Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны



бет8/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

Аллелопатия. Аллелопатия /гректің Allelon-өзара және pathes-азап шегу, сынаушы әсер/ -түрлердің тіршілік әрекеті өнімдері /фитонцидтер, колиндер, антибиотиктер тағы с.с/ болуы арқылы бір-біріне ықпал етуі. Бұл термин 1937 жылы Молиш ұсынды/ Работнов бойынша, 1978/. Кейде аллелопатияны бір өсімдіктердің басқа өсімдіктерге зиянды әсері деп, ал кеңірек алып қарағанда өсімдіктердің әртүрлі ұшпа химиялық заттар болуы арқылы бірбіріне пайдалы немесе зиянды әсер етуі деп түсіндіреді.
Г.Грюммер /1957/ үшпа заттардың класификациясын берді. Ол оларды коллиндер /күрделі өсімдіктердің бір-біріне әсері/ фитонцидтер/ күрделі өсімдіктердің қарапайым өсімдіктерге әсері./, антибиотиктерге /қарапайым өсімдіктердің бір-біріне әсері/, маразминдер/ қарапайым өсімдіктерідң күрделі өсімдіктерге әсері деп бөлді.
3)Бір-біріне трансбиотикалық әсер ету.
Трансбиотикалық әсер ету деп өсімдіктің бір түрлерінің басқа түрлеріне басқа бар организмдер арқылы ықпал жасауын айтады. Мысалы бірге мекендейтін өсімдіктің А, Б, В, түрлері болса А түрінің әсерінен В түрінің тіршілік ету жағдайы өзгерсе бұл Б түріне әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда екі түрдің бір-біріне трансбиотикалық әсері айнымалы жолмен, үшінші бір түрге әсер ету арқылы болады. Мысалы, фитоценоздағы күрделі өсімдіктің біреуінің паразитті саңырауқұлақтың зақымынан нашарлап тіпті өліп кетуі мүмкін, мұны көршілес өсімдік пайдаланып босаған орынға орналасып алады.

  1. ӨСІМДІКТЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ ӘСЕР ЕТУІНІҢ НӘТИЖЕСІНЕ

НЕГІЗДЕЛГЕН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк /Воронин бойынша, 1973/ ұсынды /таб№1/
Кесте №1.
Организмдер арасындағы қарым-қатынастар классификациясы

Түр А

ТүрБ

Қарым-қатынас

+

+

Мутализм
Симбиоз
Комменсализм

+

0

0

0

Бейтараптылық, төзімділік

0

-

Антибиоз

+

-

Пайдалану/паразитизм мен жыртқыштықты қоса
Антоганизм
Конкуренция

-

-

Шартты белгілер “+” қарым қатынас нәтижесі пайдалы , “-“ зиян, 0- айқын әсердің жоқтығы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет