Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет41/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123
тайлақтай  елпеңдеу,  қаңтардағы  бурадай  тісін  қайрау,  нар  бурадай  ша-
бынды, жаңа аяқтанған ботадай, бота тірсек, шоқ басқан тайлақтай т.б. 
Түйе  малында  болатын  қимыл-әрекет  атаулары  да  фраземалардың 
жасалуына  ұйытқы  болған:  ботадай  боздау,  ботасы  өлген  түйедей  боз-
дау / бақыру, бақырауық сары атан, кәрі түйедей бақырауық, күркіреді, 
күркіреуік, жараған бурпадай күркіреп, тісін қайрады, шабынды т.б.
Табиғатта  ақ  түйелер  сирек  кездеседі.  Сондықтан  ақ  түсті  аруана, 
ақ інген, ақ буралар қазақ дәстүрінде киелі, қасиетті саналған. Ақ түсті 
түйені сою – тек бір ырымға байланысты істелген дәстүр болған. Соған 
байланысты  ақ  түйенің  қарны  жарылды  деген  фразема  сирек  болатын, 
таң қаларлық істі, молшылықтың символын білдіреді. Ал нардың ерекше 
саналғанын ердің құны, нардың пұлы деген фраземадан байқауға болады, 
ал түйе етінің молдығына қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің де-
ген фразема іс насырға шапқанда айтылатын сөз.
Түйе малын киелі санаған қазақ халқы ұғымында шаңырақ түйе дәстүрі 
болған.  Ұзатылған  қыздың  және  оның  жанындағы  әйелдердің  (анасы, 
жеңге-сіңлілері) мініп келе жатқан көлігі шаңырақ түйе деп аталған. Жас 
келін үшін ол ыстық, қасиетті мал болып саналады. Жолшыбай кездескен 
бөтен адамдар мінбейтін болған. Міне қалған жағдайда, оны көрген жұрт 
«пәленше  келіннің  шаңырақ  түйесіне  мініп  келіпті»  деп  келемеждейтін 
болған. Халық салты бойынша, үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, көш 
алдында  жүреді  екен.  Оған  адам  мінбейді,  атпен  жетелейді,  «шаңырақ 
түйе» ұғымы осыдан сақталған.
Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқы ерекше құрмет тұтатыны – жылқы 
малы. Жылқының ең басты қасиеті – ел қорғау жолында келтірген зор пай-
дасы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен тарихи шежірелерінде батырларға 
қызмет еткен сәйгүлік, тұлпар аттары сүйсіне жырлап, өзіне лайықты ат 
берген. Ер Төстіктің Шалқұйрық аты, Керұғлының Қыраты, Алпамыстың 
Байшұбары,  Қобыландының  Тайбурылы,  Қамбардың  Қарақасқасы,  Тө-
ле геннің  Көкбозы,  Қараманның  Қара-қасқасы,  Қараманның  Сандалкөгі, 
Шатайдың Ақтабаны т.б. жержүйріктерге бұл аттардың қойылуы олардың 
түр-түсі, мінез ерекшелілігі, бітім-болмысы себеп болған.
Жүйрік  аттардың  дене  бітімін  суреттеу  арқылы  жасалған,  тілде  өзіндік 
орын алған әдемі теңеуге айналған фраземалар да бар: қой мойын, қоян жақ, 
бөкен қабақ, ой желке, теке мұрын, салқы төс, тақыр бақай, жұмыр тұяқ, 
тар  мықын,  күлте  құйрық,  шақпақ  етті,  бота  тірсек  (Абай).  Ойық  жел-
ке, кекшіл бас, құлжа мойын, наз бедеу (О. Бөкеев). Күдерлі бел, күпшек сан  
(О. Бөкеев).
Жылқы малының тұқымына, жүріс-тұрысына т.б. қарай бірнеше түрлері 


75
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
75
кездеседі: арғымақ, қазанат, текежаумыт, бедеу ат, қазақы ат, пырақ, 
дүлдүл,  тұлпар,  жабы  т.б.  Жылқы  малының  жасына  қарай  байқалатын 
мінезіне  ұқсатып  жасаған  төмендегідей  фраземалар  да  бар:  құлындай 
құлдырау, құлындай даусы шығу, бесті айғырдай азынау және т.б.
Жылқы малында болатын құбылыстарды білдіретін фраземалар: үйірге 
түсу, үйірін қуу, құлағын біздей қадау, бүйірінен жарады, кекілінен қарады, 
қанжардай қатып жарады, ішін тарту, сүмбідей жарады, мейіздей қатып 
жарады, шаңына ілестірмеу, аса шабу, ақ бөкендей ойнау, топ жарған, 
сауға салған, қанаттыны қаққан, аузымен құс тістеген, бәйге бермес т.б.
Жылқы малы мен адамның ара қатынасын білдіретін фраземалар: ат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет