Шаньюй қоғамда Бас абыз саналды. Тәңірге табыну мемлекеттік дін болды. Ақсүйектер арасында әсіресе оңтүстік ғұндарда кейінгі дәуірде Қытайдың әсерінен конфуцийлік ағым тарады.
Дипломатиялық қатынас хаттарда шаньюй өзін «Көктің (тәңірдің) ұлы» деп атады. Ал Лаушан шаньюй кезінде бұл лауазым «көк пен жерден туған, ай мен күннің еркімен тағайындалған ғұндардың ұлы шаньюйі» аталды.
Тәңірқұты (Шаньюй)
Мемлекет орта, сол, оң қанаттарға бөлінді.Орталықта тәңірқұтының өзі билік жүргізді. Сол және оң қанатта тәңірқұттан кейінгі билік иесі- Білге хандар отырды.
Мемлекеттің басты тұлғалары «түменбасы» аталатын бекзадалар болды.
Ғұндар 24 руғабөлінген, оларды түменбасылар басқарды. Бұлар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары. Олардың әрқайсында 10 00-нан атты әскері болған.