2)Топтала- теңбілденген /группаво-пятнистый/ қауым. Субстраттағы -өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте олардың жақындасуына, тамырларының немесе бұтақтарының және жапырақтарының тығыз тұтасып кетуіне мүмкіншілік туғызады. Фитоценоздың қалыптасу процесінде экотоп бірте-бірте биотопқа айналады. Биотоп /гректің биос-өмір, топос-орын/ -жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің тіршілік орны.Сонымен, фитоценоздың және оған тән биотоптың қалыптасуы қатар жүреді.
3)Диффузиялы қауым. Диффузиялы қауымның алғашқыларындан айырмашылығы ол популяциялардың /ең бомағанда үстем түрлердің/ азды көпті біркелкі таралуы. Фитоценоздың және битоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценотикалық /биотоптық/ іріктеу экотоптық іріктеуден көп жағдайда қаталдау болады. Фитоценоздың қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дербестенеді. Клементс /Миркин, Розенберг бойынша, 1983/ фитоценоздың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты:
Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы;
Стабилизация, немесе өзін реттеуге қабілетті, тұрақты структура жасау.
Бұл процестердің барлығыда ортаның өсімдікке және өсімдіктің ортаға әсер етуімен, ал агрегация ортаның өсімдікке және өсімдіктің ортаға әсер етуімен, ал агрегация және инвазия фазаларында өсімдіктердің бір-біріне әсер етуімен қатар жүріп отырады.
Қолдан өсірілген мәдени өсімдіктердің фитоценоздары туралы, Клементс былай деп түсінік береді. Адам миграцияны өзі жасайды, эцезисті реттейді, инвазияға кедергі жасайды, сонықтан мұндай жағдайда фитоценозды тұрақтандыру мүмкін емес. Дәл осы қасиетімен агрофитоценгоздар орман, шалғындық шөл және дала қауымдарынан ерекшеленелді. Сондықтан Клементстің ойы бойынша, агрофитоценоздарды фитоценоздардың ерекше тобы деп қараған дұрыс.