Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе


І және ІІ сигналдық жүйе туралы түсінік



бет29/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

32.І және ІІ сигналдық жүйе туралы түсінік.
Бірінші сигналдық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары.Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады.Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты. Оның сигналдары – еститін, оқитын және айтылатын сөз.Бірінші сигналдық жүйесімен сезілген заттардың бейнесі екінші сигналдық жүйесімен анықталады, яғни сөз арқылы түсіндіріледі.Екінші сигналдық жүйе адамның әлеуметтік өміріне қатысты,яғни оның қоғамдық ортамен өзара қатынасының нәтижесі.Павлов бойынша адамға тән типтердің ьағы бір жіктелуінің түрі:
☆Көрпемпаз типті адамдарда І-ші сигналдық жүйе ІІ-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Олар сыртқы орта құбылыстарын өте жоғары сезімталдықпен қабылдайды (көру, есту және т.б.), нақтылы және деректі ой туады(суретшілер, музыканттар).
☆ Ойшыл типті адамдарда ІІ-ші сигналдық жүйе І-ші сигналдық жүйеге қарағанда басым болады. Оларға логикалық және дерексіз (абстракты) ойлау қабілеті жоғары (ғалымдар, философтар, математиктер).
☆Аралас типті адамдарда-сыртқы орта әсерлері мен құбылыстарын сезіну қасиеті және ойлау (дерексіз) қабілеті бірдей дамыған,яғни дарынды-екі сигналдық жүйе де жақсы дамыған адамдар.
33.Зерде, түрлері, механизмдері.

Мидың қабылданған ақпаратты баста қалдырып және сақтап, еске түсіре алу қабілеті. Зерде деп жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үрдістерінен тұрады.


Еске қалдыру кезінде орта әсерлерінің мида ізжазбасы (энграммасы) қалады. Оның ерікті (адамның санасы арқылы атқарылады)және еріксіз түрлері болады.
Есте сақтау ақпаратты түйсік басталғаннан еске түсіруге дейін баста ұстап тұрады. Яғни ол адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Еске түсіру сақталған ақпаратты тауып, ойға алу қасиеті.Ол есте қалдырудың қарама-қарсы жағы мәліметтерді ұмытуды (амнезия) қалыптастырады.

☆Айтып өткеніміздей ерікті еріксіз зерде түрлері болады.Ерікті адам санасы арқылы атқарылады.

☆Зерденің генотиптік және фенотиптік түрлерін жіктейді. ▪︎Генотиптік зерде шартсыз рефлексті, яғни аты айтып тұрғандай тұқым қуалау арқылы берілетін мысалы математиктің баласы да математик болып дарынымен талантысмен туылуы.▪︎Фенотиптік зерде тірі организмнің жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өңдеу және сақтау қасиетін жүзеге асырады. Яғни тұқым қуаламағанмен ол өзі математик болып кете алуы соған тырысып,құштарлығы пайда болуы,яғни шартты рефлекске сәйкес келетін жүре пайда болатын зерде.

☆Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай, мезеттік (100-150 мм сақталатын), қысқамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді.▪︎Мезеттік зерде мидың талдағыш құрылымдарына сигналдың жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.Яғни маңызды емес тек мезеттік әсерлерді ойлайтын зерде түрі.▪︎Қысқамерзімді зерде ағымдағы өтіп жатқан мінездік және ойлау амалдарын қамтамасыз етеді.▪︎ Ал ұзақ мерзімді зердеде ең маңызды ақпараттар сақталады.▪︎Қысқамерзімді зерде жуырдағы (бірнеше секунд, минут )және амалдаудағы - оперативтік (оңдаған минут-сағат )түрлерге бөлінеді. Мерзімді зерделердің аралық түрі- есте сақтау ізжазбасының нығайтылысы (консолидация) деп атайды.

☆Зерде ▪︎қисынды-мағыналық(ұғымдарға сүйенеді) және ▪︎сезімді-бейнелік (елестетуге сүйенеді)болып екі топқа бөлінеді. Қисынды мағыналық зерде үш кезеңнен: 1) ізжазба(энграмма) калыптасуы; 2) жаңа ақпаратты іріктеу және жіктеу; 3)маңызды мәліметті ұзақ уақыт сақтаудан тұрады.Сезімді - бейнелік зерде: көру,есту, дәм, иіс сезу, қозғалыс зерделері болып жіктеледі.
☆Есте сақтау сипатына қарай зерденің бейнелік, қимылдық, эмоциялық және шартты рефлекстік түрлерін ажыратады.
Бейнелік зерде-ақпаратты сол уақыттағы бейне түрінде есте сақтап қалу яғни ұнамды тітіркендіргішке үйренуді негіздейді.Эмоциялық яғни сол кездегі ақпараттың қандай эмоция тудырғанына байланысты есте сақтап қалуы еске түсіру кезінде қайта сол эмоцияны сезінгендей ,кейде еріксіз сезінуі де болады.

#Зерде ми қыртысының маңдай бөлігі,сезгіштік және ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі (гипокамп,бадамша) мен торлы құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Серпіністің үйіріліскен ізжазбасы ми қыртысы мен лимбия жүйесіндегі нейрондардың түйықталған шеңберінде айналма қозғалысынан қалыптасып, кейін оларда нейроглия қатысуымен берік бекітіледі.


#Ұзақмерзімді зерде қалыптасуында холинергиялық құрылымдардың ацетилхолинге сезімталдығы өсуі арқылы іздердің зердеде бекітілуі артатындығы байқалды.
# Жануарларда ақпаратты бекітудің екі тетігі болады: эмоциялық жағымды және жағымсыз. Жағымсызы мидың норадреналиндік( катехоламинергиялық жүйелері уақытша байланыс), ал жағымды жүйесі - серотониндік(серотонинергиялық тетіктері байланысты берік сақтауға) құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
# (вазопрессин, АКТГ) туа пайда болған зерде ауытқуларын жақсартатындығы, ал окситоцин - қалыптасқан дағдылардың сақталуын нашарлататындығы анықталды. Ішкі текті апиындар(эндорфин, энкефалин) шартты рефлекстің өтуін баяулатып, сақталуын жақсартып, үйрету мен зердеге ықпалын тигізеді.
#уақытша байланыс тұйықталар кезінде өзара әрекетлескен нейрондар серпіністерінің бір жүйеге келген тар жолақты тасқындары түйіседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет