ҒҰндар (б з. б. Іііғ. б з.ІV ғ.) Ғұндар-алғашында Орталық Азия



бет9/12
Дата15.12.2023
өлшемі6,44 Mb.
#139789
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
447 жыл
Паннония (Венгрия) мен Мезиядан (Болгария, Румыния) өтіп 200 мың әскермен Балқан түбегіне басып кірді. Грекияның 70-ке жуық қаласын жаулап алды. Галлияға (Франция) жол ашылды.
«Халықтар шайқасы»
451 жылы Каталаун (Галлия) даласында Аттила бастаған ғұндар Батыс Рим империясының, франктердің, вестготтардың, аландардың, бургундардың біріккен күштерімен соғысты. Римнің әскерін қолбасшы Аэций басқарды.Басқа еуропалық тайпалар-остготтар мен гепидтар ғұндарды қолдады. Шайқаста готтардың королі Теодорих қайтыс болды. Бұл соғыс тарихта «халықтар шайқасы» деген атпен қалды.
  • Аттила Рим империясына жорық жасап, Италияның Аквелия, Медиоланум (Милан), Тицинум ірі қалаларын басып алады. Император ІІІ Валентиан қаладан қашып кетті. Рим қақпасына жақындаған кезде, Рим папасы І Лео ғұндардың алдынан шығып, баға жетпес сәулет ескерткіштері, қолжазбаларға бай кітап қоймасы бар қаланы қиратпауын сұрайды. Аттила қалаға әскерін кіргізбей, тек контрибуция (жеңген елдің жеңілген елден алатын салығы) алады.

452 жыл
Аттила мен І Леонның кездесуі Ватикандағы Рафаэл фрескасында бейнеленген (1514ж
Аттила қайтыс болып, ғұн мемлекеті ыдырады. Аттила ұлы Эллахты мұрагер етіп белгілеген.
453 жыл
  • Ғұндар шапқыншылығы:
  • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.
  • Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.
  • Олардың жорығынан кейін Еуропа халықтары қазіргі қоныстанған жерлерін тұрақты мекенге айналдырды.
  • Ғұндар кейінен кейбір Еуропа халықтарының қалыптасуына ықпал етті. Ғұндар құрамындағы тайпалар венгр халқының этникалық бөлігіне айналды, олар өздерін ғұндар деп атады.
  • Ғұндар Еуропада VІІІ ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Уархун (Арғын) деген қағанат құрды. Бұл мемлекет кейін Хунгария (Венгрия) деп аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет