыс ретіндегі бақыт, 
немесе  философиялық  антропология  аясындағы  бақыт  пен 
бақыт  феноменологиясы;  қоғамдық  әлемді  құрудың  мақсаты 
мен жағдайын қалыптастырушы дүние ретіндегі бақыт, немесе 
бақыт  социологиясы  мен  бақыт  аксиологиясы.  Бұлардың 
барлығы, түптеп келгенде, бақыт туралы жан-жақты білімдер 
негізінде талдана келе, шешімі әлі күнге дейін табыла қоймаған 
жұмбақ  бір  құбылыс  ретіндегі  бақыттың  метафизикасын 
құрайды. 
2.1 Бақыт – әлемге деген діни қатынас пен руханилықты  
қалыптастыру жолындағы негізгі тұжырым
Бақыт – ең алдымен адамзат баласы қанша ұмтылғанымен 
шешімін таба алмаған, сол себепті де ақырына дейін танылма-
ған  танымдық  құбылыс.  Қазақстандық  белгілі  философ 
Г.Г. Соловьеваның 1983-жылы жазылған «Бақыттың құпиясы» 
деген  еңбегінің  атауының  өзі  осыны  меңзеп  тұрғандай.  Бұл 
кітабында  автор  былайша  толғанады:  «Бақыт...  Бұл  сөз  өте 
көп  қолданылады,  сондықтан  оның  мағынасын  барлығы  да 
түсінетіндей  көрінеді.  Көптеген  негізқұраушы  ұғымдар  да 
осылай  көрінеді:  ақиқат,  сұлулық,  әділдік.  Өзіңнен  сұрап 
көр,  өзіңнің  айналағыңдағылардан  сұра...  Бұл  түсініктер 
айқын  болып  көрінгенімен,  оларға  терең  бойлаған  сайын 
қаншалықты  қайшылықты,  көпмағыналы,  көпкелбетті  және 
мүлдем бейтаныс. Гегель айтқандай, белгілі нәрсе әлі танылған 
нәрсе  емес.  Барлық  әлемдік  өнер,  әдебиет,  театр,  адамзат 
мәдениетінің  бүкіл  тарихы  күннің  сәулесі  секілді  бақыт  пен 
үйлесімдікке  ұмтылумен  нұрланған.  Және  философия  да 
қашан да басты мәселесі адам болғандықтан, ақырында үнемі 
бақыт туралы толғанумен айналысты» [36, 4–5 бб.]. 
Иә,  ортағасырлық  түркі  философиясы  да  әлемдік  фило-
софиядағы  бақытқа  жету  жолын  іздестірудің  осы  үрдісінен 
тыс  қала  алмады.  Және  бұл  дәстүрлі  түркілік  дүниетанымға 
негізделген  философияда  да,  осы  рухани  дәстүрді  бойына 
сіңіріп,  сондай-ақ  антикалық  философиялық  мұраны 
пайдалану арқылы тікелей ислами құндылықтарға негізделген 

 
 
 
                      
                                                  109
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
араб тілдес фәлсафаны дамытуға зор үлес қосып, «Екінші Ұстаз» 
атанған отырарлық ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ілімінде 
де  әлемге  деген  діни  қатынас  пен  руханилықты  қалыптасты-
ру  жолындағы  негізгі  тұжырым  ретінде  бекіді.  Осыған  орай, 
алдымен ортағасырлық түркі философиясындағы бақыт мета-
физикасының қыр-сырына көшпес бұрын, бақытқа өзек болып 
тұрған осы метафизика мен діннің арақатынасы, жалпы әлемге 
деген  қатынас,  оның  ішінде  діни  қатынас  пен  руханилық 
мәселелеріне қысқаша тоқталып кетудің реті келіп тұр.
Метафизика жоғарыда айтылып өткендей, философиялық 
білімнің ең маңызды және бастапқы бөлігі болып табылады жә-
не  бұл  ғылыми  білімдердің  бөлген  ортағасыр  философтары-
ның  барлығының  дерлік  жіктемесінде  алдыңғы  орында  тұр. 
Метафизиканы  әл-Фараби  де,  табиғаттан  жоғары  аңдалатын 
нәрсе,  ол  абсолютті  болмысты,  бірлік  ретіндегі  жалпылықты 
зерттейтін «болмыстың бірінші бастаулары туралы ілім» [110, 
131 б.] деп атайды. 
Әл-Фараби  бойынша,  метафизика  бұл  жерде  әлеуетті 
болмыс  және  өзекті  болмыс  ретіндегі  аристотельдік  материя 
мен  форма  іліміне  сүйенеді,  Құдай  өзекті  форма  –  «Қажетті 
мән», «Алғашқы мән», «Бастапқы себеп және т. т. «Оның бол-
мысынан жетілген болмыстың болуы мүмкін емес, – деп ойын 
өрбітеді  әл-Фараби  –  өйткені  Оған  дейін  болған,  Онымен  бір 
сатыда  тұратын,  Оған  тәуелсіз  болмыстың  болуы  да  мүмкін 
емес».  …Оның  болмысы  бірден  артық  болмайды,  себебі 
осындай  тіршілікке  ие  Оның  болмысына  ұқсас  болар  еді.  …
Ол  –  бір,  дара  және  жалғыз.  Сонымен  қатар,  ол  өз  мәнінде 
бөлшектенбейді. Ол өз мәні бойынша зерде болып табылады… 
Ол – білгір және білім, біртұтас мән және біртұтас субстанция. 
…Ол  –  дана,  алайда  өз  мәнінен  тыс  тұрғанды  тану  арқылы 
дарыған  дана  емес.  Оның  сұлулығына  кез-келген  сұлулық 
иесінің сұлулығы жетпейді. Алғашқы Болмыс абсолютті түрде 
сұлу, ең әсем болғандықтан Оның өз мәнін тануы ең жетілген 
болып  табылады,  ал  Оның  білімі  ең  жетілген  білім,  өйткені 
Оның қанағаттануы біз танып – біле алмайтын қанағат балып 
табылады. ...Ол – алғашқы сүюші, алғашқы іңкәр. Ол өзі үшін 
өмір  сүреді.  Алғашқы  болмысты  атау  үшін  қолданылатын 
атаулар,  –  мәнісінде,  бізді  қоршаған  заттардағы  кемелділік 

110 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
пен  жетілгендікті  білдіретін  атаулар,  бірақ  бұл  атаулардың 
бірде-бірі,  Оның  субстанциясында  Оған  тән  жетілгендікті 
білдірмейді…  осы  көптеген  атаулар  бір  субстанцияны  және 
абсолютті бөлінбейтін бір болмысты білдіреді» [111, 65–77 бб.]. 
Басқа бір жерде Алғашқы болмысты сипаттай отырып, әл-
Фараби бұл анықтамаларға «Ол мүлде тәнсіз», «Ол – Ақиқат. 
Өйткені  Ақиқат  өмір  сүрумен  сәйкес  келеді»,  «Ол  Тірі  және 
тіршілік. Ал осы екі нәрсе – Тірі және Тіршілік – екі мәнге емес, 
бір ғана мәнге тән» [112, 211, 215–216 беттер], деген түсіндірме-
лер қосады. 
Екінші  ұстаздың  Бірінші  себептің  болмысын,  оның  ажы-
рамас  қасиеттері  мен  «есімдерін»  қалай  негіздейтініне  назар 
аударғанда,  әл-Фарабидің  ислам  мәдениетінде  қалыптасқан 
дәстүрге  тафсир  тәжірибесіне  жүгінетіндігін  байқаймыз,  өйт-
кені ой түйіндеу ізділігі мен сипаты тұтас алғанда мутазилиттер 
мен  ашариттердікі  тәрізді.  Бірақ  әл-Фарабидің  өзі  көрсеткен 
бір маңызды айырмашылық бар: «Діни сенімді қорғау әдістері 
мен  көзқарастарына  келетін  болсақ,  догматтық  діни  ілімнің 
білгірлері оны былай деп есептейді: түрліше діни көзқарастар 
мен  қағидаларды  әдеттегі  көзқарастармен,  пайымдаулармен 
және интеллектімен қорғауға болмайды, өйткені тәңірлік аян-
дардан алынғандықтан, діни көзқарастар неғұрлым биік сатыда 
тұр, ал оның тағы бір себебі ол сенімдерде адам парасатының 
шамасы  жетпейтін  тәңірлік  құпия  бар  дейді.  Нақ  сол  сияқты 
адам дінді аян беру жолымен ғана анықтай алады; бұл аянды 
ол өзінің интеллектісі арқылы тани алмайды, өйткені интеллект 
бұл  үшін  өте  әлсіз,  жеткіліксіз.  Керісінше,  егер  адам  өзінің 
білетінін немесе біле алатынын ой сарабына сала отырып, өзінің 
интеллектісі арқылы анықтаса, онда ол ашқан сырдың мағынасы 
да, пайдасы да болмас еді. Егер бұл осылай болатын болса, онда 
жұрт өзінің интеллектісіне сеніп, пайғамбаршылыққа да, аянға 
да мұқтаж болмас еді» [112, 185–186 бб.].
Философтар  осы  дүние  ақиқатын  анықтауда  ақылдың 
басымдылығына арқа сүйеді. Сунниттік теология мен фило-
софия  арасындағы  айырмашылықты  көптеген  ойшылдар 
атап  көрсетті.  Философия  адамға  білімді  ашу  үшін  қызмет 
етеді.  Ол  адамды  міндеттемеді  және  адамға  жарғылықтар 
да  бермеді,  зерде  дәлелдері  арқылы  адамды  өмір  ақиқатын 

 
 
 
                      
                                                  111
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
түсінуге  жетеледі.  Әл-Фарабиге  сәйкес  оның  мақсаты,  зерде 
принциптерін іске асыру, зердені өмірге енгізу, оны әл-Фараби 
практикалық  зерде  деп  атайды.  Оның  тұғырында  әлеумет 
өмірін  қайырымдылық  пен  әділеттілік  принциптеріне  сай 
ұйымдастыруды  пайымдау,  адамды  зерделік  принциптерге 
тәрбиелеу  енді,  ал  бұл  философияның  маңыздылығын 
көрсетті.
Алайда метафизика категорияларды, болмыс атрибуттары 
мен түрлерін, арнаулы ғылымдардың ұстанымдарын да зерт-
тейді,  яғни  жеке  білімдер  саласын  олардың  метафизикаға 
әкелетінін  және  одан  кейін  шығатынын,  бәрі  бірге  үздіксіз 
когнитивтік  тізбектерді  тудыратын  дәрежеде  зерттейді. 
Дегенмен де әл-Фараби басым көпшілігінде, жоғарыда көрсе-
тілгендей,  метафизиканы  субстанцияны  Жаратушы  ретінде 
мойындау  туралы,  мінсіз  бір  Бірінші  Бастама  туралы,  бәрін 
білетін  Бірінші  Парасат  туралы  «құдайлық  ғылым»  [112,  173, 
211  бб.]  ретінде  қарастырады.  Бұл  тұста,  сонда  догматтық 
дінтанудың  үлесіне  не  қалады  деген  заңды  сұрақ  туындайды. 
Бұл  метафизиканың  дінтануға  (теологияға)  қарым-қатынасы 
мәселесін түсіндіруді қажет етеді. 
Мәңгілік пен фәнилік, өмір мен өлім және адам мәселелері 
сияқты  философия  мен  діннің  арақатынасы  да  ойшылдарды 
көп толғандырған тақырып. Ортағасырлық шығыстық ойшыл-
дарды да адам өмірінде Құран мен фәлсафа тиісінше қандай 
орын  алады  деген  сауал  мазалады.  «Менің  ойымша,  –  дейді 
қазақстандық философ Анатолий Кенисарин, – кейде кездесіп 
тұратын,  арабтілді  перипатетиктердің  көзқарастарын  дінге, 
теологияға қарсы және тіпті атеистік деп қарастыру терең адасу 
болар еді. Дәл осыны, ол бойынша олар өздерінің дінге деген 
күмәндану  көзқарастарын,  тіпті  өз  еңбегіне  Жаратушының 
жетілгені,  құдіреттілігі  және  ұлылығы  туралы  тарауларды 
жасыру  үшін  енгізгені  жайлы  пікірлер  туралы  да  айтуға 
болады.  Керісінше,  олардың  жұмыстарының  жеке  үзінділері 
емес, олардың бүкіл философиясы оның негізінде жатқан эма-
нация теориясымен бірге, ислам теологиясы тілінде «Ештеңе 
Алланың еркінсіз болмайды» деген діни қағидада білдірілген, 
дүниенің  құдаймен  жаратылуы  және  Абсолютті  Жаратушы 
діни идеяларымен түгел қамтылған» [113, 137–138 бб.]. 

112 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Демек,  ортағасырлық  философияда  дін  мен  философия, 
Құдай  мен  оның  жердегі  халифасы  –  адам  өзара  тығыз 
байланыста болды және бұл ұстаным мұсылман ойшылдарына 
ғана  емес,  иудей  және  христиан  философтарына  да  тән 
болды.  Мұсылман  және  иудейлік  (мысалы,  Саадиа  бен 
Иосиф,  Соломон  ибн  Гебироль,  Моисей  Маймонид  тәрізді 
андалусиялық  перипатетиктер)  қол  жеткізген  бірліктің 
мәні  –  дүниені  монотеистік  тұрғыда  терең  түсінуде  болды. 
Қазақстандық шығыстанушы-философ Н.Л. Сейтахметованың 
пікірінше,  «иудаизмде  жарияланған  монотеизм  мен  ислам-
дағы  таухид  адамның  тұтастығын  анықтады,  монотеизмде 
адам  мен  дүниенің  бастапқы  қарама-қайшылығы  жойылды, 
адам өзі-өзімен және дүниемен үйлесімділікке ие болды» [114, 
224 б.], ал бұл өз кезегінде адамның о дүниелік қана емес, бұл 
дүниелік бақытқа жетуіне жол ашты. 
Бақыт  мәселесін  онтологиялық  тұрғыда  қарастырғанда 
ортағасырлық  философия  мен  ислам  діні  арасындағы  кейбір 
алшақтықтардың  бар  екенін  теріске  шығаруға  болмайды. 
Шығыстық  перипатетизм  философиясына  ол  бір  жағынан 
толығымен  тиесілі  болғанмен,  оны  ислами  діни  руханилық 
ортасынан бөліп те көрсететін ішкі әртектілік тән болды. Бұл 
философиялық  жүйенің  қайшылығы  рационалдылықтың 
классикалық  философиялық  бағытын  діни  фидеистік  идео-
логиямен  біріктіруі  тиіс  болған  жағдайынан  туындайтын  еді. 
Сондықтан  оның  мәселесі  бұл  әртүрлі  дүниетанымдардың 
белгілі бір бірігу орны болатындай мәнді ұстанымын табумен 
және белгілеумен сипатталды. Және осындай біріктіруші буын 
классикалық  грек  метафизикасынан  және,  әсіресе,  исламдық 
монотеизммен  қосылғандағы  оның  кейбір  теологиялық 
элементтерінен табылды. 
Басым  көпшілігінде  мифологиялық  дүниетаным  ықпа-
лында  болған  грек  философиялық  онтологиясының  бөлініп 
айрылар  тұсы,  оның  пайда  болуының  өзі  біртұтас  ғарыштық 
әмбебаптық  түпнегіз,  барлық  нәрселер  мен  қатынастар 
содан  туындайтындай  архэ  туралы,  ешкімнің  еркіне  тәуелсіз 
объективті бастау туралы тезисті қалыптастырумен ажырамас 
байланыста  болуымен  түсіндіріледі,  ал  жалпы  қабылданған 
мифологияда  оқиғалар  барысын  өз  қалауынша  анықтайтын 

 
 
 
                      
                                                  113

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет