1. Танымның негізгі әдістері Әдіс, метод (грек. оdes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Әдіс философияда зерттелетін нәрсенiң ойша нұсқасын жасау үшiн қажеттi таным құралы болып табылады. Fылыми негiзделген әдiстердi саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.
Танымның даму процесiнде ғылыми ойлау жүйесiнiң индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да Әдістері жасалып, қалыптасты.
Диалектикалық Әдістiң объективтi негiзiн материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл Әдіс өзге ғылым Әдістерiн алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негiзi болып табылады және барлық салалардағы таным кұралы ретiнде қызмет атқарады.
Метод дегеніміз – зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі.
Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал, теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау – сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.
Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс: 1. Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.
2. Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.
3. Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады.
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы.Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі – Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек.
.