Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет31/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Ілік септігі:

Қазақ тілінде ілік септік тұлғасы морфологиялық категорияның когнитивті негізін құрап, септік концептін актив қолданысқа түсіре отырып, оның мазмұнында посессивтілік сипатын актуалдандырады. Ілік септігі екі зат өте тығыз байланысты екенін білдіреді, яғни олар бірінсіз бірі бола алмайды. Актуалдану нәтижесінде посессивтілік морфологиялық мәні түзіледі. Басқа морфологиялық мәндер сияқты, ол да жалпылық сипатқа ие. Ол қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен (семантикалық және мәнмәтін) нақтыланып отырады. Септік концепті үшін семантикалық фактордың маңызды орын алатын себебі септік категориясы зат есімнің мағынасымен тікелей байланысты болады: Маған тіпті керегі жоқ мақтаудың. Әсіресе ақталудың, Ақтаудың! (Орны бөлек сүйсінудің, Сүюдің. Орны бөлек жақсы жырды жаттаудың!) (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Ілік септік көрсеткіші септік морфологиялық мәнін түзіп, ол семантикалық және мәнмәтін факторларының көмегімен нақтыланып отырады. Сол арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында «иелік қатынас» сипаты пайда болады. Ол септік концептінің посессивтілік сипатымен тоғысып, концептуалды мазмұн құрап, осы мәнді қалыптастырады.

Ілік септік формасы мен тәуелдік форма өзара бір-бірімен қосымшалары арқылы байланысады. Мұның алдыңғы сыңары иелік мағына білдіреді де, соңғы сыңары соған бір заттың не құбылыстың тәуелді екенін білдіреді. Яғни мағынасы жағынан, алдыңғысы – иелік қатынаста, соңғысы – тәуелділік, меншіктілік қатынаста тіркеседі. Изафеттің алдыңғы ілік септігіндегі сөз қосымшалы түрде қолданылса, оның иелік мағынасы нақты болады. Ал ілік септігіндегі сөз қосымшасыз – нөлдік формада қолданылса, оның иелік мағынасы жалпылана түседі.

Морфологиялық репрезентацияда ілік септік тұлғалары арқылы лексика-грамматикалық мәндер түзілген кезде әсіресе семантикалық фактор маңызды орын алады. Сонымен қатар мәнмәтін факторының да қызмет ерекше. Сол арқылы септік концептінің посессивтілік мәні актуалданып, қатынас негізгі концептінің мазмұнында қосымша сипаттар пайда болады. Лексика-грамматикалық мәндер түзілуі барысында концептуалды мазмұн қалыптасады.

Барыс септік:

Барыс септігі адамның психологиясымен байланысты болады. Қандай да бір іс-әрекет белгілі бір мақсат көздейді. Барыс септік тұлғасындағы сөз адамның мақсатын білдіреді: Ақтаруға жер қойнын Арнап соққан кетпен бар. Кетпен алып қолына Мұратына жеткен бар (Дулат Бабатайұлы, Замана.).



Табыс септігі – тек тура толықтауыш қызметінде жұмсалатын септік. Ол сөйлем ішінде әрдайым сабақты етістікпен синтаксистік қатынасқа түсіп, іс-қимылдың тура объектісін көрсетеді. Табыс септігі жасырын түрде де айтылады [16, 457].

Адам әрекетінің дені сыртқа, өте аз мөлшері өзіне бағытталады. Себебі адам айналасын өзгертуді мақсат етеді. Бұл қатынас тілде табыс септігі арқылы беріледі: Адамның миын мақтадым, Адамның миын паш еттім, Сеніміңді, Отан, ақтадым, Жер менен көкті дос еттім (М.Мақатаев, Шығ.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет