Финансовый анализ


Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі келесі ерекшеліктерге ие



бет10/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі келесі ерекшеліктерге ие:
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.
Құқықтық мəртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:
а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі):
ə) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік
Еңбек құқықсубъектілігі:
Еңбекке құқық қабілеттік – бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті.
Еңбекке əрекет қабілеттік – бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз əрекеттері арқылы иелену қабілеті.
Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда еңбекке құқық қабілеттік пен əрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс.
Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқықəрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.
Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттерінің заңды жалпы жəне ерекше кепілдіктері келесідей:
біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілденген,
екіншіден, заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын-алады;
үшіншіден, міндетті тұлғалардың əрекет ету шектерін белгілейді;
төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын əрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді жəне бесіншіден, кінəлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нəтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді.
Əлеуметтік талап Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы үшін тең еңбек құқықсубъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген.
Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен əрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды.
Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін жəне жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кəсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кəсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер жəне т.б. жұмыс берушілер болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет