ҒҰндар (б з. б. Іііғ. б з.ІV ғ.) Ғұндар-алғашында Орталық Азия



бет3/12
Дата15.12.2023
өлшемі6,44 Mb.
#139789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мөде
б.з.б 209-174 ж.ж
  • Б.з.б. 209 жылы Мөденің билігін мойындағысы келмеген шығыстағы дунхулар (шығыс ғұндар) көсемі онымен жанжалдасуға сылтау іздеп, бірінші Мөденің жақсы көретін тұлпарын, екінші әйелін беруді сұрайды. Мөде уәзірлерінің қарсылығына қарамай екі талапты да орындайды. Үшіншіде екі елдің арасында бос жатқан жерді сұрағанда, Мөде «Жер- елдіктің негізі.Оны қалайша береміз?!»-деп ашуланып, дунхуларға қарсы жорық ұйымдастырып, жеңіп, олардың жерін иеленеді.

Мөде тәңірқұтының жорықтары
  • Б.з.б 206 жылы Керулен мен Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпаларын бағындырады. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады.
  • Б.з.б. 201 жылы Алтай тайпаларын бағындырды. Ғұн мемлекеті құрамына дун-ху, юечжи, гянгунь(қырғыз), үйсін, қаңлы т.б. тайпалар кірді.
  • Б.з.б. 200 жылы Бақдең тауында қытайлықтардығ 320 мың әскерін өзінің 400 мың әскерімен жеті күн қоршауда ұстады. Қытай императоры Гао-Цзу «тыныштық пен туыстық» туралы шартқа қол қойды. Бұл шарт бойынша қытайлықтар Ордостағы ғұндардың жерінен бас тартты.
  • Б.з.б. 198 жылы Хань әулетінің патшасы Мөдеге өзінің елшісін жіберіп, онымен құдандалы қатынастар орнатқысы келетінін мәлімдеді. Қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар жіберіп тұруға мәжбүр болды.
  • Мөденің Әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. 300 мыңнан асатын садақ тартушы әскери қолы болды. Соғыста ысқырғыш жебелер қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет