Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Шырын патша тағына отырған кезде бүкіл елде әділеттілік
орнағанын айтады:
Енді қой мен қасқыр қатар тұрып,
Бір бұлақтан су іше бастады.
Бұл арқылы Құтып ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-
біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен кедейлер
өзара келісіп кетер деген пікір айтпақ [80, 38 б.].
Құтыптың «Хұсрау – Шырын» дастанында сүйіспеншілік
жайында ғана емес, сонымен қатар білім, сабырлық, дүниенің
бір қалыпты тұрмай үнемі өзгерісте болатыны жайында, адам
өмірінің мәңгілік болмайтыны туралы мәселерді қамтыған.
Мұны «Бұл дүние де мыстан кемпірдей қу: тәттімен алдайды»,
«Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады», «Өлгенде
дұшпан болма шат, Өзіңде өлімнен емессің азат» деген
жолдардан байқауға болады [81,150 б.].
Адамның бойындағы жасырын күштерді, ашылмаған
дарынды паш етіп, адамды шыдамдылықққа, еңбекқорлыққа,
сабырлыққа шақырады. Оны ойшылдың төмендегі мәтел
сөздерінен байқаймыз. «Төзімді тілегіне жетеді», «Қанша
асықсаң да – мезгілі жетпей іс бітпейді», «Шатысқан істің
шешімі – шыдам» [82, 73–75 бб.].
Адамның өмірдегі көптеген жеңісі өзінің жеке басының
еңбегіне тәуелді, барлық қабілеттерінің шынайы байқалуына
байланысты. Егер кейбір сәтсіздіктер үшін адам кінәліні
сыртқы дүниеден, басқа пенделерден іздейтін болса, онда
оның рухани әлсіз болғанының белгісі. Міне, осыған төмендегі
тұжырымдардың даналық үлгісі екендігіне күмән келтірмейміз:
Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз,
Кісі айыбың, қатулан, көздемеңіз.
Әркім өзінің кемшілігін жөндеумен айналысса, онда
әлеуметтік дүние жетіле түсері анық. Әзірге пенделер қай
қоғамда болса да, қай ғасырда өмір сүрседе өзін жетілдіруден
гөрі басқалардың қателігін тізбектеп беруді артық көреді.
Сөйтіп, өзімшіліктің жетегінде жүрген адамға Құтып:
63
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт ұғымының пайымдалуы
Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні,
Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін, –
деп ескертеді [83, 13–14 бб.].
Ойшылдың мақал–мәтелдеріндегі тәрбиелік мәні бар,
адамды дұрыс жолға түсіретін, бала тәрбиесіне мән беретін
тұжырымдарына мән берейік: «Күш жұмсама, қорлық
іздеме», «Пиғылы жатпен қатар отырма», «Ізгілік тілесең – ізгі
бол» [84, 215 б.]. Осындай ұлылықпен айтылған ортағасырлық
ғұламаның сөздерінде керемет ойлар жатыр.
Құтып жалпы білімнің пайдасын, надандықтың зиянын
туралы айтқан ойлары керемет даналыққа толы. Әрбір адам-
ның бақыт жолына білім-ғылыммен жететінін, надандық
ақылсыздық пен бостыққа апаратындығын көрсетеді. Ақын
білімнің адамның ажырамас бөлігі екенін түсіндіруге тырысады.
Білімді інжуді дариядан іздер,
Табар топырақты жер үстінен іздегендер [84, 223 б.], –
деп адам оқыған сайын жақсы нәрселерді іздейтінін көрсеткен.
Біліктіні білгені үшін сыйлайды, –
деп білімнің пайдасының айрықша мол екенін түсіндірген
Құтып оған ұмытылғанның алды жарық болатынын айтады.
Сараңдық пен жомарттық туралы ойларын ақынның төмен-
дегі өлең жолдарынан байқауға болады: «Сараңнан бір тілім
нан сұрағанша, аштан өлген әлдеқайда жақсы», «Жомарттық
жоқ атаққа жол ашады», «Дүние, мал да жомарттыққа жара-
сады». Бұл өнегелі өлең жолдарынан Құтыптың сараңдық
пен жомарттықты қарсы қойғанын байқауға болады. «Сараң
адаммен дос болсаң аштан өлесің» дейді, яғни қиын жағдайда
тастап кететінін ескертеді.
Дүние үшін қылма көңіл тар,
Көңіл тарлығы қайғы келтірер, әй жар [84, 217 б.], –
деп қандай да бір іске көңіл тарлығы қайғыға әкеп соғатындығын
ескертеді.
64
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Құтып екі адам арасындағы ғашықтық сезім, адамгершілік,
әділеттілік, кешірімділік, әділеттілік, сатқындық т. б. адам
бойындағы қасиеттерді түркі тілінде жырлаған. Құтып
шығармасын келесі өлең жолдарымен аяқтайды:
Біраз соңғы сөз кітапта айтар ұстаз
...Қаламның көзінен бұл бауыр қаны
Ағыздым кітапқа тауып бұл қанды...
Көп қиссалар жазылды
Олардың қасында мұны гаухар сана...
Жазғанымды нашар деп қарсылық қылмаңыз,
Және көп көңілі бұл сөздердің кені.
Бұл өлең жолдары арқылы ойшыл кітап «бойымдағы
қанмен жазылды» деп, Низами шығармасын қайтадан көркем
жырлағанын айтады [77, 264 б.]. Сол кезеңде көп шығармалар
болғанымен олардың қасында дастанды гауһарға теңеуі өте
орынды. Құтып өз шығармасын гауһарға теңеп, оны терең
оқығандар ғана түсіне алатынын шебер баяндаған. Осындай
даналыққа толы әдеби мұра рухани жетілу үшін құнды екені
айқын. Құтып «Хұсрау – Шырын» дастанында сүйіспеншілік
сезімін өз ойына өзек етіп, имандылық пен адамгершілік
туралы өнегелі пікірлер айтқан. Бұл еңбек таусылмас рухани
байлықтың көзі болып табылады.
Сәйф Сарайи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті
өкілдерінің бірі. Сәйф Сарайи ақын, жазушы және аудармашы
ретінде түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен әдебиетінің
дамуына зор үлесін қосқан. Көрнекті түркітанушы ғалым Әмір
Нәжіптің айтуы бойынша ол парсы-тәжік әдебиетінің классигі
Сағдидің «Гүлстан» атты шығармасын ең алғаш түркі тіліне
аударған. Аударма 1391 жылы мәмлүктік Египетте жасалған.
Ақынның өмірі туралы мағлұматтар аз. Еңбектің соңында
берілген бір өлеңде аударма аяқталған 1391 жылы жетпіс жас-
та екені туралы айтқан екен. Осы деректерге сүйене отырып,
Ә. Нәжіп Алтын Орданы Өзбек хан басқарып тұрған жылдары
(1312–1342), яғни 1321жылы дүниеге келген деген болжам
айтады.
65
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт ұғымының пайымдалуы
XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарын-
да аталатын
Сәйф Сарайидің ж
еке өмірбаяны туралы мәлімет-
тер аз болғанымен, біздің ғасырымызға дейін рухани мұра
болып жеткен
«Гүлстан би-т-түрки»
шығармасының маңызы
зор деген ойдамыз.
Онымен қоса «Жәдігернама», «Сүһаил мен
күлдірсін» атты шығармасы да қазіргі заманымызға дейін жетіп
отырғанын айта аламыз. Сәйф Сарайидің шығармашылығында
поэзия мен проза қатар болғаны және олардың бірін-бірі
толықтырғаны белгілі.
Өйткені, бұл еңбектер нағыз этикалық
принциптер негізінде жазылған шығармалар қатарына жатады.
Ортағасырдың аса құнды рухани ескерткіші – «Гүлстан
би-т-түрки» шығармасын түркітанушы ғалым Ә. Н. Нәджіп
зерттеген. «Ғалымның С. Сарайи шығармасының жазылу тари-
хын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік
ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, «Гүлістан бит-түркиді»
қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады,
әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-
ақ С. Сарайи аудармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты,
шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп
берді. Бұл әдеби жәдігерлік көне түркі әдеби тілдерінің ішінде
қазіргі қазақ тіліне өте-мөте жақын тұрғанын ашып көрсетті»
[72, 257 б.] – деген ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалым
Н. Келімбетовтің ойымен толық келісуге болады.
Сәйф Сарайи Сағди ақының «Гүлстан» еңбегін аударғанда
шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, сол күйін-
де сақтап қалуға тырысқанын байқауға болады. С.Сарайи
«Гүлстанды» ешбір өзгеріссіз аударма жасауға тырыспаған,
көптеген қысқартулары, өз жанынан шығарып қосқан жер-
лері де бар екендігі дәлелденген. Мысалы, кітаптың I–VII тарау-
ларындағы 182 хикаяттың 178 ғана аударған. Үшінші тарауы-
на өз тарапынан жаңа әңгіме қосқан, сонымен бірге кітаптың
кіріспесі мен соңғы жағына біраз өзгерістер енгізген. Онда өз
тұстастарынан бірнеше ақынның төрттағандары, көктем ту-
ралы өлеңі берілген. Нәзира тәсілімен жазылған сегіз ақынға
жауап өлеңдері, жалпы аударманың өзі С.Сарайидың нәзира
тәсілінің шебері екендігін көрсетеді [85, 126 б].
Сағди Ширази өз «Гүлстанын» ұйқасқа құрылған про-
замен жазған. Ол өзінің кейбір ойларын өлең жолдарымен де
66
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
қорытындылаған. Аудармашы Сәйф Сарайи да өлең жолда-
рымен түйіндеген. Аудармашы-ақын Сағди жырларын сөзбе-
сөз аудармай, сол мағынадағы өз өлеңдерімен келтіріп, қып-
шақ еліне жақын жеке эпизодтармен және жыр жолдарымен
баяндаған. Бұл аса шеберлікпен жасалғандықтан, аударманың
идеялық мазмұнына да, көркемдік дәрежесіне де нұқсан
келтірілмеген.
Сәйф Сарайи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ширази
атына мақтау сөздер айтып, содан кейін ғана автор идеясын
жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру,
насихаттау жолымен қатыгез әрі зұлым әкімдерді бауырмал,
инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Автордың бұл жайлы
ойын «Гүлстан би-т-түрки» шығармасының патшалар туралы
тарауындағы хикаяттан үзінді келтіруге болады.
«Бір патша бір тұтқынды өлтіруге бұйырды. Ол бейшара
тіршіліктен үмітін үзіп, патшаны сөкті. Мынандай нақыл сөз
бар: «Жанынан күдер үзген әркім көңілінде не болса, соны
тіліне келтірер»
Қысылған шақта қашуға тапса бір жол
Қарсы жүріп, қолымен өткір тұтар қылышты ол.
Жеңілген мысықтың шарасыздан итке
қарсы тұратыны сияқты,
Ашынған адамның да тілі ұзарады.
Патша: – Бұл өлімге келісілген адам не айтты? – деп
сұрады. Уәзірлерінен бір ақылды уәзір: «Патшаның жасы
ұзақ болсын, бұл міскін: – Ашуын басып, кешірім жасайтын
қайырымды адамдарды Алла тағала жақсы көреді – деп
айтты» – деді уәзір. Патша аяушылық білдіріп, оның жазығын
кешті де азат етті.
Уәзірлердің ішінде ол уәзірге дұшпан бір уәзір бар еді.
Ол: «Пат-шаның алдында жалған сөйлеу – біздің мәртебемізге
лайық емес. Ол жазықты патшаны сөкті, жарамас сөздер
сөйледі» – деді. Патша бұл уәзірдің сөзіне ашуланып, – Мұның
жалған сөзі сенің тура сөзіңнен жақсырақ. Өйткені оның
сөзінің негізінде қайырымдылық, сенің сөзіңнің негізінде
күншілдік жатыр, – деді» [86,7–8 бб].
67
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт ұғымының пайымдалуы
Ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді әділдікті,
мейірімділікті, ізгілікті, жомарттықты, т. б. мадақтайтын
қызықты хикаяларға көбірек назар аударғанын байқауға
болады. Оның
хикаяттарында достықтың қадірін көтеру, әрқа-
шан жақсылық үшін қызмет етуге дайын болу сияқты ой-
лар молынан байқалады. Ойшылдың бұл ойларын төмендегі
шумақ дәлел болады:
«Қиын күнде қол ұшын берген – нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген – жай сөз.
Дос – зынданда жатқанда керек,
Дастархан үстінде – дұшпан да дос»
[86, 7–8 бб] –
деп дұшпан мен пен достың айырмасын білуді ескертеді.
Патшалар туралы тараудың 28 хикаятында айтылған. Бір
хикаяда:
«Бір күресші палуан үш жүз алпыс күрес тәсілдерін білетін
еді. Әр күні әр түрлі тәсілмен күресетін. Шәкірттерінің ішінен
бір көркем жігітке ықыласы ауып, үш жүз елу тоғыз түрлі күрес
тәсілін үйретеді. Жігіттің палуандығы жоғары дәрежеге жетті,
бұл елде қандай күресші бар еді, баршасын жықты.
Бір күні патшаға келіп, жер өбіп тұрып:
–
Ұстазымның
менде тәрбие хақы бар, қуат және өнерде де одан артықпын, –
деді.
Бұл сөз патшаға ұнамады.
–
Күрестіріңдер!, – деп бұйырады.
Жігіт есірік піл сияқты ортаға шығып:
–
Темірден тау болса да
жерінен қопарғаймын,– деп даңдайсыды. Ұстазы (мұның) күш
жағынан артық екені біледі. Ол бір тәсілі бұдан жасырып еді,
соны амалға келтірді. Жігіт қорғана алмады. Жігітті көтеріп,
ауадан жерге ұрды. Халық шулап кетті.
Патша:
–
Ұстазына шапан жауып, сыйлық беріңдер,– деді.
Жігітке: – Сен ұстазыңмен таластың. Одан ештеңе шықпады, –
деп кінәлады. Жігіт:
–
Ол менен күш жағынан басым болмады,
бәлкім күрес тәсілінен біреуін жасырып қалған, сол арқылы
жеңіске жетті,– деді.
Ұстазы айтты:
–
Бәлі, ол тәсілді бүгін үшін жасырып едім.
Өйткені, данышпандардың
–
Досыңа сондай дәрежеде жәрдем
68
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ет, кейін дұшпан бола қалса, сені жеңе алмайтын болсын
»
де-
ген сөзі бар, – деді.
Өлең
Не опа жоқ бұл әлемде,
Не кісі қылмады жаһанда оны.
Менен оқ атуды үйреніп кеткен,
Соңында қылды ол нысана мені»
[87, 28 б].
Мәселен, «Дұшпанға рақым етпе, сен қолға түссең, ол саған
рақым етпес» деген тұжырымдарының төркіні түркілік тарихи
кезеңдегі жаугершілік өмір салтынан хабар береді. Сонымен
қатар адамаралық қатынастағы сенімнен гөрі күмәннің
басымдығын көрсетеді.
Шығармада автор жақсылық пен жамандық, қатыгездік
пен мейірімділік, патша мен диқан, шындық пен өтірік, әке
мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. б. аралық қарым-
қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сауалға жауап
беруге тырысады. Осы қатынастардың барлығында этикалық
өлшем жетекші рөл атқарады.
Сарайидың адамдар арасындағы қатынастардың ішінде
негізгілердің бірі ретінде отбасындағы еркек пен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы аталады. Яғни,
қай заманда болмасын адамның отбасындағы өзара түсіністік
ең жоғарғы құндылықтардың бірі екендігін ортағасырлық
ақын төмендегі жыр жолдарымен әдемі жеткізе білген деген
ойдамыз:
Әйелің – адал жарың, оны сүй әзиз ер,
Әрбір ауыр жағдайда дәйім сені демер.
Оған дос бол, оны сүйіп көңіл бер,
Оның сөз теңізінен гауһарларын тер.
Түркілік ойшыл отбасындағы адалдықтың адам үшін үлкен
маңыздылығын атай келіп, пенденің сүйіп қосылған жары
бірте-бірте нағыз досына айналуы тиіс деген даналық ойды
тұжырымдайды. Жалпы еркек әйел арасындағы қатынасты
шығыстық ақындар барынша нәзіктікпен, сезіммен жырлай
69
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт ұғымының пайымдалуы
білген және оның маңыздылығын кейінгі ұрпаққа терең
даналықпен жеткізіп отырған [88, 510 б].
Ақын осы мәселелердің біріне қатысты хикаяларды айтумен
шектеліп қалмайды. Сонымен бірге, ол өзі әңгіме етіп отырған
моральдық, этикалық мәселелер жайында философиялық
түйін жасайды. Автордың мұндай шешімдері көбінесе өлең-
жыр түрінде берілген. Әке мен баланың қарым-қатынасы
туралы хикаядан бір мысал келтірейік.
«Бір сұлтанның үш баласы бар еді. Екеуі ұзын бойлы,
келбетті, ал біреуі қысқа бойлы еді. Бір күні сұлтан қысқа бойлы
ұлына ашу-ызалы көзімен қарады. Баласы бәрін ақылымен
ұқты да, әкесіне айтты: Ей, әке, ұзын бойлы ақымақтан, қысқа
бойлы ақылды жақсы» [80, 48 б].
Тағы бір хикаят: «Ел билеуші бір сұлтан өз халқына тізесін
қаттырақ батырып жіберіпті. Адамдар ел-жұртын тастап, басы
ауған жаққа көшіп кете бастапты. Босап қалған уәлаятқа жау
дереу ие болып алыпты» [80, 48 б].
Бұл арқылы С. Сарайи ел билеген әкімдерге халыққа
қамқор бол, мейірімділік көрсет, сен сол халықтың арқасында
патша болып отырсың деген өсиет-уағыз айтады:
Шын жүректен сүйе алмасаң халқыңды,
Бұзасың ғой сен патшалық салтыңды.
Халқың безсе, не боласың, сұлтаным,
Аямағын өз халқыңнан алтынды
«Түркі тіліндегі Гүлстанда» мынадай бір әңгіме бар: Бір топ
қарақшылар қылмыс үстінде қолға түседі. Солардың ішінде бір
жас бала бар екен. Қарақшыларды соттап жатқан кезде патша-
ның уәзірі әлгі баланы өлімнен аман алып қалады, әрі өз үйіне
апарып тәрбиелейді. Сол қарақшы бала өсе келе өзін өлімнен
алып қалған уәзірді де, өзіне қамқорлық жасаған тәрбиешісін де
өлтіріп, тауға қашып кетеді. Баласы тауға барып, өлген қарақшы
әкесінің орнын басады. Бұл әңгіме арқылы С. Сарайи оқырманына:
«Бөлтірігі бөрінің,
Қасқыр болып шығады.
Қанша бағып-қақсаң да,
Басыңды көрге тығады» – деген екен. [72, 260 б]
70
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Адамның оң қасиеттерінің ішінде С.Сарайидің аса мән
берген сипаттарының бірі – сабыр мен қанағат. Адам баласы
түрлі қиындыққа тап болғанда, ақылды, ашуға жеңдірмей
сабырлы болуға шақырады.
«Біреудің көңілін ренжітетін хабар естісең,
сабыр қыл, оны басқа біреу айтсын.
Әр іс сабырмен істеледі.
Асығыстың арты пұшайман.
Асығыс істің құны жоқ» [85, 134 б]
– деп
жақсылықтан үміт етсең, сабыр ет. Алла сабырлықты
сүйеді, әр қасіреттің соңы қуаныш деген ойға тоқталады.
Сабырлыққа шақыру жалпы түркі менталитетінің тереңіндегі
құбылыс болып табылады.
Қазақ философиялық ойының көтерген басты мәселелері-
нің бірі адамның рухани жетілуі болып табылады. Ол үшін
адамға өз нәпсісін тыю басты қағидаттардың бірі. Солардың
ішінде қанағат, нысап сияқты қасиеттер жайында С. Сарайида
өз шығармашылығында зерделеген болатын. Ойшылдың:
«Ашкөз адам бар жаһан малына тоймайды,
қанағатты адам бір үзім нанға тояр.
Мол мүлік жинап бай болғаннан гөрі,
қанағат қып бай болған жақсы»
– деген ойлары қазіргі замандада өзінің маңызын жоғалтқан
жоқ.
С. Сарайи өзінің оқырмандарын әр нәрсенің мәнін,
қадірін білуге шақырып, оны хикаяттары арқылы зерделеген.
Мысалы: «Бір патша құлымен бірге кемеде жүзіп келе жатты.
Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады.
Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады.
Сонда бір данышпан кісі патшаға:– Егер рұқсат етсеңіз оны
тыныштандырайын, – депті. Патша рұқсат беріпті. Даныш-
пан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір
71
Ортағасырлық түркі философиясында
бақыт ұғымының пайымдалуы
шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан
кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір
бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша:
– Бұл қалай болды? – дегенде, данышпан: – Бұл адам теңізге
қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат
отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың
қадірін білмес», – деді
[85, 132 б].
Сәйф Сарайи өзінің «Гүлстан би-т-түрки» атты шығар-
масының халыққа, түркі даласының әрбір азаматына құнды
дүние боларына сенімді.
Жыр маржанын сыйлық етіп ұсынайын,
Сыйлығым сол – пайдалы кітап.
Бар сөзі естімеген ойларға толы,
Өзіңе қасиетті болсын осы кітап [79, 511 б].
Міне, осындай даналық тағылымдарынан құралған
хикаяттардың біздің жаңғырған технологиялық құндылықтар
заманымыз үшін философиялық сипаттама ретіндегі құнды-
лығы зор деген ойды тұжырымдаймыз.
Сонымен, тараушаны түйіндер болсақ, ортағасырлық
түркі философиясы дәстүрлі дүниетанымның құнарлы топы-
рағынан нәр алып тұрады, алайда ол түркі мәдениетінің
Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрған Ұлы жібек
жолының бойында орналасуы себепті де өзге мәдениеттердің
де, оның ішінде ислам мәдениетінің сұхбаттастық аймағына
еніп, оның ықпалдарын бойына сіңірді. Ортағасырлық түркі
даналығында этикалық сипат пен өмірмәндік бағдар басым
болды. Оның батыстық экзистенциализммен ұқсастықтары да
айырмашылықтары да болды.
Түркі халқының экзистенциалдық арман-аңсарлары
мен моральдық-этикалық нормалары өскелең ұрпақты
мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және соған сәйкес
әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, барлық жағдайда иман-
дылық пен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа
ала отырып, оларды өмірде іске асыруға, оның бойында
адамгершілік пен парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына
көмектеседі.
72
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
1.3 Бақыт ұғымы және оның түркілік өмірмәндік
ілімдердегі тұжырымдық ерекшеліктері
Қазіргі жаhандану заманында адамның өмір сүруінің
негізқұраушы болмыстық және құндылықтық өлшемдері
терең дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Бүгінгі адамның
өз мәніне келуі, көп жағдайда, оның рухани-адамгершілік
ерекшеліктері мен болмыстың дәстүрлі, іргелі негіздерінің
біртұтас үйлесімділікте болуымен сипатталады. Рухани
болмыстың жайлылығын қалыптастыру, адамның ішкі
ұмтылыстарын сыртқы қайшылықтармен үйлесімге келті-
руге ұмтылу қажеттілігі өмірқамының аксиологиялық
қырларын, жаңа дүниетаным қалыптастыруға бағдарланған
философиялық теорияны керек етеді. Сүйіспеншілік, сенім,
үміт, даналық, сұлулық және бақыт тәрізді қарапайым әрі
күрделі ақиқаттардың өзектілігі оларға деген қызығушылық-
ты оятады. Әсіресе, бүгінгі күні бақыт туралы түсініктер
адам дүниетанымының қажетті компоненті ретінде маңызды
теориялық және практикалық мәнге ие. Ішкі мән ретіндегі,
жанның белгілі бір рухани жайлы қалпы ретіндегі бақытты
ұғыну оны адамның бүкіл рухани әлемінің өзегі ретінде
бейнелейді.
Бұл туралы К. Ясперс өзінің «Болашақтағы философия»
деп аталатын дәрістерінде былай дейді: «Бүгін біздің алдымызда
шынайы зердені экзистенцияның өзінде қайта негіздеу мін-
деті тұр [89, 214 б.]. Экзистенциализмнің қазіргі заманғы фило-
софиялық формалармен, оның ішінде постмодернизммен байла-
нысы өз алдына бір терең талдауды қажет етеді. Бұл туралы
П.П. Гайденко былай дейді: «С. Кьеркегордың, М. Хайдеггердің,
Н.А. Бердяевтің, К. Ясперстің, Г. Марсельдің, Ж.-П. Сартрдың
және т. б. еңбектерін салмақты түрде сараптаудан өткізбей,
алдағы XXI ғасырдың рухын білдіруге ұмтылып отырған «пост-
модерн» деп аталатын бүгінгі философиялық дискурстың
шұбар ала кескінін түсіну қиынға соғады [90, 34 б.]. Осы
заманғы постмодернистік философия мен мәдениет аясын-
да іргелі экзистенциалдық категорияларды қайта пайымдау
негізінде адам өмір сүруінің жаңа формаларын анықтау
ғылыми зерттеудің жаңа бір бағытын құрайды. Мәселенің
|