Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


)Өсімдіктерді картаға түсірудің Американдық мектебі



бет4/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

2)Өсімдіктерді картаға түсірудің Американдық мектебі / немесе А.В. Кюхлер мектебі/ геоботаникалық картаға түсірудің өзіндік соны методтарымен теориясын дайындап шығарды. Европа елдеріндегі ең ықпалы күшті ол флора-экологиялық мектеп немесе сигматизм мектебі /И. Браун- Бланке және Р. Тюксе/.
Бұл мектептің ықпалы қазіргі кезде АҚШ-қа , Японияға біздің ТМД-да және басқа елдерде тарап жатыр. Жағарыда аталған мектептен басқа Европа елдеріндегі мына төмендегі мектептерді атап кетуге болады.
1) Экологиялық топтарды зерттеу мектебі / немесе Х. Элленберг мектебі/. Бұл мектептің идеялары, методтары ФРГ-даШвецарияда және Австрияда одан әрі дамып жетілуде.
2)Англиядағы сандық геоботаника мектебі /П. Греиг-Смиттің жұмыстары/. Бұл мектеп өсімдіктерге сандық анализ жасаудың мүмкіншіліктерін арттырып кең жағдай жасады. Франциядағы өсімдіктерді картаға түсіру мектебі/ немесе П.Госсен мектептерімен бірге геоботаникалық картаға түсірудің ары дамуына дүние жүзі масштабында әсер етіп отыр.
4. В.Н. Сукачев /1935/ фитоценозды бір-бірімен және ортамен /организмді қоршаған топырақ, ауа, жарық, температура тағы с.с. /әрекеттесетін өсімдіктер жиынтығы деп түсіндіреді. Демек В.Н.Сукачевтің түсінігі бойынша фитоценоздардың негізгі белгілері ол: 1. Өсімдіктердің бірбірімен әрекеттесуі; 2. Өсімдіктермен орта арасындағы әрекеттесудің болуы. Б.А. Быков /1978/ фитоценозға мынандай анықтама береді:
“ Фитоценоз - бұл өздері жасаған ортаның жағдайында тұрақты, өзін-өзі жөнге салатын организмдердің бірлесіп өмір сүру формасы”. Қысқаша айтқанда организмдердің тұрақты бірлесіп өмір сүру формасы.
Б.М Миркиннің /1986/ түсінігі бойынша фитоценоз- ортаның жағдайына қатынасы ұқсастығына байланысты автотрофты өсімдіктердің популяциясының жиынтығы. Фитоценоз ашық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз зооценоз және микробиоценозбен бірге биоценоз құрады. Биоценоз /геректің био-өмір, койносм-жалпы дегеніміз тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі. “Биоценоз” термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К.Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды / Федоров, Остроумов, 1984/.
Биоценоз абиотикалық немесе сыртқы ортадағы бейорганикалық компоненттермен /жер бедері, температура, ылғалдылық, атмосфералық, ауа қысымы, топырақтың физико-химиялық құрамы және т.б./ бірге биогеоценоз құрады. Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді бір сөзбен экотоп депте атауға болады. Биогеоценоз /гректің био-өмір, де-жер және ценоз –жалпы/ дегеніміз зат алмасуы жәнемэнергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.
Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н. Сукачев /1940/. Биогеоценоз экотоптан және биоценоздан тұрады. /сурет2/. Экотоптың өзі климатопқа /аэротоп/ және эдафотопқа / жердің қатты қабығындағы жағдай/ бөлінеді. Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздардан, зооценоздардан және микробиоценоздан тұрады. Биогеоценоздың шекарасы фитоценоздың шекарасымен анықталады. Биоценозда организмдердің арасындағы әрекеттестік өсімдіктердің, жануарлардың микроорганизмдердің деңгейінде емес, особь немесе түрлер популяциясы деңгейінде болады.

Экосистема /геректің Oikos-үй, орын және система-жүйе/ -тірі организмсдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде /шекарасында/ экосистемамен биогеоценоз бір-бірімен дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір-біріне дәл келмейді. Ал жер бетіндегі биогеоценоздың компоненттері арасындағы өзара байланысының үлгісі 3-ші суретте көрсетілген.

Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум, немесе космос кораблі және үлкен /мысалы Каспий теңізі/ обьектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А.Тэнсли /1935/.
Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуга болады:

  1. бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды /жасанды экспериментальдық экоситемалар/;

  2. жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды

/ мысалы, космос корабльдері және станциялар экосистемасы/;

  1. ашық экосистемалар қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экоситемалар классификациясы толық жасалып бітті деп айтуға әлі ерте. Б.А. Быковтың /1988/ пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаны автотрофтық бөлігі болып табылады, сондықтан экоситемалар классификациясын өсімдіктер классиикациясын негізгеалып жасау керек.

3.4 .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет