Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
Мұның бірқатар ұйымдастыру
-
әдістемелік артықшылықтары бар: а)өтілетін
тақырыппен тығыз байланысты болады; ә)барлық оқушының бірдей жұмысты
орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді.
Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек:
а)сыныпта барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі
бола бермейді; ә)бір жұмысты 3
-
4 оқушы бірігіп
топ болып жасайтындықтан,
олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр;
б)жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге
оңайлыққа соқпайды.
Әртүрлі жұмыстар жүйесі,
әдетте, тоқсанның не оқу жылының аяғында
өткізіледі. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10
-
15 лабораториялық
эксперимент қойып, әр топ оқушыларына бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды
(мысалы, 10
-
сыныпта,
механикадан, молекулалаық физикадан, электр бөлімінен)
орындаттырады. Бұл тәсіл бойынша әр оқушы жеке дара әр түрлі жұмысты орындап,
оның өздігінен, шығармашылық түрде істеуіне мол мүмкіндік туғызылады. Бірақ,
оның мынадай кейбір әдістемелік қолайсыздығы болатындығын мұғалім ескеруі
керек: а)лабораторииялық жұмысты орындау күнделікті өтілген тақырыппен
байланысты
болмайды; ә)жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әр түрлі нұсқау
берудің мүмкіндігі қиын; б)жұмыстың нәтижесін сынып болып талқылау ыңғайсыз;
в)әр түрлі лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да
қолайсыз.
Физикалық (лабораториялық) практикум
оқу жылының аяғында 9
-10-11-
сыныптарда, 1
-
2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу,
шала өткізгіштіктердің вольт
-
амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты
зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен
жасалады, физикалық
құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше
ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми
-
зерттеу және өлшеу
әдістерімен таныстырады.
Зерттеушілік лабораториялық жұмыстар
–
металдар мен шала
өткізгіштіктердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (10
-
сынып),
эврикалық –
Бойль
-
Мариотт заңын анықтау (9
-
сынып),
иллюстративтік
–
Ньютонның екінші заңын тексеру (9
-
сынып) сияқты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: