Ғұн атауы Ғұн мемлекетінің бастапқы тарихы жазылған. «Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алды. Өзара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлады. Дунхулар осы мақсатпен екі рет елшілерін жіберіп, Мөденің арғымағы мен әйелін беруді талап етеді. Мөде «Арғымақ пен әйел- халқымның садағасы, алсын»,-деп бергізеді. Үшіншісі келгенде малға қолайсыз , шағын ғана бос жатқан жерді беруді талап етеді.Мөде ашуланып «Жер дегеніміз-мемлекеттің негізі мен ырысы, оны қалай береміз?» деп дунхуларға қарсы шабуыл жасап, олардың аумағын өзіне қосып алады». Қытай дерегі Ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” – деп жазған.
Қытай дерегі М.Қашғари
Ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады.
Л.Н.Гумилев Шығыстанушы ғалым
«Б.з.б 209 жылы Орталық Азияда Мөде басқарған ғұн державасы пайда болды. Мөде әскерін жинап, Дунху еліне шабуыл жасап, өзіне бағындырды».
БИЛЕУШІЛЕРІ Түмен (Тұман) (б.з.б.209 жылы өлген)
Егіншілкке жерлер іздестірген отырықшы қытайлар ғұндарды Сарыөзеннің оңтүстігінен ығыстырады. Олар солтүстік ғұндар аталады. Қытайлар өздеріне қаратқан бөлігін бөлігі оңтүстік ғұндар атады.
Солтүстік ғұндар ортақ жауға қарсы күресу үшін Түмен тәңірқұттың төңірегіне бірігеді.
Түмен тәңірқұттың тұсында қытай патшаларымен ғұндардың қарым-қатынастары шиеленісе түсті.
Б.з.б. 215 жылықытайдың Чин патшалығының әскери жорығына шыдай алмаған ғұндар Сарыөзеннің оңтүстігіндегі атамекенін тастап, солтүстікке көшті. Қытайлармен жүргізілген қақтығыстан мемлекет біршама әлсіреді.
«Оның екі әйелінен туған екі тақ мұрагері болған еді. Тұман екі баласының біреуі — Мөдеден құтылу үшін юечжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп қалай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юэчжилерге тәуелді болғандығын, сондықтан юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байқалады. Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады.Мөденің батырлығын бағалаған әкесі оның қарауына 10 мың әскер беріп, қолбасшы етіп тағайындада. Інісінің тәңірқұт тағына мұрагер болуы Мөденің ренішін туғызды. Мөде б.з.б.209 жылы әскер жинап, қатаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады».