Философия, саясаттану


Ортағасырлық түркі философиясында



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата15.03.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9856
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
осылайша  қойылуы  этика  мен  экзистенциализмнің  өзара 
байланысы мен арақатынасын алға тартады. Экзистенциализм, 
ең  алдымен,  өмір  сүру  туралы,  болмыс  туралы,  бірегейлік 
(идентити)  туралы  ілім  болса,  ал  этика  бұл  онтологиялық 
мәселелерге  қатынасында  екінші,  бағынышты  қатынасында 
көрінеді.  Экзистенциализмдегі  этика  мен  онтологияның 
арақатынасы Ж.-П. Сартрдің «Мораль туралы жазбаларында» 
айқындалады:  онтология  этикаға  қатынасында  әуелгі  болып 
табылады,  өйткені  мораль  онтологиялық  құрылымдарға 
кірігіп кетеді, бірақ олар бір-біріне сәйкес, тең емес. Адамзат 
болмысын рационалдық пайымдау ретіндегі этикаға қарағанда 
онтологияның  (экзистенциалдық  ойлаудың)    бастапқылығын 
М. Хайдеггер де атап өтеді.
Бұл  тараушада  ортағасырлық  түркі  философиясының 
өмірмәндік  ілімдеріндегі  бақыт  ұғымы  қарастырылатын-
дықтан,  алдымен  бұл  түсініктің  экзистенциалдық  мағынада 
да, этикалық мәнде де сипаттала алатынын негіздеп алуымыз 
керек.  Адам  болмысының  экзистенциалдары  (өмірдің  мәні, 
өлім, еркіндік, жауапкершілік, әсіресе бақыт және т. б.) тұлға-
ның адамгершілік эпицентрлерін, адамның бүкіл болмыстық 
көрінісінің  рухани-мағыналық  өзегін  құрайтындықтан,  олар 
шынайы өмір сүруге қол жеткізудің басты алғышарттары бо-
лып табылады. Шынайы болмыс экзистенциализмнің әртүрлі 
бағыттарының  философиялық  инварианты  екендігі  белгілі, 
сонымен  бір  мезгілде  бұл  шынайы  болмыс  мақсаты  ақиқат, 
дұрыс өмір сүруге қол жеткізу болып табылатын этиканың да 
инварианты.  Өмір  сүрудің  мәні  мен  мақсатын  іздегендіктен 
этика  да  әуел  бастан  экзистенциалды.  Экзистенциализмдегі 
шынайы болмыс түсінігінің онтологиялық-феноменологиялық 
бағдарына  қарамастан,  шын  мәнінде  ол  дәстүрлі  этикалық 
тақырып болып қала береді. 
Шынайы  өмір  сүрумен  сипатталатын  экзистенцияның 
мәні  түптеп  келгенде,  құлық  пен  жүріс-тұрыстың  этикалық 
сипаттамасын  білдіретін  тұлғаның  моральдық  таңдауын 
білдіреді.  Бұл  экзистенциалдарды  «психологиялық  жағ-
дай»  ретінде  қарастырудың  тар  шеңберінен  шығарып, 
оларды  философиялық  антропологияның  кең  ауқымында 
қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Адам  болмысының  негізгі 

74 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
экзистенциалдарын,  оның  ішінде  өмірдің  мәні  мен  бақыт 
мәселесін  де  әмбебап  адамгершілік  мәнінде  этикалық  тұрғы-
дан  саралауға  болады.  «Экзистенциалдық  дискурстың» 
айналымына  өмір  мен  өлім,  жауапкершілік  пен  еркіндік, 
жалғыздық пен көпшілдік, абырой мен бақыт сынды этиканың 
дәстүрлі  ұғым-түсініктері  мен  категориялары  міндетті  түрде 
енеді. Осылайша, экзистенциализм мен этиканың заңды өзара 
байланыстылығы  аңғарылады:  экзистенциалдық  түсініктер 
өзінің түпкі мағынасында этикалық категорияларды білдірсе, 
сонымен  бір  мезгілде,  этикалық  ұғымдардың  анағұрлым 
терең  мәні  экзистенциализм  терминологиясының  мазмұнын 
құрайды.  Этиканың  да,  экзистенциализмнің  де  мақсаты  бір 
болып шығады: ол – шынайы өмір сүруге қол жеткізу. 
Алдығы тараушада батыстық экзистенциалдық ілімдер мен 
шығыстық,  оның  ішінде  түркілік  ойлаудың  экзистенциалдық 
сипаты арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы 
айтылды.  Егер  Батыста  экзистенциалдық  философия  өмір 
философиясына, феноменологияға, герменевтикаға жақын тұр-
са, ал түркі философиясында, оның ішінде қазақ даналығында 
экзистенциализм этикамен бірегейленеді. Ортағасырлық түркі 
философиясында да адам өмір сүруінің мәні басым көпшілігінде 
рухани-адамгершілік  тұрғыда,  метафизикалық  және  экзистен-
циалдық  өлшемдермен  байыпталады.  Ортағасырлық  түркі-
лік  дүниетанымда,  негізінен  «құт»  ұғымымен  түсінілетін  және 
түсіндірілетін бақыт тақырыбы ең негізгі дүниетанымдық мәсе-
лелердің  қатарына  жатады.  Бұл  мәселеге  кеңінен  тоқталмас 
бұрын «бақыт» түсінігінің қазіргі және философия мен мәдениет 
тарихындағы түсінігінің басын ашып алайық. 
Бақыт  өзінің  адами  мақсатының  жүзеге  асырылуына,  өз 
өмірінің толықтығы мен лайықтылығына, өз болмысының іш-
тей  мейлінше  ризашылығына  сәйкес  келетін  адам  жағдайын 
білдіретін  моральдық  сананың  түсінігін  білдіреді.  Бақыт  та 
арман  сияқты  сезімдік-эмоционалдық  идеалдың  (мұраттың) 
формасын білдіреді, бірақ арманмен салыстырғанда тұлғаның 
ұмтылысын емес, осы ұмтылыстардың орындалуын байқатады. 
Бақыт – барынша моральдық немесе материалдық ризашылық 
беретін орындалған қалаудың формасы, адам әрекетінің жал-
пы мойындалған түпкі субъективті мақсаты. 

 
 
 
                      
                                                  75
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
«Бақыт»  негізгі  этикалық  категориялардың  біріне  жатқы-
зылады  және  ол  адамның  өмір  сүруінің  негізгі  мәселерінің 
бірі болып саналады. Яғни  бақыт түсінігі өмір сүрумен, өмір 
сүрудің  мәнімен  байланыстырылғандықтан,  біз  оны  негізгі 
экзистенциалдық  мәселе  ретінде  қарастырамыз.  Әрбір  адам 
бақытты  болуға  ұмтылғандықтан,  өмірден  өз  бақытын  табуға 
тырысқандықтан  бұл  мәселе  де  өте  ерте  кезеңдерден  бастап 
қызығушылық  тудыра  бастады.  Бақыт  ұғымы  моральдық 
сананың  тұрақты  әрі  құбылмалы  қондырғысы  болып  қана 
қоймай, күнделікті тіршіліктің де бағыт-бағдарын айқындады. 
Сондықтан  бақыт  мәселесін  шешу  адамзаттың  бүкіл  тарихы-
мен қатар өмір сүріп келе жатыр десе де болады. 
«Бақыт» деген сөз біреу болғанымен, бақыт туралы пікір-
лер өте көп. Кезінде француз социалисті Ш. Фурье былай деп 
жазған  еді:  «Римде  Варрон  дәуірінде  шынайы  бақыт  туралы 
278  қарама  қайшылықты  пікірлер  болды,  ал  Парижде  ол 
пікірлер  одан  да  көп».  Бақыт  туралы  пікірлердің  бұлайша 
көп  болу  себебі  неде,  біздің  пікірімізше  оның  екі  себебі  бар: 
біріншіден, жекелеген адамның бақыты әдетте субъективті жә-
не кездейсоқ көрінеді, сондықтан да қайшылықты пікірлердің 
молдығын  тудырады,  екіншіден  бақыт  өзінің  мәні  бойынша 
күрделі, көпқырлы, адамдар оның бір қырын ғана алып, оны 
басқаларынан  жоғары  қояды,  сондықтан  бақытты  біреулер 
махаббаттан тапса, екіншілері еңбектен, басқалары жақсылық 
жасаудан және т. б. көреді. 
Бақыт ұғымы – экзистенциалды философия мен этикадағы 
іргелі түсініктердің бірі. Философия мен мәдениет тарихында 
бақыт  туралы  қолданбалы  этикалық  пән  –  фелицитология 
саласы қалыптасты. Фелицитология (латынша felicitas – бақыт) 
–  бұл  кейбір  неопозитивистердің,  оның  ішінде  О.  Нейрат-
тың  қалыптастырған  бақытқа  жету  туралы  ілімі.  Этикалық 
теория  ретінде  фелицитология  антикалық  дәуірден  бері 
келе  жатқан  эвдемонизм  дәстүрін  жалғастырады.  Алайда 
бұл  ілімде  бақыт  категориясы  моральдық  түсінік  ретінде 
емес,  адамның  ұмтылатын  ерекше  психологиялық  жағдайы 
түрінде  көрінеді.  Мұны  психологиялық  эвдемонизм  деп  те 
атайды. Фелицитологияның міндеті бақытқа жетудің құралын 
табумен  ғана  шектеледі.  Мәселе  осылай  қойылғандықтан 

76 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
«бақыт»  ұғымының  өзінің  мазмұны  бос  қалады.  Нейраттың 
көзқарасынша, адамдар неге ұмтылмасын, қандай әлеуметтік 
нәтижелерге жетпесін бақытты сезінсе болғаны. Бұл тұрғыдан 
алғанда  фелицитология  қазіргі  бұқаралық  мәдениеттің 
сұранысына сай, көпшілікті идеологиялық алдаудың әдістерін 
теориялық  ақтауға  айналып  шығады.  Қазіргі  заманның 
этикасында  бақыт  мәселесі  моральдың  осы  сияқты  әр  алуан 
натуралистік  теорияларына  сіңіп  кеткен  және  бұл  этикалық 
дискуссияларда  бақыт  ұғымы  пайда,  табыс,  жетістік  сынды 
утилитаристік түсініктердің көлеңкесінде қалып қояды. 
Поляк  зерттеушісі  В.  Татаркевич  бақыт  ұғымының  төрт 
негізгі мағынасын бөліп көрсетеді: 1) тағдырдың берген ырыз-
дығы,  «қолға  қонған  құс»,  сәттілік,  өмірде  жолы  болушы-
лық;  2)  қуаныш,  ләззат,  рахат;  3)  жақсылыққа,  ізгілікке  жету, 
даналық;  4)  өмірден  өз  орнын  табу,  толыққанды  тұлғаға 
айналу  [91].  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  қазіргі  заманғы 
бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға бо-
лады:  бақыт  психологиясы,  бақыт  аксиологиясы  және  бақыт 
социологиясы.  Психологиялық  тұрғыдағы  бақыт  –  жағымды 
көңіл-күй,  өмірден  қанағат  алу,  қуаныш  пен  шаттық  және 
ләззат алу. Аксиологиялық тұрғыда бұл – құндылықтар, адам 
өміріндегі жақсылықтың өлшемі. Адам болмысының мәнімен 
байланысты барлық ізгі адамгершілікті қасиеттерді игеру. Бақыт 
социологиясы  утилитаризммен  (пайда  туралы  ілім)  тығыз 
байланысты. Адамды бақытқа жеткізетін құндылықтар тізіміне 
мыналар кіреді: денсаулық, байлық, билік, абырой (репутация), 
жақсы қарым-қатынас, достық, жұбаныш және т. б.
Бұл  бағыттарға  шолу  жасай  келе  бақыттың  төмендегідей 
құрылымдық  элементтерін  келтіруге  болады.  Біріншіден, 
береке,  яғни  ауру-сырқаусыз,  бәле-жаласыз,  қайғы-қасіретсіз 
өмір  сүру.  Өмір  ағысының  мұндай  осал  тұстарын  әркімнің 
де  өз  басынан  кешетіні  белгілі.  Екіншіден,  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру.  Мұқтаждықтарды  өтеу  үшін  белгілі  бір 
позитивті  баланс  қажет.  Бұл  жерде  меншік  үлкен  маңызға 
ие болады, онсыз еркіндік те, байлық та жоқ. Келесі, үшінші 
элемент  –  қанағат.  Өзінің  қалауынша,  жағдайына  қарап 
өмір  сүріп  жатқанына  ризашылық  ету.  Төртіншіден,  бақыт 
қуанышсыз болмайды. Қуанышты адамнан оның ақылы, сезімі, 

 
 
 
                      
                                                  77
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
бүкіл  құндылықтық  бағдарлары  айқын  көрінеді.  Бесіншіден, 
адамның  тұтас  өмірді  адамгершілік  және  мәнділік  тұрғысы-
нан бағалауы. Бұл бір сәттік қуанышпен шектелмейді. 
Бақытқа  жетуді  біреулер  өзінің  материалдық  жағдайын 
жетілдірумен  байланыстырса,  екіншілері  өзінің  рухани  жан 
дүниесін  кемелдендірумен  ұштастырады.  Біреулер  оған  қол 
жеткізуді  субъектінің  өзінің  белсенділігімен  байланыстырса, 
басқалары сыртқы жағдайлардың (мысалы, сәтті жағдайлардың, 
тағдырдың)  ықпалын  алға  тартады.  Адам  өмірінің  кемелдігі 
әдетте адамгершілік қасиеттерді жетілдірумен байланыстыры-
лады және бұл этиканың негізгі мәселелерінің біріне айналады. 
Философия  тарихында  бақыт  туралы  шығармалардың 
қатарына  анағұрлым  танымал  мына  туындыларды  жатқы-
зуға  болады:  Аристотельдің  «Никомах  этикасы»,  Сенеканың 
«Бақытты өмір туралы», Аврелий Августиннің «Бақытты өмір», 
Боэцийдің  «Философиялық  жұбаныш»,  әл-Фарабидің  «Бақыт 
жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында», Жүсіп Баласағұнның 
«Құтты білік», Гельвецийдің «Бақыт», Л. Фейербахтың «Эвдемо-
низм», Дж. Стюарт Милльдің «Еркіндік туралы», Э. Фроммның 
«Өзің үшін адам» және т. б. Сондай-ақ Л. Толстой мен М. Ганди, 
А. Швейцер мен М.Л. Кинг, Абай мен Шәкәрім де осы қатарды 
толықтырары сөзсіз. Этика тарихындағы бұл шығармалар бір 
тақырып  төңірегінде  жазылғанымен,  алуан  түрлі  көзқарас-
тарды  ұстанады.  Сондай-ақ  бақыт  туралы  ұстанымдарды 
«этиканың  алтын  қағидасынан»  («өзіңе  қаламағанды  өзгеге 
жасама»), «алтын аралық» ұстынынан (Аристотель), «ізгі қала 
тұрғындарынан»  (әл-Фараби),  императив  ұстынынан  (Кант), 
бақыт  ұстынынан  (гедонизм,  эвдемонизм),  пайда  ұстынынан 
(утилитаризм),  өмір  ұстынынан  (Гюйо,  Ницше),  махаббат 
ұстынынан  (христиан  дініндегі),  қауымдастық  ұстынынан 
(Вундт), бірлік ұстынынан (Наторп), жалпы игілік ұстынынан 
(Геффдинг) және т. б. кездестіруге болады. 
Бұл  әрқилы  көзқарастарды  жинақтап,  негізгі  үш  бағытта 
бөліп  қарастыруға  болады:  гедонизм,  эвдемонизм  және 
утилитаризм.  Гедонизм  (грек  тілінен  аударғанда  –  рахаттану, 
ләззат алу дегенді білдіреді) – өмірдің мақсаты мен ең жоғарғы 
игілігі  және  басты  жақсылық  ләззат  алу  деп  түсіндіретін 
этикалық  ілімі.  Гедонизмнің  негізін  қалаушы  Сократтың  за-

78 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
мандасы ежелгі грек философы Аристипп (б.з.д. 435–355 жж.) деп 
саналады.  Аристипп  адам  жанының  екі  жағдайын  айырады: 
жанның жұмсақ әрі аялы қозғалысы ләззатты білдірсе, дөрекі 
әрі  секірмелі  қозғалысы  ауыруды  білдіреді.  Бақытқа  жету, 
Аристипптің  пікірінше,  ауырудан  аман  болып,  барынша 
ләззатқа  қол  жеткізумен  сипатталады  және  өмірдің  мәні 
физикалық ләззат алумен түсіндіріледі. 
Келесі бір грек ойшылы Эпикур ләззатты өмір сәттілігінің 
ұстыны  ретінде  ұғынады.  Қалаудың  орындалуын  Эпикур 
қаламаушылықтан және жиіркенуден азат болумен байланыс-
тырады.  Яғни  бұл  жердегі  басты  мақсат  ләззаттың  өзі  емес, 
азап  пен  бақытсыздықтан  құтылу  болып  табылады.  Эпикур 
бойынша,  ауыру  мен  азаптан  ада  болу  ең  жоғарғы  ләззатты 
білдіреді  және  жанның  осындай  толғаныссыз  рахат  қалпын 
атараксия деп атайды [92]. 
Этикалық  ойдағы  ең  кең  тараған  ағымдардың  бірі  – 
бақыттың этикалық теориясы немесе эвдемонизм. Эвдемонизм 
(грекшеден  аударғанда  көркею,  игілік)  –  бақыт  пен  игілікке 
жетуді  барлық  ұмтылыстардың  ынтасы  мен  мақсаты  ретінде 
қарастыратын  этикалық  бағыт.  Антикалық  дәуірдегі  эвде-
монизм  теориясының  ең  жетілген  түрін  Аристотель  жасады. 
Аристотель  әлемнің  мақсаттылығы  туралы  идеяны  алдыңғы 
орынға  қояды:  дүниеде  барлығы  да  белгілі  бір  мақсатқа 
немесе  игілікке  ұмтылады.  Көптеген  мақсаттардың  арасында 
мақсаттар  жүйесін  аяқтайтын  жоғарғы  мақсат  болады  және 
егер ол болмаса біздің тіршілігіміз де мәнсіз болар еді. Мұндай 
жоғары  мақсат  және  адам  өмірінің  басты  құндылығы  бақыт 
болып табылады, өйткені бақыт қашанда мақсат, ол ешқашан 
құрал бола алмайды. Сондықтан «бақыт – ең жоғарғы ләззат 
сезімін беретін биік игілік». Эвдемонизмнің этика тарихындағы 
ең көрнекті өкілдеріне Шефтсбериді, Фейербахты, Штраусты, 
Зигвартты,  Бехерді,  Спенсерді  және  т.  б.  жатқызуға  болады. 
Танымал  зерттеуші  Г.Д.  Бандзеладзе  өзінің  «Этика»  деп 
аталатын  еңбегінде  барлық  этикалық  жүйелердің  алуан 
түрлілігін  бақыт  этикасы  (эвдемонизм)  және  парыз  этикасы 
(ригоризм) деп екіге бөлуге болатынын айтады [93].
XIX  ғасырда  тағы  бір  этикалық  ілім  –  утилитаризм 
қалыптасып дамиды. Бұл ілімде бақыт пайдамен байланысты-

 
 
 
                      
                                                  79
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
рылады. Утилитаризм (латыншадан аударғанда – пайда, табыс) 
–  барлық  құбылыстарды  олардың  пайдалылығы  тұрғысынан 
бағалайтын,  адамгершіліктің  негізіне  пайданы  жатқызатын 
буржуазиялық  ілім.  Утилитаризмнің  негізін  қалаушы  Иере-
мия  Бентам  моральдың  негізі  пайдалылық  деп  есептеп,  оны 
ләззатпен теңгерді. Адам табиғатының натуралистік және та-
рихтан тыс түсінігінен шыға отырып, Бентам моральдың түпкі 
мақсаты  адамдардың  қасіреттен  қашып,  ләззатқа  ұмтылатын 
табиғи  қалауына  қызмет  етуі  тиіс  деп  есептеді.  Этикалық 
нормалар мен ұстындар «мейлінше көп адамдардың барынша 
бақытқа (ләззатқа) жетуіне» ықпал етуі керек. Ол жалпы игілік 
пен  берекені  барлық  жекелеген  адамдардың  игіліктерінің 
жиынтығы ретінде қарастырды. К. Маркс ағылшын филистерін 
кәдімгі  адамға  теңегені  үшін  Бентамды  «буржуазиялық 
топастықтың  дарыны»  [94]  деп  атағаны  белгілі.  Кейінірек 
келесі  бір  ағылшын  ғалымы  Джон  Стьюарт  Милл  утилита-
ризм этикасындағы буржуйлық ойлауға тән эгоистік тұстарды 
жұқартуға  тырысты  және  ақырында  әрқилы  ұстындардың 
эклектикалық  қосындысына  келді  [10].  Жалпы  филосо-
фия  ғылымының  анықтауынша,  «бақыттың  адам  өмірінің 
қызығы мен қуанышын, рахаттану мен қанағаттану дәрежесін 
танытатын этикалық ұғым» [95, 46 б.] екені мойындалған.
Осы  айтылғандарды  түйіндей  келе,  әлемдік  философия 
тарихында  бақыт  тақырыбына  қатысты  айтылғандарды  түгел 
қамтып  шығудың  мүмкін  еместігін  ескеру  керек.  Антикалық 
дәуірдегі  гректерден  бұрынырақ  ежелгі  үндінің  (брахманизм 
мен буддизм) және ертедегі қытайлықтардың (конфуцийшіл-
дік, дао және легизм ілімдері) этикалық-философиялық өзіндік 
жүйелері болды. Ортағасырлық Батыста бақыт мәселесі хрис-
тиандық  мораль  аясында  қарастырылса,  Шығыста  мұсылман 
дінінің  дүниетанымға  өте  күшті  ықпалы  болды.  Жаңа 
заманда  Батыста  ғылыми-рационалистік  этика  қарқын  алса, 
қазіргі  заманда  бақыт  түсінігі  әртүрлі  қолданбалы  этикалық 
зерттеулердің  нысанына  айналып  отыр.  Бұл  мәселе  әр 
қырынан қарастырылғанымен, қашанда әр дәуірдің өз тарихи 
ерекшеліктеріне  орай  жаңаша  зерттеліп  отырды.  Сондықтан 
да  философия  мен  этика  тарихында  дәстүрлі  бұл  тақырып 
әрқашан жаңа әрі өзекті, бұл мәселеге деген қызығушылық бір 

80 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
де  толастаған  емес.  Бұл  тақырып  тек  этика  ғылымының  ғана 
емес, психология мен педагогика ғылымдарының да өкілдерін 
тартады. 
Неопозитивизм  философиясы  бақытты  идеалды  нұсқа-
сында ғана қолданыс саласын білдіретін теориялық мәнге ғана 
ие  еді.  Алайда  бақыттың  мәнін  түсінудің  басты  мақсаты  осы 
жағдайға жетудің практикалық тәсілдерін игеру болғандықтан 
да,  мұндай  эмпирикалық  бағдар  бақыттың  мәнін  мәдениет 
тұрғысынан, оның ішінде дәстүрлі этностық мәдениет тұрғы-
сынан  зерттеуді  қажет  етеді.  Өйткені  дәстүрлі  мәдениет  пен 
дүниетаным  индивидті  тәрбиелеудің,  әлеуметтендірудің,  мә-
дениеттендірудің  және  оған  ықпал  етудің  қуатты  факторы 
болып табылады. Дәстүрлі түркі және қазақ мәдениеттеріндегі 
бақытты  зерттей  отырып,  халық  санасындағы  дәстүрлі  этни-
калық  құндылықтарды  өзектілендіру  негізінде  бақыт  кате-
гориясын  түсінудің  тұжырымдамасын  ғана  емес,  қарапайым 
адамның  рухани  әлемінің  негіздерін  құрайтын  дүниетаным-
ның жағымды бағдарын да айқындауға болады. 
Әдетте,  дәстүрлі  мәдениет  көбіне  қарапайым  халықтың 
қайғы-қасіреті,  сағынып  сарғаюы,  азапқа  түсуі  басым  келетін 
мәдениет  ретінде  сипатталып,  онда  бақыт  идеясы  мүлдем 
жоқ болғандай көрінеді. Алайда түркілік мәдениет пен дүние-
танымдағы адамның рухани және физикалық үйлесімділігі мен 
кемелдігіне бағытталған тәңірілік түбірге сіңірілген халықтық 
ислами дүниетаным мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ұлттық 
ойындардың  жиынтығы  өз  бойында  бақыт  идеясын,  оған 
жетудің  бағдарламасы  мен  оның  теориялық  пайымдалуын 
сақтайды.  Өйткені  бақыт  –  бұл  болмыстың  шаттығы,  бұл 
өмірдің әрбір сәтінің жетілген толықтығы. Бақыт – бұл әлемді 
шабытты  таңданыспен  және  оған  тәнті  бола  қабылдай  оты-
рып, әрбір сәтті тамаша өткізе білу. Бақытқа жетудің жолы ішкі 
рухани  тыныштық,  қуаныш  пен  шаттық,  қанағат  пен  ынсап, 
өмірге толы болғандықтан бақытқа толы әрбір сәтті қадірлей 
білу  арқылы  өтеді.  Дәстүрлі  дәуірдегі  қазақтардың  «бір 
күнім  өтті»  деп  жылайтынын  да  осымен  түсіндіруге  болады. 
«Дәстүрлі  мәдениетті  эстетика  және  философия  тұрғысынан 
қарастырғанда,  оның  маңызды  да,  өзекті  ерекшеліктері, 
өзекті арнасы – дүниені сезініп, біліп, түсіну проблемасымен 

 
 
 
                      
                                                  81
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
байланысты.  Адамның  Жарық  дүниемен  (Вселенная)  қарым-
қатынаста бола білуі, оның қыр-сырына мән беруі және іштей 
оның  құпиялылығын  сезініп,  білуі,  түсінуі  –  қазақ  дәстүрлі 
мәдениетінің жүйесі деуге болады. Жарық дүние қазақ филосо-
фиясында,  эстетикасында,  дәстүрлі  мәдениетінде,  оның  сан 
алуан түрінде, салт-салтанатында негізгі орын алады» [96, 153–
154 бб.]. Халық санасындағы шоғырланған индивидтің рухани 
өмірқамындағы барлық бұл көңіл-күйлер дәстүрлі мәдениет-
тің  барлық  элементтерінен  аңғарылады.  Тек  мифология  мен 
дін ғана емес, фольклорлық материалдың қалың қабаттары да 
дәстүрлі адамның бақытты өзінше түсінуін байқатады. 
Қазақ  философиясындағы  бақыт  түсінігі  дәстүрлі  дүние-
танымның  да,  ойшылдардың  арнаулы  шығармаларындағы 
да негізгі өзегін құрайтын ұғымдардың бірі [37]. «Қазақ қоға-
мында  бақыт  ұғымы  ерекше  орын  алған  және  ол  өмір  сүру 
барысындағы адамның тұрмыс жағдайымен тығыз байланысты 
болған», – деп атап көрсетілген көзқарастар да осының айғағы 
[38,  14  б.].  Дәстүрлі  мәдениеттегі  бақыт  ұғымы  адам  өмірінің 
табиғи  шарттарындағы  бақыт-болмыстан  аңғарылады. 
Бұл  болмыс  өмірқамының  кез  келген  әрекетінен  көрініс 
табатын  бақыт-қуанышпен  толтырылуы  тиіс.  Ол  бақытты 
шығармашылықпен,  бақытты  үйлесімділікпен,  бақытты 
еңбекпен,  бақытты  қауымдастықпен,  бақытты  отбасымен, 
бақытты тұрмыспен толтырылуы қажет. Осының барлығы ең 
маңызды құндылық – бақытты өмір құндылығының жүйесіне 
тоғыстырылады. 
Рухани құндылықтың жалпыға ортақ, ұлттықтан тыс мәнге 
ие  екендігі  белгілі.  Оны  әр  алуан  елдердің  адамдары  бірдей 
қабылдайды. Рухани құндылықтар бүкіл моральдық-этикалық 
көзқарастар мен қондырғылардың өзегін құрайды. Осы себепті 
де  олар  жер  бетіндегі  кез  келген  адамның  рухани  дүниесіне 
ауқымды ықпал ете алады. Бірақ рухани құндылықтар, дәлірек 
айтқанда,  оларды  түсіну  мен  анықтау  айқын  аңғарылатын 
ұлттық бояуға боялады. Мұндай ерекшелік, құндылықтардың 
ұлттық  бірегейлігінің  даралығы  халықтың  дүниетанымына, 
оның  ұлттық  мінез-құлығының  өзгешеліктеріне  негізделеді, 
ол діни және моральдық-этикалық сананың ерекшеліктерімен 
астасып  жатыр,  онда  этностың  тарихы  бейнеленген.  Құн-

82 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
дылықтарды анықтау мен оларға деген қатынас халықтың мен-
талитетінің  (ділінің),  мәдениетінің  квинтэссенциясы  (мәйегі) 
түрінде көрінеді. 
Біздің  ұлттық  дүниетанымымыздағы  бақыттың  мән-
мағынасы  ортағасырлық  түркілік  философиядан  бастау 
алады және олардың арасында терең рухани сабақтастық бар. 
Қоғамдағы сабақтастық адамдар оны сезінсін, мейлі сезінбесін, 
алдыңғы  іс-әрекеттің  нәтижелерін  кейінгі  ұрпақтың  мұра-
лануы  ретінде  қызмет  етеді.  «Мұралану  мен  қабылдаумен 
салыстырғанда сабақтастық қоғамдық дамудың бір деңгейінен 
екіншісіне  өту  барысында  байқалатын  адамдардың  арасын-
дағы тарихи байланысты білдіреді» [97, 12 б.]. Дәстүрлі қазақ 
мәдениеті  тарихи-мәдени  тұрғыдан  да,  рухани  тұрғыдан  да 
түркілік мәдениетті мұраланды. 
Бақыт  ұғымын,  таза  құндылық  ретіндегі  бақыт  түсінігін 
осы құндылық өмір сүретін мәдениет жүйесінен тыс қарастыру 
негіздің,  іргетастың  теориялық  құрылысын  жоюды  білдіреді. 
Ортағасырлық түркі философиясындағы бақыт құбылысының 
да  негізқұраушы  бастауы  түркілік  дәстүрлі  мәдениет  болып 
табылады.  Оның  бірнеше  себептері  бар:  біріншіден,  дәстүрлі 
мәдениет ұлттық бірегейліктің ең маңызды қайнар көздерінің 
бірі болып табылады. Дәл осы дәстүрлі мәдениеттің негізінде, 
оның  элементтерінің  арқасында  индивид  өзін  этноспен  біре-
гейлендіреді.  Демек,  бақыт  ұғымын  дәстүрлі  мәдениет  тұр-
ғысынан  анықтағанда  құндылықтың  осы  ұлттық  ерекшелігі 
алдымыздан шығады. Екіншіден, дәстүрлі мәдениет өз бойына 
халық  санасында  бірігіп,  интуитивтік  бастау  мәртебесіне  ие 
болған  мифологиялық,  діни,  этикалық,  идеологиялық  қон-
дырғыларды  жинақтайды  және  мұны  «халық  даналығы» 
түсінігімен  белгілеуге  болады.  «Халық  даналығы»  қашанда 
өмірде қалай әрекет ету қажеттігі туралы, қоршаған ортамен 
қалай  қатынас  жасау  керектігі  жөнінде,  жақсыны  жаманнан 
қалай  айыру  керектігі  туралы  білімдерді  білдірді.  Демек, 
бақыттың түсінігін де, оған жетудің жолдарын да осы «халық 
даналығынан»,  дәстүрлі  мәдениеттің  бойындағы  білімдерден 
табуға  болады.  Ортағасырлық  түркі  ойшылдарының  бақыт 
туралы ілімдеріндегі дүниетанымның өрісі өзінің бастауын осы 
дәстүрлі мәдениеттегі білімдерден алады. 

 
 
 
                      
                                                  83

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет