Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды.
Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Бұл- адамзат тарихындағы ең керемет, күрделі құрылыстардың бірі.
ДЕРЕКТЕР
Қытай деректерінде б.з.б. ІІІ ғ. аяғында ғұн –сюнну , хунну атауы пайда болған.Ғұндардың оңтүстіктегі ең жақын көршісі болған қытайлар оларды ғулар немесе хулар деп те атаған.
Ортағасырлық деректерде «ғұндар» деп Еуразияның басқа бөлігіндегі эфталит (ақ ғұндар), қидарат (қара ғұндар), Орта Азия мен Үндістандағы хионит және т.б. мал өсіруші бірлестіктерді атаған.
Византиялық және латын деректерінде «ғұн» этнонимі көшпелілердің жалпы атауынаайналды және Қаратеңіз жағалауындағы халықтарғақатысты айтылды.Мысалы, аварлар, венгрлер т.б.
Еуропалық ғұндарды азиялық хуннулардан айыру үшін 1926 жылы тарихшы К.А.Иностранцев «ғұн» атауын ғылыми айналымға енгізді.