Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері


Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын 
талаптар
 
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде 
көрсетіледі, сондықтан ол сабақтың бір бөлігі болып есетелінеді және оқытудың 
басқа тәсілдерімен бірігіп қолданылады. Олай болса, демонстарциялық эксперимент 
көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды.
Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде 
оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.
Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы 
мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
1)тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста 
көрсетілуі керек;
2)демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс;
3)сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және 
барлық приборларды бірден көрсетудің қажеті жоқ;
4)тәжірибенің сәтті шығуы керек;
5)тәжірибе айқын көрінуі керек;
6)физикалық тәжірибелердің негізінен физикалық заңдылықтардың сандық 
мағынасын дәлелдеуге арналғаны жөн;
7)демонстарциялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай 
жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері «жаңалық» ашады немесе тиісті 
қортындыға келеді;


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
8)тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар 
ғана қойылуы тиіс;
9)көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен схемаларды дер кезінде тақтаға 
сызу қажет;
10)физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің 
әдістемелік шеберлігі өте
-
мөте қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
1. Физикалық оқу эксперименті деген не және оның міндеттері мен жүйесі ққандай? 
2. Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптарды 
көрсетіңдер.
3. Зертханалық сабақты өткізу әдістемесіне тоқталыңыз
№ 

дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет