Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет6/20
Дата15.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
еңбегі  ерекше  орын  алады.  Бұл  шығарма  әрі  этикалық,  әрі 
экзистенциалдық ұстанымдарды өзіне негіз еткен туынды.
Рабғузи – шығарма авторының лақап аты. Ол Рабат оғыз 
деген жерде өмір сүрген ғұлама ғалым. Еуропалық түркітану-
шы  ғалым  А.  Бомбачидің  пікірінше,  Рабғузи  1250  жылы 
Сырдарияның төменгі ағысындағы Баршыкентте өмір сүрген. 
Рабғузи араб, парсы, түркі тілдерін жетік меңгерген, еңбектерін 
осы  тілдерде  жазған.  Алайда,  ойшылдың  еңбектерінен  біздің 
заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына жеткені 
«Қисас-ул әнбийа» рухани ескеркіші ғана ғана болып отыр.
Араб  тілінде  Алла  сүйіктілері  –  пайғамбарлардың  өмір 
тарихы, дін-шариғаты баяндалған кітап «Қисас-ул әнбийа» деп 
аталады. Бұл «Пайғамбарлар туралы әңгімелер» деген мағына-
ны білдіреді. Орта ғасырларда «Қисас-ул анбийаның» әр тілде 
бір-біріне ұқсай бермейтін бірнеше  нұсқалары пайда болып, 
соған байланысты әртүрлілік оқуға, түсінуге қиындық туғызды. 
Сол себепті ХІ ғасырда Өзбекстанның Оңтүстік аймағында би-
лік жүргізген Тоқбуға бек «Қисас-ул әнбийаның» араб, парсы, 
және  түрік  тілдеріндегі  өзгеріске  ұшыраған  нұсқаларын  бір 
жүйеге келтіруді Рабғузиге тапсырады. Бұл туралы Рабғузи өз 
ебегінің алғы сөзінде Тоқбуға бек: «Пайғамбар туралы хикаялар 
бірі араб тілінде бірі парсы тілінде – бізге әртүрлі тілде жетіп 
отыр.  Бірінің  басы,  бірінің  аяғы  жоқ,  бірі  толық  болса,  бірі 
толық емес Солардың бәрін бір ізге түсіріп, өзімізге түсінікті 
тілге жазып берсеңіз деді. Мен құрметті бектің өтінішін қабыл 
алдым», – дейді. [73, 191 б.]. 
Пайғамбарлар  туралы  әңгімелерді  көне  жазумен  асқан 
шеберлікпен  жазып  шыққан  Рабғузи  аталған  еңбегін  орта 
ғасырлардағы  әдеби  дәстүр  бойынша  Тоқбуға  бекке  сыйға 
тартады. Бұл хижраның 709–710 жылдары еді, біздің жыл са-
науымыз бойынша 1310 жыл. «Қисас-ул әнбийа» осы кезеңнен 
бастап бүкіл түркі халықтарының рухани қазынасына айналды. 
Барлық түркі халықтары үшін ортақ рухани құндылық болып 
саналады.
Автор  осы  еңбекті  жазу  барысында  үлкен  табысқа  жете-
тіндігіне  сенген  сияқты.  Алғы  сөзде  «Қисса-и  Рабғузи»  деген 
бейресми  атауды  ұсынады.  «Бұл  кітапты  іздеген  әрбір  адам, 
оны жылдам табатындай болсын және ол туралы естіген әрбір 

 
 
 
                      
                                                  53
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
адам сол сәтте-ақ кітаптың не жайында екенін түсінетін болсын» 
[74, 8 б.], – деп жазған болатын. Шынында да, сан ғасыр өтсе де 
еңбектің атауы сол өзгеріссіз қолданып келеді, ол өз дәуірінен 
кейінгі ұрпаққа аманат қалдырғандай. 
Ортағасыр  ақындары  мен  ғұлама  ғалымдары  заман 
талабына сай араб және парсы, түрік тілдерін еркін меңгеріп, 
үш тілде бірдей жырлаған. Оның себебі осы үш тілдік бастау 
бір-біріне дүниетанымдық тұрғыда көмек беріп отырды.
Шығарма  Мұхаммедке  дейінгі  пайғамбарлардың  өмірі 
мен  олардың  бастан  кешкен  оқиғаларын  және  Мұхаммедтің 
өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. 
Онда  дүниенің  жаралуы  туралы,  жер  жүзін  топан  су  басуы 
туралы  және  Жер  бетінде  жаңа  тіршіліктің  басталуы  туралы 
мифологиялық  әңгімелер,  түрлі  аңыздар,  ертегілер  мен 
мысал әңгімелер бар. Әрине шынайы философиялық бастауы 
мифологиялық санамен байланысты екенін ескерген жөн.
«Қиссас-ул  Әмбийге»  енгізілген  шығармаларды  идеялық-
тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: 
а)  дүниенің,  аспанның,  жердің  пайда  болуы  туралы, 
адамның,  жануарлардың,  жын-шайтандардың  және  басқа  да 
тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; 
ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы 
хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері;
б)  хижраның  алғашқы  он  жылындағы  негізгі  оқиғалар 
тізбегі,  жылдардың,  айлар  мен  күндердің  атаулары  туралы, 
мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер.
Рабғузидің  «Қисас-ул  әнбийасы»  ислам  өркениетінің 
аясында  дүниеге  келгендіктен  сол  кездегі  жазба  әдебиеттің 
дәстүрлі шарттарын қатаң сақтап отырған. Ислам дінінің кең 
қанат  жайған  ортағасырлық  шығыс  мұсылман  әдебиетінде 
шығарманың  басында  міндетті  түрде  әуелі  бүкіл  болмысты 
жаратқан  жаратушыға  мадақ  айтып,  одан  соң  пайғамбарға 
салауат  айтылады.  Үшінші  бөлімінде  еңбектің  жазылу 
себебі  және  кімге  арналғандығы  айтылып,  содан  соң  негізгі 
бөлім  басталады.  Соңында  ақын  жаратушыға  жалбарынып, 
шығарманы  жазу  барысында  біліп  немесе  білмей  жасаған 
күнәларына  кешірім  сұрайды,  о  дүниенің  азабынан  қорқып 
дұға  оқиды.  Рабғузи  шығармасының  басында  әуелі  Аллаға 

54 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
шүкір  етуден  бастап,  содан  соң  пайғамбарлардың  атына  он 
екі  жолдан  тұратын  өлең  жолдарын  арнаған.  Негізгі  бөлімде 
пайғамбарлар  өмір  тарихы  қиссамен  берілген.  Шығарманың 
соңында Рабғузи өз оқырмандарына арнап ақыл-кеңес жазған. 
Шығарма  негізінен  ірі  қиссалардан  тұрады.  Әр  қисса 
белгілі бір пайғамбардың өмір тарихына арналған. Әр қиссада 
сол баяндалатын елшінің өміріне қатысты қызықты мысалдар 
қысқа  хикаялармен  қатар  берілген.  Сондықтан  олардың 
тәлімдік мағынасы жоғары болған.
Рабғузи  қиссаларында  Нұх  пайғамбардың  топан  судан 
кейінгі  жердегі  тіршіліктің  сипаттамасын  баяндауға  арнал-
ған  хикаяттары  бар. 
Рабғузи  адамдарды  тіршілік  әлемін 
құрметтеуге  шақырады  және  дүниедегі  әрбір  іс-әрекеттен 
құдайдың құдіретін көре отырып, ойшыл әрбір адамға Ақиқат 
алдындағы жауапкершілікті ұмытпауды еске түсіреді.
Бұл шығармада аты әлемге әйгілі Сүлеймен, Дәуіт, Мұса тағы 
басқалар оқырманға тек әулие-пайғамбар ретінде ғана емес, ел 
билеген патша болып та көрінеді. Мәселен, Дәуіт патша күндіз 
мемлекет басқару істерімен араласып отырады, дегенмен түнде 
ел аралайды екен. Ол халықтан патшаларың әділ ме, ел билеген 
әкімдер  зорлық  зомбылық  көрсеткен  жоқ  па  деп  сұрағаны 
баяндалады. Ел жұртқа тізесін батырған әкімдерді ұдайы жаза-
лап отырағаны көрсетілген. Бір күні Дәуіт өзі туралы:
– Патшаларың қалай? – деп сұрапты. Сонда бір кісі:
– Патшамыз Дәуіт жақсы, бірақ жұрттың ақысын жейді, – 
деп жауап береді. Сол күннен бастап Дәуіт патшалықта темір 
соғушы ұста болып кетеді
Дәуіт патша туралы тағы бір мынадай хикая бар. Дәуіт өз 
еліндегі бір кісінің әйеліне ғашық болып қалыпты. Сол әйелге 
үйлену үшін дереу күйеуін соғысқа жібереді. Сол күні патшаға 
арыз айтып, ағалы-інілі екі адам келеді. Інісі айтады: – Ағамның 
тоқсан тоғыз қойы бар. Сөйте тұрып, ол менің жалғыз қойымды 
тартып алды, – дейді. Сонда Дәуіт патша қаһарына мініп: – Бұл 
недеген  әділетсіздік!  –  деп  айғай  салады.  Бұған  әлгі  адамның 
ағасы  аспай-саспай  жауап  береді:  –  Несі  бар,  әміршім,  сіздің 
тоқсан тоғыз әйеліңіз бар екенін бүкіл ел біледі. Сөйте тұрып 
біреудің жалғыз қатынын тартып алдыңыз. Мұныңызды қалай 
түсінуге болады? – деп жауап беріпті [72, 253 б.].

 
 
 
                      
                                                  55
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
«Хазірет  Лұқпанның»  келесі  бір  хикаятында  ешқашан 
өзіңді  қоршаған  ортадағы  тіршілік  иелеріне  қиянат  жасама, 
ол  күнәнің  үлкендерінің  бірі  деген  ойларын  түсінеміз. 
Балаларының  шымшықтың  балапанын  ұстап  бер  дегеніне 
көніп,  ұяның  аузын  шүберекпен  жапқанын  ұмытып  кетіп, 
балапандар өліп қалады, бірақ шымшық тірі қалады. Хикаятта 
осы  оқиға  Лұқпан  хакімнің  өмірінде  қайталанады.  Өзі  ұзақ 
уақыт  зынданда  жатып  тірі  қалады,  бірақ  балалары  сол 
зынданда өліп қалады. Осыдан адам кейде өзінің іс-әрекетіне 
жауапкершіліксіз  қараса,  ол  міндетті  түрде  оның  ақырғы 
азабын татуға тиіс» – деп тұжырымдайды С.Е. Нұрмұратов [75, 
451  б.].  Хазірет  Лұқпан  есімі  түркілер  үшін  адамгершіліктің, 
даналықтың,  қайырымды  жанның  бейнесіне  айналды.  Міне, 
этикалық  басымдылықтың  түркілердің  ортасына  ендеуіне 
ықпал еткен рухани дүниелерде осындай болып келген.
«Қисас-ул  әнбийаның»  кейбір  қисса-әңгімелерінде  халық 
ауыз  әдебиетінің  сарыны,  сюжеті,  көркемдік  тәсілдері  басым 
болып келеді. Мұса пайғамбар жайындағы қиссалар қазақтың 
қиял-ғажайып ертегі-аңыздарын еске салады. Мұсаның «киелі» 
асатаяғы  бар  екен.  Оны  жерге  шаншып  қалса,  ғайыптан 
жайқалған  бау-бақша  пайда  болады  немесе  әскер  өте  алмай 
тұрған асау дарияға өзінен-өзі көпір салынып қалады, яки қуып 
келе жатқан жауға қарсы тұратын аждаһар жылан шыға келеді. 
Бұлардың арманы ғана емес, адамзат мүмкіндігіне деген сенімі.
«Қисас-ул  әнбийада»  Ануқ  деген  алып  адамның  бейнесін 
былайша суреттеп көрсетеді: Ануқтың екі аяғының арасы бір 
күншілік жол екен. Дариялардан таудай балықтарды қолымен 
ұстап алып, аспанға созып жіберіп, әлгі балықты күнге күйдіріп 
жеп отырады-мыс. Әлемді топан суы басқанда су оның тізесіне 
де жетпепті. Өзенге су ішуге барғанда бір аяғы арғы жағалауда, 
бір  аяғы  бергі  жағалауда  тұрады  екен.  Анұқ  өзен  үстінде 
осылайша  тұрып  өліпті.  Сонда  оның  бір  жілігі  өзен  үстінде 
көпір  болып  қалған  екен.  Қалайда  ірі  тұлғалардың  іс-әрекеті 
халық игілігіне жарап жатқаны баяндалған.
Ал  осы  хикаяда  байғыз  құс  туралы  мынадай  әңгіме  бар. 
Біреу байғыз құстан сұрапты:
-  Неге  сен  ұдайы  адамы  жоқ  ескі  жұртты,  қираған 
қорғандарды мекен етесің? – депті.

56 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Сонда байғыз құс:
- Мен адамдардың зұлымдығынан қорқамын. Бір кезде гүл 
жайнаған шаһарларды күл талқан етіп, осындай күйге түсірген 
адамдар ғой. Солардың зұлымдығын естен шығармау үшін ескі 
жұртты мекен етем, – деп жауап беріпті [72, 253 б.]. Адамды 
зұлымдыққа  итермелейтін  нәпсі  екендігіне  оқырмандарын 
сендіргендей.
«Нұх қиссасында» қарлығаштың адамға достығы, жасаған 
жақсылығы айтылады: Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп, 
қояды.  Тесіктен  кемеге  су  кіріп,  ішіндегілер  суға  бататын 
болды.  Суды  сыртқа  төге  бастайды.  Оған  болмай  кемеге  су 
толып кетеді. Сонда Нұх: «Кімде кім тесікті бекітсе, тіленгенін 
орындаймын» – дейді. Жылан тесікті бітейді. Кейін ол Нұхқа 
келіп, «дүниеде ненің еті тәтті болса, соны бер», – дейді. Ненің 
еті тәтті екенін дәмін татып білу үшін, Нұх масаны жібереді. 
Күтеді.  Ол  кешігеді.  Масаны  тауып  ал  деп  қарлығашты 
жұмсайды.  Қарлығаш  масаны  тауып  алады.  Одан:  «Ненің  еті 
тәтті екен?» – деп сұрайды.
- Бәрін татып көрдім, адамның қанынан тәттісін көрмедім, 
– дейді.
Қарлығаш:
-  Оның  дәмі  тілінде  бар  болар,  мен  көрейін,  ауызыңды 
ашшы, – дейді.
Маса аузын ашады. Қарлығаш тұмсығымен масаның тілін 
жұлып алады. Екеуі Нұхқа келеді. Маса қатты үн шығарғанымен, 
бажылдап ештеңе түсіндіре алмайды.
Нұх:
- Бұл не айтып тұр, неге сөйлемейді? – деп сұрайды.
Қарлығаш:
- Маған жолда айтқан, құрбақаның еті тәтті деп тұр дейді. 
Содан  жылан  құрбақаның  етін  жейтін  болады.  [76,  447  б.]. 
Сөйтіп, адам бір зұлымдықтан құтқарылады.
«Қисас-ул әнбийадағы» от пен судың айтысы да тәрбиелік 
мәні  зор  әңгімелердің  қатарына  жатады.  От:  «Менің  нұрым 
түнді  күндіз  қылады,  дұшпандарымды  ерегіссем,  өлтіріп, 
өш  аламын,  ұзын  тіліммен  ағаштарды  өртеп,  күл  қыламын 
деп  мақтанады.  Сонда  жер:  «Мен  адамдардың  ауырлығын 
көтеремін, қазына да, су да, тау да менің қойнымда. Адамдарға 

 
 
 
                      
                                                  57
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
ырзық  беремін  Бір  дән  ексе,  он  қылып,  жүз  дән  ексе,  мың 
қылып қайтарамын» [77, 172 б.], – дейді. От жауыздық істеріне 
мақтанса, жер қайырымдылығын мақтан қылады. Міне, сөйтіп, 
әр нәрсенің сұрауы бар екенін ескертеді ойшыл. 
Адамның оң қасиеттерінің ішінде Рабғузидің көп мән бер-
ген сипаттарының бірі – сабыр. Адам баласы түрлі қиындыққа 
тап  болғанда,  ақылды,  ашуға  жеңдірмей  сабырлы  болуға, 
өткен қателіктерге сабырмен қарауға керектігін айтады. Жүсіп 
Зылиханың  жаласына  ілігіп,  дәрменсіз  күй  кешкенде:  «Ей, 
Жүсіп бәлеге іліккен екенсің, сабыр ет, ізгі атың шықсын. Жақып 
пайғамбар  екі  ұлынан  айырылып,  Жүсіпке  хат  жазады:  «Біз 
пайғамбар ұрпағымыз. Аталарымыз бабаларымен бірге бәлеге 
шырмалған  едік.  Атам  Ысқақ  пайғамбар  Алла  жарлығымен 
бауыздалды:  үлкен  атам  Ибраһим  пайғамбар  Намруд  отына 
күйді. Менде екі ұлымның қайғысына душар болдым. Бірісін 
бөрі жеді және бірін ұрлық қылды деп алып қалыпсың. Бізде 
ұрлық  етер  кісі  жоқ...  маған  рақым  қыл,  жарылқа,  көзімнің 
жарығы  ұлымды  қайтар.  Саған  ізгі  дұға  етем:  Бұл  дүниеде 
ізгілік  көр,  ол  дүниеде  күнәден  құтыл.  Біздің  көңілімізді 
ауыртпа,  тілегімізді  зая  етпегін,  саған  жақсы  болмас,  Егер 
жібермесең, бір түнде ерте тұрып саған қарай тағы дұға оқып 
жіберемін.  Сен  және  мемлекеттен,  қол  астындағы  елден  жоқ 
боласыңдар»  дейді,  Жүсіп  бұл  хатты  алып  мынандай  жауап 
жазады: «Аталарың қалай сабыр етсе, сен һәм сондай сабыр ет». 
Рабғузи жақсылықтан үміт етсең, сабыр ет. Алла сабырлықты 
сүйеді, әр қасіреттің соңы қуаныш деген ойға тоқталады. Бұл 
дүниені үйлесімділік заңы билейтіндігінен хабардар ету деседе 
болады. 
Кісінің  бойындағы  жақсы-жаман  қасиеттері  мен  іс 
-әрекеттері  неше  түрлі  қысқа  да  қызық  қисса  әңгімелерде 
беріледі. Оларда достық қастықты, қарапайымдылық мақтан-
сүйгіштікті, адалдық арсыздықты, әлсіз әлдіні жеңіп салтанат 
құрып  отырады.  Міне  осы  екі  әлемнің  арасында  қайшылық 
тиімді шешімін тауып жатады.
Рабғузи  қиссасында  үлгі-өнеге  беретін  ғибратты  сөздер 
көптеп  кездеседі.  Бұл  сөздер  адамдарды  жақсылыққа, 
қайырымдылыққа  үндеп,  астамшылдықтан  сақтандырады, 
жамандықтан жирендіреді. Мысалы:

58 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
–  Ей,  Жүсіп,  бәлеге  ілінген  екенсің,  сабыр  ет,  ізгі  атың 
шықсын.
–  Ей,  Зылиха,  еріксіз  көңіл  қалдырған  екенсің,  тәубе  ет, 
Тәңірі кешірсін. 
– Ей, Жүсіп, бұл сөзіңді қой, өзгеге бұрмағыл. Жауыз атың 
шықпасын.
– Ей, Зылиха, жазық сенде . Бұл істе терең ойла, соған орай 
іс ет.
Адамның  нәпсісі  қылған  істі  жетпіс  шайтан  істей  алмас. 
Адамнан  екі  нәрсе  қалар:  ізгілік  және  ессіздік.  Көрмеймісің, 
Зылиха өлді жылдар өтті. Оның жарамсыз ісін барлық имандар 
мешітте, барлық ғалымдар мінбеде, барлық балалар мешітте 
оқыды.  Сондай-ақ,  Жүсіп  дүниеден  өтті.  Талай  жылдар  өтті, 
ізгілік  аты  қалды.  Бұл  зындан  тірілердің  көрі,  достардың 
тұтылған жері, дұшпандардың табалану жері.
«Шыншыл  Жүсіп»  қиссасында  құдайдан  кейін  мадақта-
лып,  сүйіспеншілік  тудыратын  тұлға  –  пайғамбар.  Құдай 
адамды ерекше ықыласымен сүйіп, мейірімімен жаратса, оның 
өкілі  пайғамбар  да  адамдарды  жақсы  көрген.  Рабғузи  әулие-
әнбиелердің ізгілік істерін шыраққа теңейді. Олар өзінің тіле-
гін  ұмытып,  адам  игілігін  ойлайтын  жан.  Сондықтан  өмірде 
өздері  қанша  азап  көрседе  өзгелерге  шырақ  секілді  сәулесін 
түсіруден еш жалықпайды:
Барлық инелер тон тігер, кидірер,
Және өзің көрсең жалаңаш қалар. 
Шырақ та ұдайы күйер, өртенер,
Өзгелерге әрдайым жарық берер.
Ислам  дінінде  пайғамбарлар  адами,  кісілік  қасиеттері 
барынша жетілген, ең ізгі адам болып саналады [78, 182–183 бб.]. 
Алтын  Орда  тұсында  жазылған  әдеби  мұралардың  қазақ 
мәдениетінде  алар  орны  ерекше.  Осылардың  бәрі  ислам  діні 
тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы 
мен  кейіпкерлерді  фольклорлық  дәріптеу  айқын  байқалады. 
«Қисас-ул әнбийа» құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін 
баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда 
автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін философиялық 

 
 
 
                      
                                                  59
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
әңгімелер  мен  өлеңдер  көп.  Ал  құран  хикаялары  мен  аңыз-
дарының  сюжеттері  адамдарға  түсінікті,  тартымды  да  қара-
пайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық 
мағынасы  да  зор,  оларда  өмір  шындығы  мен  уақыт  белгілері 
көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаят-
тарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары тура-
лы  мәліметтер  бар.  Рабғузидің  «Қисас-ул  әнбийасы»  қазіргі 
заманғы мәдениет үшін философиялық, этикалық маңызы зор, 
оның тағылымы жастарды дүниетанымдық сипатта тәрбиелейді.
Шығыс  классикалық  әдебиетінің  ғажайып  үлгілері  осы 
орта ғасырларда ұлан-ғайыр қыпшақ даласына кеңінен тараған 
еді. Фирдауси, Низами, Сағди сияқты есімдері әлемге мәшһүр 
Шығыс ақындарының шығармалары Алтын Орда, Орта Азия 
түркілерінің сол кездегі әдеби тіліне көптеп аударыла бастады. 
Еділ  сағасындағы  Сарай  қаласынан  шыққан  аса  көрнекті 
ақындардың бірі Құтып еді. Алғаш Құтып Сырдария бойын-
дағы мәдени орталықтардың бірі – Сығанақ қаласында тұрған. 
Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырғанда ол Сарай 
қаласына  қоныс  аударады.  Кейінірек  ол  мәмлүктік  Египетке 
барып, сонда тұрған.
Құтып  ақынды  қыпшақтар  арасында  «Құтбы»  немесе 
«Құтып  шайыр»  деп  атаған.  Ақынның  өмірі  жайлы  мәлімет 
жоққа тән. Құтыптың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған 
жалғыз  шығармасы  бар.  Ол  «Хұсрау-Шырын»  дастаны.  Бұл 
шығарма  –  әзірбайжан  халқының  кемеңгер  ойшылы,  ұлы 
ақыны  Ілияс  Жүсіпұлы  Низамидің  «Хұсрау  мен  Шырын» 
поэмасының  аудармасы.  Оны  түпнұсқадан  парсы  тілінен 
қыпшақ-оғыз  тіліне  аударған  –  Құтып.  Құтып  Әзірбайжан 
халқының  кемеңгер  ақыны  Низамидың  «Хұсрау  мен  Шырын» 
поэмасын 1341–1342 жылдары қыпшақ-оғыз тіліне аударған.
Құтыптың  «Хұсрау-Шырын»  дастанының  жалпы  көлемі 
120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 
7000 бәйіт). Дастанда Құтып ақынның өзі жазған жыр жолдары 
аз  емес.  Қалғандары  шығарма-ны  көшірушілер  тарапынан 
қосылған  өлеңдер  болып  келеді.  Құтып  дастаны  91  тараудан 
тұрады.
Бұл  дастанның  жалғыз  ғана  көшірмесі  бүгінгі  күнге 
дейін  сақталып  жеткен.  Қолжазба  қазір  Париждің  Ұлттық 

60 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
кітапханасында сақталып келеді. «Хұсрау – Шырын» дастанын 
алғаш  зерттеушілердің  бірі  поляк  ғалымы  А.  Зайончковский 
болды.  Бұл  туындыны  ол  түркі  тілінің  қыпшақ  диалектісінде 
жазылған аса құнды әдеби мұра деп бағалаған. Мұны ол Низами 
поэмасының  тікелей  аудармасы  емес,  қайта  өңдеп  жазылған 
туынды  шығарма  деп  таныды.  Ал  Е.Э.  Бертельс  болса,  оны 
Низами поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын.
Көрнекті кеңес түркологі Ә.Н. Нәжіп парсы тіліндегі «Хұсрау 
уа  Шырын»  түпнұсқасы  мен  қыпшақ-оғыз  тіліндегі  «Хұсрау 
уа  Шырын»  нұсқасының  өзек  арқауы  бір  екенін  ерекше  атап 
көрсеткен  еді.  Ғалым  бұл  дастанның  Құтып  жасаған  аударма 
нұсқасын жартылай төл туынды, дербес роман деп бағалайды 
[72, 271 б.]. Құтып аударған «Хұсрау – Шырын» поэмасын қазақ 
тілінде зерттеген, дастанның ғылыми сөздігін жасап шықққан А 
Ибатов болды. Бұл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз 
бен сөз тіркестеріне түсінік беріліп, мысалдармен дәлелдеген.
Құтып ақын түпнұсқадағы идея мен сюжетті, мазмұны мен 
форманы, дастанның көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, 
оған  өз  дәуірінің  –  XIV  ғасырдағы  Алтын  Орда  мемлекетінде 
орын  алған  әлеуметтік  құбылыстарды  табиғи  түрде  енгізе 
білген.
Ақын  Құтып  аудармашы  ретінде  Низами  жасаған  жеке 
көріністерді  егжей-тегжейлі  қайталап  жатпайды.  Ол  Низами 
дәуірі үшін маңызды болған кейбір оқиғаларды аудармай тас-
тап кетіп, оның орнына ХІV ғасырдағы көкейкесті мәселелерді 
қосып жырлайды.
Құтып  аудармасының  өзіндік  ерекшеліктері  де  аз  емес. 
Низами дастанда қала өмірін, патша сарайлары мен мен бау-
бақшаларды  көбірек  көрсетеді.  Құтып  негізінен  мал  шаруа-
шылығымен  тіршілік  ететін  Алтын  Орданың  дала  қыпшақ-
тарының өмірін, оның экзистенциалдық, қоғамдық-әлеуметтік 
мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсетеді.
Дастанда  діни-мистикалық  әдеби  шығармаларға  қарсы 
бағытталған  осы  өмірдің  нақты  шындығы  бейнеленеді.  Ақын 
адамгершілікке, әділдікке, ынсапты болуға, туған жерді туған 
анаңдай  жақсы  көруге,  қара  бастың  қамынан  гөрі  халық 
мүддесін  қашанда  жоғары  қоя  білуге,  өнер-білімді  игеруге, 
махаббатқа адал болуға үндейді.

 
 
 
                      
                                                  61
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
Әр  халық  мақал-мәтелдерге  үлкен  мән  беріп,  күнделікте 
өмірде  даналықтың  белгісі  ретінде  қарастырып  келген.  Бір-
біріне қарама-қарсы тұратын екі күштің байланысы бар екенін, 
олардың  бір-бірімен  оңайшылықпен  ымыраға  келмейтінін 
«Жараспас  барша  жерде  от  пенен  су»  деген  мақалы  арқылы 
жеткізеді.  Осы  екі  қарсыластық  белгілі  бір  үйлесімдікті  ұстап 
тұрғандай. Шынымен су көбейіп кетсе от сөнеді, от қатты жанса 
су буға айналады. Осы мәселеге екінші бір мәтел сөзден жауап 
тапқандаймыз:
Қазан астында от болса қайнамас па,
Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.
Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол 
сияқты әр нәрсенің өзіндік ішкі шамасы болуы қажет [79, 463 б.].
Құтып  Низами  сияқты  ол  да  өз  дастанында  шексіз  таза 
махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақы-
рып та шексіз берілген махаббат – адам мен қоғамның жетілуіне 
бастайтын негізгі кілт, махаббат – адамды тазартып, оған ізгілік 
беріп қана қоймай, оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.
Әділ  билеуші  және  мінсіз  (ізгі)  қоғам  идеясы  халықтың 
утопиялық  (құрғақ  қиял)  хикаяларында  және  Ибн  Сина,  әл-
Фараби  мен  басқа  да  ойшылдардың  ғылыми  трактаттарында 
ежелден  сөз  болып  келген  болатын.  Ол  Фирдоусиде,  Құл 
Ғалиде, Низамиде көркем көрініс тапты. Жүсіп Баласағұнның 
«Құтты  білік»  дастаны  Құтып  үшін  тікелей  дереккөзі  болды, 
сондықтан  да  екі  ақында  мінсіз  билеуші  мен  әділетті  қоғам 
тұжырымдамасы  үндесіп  жатады.  Құтып  пен  Баласағұнның 
ойларынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең 
алдымен  халықтың  игілігін  ойлап,  өз  маңындағы  адамдарға, 
ұлықтар  мен  шенеуніктерге  қатаң  бақылау  жүргізуге  және 
қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер 
әмірші мұндай болмаса, ол ел қарғысына ұшырайды. 
Шырын  өз  елінің  ғана  емес,  сүйген  жігіті  Хұсраудың 
мемлекетінде де әділдіктің пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс 
тіршілік орнатуға барынша күш салады. Құтып осы Шырын 
бейнесі арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, 
мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтады.

62 
        

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал