Физиология Таладғыштардың морфологиялық-функциялық ерекшеліктер. Сайе


Ми сыңарлары арасындағы қызметтердің ассиметрия



бет30/31
Дата11.12.2022
өлшемі173,46 Kb.
#56550
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
физио СЕССИЯ

34.Ми сыңарлары арасындағы қызметтердің ассиметрия.
☆Сол жақжартышар (басым болады): Сөйлеуге жауапты (вербальдық); Уақытты сезу; Тітіркендіргіштерді талдау;Реттік қабылдау;Дерексіз ойлау;
☆Оң жақжартышар:Сөйлеуге жауапты емес;Көруге жауапты;Кеңістікті түйсіну;Құрастыру қызметі; Жалпылама түйсіну;Нақты ойлау.
☆Ол екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әртүрлі орналасуы мен адамның бейімделу ісінде оң қолдың үстемдігі болуына байланысты жүреді.Ми сыңарларының қатынасы симетрия мен доминантаға негізделген.
☆Ми сыңарларының сол жағы- тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланысына жауап бергендіктен үстемді (доминантты) болды. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. Қазір әр ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Яғни сол сыңарының әрекеті басым болса адам теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш болады.
☆Оң жақ сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске тусіруге әуес болады.
☆Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын баскарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс-әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өнделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты.

35.Сөйлеу, оның маңызы және қызметтері, қыртыстағы сөйлеу орталықтарынің орналасуы.

Адамның сол жақ ми сыңарының самай бөлімінде сенсорлық сөйлеу орталығы бар (Вернике).Осы орталық зақымдалғанда - адам дыбыстарды естігенімен, сөз мағнасын түсінбейді. Сол жақ ми сыңарының маңдай бөлімінде сөйлеудің моторлық орталығы бар (Брока). Осы орталық зақымдалғанда сөйлеу қабілеті бұзылады, бірақ естіген және жазылған сөздің мағынасын түсінеді.



Сөйлеу және тіл - адамдардың бір-бірімен ара қатынасы үшін ең қажетті құралы болып табылады.Ол еңбектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болып,адамдарда ол қатты дамыған болатын.Ал тілдің қызметі болса сөздер көмегімен ақпараттарды қабылдап, өңдеп және басқа адмдарға жеткізу құралы.Жалпы алғанда тіл байланыстырушы, ұтындырушы және реттеуші қызметтерді атқарады.Оның байланыстырушы қызметіне келер болсақ ол адамға тән бір-бірімн сөйлесуі,түсінуі үшін арнайы қатынас құралы болып табылады.Яғни, айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс- әрекет болуы.Олардың өзара тығыз экспрессивтік,импрессивтік түрлері болады тұрады. Олар күрделі психологиялық құбылыстар болып табылады және екінші сигналдық белгі ретінде көрінеді.
Тілдің ұғындырушы қызметіне келсек - дерексіз ойлауды, түсінуді қамтамасыз ететін құралы.Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тұжырымдарды туғызады.
Тілдің реттеуші қызметі болса - сөз арқылы организмнің әртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналдары ойлауды, ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқындарын өзгерте алады.Ал тәжербие жүзінде сөздік тітіркендіргіштер арқылы әсер еткенде қимыл-әрекеттер,сезімдік жүйелер, вегетативтік жүйкелер өзгеріп,мидың қызметі өзгерістерге ұшырап, адамның психикасына көңіл күйіне әсер ететіндігі анықталған болатын.
Сөйлеу орталығы — ол дауысты құрастыру рефлекстерін қамтамасыз етеді, X, XII, VII бас миы жүйкелерінің ядролары, ауа ағынын реттейтін тыныс орталығы, үлкен жартышарлар қыртысы — бәріде сөйлеу орталығының қалыптасуына қатысады; және ол артқы мидың рефлекстік қызметіне жатады. Яғни интеграция – ойлау, сана-сезім, тіл-сөйлеу -Үлкен жарты шарлар қыртысының негізгі қызметінің бірі болып саналады. Мидың сол жақ қыртысы көбінесе ІІ сигналдық жүйе қызметін атқарады, яғни сөйлеу, санау, дерексіз ой, дүние тану, пікір тудыру, келешекті болжау. Қорыта айтқанда, сол жақ ми сыңарында сөйлеу, қимыл-қозғалыс, көру және есту қызметтері үстем болады. Жоғары жүйке жүйесінің ойшыл типі – сол жақ ми сыңарымен, ал көркемпаз типі – оң жақ ми сыңарымен байланысты.
Адам нәрселерді сөзбен жеткізуді үш түрге бөледі. Бірінші тілдің акустикалық түрі – дыбыс сигналдары ретінде яғни сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап анық түйсінуге көмектеседі, яғни
байланыстырушы әрекет атқарады, екіншісі, тілдің кинестезиялық түрі – дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Дыбысын шығармай-ақ ойлаудың өзі бұлшықеттерінің сергуін күшейтіп, өз ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керең-мылқаулардың қол еттері жиырылады. Үшіншісі, тілдің оптикалық түрі - жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру тетіктерін, сөздің символдық мәнін қам/етеді. Егер ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану,ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талдағыштары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады.Тілдің немесе екінші сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады. Сөзді айту талдағышы дыбыс аппараттары мен бұлшықеттері қабылдағыштарынан ақпарат алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орн-қан (Брока орталығы). Тілді түсіну мидың сөзді есту акустикалық орталық арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағының жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет